Читайте также:
|
|
1. Осы Кодекстің ерекше бөлімімен көзделген негіздер бойынша:
1) грант қаражаты есебінен сатып алынған тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша төленген;
2) Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық және оған теңестірілген өкілдікке төленген қосылған құн салығының сомасы бюджеттен қайтарылуға жатады.
2. Грант алушыға қайтарылуға жататын қосылған құн салығын қайтаруды грант алушының орналасқан жері бойынша салық органы осы Кодекстің 599-бабына сәйкес есепке жатқызулар жүргізілгеннен кейін оның банктік шотына осы Кодекстің 275-бабында белгіленген қайтару мерзімі ішінде жүргізеді.
3. Қазақстан Республикасында акредиттелген шет мемлекеттiң дипломатиялық және соларға теңестiрiлген өкiлдiктерiне, шет мемлекеттің консулдық мекемелеріне және осы өкілдіктердің дипломатиялық, әкiмшiлiк-техникалық персоналына жататын адамдарға, олармен бiрге тұратын отбасы мүшелерiн қоса алғанда, консулдық лауазымды адамдарға, консулдық қызметшілерге, олармен бірге тұратын отбасы мүшелерін қоса алғанда, қосылған құн салығын қайтаруды салық органы осы Кодекстің 276-бабында белгіленген тәртіппен және мерзімде олардың банктік шотына жүргізеді.
Ескерту. 604-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.21 № 467-IV (2011.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап. Салық салу, Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы, мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заңнамасы саласындағы құқық бұзушылықтар бойынша заңсыз салынған айыппұлдың төленген сомасын, сондай-ақ артық төленген соманы қайтару
1. Салық салу, Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы, мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заңнамасы саласындағы құқық бұзушылықтар бойынша заңсыз салынған айыппұлдың күшін жою немесе мөлшерін азайту нәтижесінде оның төленген сомасын қайтару салықтарды, басқа да міндетті төлемдерді, кедендік төлемдерді, өсімпұлдар мен айыппұлдарды есепке жатқызу мен қайтаруды жүргізуге салықтық өтініш (бұдан әрі осы баптың мақсаттары үшін - айыппұл сомасын қайтаруға өтініш) негізінде жүргізіледі.
Айыппұл сомасын қайтаруға өтінішке айыппұлдың заңсыз салынғаны салдарынан оның күшін жоюды немесе көлемін азайтуды көздейтін заңды күшіне енген сот актісі немесе салық қызметінің жоғары тұрған органының (лауазымды адамның) шешімі қоса берілуге тиіс.
2. Айыппұл сомасын қайтаруға өтінішті салық төлеуші қайтаруға жататын айыппұл сомасы есептеулі тұратын жеке шоты бойынша салық органына ұсынады.
3. Осы баптың 1-тармағына сәйкес айыппұлдың төленген сомасын қайтаруды салық органы салық төлеушінің (салық агентінің) банк шотына айыппұл сомасын қайтаруға өтініш ұсынылған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде жүргізеді.
4. Әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыны орындау мақсатында айыппұлды төлеу кезінде артық төленген соманы қайтару осы баптың 3-тармағында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жүргізіледі.
Ескерту. 605-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 107 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Бап. Есепке жатқызылатын қосылған құн сомасының есептелген салық сомасынан асып кетуін қайтару | | | Бап. Жалпы ережелер |