Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Жалпы ережелер. 1. Салық қызметі органының салық міндеттемесін

Читайте также:
  1. I ТАРАУ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
  2. I. Жалпы ережелер
  3. Бап. Жалпы ережелер
  4. Бап. Жалпы ережелер
  5. Бап. Жалпы ережелер
  6. Бап. Жалпы ережелер
  7. Бап. Жалпы ережелер

 

1. Салық қызметі органының салық міндеттемесін, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу және аудару, әлеуметтік аударымдарды есептеу мен төлеу бойынша міндеттемелерді орындау қажеттігі туралы салық төлеушіге (салық агентіне) қағаз жеткізгішпен немесе оның жазбаша келісімі бойынша электрондық тәсілмен жіберген хабары хабарлама деп танылады. Хабарламалардың нысандарын уәкілетті орган белгілейді.
2. Хабарлама түрлерi төменде аталған түрлермен шектеледi және олар салық төлеушiге (салық агентіне) мынадай мерзiмдерде:
1) осы Кодекстің 32-бабының 2-тармағына сәйкес салық органы есептеген салық сомалары туралы – есептеу күнінен бастап он жұмыс күнiнен кешiктiрмей;
2) салықтық тексеру нәтижелері туралы – осы Кодекстің 638-бабының 4-тармағында белгіленген жағдайды қоспағанда, салық төлеушіге салық тексеруi актісін табыс еткен күннен бастап бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей;
3) тарату салық есептілігін табыс еткен күннен бастап тарату салықтық тексеру аяқталған күнге дейінгі кезең үшін салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының, әлеуметтік аударымдардың есепке жазылған сомалары туралы – тарату салықтық тексеру актісін салық төлеушіге (салық агентіне) тапсырған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешiктiрмей;
4) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мерзімде салық есептілігінің табыс етілмеуі туралы – осы Кодексте белгіленген оны тапсыру мерзімінен бастап он жұмыс күнінен кешiктiрмей;
5) салық берешегін өтеу туралы – осы Кодекстің 609-бабы 1-тармағының 2)-4) тармақшаларында көзделген мерзімде орындалмаған салық міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері мен мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары қолданыла бастағанға дейін он жұмыс күнінен кешiктiрмей;
6) дебиторлардың банк шоттарындағы ақшадан өндiрiп алу туралы - өндiрiп алуға дейiн жиырма жұмыс күнiнен кешiктiрмей;
7) камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық қызметі органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы - осы Кодекстің 37-1-бабының 7-тармағында және 43-бабының 8-тармағында белгіленген жағдайларды қоспағанда, салық есептілігінде бұзушылық анықталған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей;
8) салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) хабарламаға шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарылған жоғары тұрған салық қызметі органының шешіміне салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қараудың қорытындылары туралы - шағым бойынша шешiм қабылданған күннен бастап бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей;
9) Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы - оларды анықтаған күннен бастап бес жұмыс күнiнен кешіктірмей;
10) салық төлеушінің орналасқан жерін (жоқтығын) растау туралы – салық қызметі органының лауазымды адамдары салықтық зерттеп-тексеру актісін жасаған күннен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей жіберіледі.
3. Хабарламада:
1) сәйкестендіру нөмірі;
2) салық төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) немесе толық атауы;
3) салық қызметі органының атауы;
4) хабарлама күні;
5) салық міндеттемесінің және (немесе) міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу және аудару, әлеуметтік аударымдарды есептеу және төлеу бойынша міндеттемелердің сомасы – осы Кодексте және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген жағдайларда;
6) салық міндеттемесін және (немесе) міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу және аудару, әлеуметтік аударымдарды есептеу және төлеу бойынша міндеттемелерді орындау туралы талап;
7) хабарлама жіберу үшін негіз;
8) шағым жасау тәртібі көрсетілуге тиіс.
4. Осы Кодекстің 608-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген жағдайда, салық органдары осы баптың 2-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген хабарламалардың көшірмелерін салық төлеушіге (салық агентіне) жібереді.
Осы баптың 2-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген хабарламалардың түпнұсқасын алу үшін салық төлеуші (салық агенті) салық органдарына жүгінуге құқылы.
Ескерту. 607-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 21.06.2013 № 106-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. 1-т. қараңыз) Заңдарымен.

 


Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 117 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Бап. Салық нысандарын қабылдау | Бап. Камералдық бақылау нәтижелерi | Бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотын ашу және жүргізу | Бап. Өсімпұлдарды, айыппұлдарды есепке алу | Бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотын беру | Бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотын жабу | Бап. Салықтың, төлемақының, алымның және өсімпұлдың артық төленген сомаларын есепке жатқызу | Бап. Қате төленген салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің сомаларын есепке жатқызу, қайтару | Бап. Салықтың, төлемақының, алымның және өсімпұлдың артық төленген сомасын қайтару | Бап. Есепке жатқызылатын қосылған құн сомасының есептелген салық сомасынан асып кетуін қайтару |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бап. Басқа да негіздер бойынша қосылған құн салығын қайтару| Бап. Хабарламаны тапсыру және орындау тәртібі

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)