Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Жалпы ережелер. 1. Ауыл шаруашылығы өнімдерін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы)

Читайте также:
  1. I ТАРАУ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
  2. I. Жалпы ережелер
  3. Бап. Жалпы ережелер
  4. Бап. Жалпы ережелер
  5. Бап. Жалпы ережелер
  6. Бап. Жалпы ережелер

 

1. Ауыл шаруашылығы өнімдерін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар мен селолық тұтыну кооперативтері мынадай салық салу режімдерінің бірін дербес таңдауға құқылы:
ауыл шаруашылығы өнімдерін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар мен селолық тұтыну кооперативтері үшін арнаулы салық режімі (бұдан әрі - арнаулы салық режімі);
оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режімі;
жалпыға бірдей белгіленген тәртіп.
Осы Кодекстің 450-бабында белгіленген жағдайларды қоспағанда, осы бапта белгіленген арнаулы салық режімін таңдау кезінде ауыл шаруашылығы өнімдерін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар мен селолық тұтыну кооперативтері осы режімді қолдану шарттарына сәйкес болған кезде осы режім кемінде күнтiзбелiк бір жыл мерзіммен қолданады.
Арнаулы салық режімі корпоративтік табыс салығын, қосылған құн салығын, әлеуметтік салықты, жер салығын, жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемдерді, мүлік салығын, көлік құралдары салығын есептеудің ерекше тәртібін көздейді.
Арнаулы салық режімі:
1) ауыл шаруашылығы өнімдерін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімдерін өндіруші заңды тұлғалардың:
жерді пайдалана отырып ауыл шаруашылығы өнімдерін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімдерін өндіру, өзі өндірген аталған өнімдерді қайта өңдеу және өткізу;
толық тізбекті (төлді өсіруден бастап) мал шаруашылығы мен құс шаруашылығының (оның ішінде, асыл тұқымды), ара шаруашылығының, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімдерін өндіру, сондай-ақ өзі өндірген аталған өнімдерді қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметіне;
2) селолық тұтыну кооперативтерінің:
шаруа немесе фермер қожалықтары - осы кооперативтердің мүшелері (пайшылары) өндірген ауыл шаруашылығы өнімдерін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімдерін өткізу;
шаруа немесе фермер қожалықтары - осы кооперативтердің мүшелері (пайшылары) өндірген ауыл шаруашылығы өнімдерін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімдерін қайта өңдеу және осы өнімдерді қайта өңдеу нәтижесінде алынған өнімдерді өткізу жөніндегі қызметіне қолданылады.
2. Осы баптың мақсатында селолық тұтыну кооперативтеріне:
1) мүшелері (пайшылары) тек шаруа немесе фермер қожалықтары болып табылатын;
2) жиынтық жылдық табысының кемінде 90 процентін осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында аталған қызметті жүзеге асыру нәтижесінде алуға жататын (алынған) табыстар құрайтын селолық тұтыну кооперативтері жатады.
Осы баптың мақсатында қолданылатын жылдық жиынтық табыс:
1) осы Кодекстің 4-бөліміне сәйкес осы Кодекстің 99-бабында көзделген жылдық жиынтық табысты түзету есепке алынбай;
2) осы Кодекстің 148-бабына сәйкес айқындалатын ағымдағы салық кезеңі үшін айқындалады.
Егер осы арнаулы салық режимін қолдану жылының қорытындылары бойынша осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында белгіленген шарттар орындалмаса, салық төлеуші:
1) осы Кодекстің 451-бабында белгіленген ережелерді қолданбай корпоративтік табыс салығын, қосылған құн салығын, әлеуметтік салықты, мүлiк салығын, жер салығын, көлiк құралдары салығын, жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақыны жалпы белгіленген тәртіппен есептеуге;
2) корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету үшін белгіленген мерзімнен кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей, осы Кодекстің 451-бабында белгіленген ережені қолданбай, осы Кодекстің 70-бабына сәйкес тиісті салық кезеңдері үшін корпоративтік табыс салығы, қосылған құн салығы, әлеуметтік салық, мүлік салығы, жер салығы, көлік құралдары салығы, жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлем бойынша қосымша салық есептілігін жалпы белгіленген тәртіппен табыс етуге міндетті.
3. Мыналардың:
1) еншiлес ұйымдары, құрылымдық бөлімшелері бар заңды тұлғаның;
2) арнаулы салық режимін қолданатын басқа да заңды тұлғалардың аффилиирленген тұлғасы болып табылатын заңды тұлғаның;
РҚАО-ның ескертпесі!
3) тармақшаның қолданылуы 2016.01.01 дейін тоқтатыла тұрады (ҚР 05.12.2013 № 152-IV Заңының 7-б. қараңыз).
3) басқа заңды тұлғалардың қатысу үлесі 25 проценттен асатын заңды тұлғаның;
РҚАО-ның ескертпесі!
4) тармақшаның қолданылуы 2016.01.01 дейін тоқтатыла тұрады (ҚР 05.12.2013 № 152-IV Заңының 7-б. қараңыз).
4) құрылтайшысы бір уақытта арнаулы салық режимін қолданатын басқа заңды тұлғаның құрылтайшысы болып табылатын заңды тұлғаның;
5) мүшелері (пайшылары) басқа селолық тұтыну кооперативтердің мүшелері (пайшылары) болып табылатын селолық тұтыну кооперативтерінің арнаулы салық режимiн қолдануға құқығы жоқ.
Осы тармақтың мақсаттары үшін аффилиирленген тұлға болып:
1) шешімдерді тікелей және (немесе) жанама айқындауға және (немесе) басқа заңды тұлға қабылдайтын шешімге, оның ішінде шартқа және (немесе) өзге мәмілеге байланысты, ықпал етуге құқығы бар заңды тұлға;
2) басқа заңды тұлғаға қатысты шешімдерді тікелей және (немесе) жанама айқындауға және (немесе) оның ішінде шартқа және (немесе) өзге мәмілеге байланысты ықпал етуге құқығы бар заңды тұлға танылады.
4. Арнаулы салық режимi салық төлеушiлердiң акцизделетін тауарларды өндiру, қайта өңдеу және өткiзу жөнiндегi қызметiне қолданылмайды.
Салық төлеушілер осы арнаулы салық режімі қолданылмайтын қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде, кірістер мен шығыстарды, мүлікті бөлек есепке алуды жүргізуге және жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен аталған қызмет түрлері бойынша тиісті салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеуге және төлеуге міндетті.
Ескерту. 448-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.01.21 N 242-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.06.30 N 297-IV(2010.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

 


Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 144 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Бап. Жекелеген жағдайларда салықты есептеу және төлеу | Бап. Салық базасы | Бап. Салықты есептеу мен төлеу тәртiбi | Бап. Қосымша төлемді есептеу және төлеу тәртібі | Бап. Арнаулы салық режимдерінің түрлері | Бап. Жалпы ережелер | Бап. Арнаулы салық режимiн қолдану шарттары | Бап. Қолдану тәртібі | Бап. Патент құнын есептеу | Бап. Қолдану тәртібі |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бап. Қолдану тәртібі| Бап. Қолдану шарттары

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.013 сек.)