Читайте также:
|
|
1. Шағын бизнес субъектiлерi салықтарды есептеу мен төлеудiң, сондай-ақ олар бойынша салық есептiлiгiн табыс етудің төменде санамаланған тәртiптерiнің бiреуiн ғана дербес таңдауға құқылы:
1) жалпыға бiрдей белгiленген тәртiп;
2) патент негiзiндегi арнаулы салық режимi;
3) оңайлатылған декларация негiзiндегi арнаулы салық режимi.
2. Жалпыға бiрдей белгiленген тәртiпке ауысқан кезде жалпыға бiрдей белгiленген тәртiп күнтiзбелiк бір жыл қолданылғаннан кейiн ғана келесі арнаулы салық режимiне ауысуға болады.
3. Арнаулы салық режимiн:
1) филиалдары, өкiлдiктерi бар заңды тұлғалардың;
2) заңды тұлғалар филиалдарының, өкiлдiктерінің;
3) әртүрлi елдi мекендерде өзге де оқшауланған құрылымдық бөлiмшелерi және (немесе) салық салу объектілері бар салық төлеушiлердің;
4) басқа заңды тұлғалардың қатысу үлесі 25 проценттен асатын заңды тұлғалардың;
5) құрылтайшысы немесе қатысушысы бір мезгілде арнаулы салық режімін қолданатын басқа заңды тұлғаның құрылтайшысы немесе қатысушысы болып табылатын заңды тұлғалардың;
6) агенттік шарттардың (келісімдердің) негізінде қызмет көрсететін салық төлеушілердің қолдануға құқығы жоқ.
Осы тармақшаның мақсаттары үшін агенттік шарттар (келісімдер) деп Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасасқан азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар (келісімдер) түсініледі, олар бойынша бір тарап (агент) сыйақы үшін екінші тараптың тапсырмасы бойынша өз атынан, бірақ екінші тараптың есебінен, не екінші тараптың атынан және есебінен белгілі бір әрекет жасауға міндеттенеді;
7) коммерциялық емес ұйымдардың;
8) дивидендтер, сыйақылар, роялти түрінде алынған табыстарды қоспағанда, Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі көздерден табыстар алатын заңды тұлғалардың;
9) Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қолдануға құқығы жоқ.
Осы тармақтың 3) тармақшасының ережесі мүлікті жалға беру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын салық төлеушілерге қолданылмайды.
4. Мынадай қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушілердің шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімiн:
1) акцизделетін тауарларды өндiруге;
2) акцизделетін тауарларды сақтауға және көтерме саудада өткiзуге;
3) мұнай өнiмдерiнің жекелеген түрлерін – бензинді, дизель отынын және мазутты өткiзуге;
4) лотереяларды (мемлекеттік (ұлттық) лотереялардан басқа) ұйымдастыруға және өткізуге;
5) жер қойнауын пайдалануға;
6) шыны ыдыстарды жинауға және қабылдауға;
7) түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауға (дайындауға), сақтауға, қайта өңдеуге және өткiзуге;
8) консультациялық қызметтер көрсетуге;
9) бухгалтерлік есеп және аудит саласындағы қызметке;
10) сақтандыру брокері мен сақтандыру агентінің қаржы, сақтандыру қызметіне және делдалдық қызметіне;
11) құқық, әділет және сот төрелігі саласындағы қызметке қолдануға құқығы жоқ.
5. Осы Кодекстің 429 және 433-баптарының мақсаттары үшін дара кәсіпкердің шекті табысы:
1) осы Кодекстің 427-бабының 3-тармағына сәйкес айқындалатын салық салу объектісінен;
2) дара кәсіпкердің негізгі құралдары болып табылатын мүлікті өткізуге және жарғылық капиталға беруге байланысты туындайтын, осы Кодекстің 180-бабында көрсетілген құн өсімі түріндегі табыстардан;
3) осы Кодекстің 183-бабының 1-тармағына сәйкес айқындалатын табыстан тұрады.
6. Осы Кодекстің 433-бабының мақсаттары үшін заңды тұлғаның шекті табысы:
1) осы Кодекстің 427-бабының 3-тармағына сәйкес айқындалатын салық салу объектісінен;
2) осы Кодекстің 99-бабында көзделген түзетулер ескеріле отырып, жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен айқындалатын жылдық жиынтық табыстан тұрады.
Ескерту. 428-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.12.2013 № 151-V Заңымен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.12.2013 № 152-V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 189 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Бап. Жалпы ережелер | | | Бап. Қолдану тәртібі |