Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Салық базасы. 1. Егер осы бапта өзгеше белгiленбесе, бухгалтерлiк есептiң деректерi бойынша

Читайте также:
  1. Бап. Қазақстан Республикасында салық салу принциптері
  2. Бап. Қайта құрылымдалатын ұйымның салық төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту тәртібі
  3. Бап. Қате төленген салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің сомаларын есепке жатқызу, қайтару
  4. Бап. Қосылған құн салығы бойынша салық есептілігін белгілеу ерекшеліктері
  5. Бап. Қызметiн «Ақтау теңiз порты» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу
  6. Бап. Қызметiн «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу
  7. Бап. Қызметiн «Тараз химиялық паркі» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу

 

1. Егер осы бапта өзгеше белгiленбесе, бухгалтерлiк есептiң деректерi бойынша айқындалатын салық салу объектілерінiң орташа жылдық баланстық құны осы Кодекстің 396-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың салық салу объектiлерi бойынша салық базасы болып табылады.
Концессия объектілерінiң орташа жылдық баланстық құны болмаған жағдайда осындай объектiлердiң Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен айқындалған құны салық базасы болып табылады.
Осы Кодекстің 396-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасында көрсетілген дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың салық салу объектiлерi бойынша салық базасы есепті салық кезеңінің 1 қаңтарындағы жағдай бойынша халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын ұзақ мерзімді дебиторлық берешек мөлшерінде белгіленеді.
РҚАО-ның ескертпесі!
2-тармаққа өзгерту енгізу көзделген - ҚР 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
2. Салық салу объектiлерiнiң орташа жылдық баланстық құны ағымдағы салық кезеңiнiң әр айының бiрiншi күнi мен есептi кезеңнен кейiнгi кезең айының бiрiншi күнiндегi салық салу объектiлерiнiң баланстық құнын қосу кезiнде алынған соманың он үштен бiрi ретiнде айқындалады.
Егер жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт талаптарында салық салу объектілерін демонтаждау және жою жөніндегі міндеттемелерді орындау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің ережелерінде қалдықтарды орналастыру полигондарын жою қорларына байланысты іс-шараларды орындау көзделген болса, онда халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалған осындай міндеттемелерді бағалау салық салу объектiлерiнiң баланстық құнына кірмейдi.
3. Осы Кодекстiң 394-бабы 4-тармағының 3) және 4) тармақшаларында аталған заңды тұлғалардың салық салу объектiлерi бойынша салық базасы пайдалануға, сенімгерлікпен басқаруға немесе жалға берiлген осы салық салу объектiлерiнің үлесiн негізге ала отырып айқындалады.
4. Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамалық актісіне сәйкес бухгалтерлік есеп жүргізуді және қаржылық есептілік жасауды жүзеге асырмайтын дара кәсiпкерлердің салық салу объектілері бойынша оларды сатып алуға, өндіруге, салуға, монтаждауға, орнатуға жұмсалған шығындардың, сондай-ақ реконструкциялау мен жаңғыртуға жұмсалған шығындардың жиынтығы салық базасы болып табылады.
Бұл ретте реконструкциялауды, жаңғыртуды тану осы Кодекстің 118-бабының 11-1-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
Сатып алуға, өндіруге, салуға, монтаждауға, орнатуға, реконструкциялауға және жаңғыртуға жұмсалған, сондай-ақ мәмілелер бойынша алынған бағасы (құны) белгісіз не өтеусіз, оның ішінде сыйға тарту, мұраға қалдыру, қайырмалдық, қайырымдылық және демеушiлiк көмек түрінде алынған салық салу объектілері бойынша шығындарды растайтын бастапқы құжаттар болмаған жағдайда Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалаушы мен салық төлеуші арасындағы шарт бойынша жүргізілген бағалау туралы есепте салық салу объектісінің осы активке меншік құқығы туындаған күнге айқындалған нарықтық құны салық базасы болып табылады.
Осы тармақтың бірінші және екінші бөліктерінің ережелеріне қарамастан, осы Кодекстің 406-бабының 1 және 3-тармақтарында көрсетілген салық салу объектілері бойынша салық базасы осы бапта көзделген тәртіппен айқындалады.
Ескерту. 397-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.12.30 № 234-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 N 452-IV (2012.01.01 қолданысқа енгізіледі) 2011.07.21 № 467-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 9-б. қараңыз), 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

 


Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 139 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Бап. Салық ставкалары | Бап. Салықты есептеу тәртiбi | Бап. Төлеушілер | Бап. Жекелеген жағдайларда салық салу объектiсiн айқындау | Бап. Үй iргесiндегi жер учаскелерiне салынатын базалық салық ставкалары | Бап. Елдi мекендер шегiнде орналасқан өнеркәсiп жерлерiне салынатын салық ставкалары | Бап. Базалық салық ставкаларын түзету | Бап. Салықты есептеу мен төлеудiң жалпы тәртiбi | Бап. Заңды тұлғалардың салықты есептеу тәртiбi мен төлеу мерзiмдерi | Бап. Салық есептілігі |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бап. Салық салу объектiсi| Бап. Салық ставкалары

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)