Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Салық ставкалары

Читайте также:
  1. Бап. Қазақстан Республикасында салық салу принциптері
  2. Бап. Қайта құрылымдалатын ұйымның салық төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту тәртібі
  3. Бап. Қате төленген салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің сомаларын есепке жатқызу, қайтару
  4. Бап. Қосылған құн салығы бойынша салық есептілігін белгілеу ерекшеліктері
  5. Бап. Қызметiн «Ақтау теңiз порты» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу
  6. Бап. Қызметiн «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу
  7. Бап. Қызметiн «Тараз химиялық паркі» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу

 

1. Егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, заңды тұлғалар мүлiк салығын салық базасына 1,5 пайыз мөлшерлеме бойынша есептейдi.
2. Мүлік салығын салық базасының 0,5 процент ставкасы бойынша мына салық төлеушілер:
1) дара кәсіпкерлер;
2) оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын заңды тұлғалар есептейді.
3. Төменде аталған заңды тұлғалар мүлiк салығын салық базасының 0,1 процент ставкасы бойынша есептейдi:
1) дiни бiрлестiктердi қоспағанда, осы Кодекстің 134-бабында айқындалған заңды тұлғалар;
2) осы Кодекстiң 135-бабында айқындалған заңды тұлғалар;
3) негiзгi қызмет түрi кiтапханалық қызмет көрсету саласындағы жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) болып табылатын ұйымдар;
4) ғылыми кадрларды мемлекеттiк аттестаттау саласындағы функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттiк кәсiпорындар;
5) мемлекеттiк меншіктегі және бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын су қоймаларының, су тораптарының және табиғат қорғау мақсатындағы басқа да су шаруашылығы құрылыстарының объектiлерi бойынша заңды тұлғалар;
6) ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушi заңды тұлғалардың және шаруа немесе фермер қожалықтарының жерін суландыру үшiн пайдаланылатын гидромелиорациялық құрылыс объектiлерi бойынша заңды тұлғалар;
7) ауыз сумен қамту объектілері бойынша заңды тұлғалар.
3-1. Осы Кодекстiң 135-1-бабының 1-тармағында айқындалған заңды тұлғалар мүлiк салығын салық базасына 0 пайыздық ставка бойынша есептейдi.
4. Осы Кодекстің 135-бабының 3-тармағында айқындалған тұлғаларды қоспағанда, осы баптың 3-тармағында аталған заңды тұлғалар пайдалануға, сенімгерлікпен басқаруға немесе жалға берiлген салық салу объектiлерi бойынша мүлiк салығын осы баптың 1-тармағында белгiленген салық ставкасы бойынша есептейдi және төлейдi.
5. Арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында қызметін жүзеге асыратын ұйымдар мүлік салығын осы Кодекстің 17-тарауында белгіленген ережелерді ескере отырып есептейді.
РҚАО-ның ескертпесі!
6-тармақты алып тасталу көзделген - ҚР 2014.06.12 № 209-V (2015.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледі) Заңымен.
6. Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамалық актісіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен инвестициялық стратегиялық жобалар тізбесінде көзделген инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыруды жүзеге асыратын заңды тұлғалар пайдалануға алғаш берілген объектілер бойынша Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамалық актісіне сәйкес жасалған келісімшарт негізінде салық базасына 0 пайыз мөлшерлеме бойынша мүлік салығын есептейді.
Осы тармақтың бірінші абзацының ережелері салық салу объектілерін пайдалануға, сенімгерлікпен басқаруға немесе жалға беру жағдайларында қолданылмайды.
Осы тармақтың ережелері объектілерді пайдалануға беру жүзеге асырылған айдың 1-ші күнінен бастап, бірақ келісімшарт жасалған күннен кейін қолданылады және ол келісімшарт жасалған күннен бастап жеті жылдан аспайды.
7. Технологиялық парктер индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы заңнамалық актіде көзделген қызметтің негізгі түрін жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын объектілер бойынша салық базасына 0,1 пайыз мөлшерлеме бойынша мүлік салығын есептейді.
Осы тармақтың ережелерін бір мезгілде мынадай талаптарға сәйкес келетін:
1) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы заңнамаға сәйкес құрылған;
2) осындай технологиялық парктердің жарғылық капиталы немесе акциялары (қатысу үлестері) құнының елу немесе одан астам пайызы технологиялық дамыту саласындағы ұлттық даму институтына тиесілі технологиялық парктер қолдануға құқылы.
8. Осы Кодекстің 135-3-бабының 1-тармағы екінші абзацының талаптарына сай келетін заңды тұлға халықаралық мамандандырылған көрме аумағында орналасқан халықаралық мамандандырылған көрме объектілері бойынша мүлік салығын салық базасына 0,1 пайыз мөлшерлеме бойынша есептейді.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері салық салу объектілері пайдалануға, сенімгерлікпен басқаруға немесе жалға берілген жағдайларда қолданылмайды.
Осы тармақтың ережелері Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені өткізу аяқталған салық кезеңінен кейінгі салық кезеңдеріне қолданылмайды.
Ескерту. 398-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.07.04 N 167-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.11.16 N 200-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.12.30 № 234-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.01.19 N 395-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2012.01.09 N 535-IV (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 N 61-V (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.12.2013 № 151-V Заңымен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

 


Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 176 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Бап. Салықты есептеу тәртiбi | Бап. Төлеушілер | Бап. Жекелеген жағдайларда салық салу объектiсiн айқындау | Бап. Үй iргесiндегi жер учаскелерiне салынатын базалық салық ставкалары | Бап. Елдi мекендер шегiнде орналасқан өнеркәсiп жерлерiне салынатын салық ставкалары | Бап. Базалық салық ставкаларын түзету | Бап. Салықты есептеу мен төлеудiң жалпы тәртiбi | Бап. Заңды тұлғалардың салықты есептеу тәртiбi мен төлеу мерзiмдерi | Бап. Салық есептілігі | Бап. Салық салу объектiсi |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бап. Салық базасы| Бап. Салықты есептеу мен төлеу тәртібі

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)