Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Салық есептілігі

Читайте также:
  1. Бап. Қазақстан Республикасында салық салу принциптері
  2. Бап. Қайта құрылымдалатын ұйымның салық төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту тәртібі
  3. Бап. Қате төленген салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің сомаларын есепке жатқызу, қайтару
  4. Бап. Қосылған құн салығы бойынша салық есептілігін белгілеу ерекшеліктері
  5. Бап. Қызметiн «Ақтау теңiз порты» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу
  6. Бап. Қызметiн «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу
  7. Бап. Қызметiн «Тараз химиялық паркі» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу

 

1. Дара кәсіпкерлер (шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімiн қолданатын дара кәсiпкерлердi қоспағанда) және заңды тұлғалар салық салу объектiлерi орналасқан жердегi салық органдарына декларацияны - есептi салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрмей, сондай-ақ ағымдағы төлемдердiң есеп-қисабын осы бапта белгiленген мерзiмдерде тапсырады.
Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімiн қолданатын дара кәсiпкерлер салық салу объектiлерi орналасқан жердегi салық органдарына декларацияны есептi салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрмей тапсырады.
1-1. Егер осы баптың 1-тармағында және осы тармақта өзгеше белгіленбесе, жеке тұлғалар жер салығы бойынша салық есептілігін салық органдарына табыс етпейді.
Осы Кодекстiң 396-бабының 1-тармағында көзделген объектілерді және салық базасы осы Кодекстің 406-бабына сәйкес есептелетін объектілерді қоспағанда, меншік құқығындағы ғимараттар (ғимарат бөліктері) орналасқан жер учаскелері бойынша жеке тұлғалар (оның iшiнде жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар) салық салу объектілері орналасқан жердегі салық органдарына декларацияны есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей табыс етеді.
2. Жер салығы бойынша ағымдағы төлемдердің есеп-қисабы ағымдағы салық кезеңiнiң 15 ақпанынан кешiктiрiлмей табыс етiледi.
3. Ағымдағы төлемдерді төлеудің соңғы мерзімінен кейін құрылған салық төлеушілерді қоспағанда, жаңадан құрылған салық төлеушiлер ағымдағы төлемдердің есеп-қисабын салық төлеушiні тіркеу есебіне қойған айдан кейінгі айдың 15-інен кешiктiрмей табыс етедi.
Осы тармақтың ережелері дара кәсiпкерлерге (патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсiпкерлерді қоспағанда) және заңды тұлғаларға қолданылады.
4. Осы Кодекстің 373-бабы 3-тармағының 3) және 7) тармақшаларында аталған заңды тұлғалар пайдалануға, сенімгерлікпен басқаруға немесе жалға берілген салық салу объектілері бойынша ағымдағы төлемдердің есеп-қисабын осы баптың 5-тармағында көзделген мерзімдерде табыс етеді.
5. Салық кезеңі ішінде жер салығы бойынша салық міндеттемелері өзгерген кезде, ағымдағы төлемдердің есеп-қисабы салық салу объектілері бойынша 1 ақпандағы, 1 мамырдағы, 1 тамыздағы және 1 қарашадағы жағдай бойынша тиісінше ағымдағы салық кезеңінің 15 ақпанынан, 15 мамырынан, 15 тамызынан және 15 қарашасынан кешіктірілмей табыс етіледі.
Ескерту. 393-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2011.07.21 № 467-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 9-б. қараңыз); 2012.12.26 N 61-V (2014.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

 

БӨЛІМ. МҮЛІК САЛЫҒЫ

 

Тарау. ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР МЕН ДАРА КӘСІПКЕРЛЕРГЕ САЛЫНАТЫН МҮЛІК САЛЫҒЫ

 


Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 150 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Бап. Төлеушiлер | Бап. Салық төлеушiлер | Бап. Салық ставкалары | Бап. Салықты есептеу тәртiбi | Бап. Төлеушілер | Бап. Жекелеген жағдайларда салық салу объектiсiн айқындау | Бап. Үй iргесiндегi жер учаскелерiне салынатын базалық салық ставкалары | Бап. Елдi мекендер шегiнде орналасқан өнеркәсiп жерлерiне салынатын салық ставкалары | Бап. Базалық салық ставкаларын түзету | Бап. Салықты есептеу мен төлеудiң жалпы тәртiбi |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бап. Заңды тұлғалардың салықты есептеу тәртiбi мен төлеу мерзiмдерi| Бап. Салық салу объектiсi

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.015 сек.)