Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Есептеу мен төлеу тәртiбi. 1. Төлемақы сомасы жер қатынастары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік

Читайте также:
  1. Бап. Қайта құрылымдалатын ұйымның салық төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту тәртібі
  2. Бап. Қосылған құн салығын төлеу мерзімі
  3. Бап. Қосымша төлемді есептеу және төлеу тәртібі
  4. Бап. Әрекетсіз салық төлеуші
  5. Бап. Аванстық төлемдер сомасын есептеу
  6. Бап. Акциз төлеу мерзiмдерi
  7. Бап. Алымдарды төлеуден босату

 

1. Төлемақы сомасы жер қатынастары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен, ал арнайы экономикалық аймақтар аумағында жергілікті атқарушы органмен немесе арнайы экономикалық аймақтың әкімшілігімен жасалған өтемiн төлеп уақытша жер пайдалану шарттарының негiзiнде есептеледi.
Төлемақының жыл сайынғы сомасы - жер қатынастары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органдар, ал арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында жергілікті атқарушы органдар немесе арнайы экономикалық аймақтардың әкімшіліктері жасаған есеп-қисаптарда белгiленедi.
Шарттардың талаптары, сондай-ақ осы Кодексте белгiленген жер салығын есептеудің тәртiбi өзгерген жағдайларда - жер қатынастары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органдар, ал арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында жергілікті атқарушы органдар немесе арнайы экономикалық аймақтардың әкімшіліктері төлемақы сомасының есеп-қисаптарын қайта қарайды.
2. Салық кезеңiнде төленуге жататын төлемақы мөлшерi есеп-қисаптарда көрсетiлген төлемақы ставкаларына және салық кезеңiнде жер учаскесiн пайдалану кезеңiн негізге ала отырып айқындалады.
3. Төлемақы мөлшерi осы Кодекске сәйкес осы жер учаскесi бойынша есептелген жер салығы сомаларының мөлшерінен кем белгiленбейдi.
4. Ауыл шаруашылығы өнiмдерiн, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндiрушi заңды тұлғалар мен селолық тұтыну кооперативтеріне арналған арнаулы салық режимiн қолданатын салық төлеушiлер төлемақыны есептеуді осы Кодекстің 451-бабында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып жүргізеді.
5. Осы баптың 6-тармағында аталған төлеушілерді қоспағанда, төлемақы төлеушiлер ағымдағы төлемақы сомаларын бюджетке ағымдағы жылдың 25 ақпанынан, 25 мамырынан, 25 тамызынан және 25 қарашасынан кешiктiрмей тең үлестермен төлейдi.
Мемлекет жер учаскелерiн өтемін төлеп уақытша жер пайдалануға төлемақы төлеудiң жоғарыда санамаланған мерзiмдерiнен кейiн берген жағдайларда, төлемақы төлеудің келесi (кезектi) мерзiмi төлемақыны бюджетке енгiзудiң алғашқы мерзiмi болып табылады.
Мемлекет жер учаскелерiн өтемiн төлеп уақытша жер пайдалануға төлемақы төлеудің соңғы мерзiмiнен кейiн берген жағдайларда, жер учаскесi берiлген айдан кейiнгi айдың 25-і бюджетке төлеу мерзiмi болып есептеледi.
6. Дара кәсiпкерлер болып табылмайтын жеке тұлғалар төлемақы сомаларын есептi салық кезеңiнiң 25 ақпанынан кешiктiрмей төлейдi.
Жер учаскесi белгiленген мерзiмнен кейiн алынған жағдайда, төлемақыны төлеу жер учаскесiн өтемін төлеп уақытша жер пайдалануға алған айдан кейiнгi айдың 25-інен кешiктiрілмей жүргізіледі.
7. Өтемiн төлеп уақытша жер пайдалану шартының мерзiмi бiткен соң немесе салық кезеңi басталғаннан кейiн ол бұзылған жағдайда, қалған мерзiм үшiн бюджетке енгiзiлуге жататын төлемақы сомасы, шарттың қолданылу мерзiмi аяқталған күннен бастап күнтізбелік он бес күннен кешiктiрілмей төленедi.
8. Төлемақы сомасы жер учаскелерiнiң орналасқан жерi бойынша бюджетке төленеді.
9. Қызметін арнайы экономикалық аймақтардың аумағында жүзеге асыратын ұйымдар жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемді осы Кодекстің 17-тарауында белгіленген ережелерді ескере отырып есептейді.
Ескерту. 481-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.01.21 N 242-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.21 № 470-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.12.2013 N 152-V (01.01.2013 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

 


Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 143 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Бап. Патент құнын есептеу | Бап. Қолдану тәртібі | Бап. Қолдану тәртібі | Бап. Жалпы ережелер | Бап. Қолдану шарттары | Бап. Алым ставкалары | Бап. Алымдарды төлеуден босату | Бап. Төлемақы ставкалары | Бап. Төлемақы ставкалары | Бап. Есептеу мен төлеу тәртiбi |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бап. Алым мөлшерлемелері| Бап. Төлемақы ставкалары

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)