Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Есептеу мен төлеу тәртiбi. 1. Төлемақы сомасын мемлекеттік орман иеленушілер есептейді және ол

Читайте также:
  1. Бап. Қайта құрылымдалатын ұйымның салық төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту тәртібі
  2. Бап. Қосылған құн салығын төлеу мерзімі
  3. Бап. Қосымша төлемді есептеу және төлеу тәртібі
  4. Бап. Әрекетсіз салық төлеуші
  5. Бап. Аванстық төлемдер сомасын есептеу
  6. Бап. Акциз төлеу мерзiмдерi
  7. Бап. Алымдарды төлеуден босату

 

1. Төлемақы сомасын мемлекеттік орман иеленушілер есептейді және ол рұқсат құжатында көрсетіледі.
2. Төленуге тиіс төлемақы мөлшері:
сүректі түбірімен босатқан кезде – осы Кодекстің 506-бабында белгіленген коэффициенттерді ескере отырып, орман пайдалану көлеміне және төлемақы ставкаларына негізделе отырып;
орман пайдаланудың өзге түрлері кезінде – орман пайдалану көлеміне және (немесе) алаңына, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергiлiктi өкiлдi органдары белгiлейтін орман пайдаланудың өзге түрлері үшін төлемақы ставкаларына негізделе отырып айқындалады.
3. Төлемақы сомасы бюджетке орман пайдалану объектісі орналасқан жері бойынша мынадай мерзімдерде:
1) ұзақ мерзімді орман пайдалану кезінде – орман пайдаланудың жыл сайынғы көлемінің жалпы сомасының тең үлестерімен тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірілмей;
2) қысқа мерзімді орман пайдалану кезінде – рұқсат құжаттарын алғанға дейін немесе сол күні төленеді. Бұл ретте рұқсат құжатында төлем құжатының деректемелері көрсетіле отырып, ақы төлеудің жүргізілгені туралы белгі қойылады;
3) түбірімен босатылатын сүрек үшін – жазылып берілген ағаш кесу билеттері бойынша жылдық төлемақы сомасының тең үлестерімен тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-інен кешіктірілмей төленеді.
4. Егер сүректі түбірімен, шайырды, ағаш шырындарын және қосалқы орман ресурстарын босату кезінде дайындалған сүректің, шайырдың, ағаш шырындарының және қосалқы орман ресурстарының жалпы көлемі ағаш кесу билетінде көзделген көлеммен (алаңмен) сәйкес келмеген жағдайда мемлекеттік орман иеленушілер нақты дайындалған көлем үшін төлемақы сомасын қайта есептеу жүргізеді. Қайта есептеу кезінде белгіленген төлемақы сомасы оны төлеудің кезекті мерзімінде төленеді.
5. Кезекті мерзімде кесуге берілетін кесілмеген ағаштар, сондай-ақ өткен жылы кесу басталмаған кеспеағаш аймағы үшін төлемақы сомасын төлеу осы Кодекстің 506-бабында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
6. Төлемақы сомасын төлеу банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару не оны орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша қатаң есептілік бланкілерінің негізінде мемлекеттік орман иеленушілер кассасына қолма-қол ақша енгізу арқылы жүргізіледі.
7. Қолма-қол ақшамен қабылданған төлемақы сомаларын мемлекеттік орман иеленушілер кейіннен оларды бюджетке есепке алу үшін ақша қабылдау жүзеге асырылған операциялық күннен кейінгі күннен кешіктірмей банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға тапсырады. Егер қолма-қол ақшаның күн сайынғы түсімдері айлық есептік көрсеткіштің 10 еселенген мөлшерінен аз болған жағдайда бюджетке есептелетін ақшаны тапсыру ақша қабылдау жүзеге асырылған күннен кейінгі үш операциялық күнде бір рет жүзеге асырылады.
8. Жеке тұлғалар төлемақы сомасын қолма-қол ақшамен төлеген кезде қатаң есептілік бланкілеріне мемлекеттік орман иеленушілердің сәйкестендіру нөмірі қойылады.
9. Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе орман шаруашылығы саласындағы мемлекеттік уәкілетті орган Қазақстан Республикасының орман заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде ағаштардың қурауы мен құрып кету қатерi төнген кезде орман ресурстарын пайдалануға тыйым салу туралы шешім қабылдаған жағдайларды қоспағанда, төленген төлемақы сомаларын қайтару немесе есепке жатқызу жүргізілмейді.
Бұл ретте төленген төлемақы сомасын қайтаруды немесе есепке жатқызуды төлемақы төлеушінің салықтық өтініші бойынша оның мемлекеттік орман иеленушілер берген, ағаш кесу билетінің, орман пайдалануға арналған орман билетінің пайдаланылмағанын растайтын құжатты ол тапсырғанынан кейін осы Кодекстің 599 және 602-баптарында белгіленген тәртіппен оның төленген жері бойынша салық органы жүргізеді.
Ескерту. 507-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 N 452-IV (2012.01.01 қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

 


Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 164 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Бап. Қолдану шарттары | Бап. Алым ставкалары | Бап. Алымдарды төлеуден босату | Бап. Алым мөлшерлемелері | Бап. Есептеу мен төлеу тәртiбi | Бап. Төлемақы ставкалары | Бап. Төлемақы ставкалары | Бап. Есептеу мен төлеу тәртiбi | Бап. Төлемақы төлеушiлер | Бап. Жалпы ережелер |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бап. Төлемақы ставкалары| Тарау. ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АУМАҚТАРДЫ ПАЙДАЛАНҒАНЫ ҮШІН ТӨЛЕМАҚЫ

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)