Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тарау. Ерекше ҚорҒалатын табиҒи аумаҚтарды пайдаланҒаны Үшін тӨлемаҚы

Читайте также:
  1. I ТАРАУ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
  2. Tamariceae тукымдасы Tamarix туысының дәрілік өсімдікті гербариін алып, атын атаңыз биологиялық ерекшеліктеріне, пайдалануына сипатама беріңіз.
  3. Азақстан жыландары , олардың биологиясы мен экологиясының ерекшеліктерін ресурстық түрлер ретінде маңызын түсіндіріңіз?
  4. Азақстан суырлары олардың биологиясы мен экологиясының ерекшеліктерін және ресурстық түрлер ретінде маңызын түсіндіріңіз.
  5. Атерлі жаңа түзілімдері бар балаларды реабилитациялау ерекшеліктері
  6. Бап. Қосылған құн салығы бойынша салық есептілігін белгілеу ерекшеліктері
  7. Бап. Қызметі тоқтатылған кезде дара кәсіпкерлердің жекелеген санаттарының салық міндеттемесін орындау ерекшеліктері

 

Бап. Жалпы ережелер

 

1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы (бұдан әрі - төлемақы) (мемлекеттік табиғи ескерткіштердің, мемлекеттік табиғи қаумалдардың, мемлекеттік қорықтық аймақтардың аумақтарын қоспағанда), ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың сыртқы шекаралары шегінде Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтарын «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған ғылыми, экологиялық-ағарту, мәдени-ағарту, оқыту, туристік, рекреациялық және шектеулі шаруашылық мақсаттарда пайдаланғаны үшін алынады.
1-1. Жер учаскелерінің нысаналы мақсатына және олардың қандай да бір жер санатына жататындығына қарамастан, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың сыртқы шекаралары шегіндегі жер учаскелерінде орналасқан және осы Кодекстің 1-тармағында көрсетілген мақсаттарда пайдаланылатын ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы алынады.
2. Табиғат қорғау ұйымдары тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 15-інен кешiктiрмей өзiнiң орналасқан жерi бойынша салық органдарына уәкiлеттi орган белгілеген нысан бойынша төлемақы төлеушілер мен салық салынатын объектілер туралы мәлiметтер бередi.
Ескерту. 508-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

 

Бап. Төлемақы төлеушiлер

 

1. Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтарын пайдаланатын жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушiлер болып табылады.
2. Мыналар:
елді мекендерде тұрақты тұратын және (немесе) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың шекарасында орналасқан саяжай учаскелері бар жеке тұлғалар;
"Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған табиғат қорғау ұйымдары төлемақы төлеушiлер болып табылмайды.

 

Бап. Төлемақы ставкасы

 

1. Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы ставкасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалану қажеттілігі туындайтын тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған 0,1 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі осы баптың мәтіні бойынша - АЕК) есебінен ерекше қорғалатын табиғи аумақта болған әрбір күн үшін айқындалады.
2. Жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақты пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының ұсынысы бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті өкілді органдары белгілейді.
Ескерту. 510-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

 


Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 211 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Бап. Алым ставкалары | Бап. Алымдарды төлеуден босату | Бап. Алым мөлшерлемелері | Бап. Есептеу мен төлеу тәртiбi | Бап. Төлемақы ставкалары | Бап. Төлемақы ставкалары | Бап. Төлемақы ставкалары | Бап. Төлемақы төлеушiлер | Бап. Жалпы ережелер | Бап. Төлемақы ставкалары |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бап. Есептеу мен төлеу тәртiбi| Бап. Есептеу мен төлеу тәртiбi

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.012 сек.)