Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Азаматтық хал актiлерiн тiркегенi үшiн мемлекеттiк баж ставкалары

Читайте также:
  1. Азаматтық қоғам
  2. Бап. Үй iргесiндегi жер учаскелерiне салынатын базалық салық ставкалары
  3. Бап. Акциз ставкалары
  4. Бап. Алым ставкалары
  5. Бап. Базалық салық ставкаларын түзету
  6. Бап. Басқа да iс-әрекеттер жасаған кезде мемлекеттiк баж төлеуден босату

 

1. Азаматтық хал актiлерiн тiркегенi үшiн, азаматтарға азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы куәлiктердi, сондай-ақ туу, неке, некенi бұзу, қайтыс болу туралы актiлердiң жазбаларын өзгертуге, толықтыруға, түзету мен қалпына келтiруге байланысты куәлiктердi қайтадан бергенi үшiн мынадай мөлшерде:
1) некеге тұруды тiркегенi үшiн - 100 процент;
2) некенi бұзуды тiркегенi үшiн:
кәмелетке толмаған балалары жоқ ерлi-зайыптылардың өзара келiсiмi бойынша - 200 процент;
сот шешiмi негiзiнде - 150 процент (ерлi-зайыптылардың бiреуiнен немесе екеуiнен);
белгіленген тәртiппен хабарсыз кеттi деп немесе жүйке ауруы немесе ақыл-есiнің кемдiгi салдарынан әрекетке қабiлетсiз деп танылған адамдармен не қылмыс жасағаны үшiн үш жылдан астам мерзiмге бас бостандығынан айыруға сотталған адамдармен сот шешiмi негiзiнде - 10 процент;
3) тегiн, атын немесе әкесiнiң атын, ұлтын және жынысын өзгерткенiн тiркегенi үшiн - 200 процент;
осы негiзде берiлген жұбайының, балаларының әрбiр құжаты үшiн - 50 процент;
4) туу, неке, некенi бұзу, қайтыс болу туралы актiлер жазбаларын өзгертуге, толықтыруға, түзету мен қалпына келтiруге байланысты куәлiктердi бергенi үшiн - 50 процент;
5) азаматтық хал актiлерiн тiркегенi туралы куәлiктердi қайталап бергенi үшiн - 100 процент;
6) шетел азаматтарының ұл бала асырап (қыз бала асырап) алғанын тiркегенi үшiн - 200 процент;
7) Қазақстан Республикасының азаматтарына азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама бергені үшін – 30 процент;
8) ТМД елдерінен азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктерді талап еткені үшін – 50 процент;
9) ТМД елдерін қоспағанда, шет мемлекеттерден азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктерді талап еткені үшін – 100 процент мемлекеттiк баж алынады.
Ескерту. 537-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

 

Бап. Шетелге шығуды, Қазақстан Республикасының азаматтығын алуды, Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтiрудi немесе Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатуды ресiмдеу кезiндегi мемлекеттiк баж ставкалары

 

Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға, Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтiруге немесе Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасына келуге немесе шетелге шығуға байланысты iс-әрекеттер жасағаны үшiн мынадай мөлшерде:
1) шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға мынадай құқыққа виза бергенi немесе ұзартқаны үшiн:
Қазақстан Республикасынан кетуге - 50 процент;
Қазақстан Республикасына келуге және Қазақстан Республикасынан кетуге - 100 процент;
2) шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға шекараны көп мәрте кесіп өту құқығына визаны бергені және ұзартқаны үшін - 200 пайыз;
3) Қазақстан Республикасының азаматтарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға тұрақты тұруға Қазақстан Республикасынан кетуге құжаттар ресімдеу үшін - 100 пайыз;
4) Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға шетелден шақыру келгені туралы құжаттар бергені үшін - әрбір шақырылған адам үшін 50 пайыз;
5) Қазақстан Республикасының азаматтығын алу, Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтiру, Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтату туралы құжаттарды ресiмдегенi үшiн - 100 процент;
6) Қазақстан Республикасына шақыру туралы құжаттарды жоғалғандарының не бүлінгендерінің орнына бергені үшін – осы баптың тиісінше 4) тармақшасында көрсетілген мөлшерде мемлекеттік баж алынады.
Ескерту. 538-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 05.12.2013 № 152-V Заңымен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).

 

Бап. Зияткерлiк меншiк саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның заңды мәнi бар iс-әрекеттер жасағаны үшiн мемлекеттiк баж ставкалары

 

Зияткерлiк меншiк саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның заңды мәнi бар iс-әрекеттер жасағаны үшiн мынадай мөлшерде:
1) инновациялық патент, патент, куәлiк бергенi үшiн - 100 процент;
2) жалпыға белгiлi тауар таңбасына сертификат бергенi үшiн - 100 процент;
3) өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiн пайдалануға байланысты басқаға беру, кепiл шарттарын, лицензиялық, қосалқы лицензиялық шарттарды тiркегенi үшiн - 150 процент;
4) патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдердi аттестаттағаны үшiн – 1 500 процент;
5) патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдердi тiркеу туралы куәлiк бергенi үшiн - 100 процент мемлекеттiк баж алынады.

 


Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 195 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Бап. Есептеу мен төлеу тәртiбi | Тарау. ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АУМАҚТАРДЫ ПАЙДАЛАНҒАНЫ ҮШІН ТӨЛЕМАҚЫ | Бап. Есептеу мен төлеу тәртiбi | Бап. Төлемақы төлеушiлер | Бап. Жалпы ережелер | Бап. Төлемақы ставкалары | Бап. Есептеу мен төлеу тәртiбi | Бап. Баж алу объектiлерi | Бап. Мемлекеттiк баждың соттардағы ставкалары | Бап. Соттарда мемлекеттiк баж төлеуден босату |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бап. Нотариаттық iс-әрекеттер жасағаны үшiн алынатын мемлекеттiк баж ставкалары| Бап. Басқа да iс-әрекеттер жасағаны үшiн мемлекеттiк баж ставкалары

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)