Читайте также: |
|
Бүл екі арада бірлескен өмірдің бастапқы базисі өзгере береді де, индивидуализм деп жиі
аталатын құбылыспен аяқталады; бірақ оның шынайы мағынасы мынада: жай ғана әлеуметтік өмір кемімейді, қауымдық әлеуметтік өмір кемиді -басқа, қарекет ететін кісілердің қажеттіліктерінен, мүдделерінен, талап-тілектерінен, шешімдерінен
туындайтын жаңа өзара қарекет дамып, барған сайын зор билікке ие болады, және
ақырында, артықшылыққа жетеді. Қоғамның әлеуметтанушы ұғыммен қамтылатын және
өзінің тенденциясында шексіз, космополиттік, алуан түрлі құбылыстардың радикалдық
пошымы ретіндегі "азаматтық қоғамның" шарттары осындай. Ұлы өзгеріс болады: бүкіл
өмір халықтың терең қойнауынан өсіп шығып, содан нәр алатын болса, біртіндеп бүкіл
халыққа және барлық адамзатқа таралатын азаматтық қоғам жоғарыдан түскен феномен
ретінде қалыптасады. Индивидтер мен отбасылардың -ең алдымен азаматтық байлықтың
бір бөлігіне, яғни, әрқилы игіліктерді өндіруге қажет жер, капитал сияқты құралдарына ие
адамдардың -жиынтығы болатын ол өзінің мәнісі жағынан негізінен экономикалық
сипаттағы жиынтық. Айдан анық нышаны тіл ортақтығы деп саналатын шын немесе алдамшы рулық туыстықпен белгіленетін азды -көпті тар шекарада ол өзінің мемлекетін, атап айтқанда қалалық қауым тұрпатында пішілген, ырқы бар және қарекет жасауға қабілетті, азаматтық, сайып келгенде, социалистік те республикамен аяқталатын бірлік құрады. Мемлекетті ол өзінің мақсаттарына жетудің құралы, яғни бірінше кезекте, өзінің кісілігі пен меншігін қорғайтын, соның ішінде, иеленушілердің тарапынан жоғары бағаланатын 14рухани меншікті қорғау органы деп ойлайды. Бірақ ол, өзіне-өзі опасыздық жасамай, айырықша қоғамдық жиынтық ретінде халықтан басқаша екендігін мойындауға және, былайша айтқанда,өз туына жазып қоюға қабілетсіз болғандықтан, ол өзінің мәнісін бүкіл халықтың мәнісімен ұқсастырып және өзін оның өкілі немесе қамқоры ретінде көрсетіп қана орнықтыра алады. Барлық отандастарға тең саяси құқықтар сыйлаумен аяқталмайтын осынау процесс, қоғамдағы меншікке монополия (тар да өзіндік мағынасында) мен халықта меншіктің жоқтығы арасындағы ұлғая түсіп келе жатқан терең орды белгілі бір шамада жуып-шая алады, бірақ оның елеулі сипатын жоя алмайды, және тіпті сананы -"әлеуметтік мәселе" санасын тарата, нығайта отырып, оны асқындыра түседі. Саяси және басқа да рухани білім берудің (ол қалалардағы, әсіресе ірі қалалардағы өмірмен ынталандырылады) арқасында қоғамдық сана біртіндеп ұлғайып келе жатқан халық бұқарасының санасына айналады. Халық бұқарасы да мемлекеттен өзінің жағдайын
жақсартудың, ат төбеліндей ғана топтың меншікке монополиясын жоюдың және
жұмысшылардың парасатты қажеттіліктерін қанағаттандыра отырып, өндіріс жетекшілері
алатын игіліктердің бөлінуі мен тұтынылуына арналған үлеске шамалас келетін өнім
үлесін алудың амалы мен құралын көре бастайды; ал тұрақты ортақ пайдалануға арналған
немесе жарамды игіліктер қоғамның, яғни, халықтың немесе оның ұйымдасқан одағы -
мемлекеттің ортақ меншігінде қала беруге тиіс
Дата добавления: 2015-09-06; просмотров: 134 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Корпорация | | | Творчество |