Читайте также: |
|
Таза әлеуметтанудың үшінші, ең маңызды пәні -бұл бірлесу, немесе басқа да көптеген
атаулармен нобайланатын корпорация. Ол табиғи бірдеңе емес, оны, сондай-ақ, таза жан
дүниелік факт ретінде түсінбеу керек -ол тек қана және өзінің мәнісі бойынша әлеуметтік
факт, яғни ол оны көп адамдар бірге ойлайтындығының арқасында ғана тіршілік етеді.
Оның ерекше белгісі -біртүтас ырық пен қызметке қабілеттілік болып табылады -бұл
шешім қабылдау қабілетінде неғұрлым айқын көрінетін қабілет: ойлана білетін тіршілік
несі ретінде жеке адам шешім қабылдай алады, ал егер әңгіме көптеген адамдар жөнінде
болса, онда бұл олардың арасында ұзақ уақыт бойы келісім үстемдік еткенде ғана, немесе
өздерінің олардың жиынтығының бір бөлігінің күні (бұрын белгіленген пошымда және
ортақ келісіммен білдірілген ырқын олардың баршасының ырқы, яғни корпорацияның
ырқы ретінде мойындап, шынында да солай дейтіндей ұзақ үстемдік етсе ғана мүмкін
нәрсе. Мысалы, олардың ырқы бір ғана кісі арқылы көрсетіле алады, бүл үшін оның ту
сыртында жиынтықтың, яғни тұтас алғанда бүкіл корпорацияның ырқы тұр деп білу керек. Корпорация -осы терминге үңіле қарасақ -келесі жағдайлардың негізінде өсіп шыға
алады:
1. Жағдайлар негізінде: жаратылыстың қатынастар негізінде, өйткені олар әлеуметтік
қатынастарға айналған. Бұл арада қандас туыстық қатынастар әрқашан адамдарды
байланыстыратын неғұрлым ортақ және ең жаратылыстық дәнекер -олардың "бірлескен
мәнісі" боп шығады. Олардың негізінде құрылатын аса маңызды корпорация -бізге белгілі
Парлық халықтарда бірлескен саяси өмірдің бастапқы пошымы болып табылатын одақ,
адамдардың ең ежелгі бірлігі мен бірлесуі қалай аталса да -қандас туыстық, рулық қауым,
рулық одақ немесе клан деп аталса да бәрібір. Бүл орайда әйелдер ересек кісілердің
жиынтығына кіре ме, жоқ па, құдайдың қалауымен қолдау табады деп есептелген немесе
барлығы ерікті түрде бағынатын көсемнің даңқы үшін шаттанып дауыс көтеретін кеңестер
келісіммен аяқтала ма, жоқ па -қалай болса да, нақ осы жерде қарапайым топтасқандық
сезімінен басталып, бүкіл жиынтық қабылдайтын "Мен"-ге дейін өсетін сананың ұрығы
қалыптасады.
2. Жері бойынша көршілік қауымы негізінде: адамдарды әу баста қандас туыстардың
санасынан немесе пікірінен бөліп алуға болмайтын жерге ортақ көзқарас топтастырады:
бірге тіршілік ету, көршілік адамдарды біріктіріп, оларды кеңес өткізуге және кеңестер
арқылы шешім қабылдауға мәжбүр етеді; бүл арада тағы да серіктестік пен үстемдіктің
қосар принципі ықпал етеді. Мұндай корпорацияның үлкен тұрпаты деревнялық қауым
болып табылады: оның мәнісі бірлесіп жүргізілетін ортақ меншік ретінде қарастырылатын
жерді шебер өңдеуде және маркаға яғни жарамды жерге ие болуда жатыр; селолық
серіктестік -көрші орналасқан және әлдене алғашқы бірліктен өсіп шыққан көптеген
деревнялық қауымдардың бірлесуі. Деревнялық қауым көбіне -көп рулық қауымнан
айнымайды, бірақ, соңғысы, оның құрамына бөгде адамдар кіре бастауына қарай қандас
туыстық сипатынан біртіндеп айрыла береді. Жер және бірге тіршілік ету басында, шығу
тегінің ортақтығы дәнекерлерімен қатар, адамдарды және олардың отбасыларын
байланыстыратын дәнекер болып табылады, алайда, бұлардың екіншісі алғашқысын
барған сайын біртіндеп алмастыра береді. Бұл процеске әсіресе оккупация -жат ру-13
тайпалар мен олардың көсемдерінің аймаққа үстемдігінің орнатылуы ерекше күшті ықпал
етеді, бұрынғы тұрғындар мен жер иелері жойылып және қуып жіберілмесе, сөйтіп
олардың бері салғанда бір бөлігі тіршілік ете береді де, біртіндеп, өздерінің жаңа
қожайындарының боданына айналып, солармен бірге бір халыққа сіңіп кетеді. Бұл
жағдайда деревнялық қауым корпорация ретінде, атап айтқанда, серіктестік түрінде,
әдетте сақталып қалады, алайда, жаңа жер иелерінің олардың билігімен және құқығымен
үстемдік тұрпаты бойынша түрі өзгертіледі.
3. Қалада тұрудың бірлігі негізінде: серіктестікпен серіктестік теңдік қаланың неғұрлым
тығыз да жақын бірлескен өмірінде жаңа өріске не болады: бірге түру барған сайын ортақ
мәністен тәуелсіз бола береді, яғни онда қаны жағынан бөгде адамдар барған сайын
көбірек жиналады, өйткені, әу баста қалалар деревнялар немесе берік дуалдармен
қоршалған замоктар түрінде болған, олардың тұрғындары ең алдымен өздерін қорғау
үшін, ал содан кейін, өз ішінде тыныштық пен тәртіпті орнату немесе оларды сақтау үшін
бір әміршінің қол астында немесе тең құқықты азаматтар ретінде өзара ықпалдастыққа
мәжбүр болған, ал мұның өзі саяси қауымның құрылуына жетелеген. Қалалық қауым -
"полистің " ұлы атқарғаны мен жетістігі осындай, ол Еуропада кейінірек мемлекет арқылы
аса құдіретті ұйым және өз тегінде бірден-бір корпорация ретінде қалыптасқан барша
нәрсеге осы заманғы атау және ерекше сипат берді. [...]
Түп тамыры әу бастағы топтасқандықта жатқан осынау корпорациялар мен қауымдар
осында баяндалған түсінікке орай қауымның тап өзі. Бірге түру мен бірлесіп қарекет
етуден көрінетін бастапқы бірлескен мәніс өзгеретіндігіне қарамастан, ол бәрібір
сақталып, өзара қарекеттің рухани пошымдарында, ал одан әрі жалпы бірлескен өмірде,
әсіресе саяси өмірде жаңара алады, олай болса халық, егер ол мұның үстіне мемлекеттік
одаққа топтасқан болса немесе соған енді ғана ұмтылып жатса және егер ол өзін ортақ тіл
арқылы байланысты екендігін сезінетін болса, халықтық қауым ретінде біртұтас болып
көрінгісі келеді, бұл бірлік ұлттық сана-сезім мен ұлттық мақтанышта өсе алады, бірақ,
бүл орайда өзінің ең бастапқы шынайылығынан оңай айрылады.
Дата добавления: 2015-09-06; просмотров: 144 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Адам ырқы | | | Азаматтық қоғам |