Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Адам ырқы

Біз жаратылыстық және бастапқы деп түсінетін бүл жалпы адамзаттық ырық, қалау

қабілеті істей алу қабілетінде жүзеге асады және елеулі түрде сонымен ықпалдастыққа

байланысты. Бүкіл рух, тіпті ең қарапайым адамның рухы істей алу қабілетімен осыған

сәйкес -ырық арқылы білдіріледі: оның ой машығын, жан дүниесін, ұжданын ол оқып-

білген нәрселер ғана емес, сондай-ақ —қабылданған шешімдермен байланысты болса да

-ол бұрын өткен, бірақ оған әлі де ықпал ететін ата-бабаларынан, ізашарларынан мұраға

қалған ойлау мен түйсіну тәсілі де қалыптастырады. Міне сондықтан мен осылай

түсінілетін ырықты адамның мәністік ырқы деп атап, оны ырықтың басқа бір тұрпаты

-таңдау ырқына қарама-қарсы қоямын: онда басым және тіпті жетекші рөлді ойлау

атқарады. Таңдау ырқы дегеніміз ұтымды ырық, ал ұтымды ырықты парасатты ырықтан

жақсылап ажырата білу керек: терең тұғырлары мәністік ырықта жататын санадан тыс

8 себептермен тамаша үйлеседі; ұтымды ырық ондайларды өзіне кедергі жасайтын

элементтер деп серпіп тастап, мүмкіндігінше анық түсінілген болуға ұмтылады...

3. Қауымдастық және қоғам Әңгіме парықсыз ырыққа парасатты ырықты қарсы қою жөнінде емес, өйткені мәністік ырықта да парасат бар, ол -ол ма -парасат мәністік ырықта өзінің суреткерлік немесе инсанияттық кемеңгердің рухы ретінде творчестволық, жасампаз, шебер ырық пен қызмет түрінде шешек атуына дейін-ақ қалыптасады; ал мәністік ырық дегеніңіз аса қарапайым пошымдарында тек тікелей, жалындаған және сонымен бір мезгілде ырық пен қызмет қана; таңдау ырқы үшін, керісінше, көбіне-

көп тән. Оны шығармашылыққа кереғар яғни механикалық жұмыс ерекшелейді, және әуейілік, айла-шарғы, қулық-сұмдық торы, жалғандық және бір ғана міндеті -өзіміз қалайтын салдарға жету, практикалық мақсаттарымызға сәйкес келу болатын құралдарды жасауға бағытталған нәрсенің бәрі туралы айтқан кезде біздің тіліміз (басқа да тілдер тәрізді) айырманы тап басады...Сонымен, мәністік ырық басым түсетін айланыстылықтың барлық түрін мен қауымдастық(Gemeinschaft), ал, таңдау ырқы арқылы қалыптасатын немесе сонымен елеулі түрде байланысты нәрсенің бәрін -қоғам (Gesellschaft) деп атаймын, және де екі ұғым да мәнісі мен тенденциясы жағынан алғанда айланыстылықтың әрқилы реңкі ғана. IV 1. Қарым -қатынас, жиынтық, корпорация

Мен төмендегідей әлеуметтік мәністерді немесе пошымдарды айырып көрсетемін:

1. қарым-қатынастар;

2. жиынтықтар;

3. корпорациялар немесе бірігулер (одақтар, бірлестіктер, серіктестіктер).

Бұл топтастырып жіктеу мына айырмашылыққа негізделген, үшінші тектердің мәнісі әрқашан біртүтас нақты ырықты қалыптастыра алатын кісіге ұқсастығы бойынша ойға оралады, ол ырық ретінде өзіне бағынышты кісілерді (жаратылыстық немесе жасанды) сондай ырыққа сәйкес қылық жасап, мәжбүрлейді, бүл орайда оның ішке немесе сыртқа бағытталғандығының бәрібір. Әлеуметтік қатынастардың пошымында қатынастың өзі, тіпті ол ерекше атаумен бөліп көрсетілсе де, ойға басқаша оралады. Оның мәнісіне оның субъектілері немесе оның иелері -қарым-қатынастың мүшелері -бүл қарым-қатынасты санасымен түсінетіні жатады (қалай болғанда да), өйткені олар соны шындап қалайды және сол арқылы оның орын алып отырғанын бекітеді. Бұл бекітуге өзінің

аяқталуын кісілік біртұтастықтан табатын, ырқы жеткілікті және қарекет жасай алатын корпорациядан табатын нәрсенің ұрықтық пошымы болады. Жиынтық -қарым-қатынас пен корпорацияның арасындағы аралық пошым. Ол корпорация тәрізді, өзара байланысты толып жатқан нәрселерді қамтитын әлдене коп ретінде елестейді, нәтижесінде ортақ ұмтылыс, тілек, ұнату мен ұнатпау, қысқасы, ортақ сезім мен ортақ ойлау машығы пайда болады; бірақ, жиынтық шын ырық әміріне қабілетті емес, ол қандай да бір бірлестік "ұйымдаспайынша", қандай да бір комитет немесе кеңес құрмайынша ешқандай шешім қабылдай алмайды. 2. Әлеуметтік қатынас: серіктестік тұрпатындағы және үстемдік тұрпатындағы қауымдық және қоғамдық қатынас 9 Әлеуметтік қатынас -барынша жалпылама және қарапайым әлеуметтік мәніс немесе пошым. Бірақ оның тамыры өте тереңде жатыр; өйткені ол ішінара адамдар арасындағы шара байланыстың, өзара тәуелділіктің және өзара татулықтың себептері тәрізді өмірдің бастапқы, жаратылыстық, нақты жағдайларына, ішінара -терең, неғұрлым ортақ, аса қажетті адамдық ажеттіліктерге негізделген. Бұлардың екеуі де түсінуге, рас, әртүрлі салдарлармен жетеді. Жаратылыстық қатынас жағдайында, мысалы, бұл адам -менің бауырым, өйткені мен екеуміз бір анадан туғанымызды білемін, немесе ол -менің балдызым, не әкеміз, не шешеміз бөлек бауыр, асырап алынған бауыр, емшектес бауыр (мұның жаратылыстық туыс екендігі кемдеу, өйткені басқа, таза жаратылыстық емес өзара байланыстан шығарылады) болғанда әдетте мен оған жақын екендігімді сеземін, нақ соның арқасында бір-бірімізбен өзара айланысты болғандықтан, біздің әрқайсысымыз екіншіміздің бар екендігіне оң көзбен қараймыз, демек, біз бір-бірімізді білеміз, белгілі бір дәрежеге дейін бір-бірімізге ұнаймыз, өзара іш тартамыз, сенеміз, ал болашақта біздің ортақ құндылықтарымыз-айталық, имениені бірлесіп басқару құқығы өзара бөлісуге тура келетін мирастық игіліктер болуы мүмкін, және де бүл арада мінсіз игіліктер де есепке алынады. Қалай болған күнде де, осы тектес әрбір қатынас, тіпті екі-ақ адамның арасында болса да, бөлек бір нәрсе ретінде әлеуметтік қатынасты танып-біліп, мойындауға, осы әдетте белгілі бір өзара қарекет әркімнің басқадан күтетінін және талап етілетін немесе басқа жөнінде өзіңнен күтілетін және талап етілетін қарекет жасалуға тиіс екендігін білуге жетелейді. Осы арада әркім өзі дәмететін, бірақ басқа да нақ солай дәмететін "құқықтардың", оның ойынша басқа адам орындауға тиісті, бірақ сол да бұдан соны күтетінін біліп, өзіне де жүктейтін "міндеттердің" ұрығы жатыр...Таза да абстрактылы шарттық қатынаста шарт жасасатындар, керісінше, бөлек

-бөлек кісілер ретінде елестейді, олар осыған дейін де және қазір де барлық басқа жағынан бір-біріне тәуелді болған емес, тәуелді де емес, бір-біріне мүлдем жат және жалпы -бұрын да, қазірде де барлық басқа жағынан бір-бірі жөнінде дұшпандық ниетте. Do ut des -мұндай қарым -қатынастың бірден -бір принципі: менің сен үшін жасайтыным, сенің -

бір мезгілде, өткенде немесе кейін -жауап қарекетіңді жасату құралы ғана, расын айтқанда, менің тілегім де, қалауым да сол ғана; менің мақсатым -сенікін қолыма түсіру, ал өзімдікін құрал ретінде, әлбетте, амалсыздан беремін; менің ырқымды белгілейтін себеп -тек ойдағы салдар ғана. Бүл таңдау ырқының аса қарапайым пошымы. Бірінші тұрпат қатынастары қауым ұғымына, екінші тұрпат қатынастары -қоғам ұғымына

жақын; қауымдық және қоғамдық қатынастар осылайша ажыратылады. Бірақ бұлардың

қай-қайсысы да, өз кезегінде, олардың алғышарттары ырық пен істей білу қабілетінің,

билік пен беделдің арасындағы іс жүзіндегі (азды-көпті мінсіз) теңдік немесе елеулі

теңсіздік пе, соған байланысты әртүрлі бола береді. Осыған сәйкес, серіктестік

тұрпатындағы әлеуметтік қатынас пен үстемдік тұрпатындағы әлеуметтік қатынас

ажыратылады. Сол айырмашылықтарды қарастырайық.

А. Қауымдық қатынастар

а) Серіктестік тұрпат. Серіктестік тұрпатының ең қарапайым пошымын туыстық, жора-

жолдастық, достық қарым-қатынаста бірге өмір сүретін жұп құрайды, мұндай жұптар егер

адамдарды жас мөлшері, жынысы, қызметі, ойлау машығы, мұраты жақындастырса,

әсіресе, оларды ортақ идея біріктірсе, бәрінен оңай қалыптасады. Аңыздар мен тарихта

мұндай жұптар толып жатыр; ежелгі гректердің жұптағы достық, жолдастық қарым-

қатынасы, мысалы, Ахиллес пен Патроклдың, Орест пен Пиладтың, Эпаминод пен

Пелопидтің арасындағы достықты қатты құрметтегені соншалық, тіпті Аристотельге:

кімнің достары болса, соның досы жоқ деген парадоксты теліген. Неміс тілі мен әдебиеті

эллиндер жырлаған, ортақ қуаныш пен ортақ қайғы тең бөлісілетін қарым-қатынастарды

бауырлар қатынасы деп атағанды жөн көреді: біз оларды тәжірибе тарапынан гөрі идеал

10 туралы ұғым тұрғысынан тезірек көріп, себепке көбірек, мотивке азырақ көңіл бөлеміз,

және бұл орынды да, өйткені бауырлар, шынында да, ең жаратылыстық, демек, ең

ықтимал достық жұпты бәрінен көп құрайды.

б) Үстемдік тұрпат. Халықтың барлық жіктерінің күнделікті өмірінде мәдениеттің

дамуының барлық сатысында әкенің балаға қатынасын байқауға болады, ол әрқашан

қорғаушылық қатынас болып табылады -және бала неғұрлым әлсіз болса, қорғаушылық

сол шамада күшейе түседі, өйткені ол қорғанышқа көбірек мұқтаж: қорғаныш өзінің

шарты ретінде әрқашан үстемдіктің болуын көздейді, өйткені қорғауды тек жүйелі негізде

ғана іске асыруға болады, мұндайда қорғалушы өзінің қорғаушысының нұсқауларына,

тіпті бұйрықтарына құлақ қояды; кез-келген үстемдік зорлық -зомбылықты қолдануға оңай ұласатындықтан, әкелік қарым-қатынас, аналық қарым-қатынас секілді, оған

сүйіспеншілігімен, мейірбандығымен, қарсылық көрсетеді, бұлар әдетте, тәуір көрудің

немесе қорғаудың кез-келген басқа объектісіне қарағанда, оз перзентіне хайуандық-

вегатативтік сипаттағы себептер бойынша көбірек сыйланады. Алайда, әкелік қатынастың

ортақ мағынасы басқа да ішкі туыстық қорғаушылық қатынастарына да оңай таралады:

мәселен, өгей әке, асырап алған әке, отбасының ақсақалы, қамқоршы (рас, соңғысы, заң

бойынша әкені алмастырғанымен, қамқорындағымен міндетті түрде қауымдық қатынаста

бола бермейді). Әкенің абыройы -кез-келген, соның ішінде өзге негіздері бар, қауымдық

беделдің, әсіресе, священник беделінің прототипі. Бұның себебі ең алдымен мынада:

мифтік түсініктер әкені Олимпке немесе Аспанға көтеріп, құдай мен адамдардың түп

атасы ретінде қисапсыз балаларды, яки -кемірек сезімдік, кемірек әспеттелген пошымда

-жалғыз баланы телиді, сол ұл политеизмді жеңіп шыққаннан кейін оны әкесімен түп-

түгел барлық жағынан теңестіреді. Ерте христиандықта барлық епископтарға берілетін "папа" деген есімді римдік-католиктік шіркеу рухани абыройдың шыңы еткендігіне таңырқауға болмайды, ал шығыс шіркеулерінде барлық дін қызметкерлері -әсіресе, әрине, жоғарылар -қарапайым тілде "папа" (поп) деп аталады. Дүниауи және саяси үстемдік те, діни үстемдікпен жиі шатастырылатынын және қасиеттелуі жағынан одан кем түспейтінін

былай қойғанда, көбіне-көп әкелік мейірбандық сипатын қабылдайды, бұны "Landesvater"

термині бәрінен жақсы тұжырымдайды. Әке беделі -тегі ерекше беделдің, үлкендер мен

ақсақалдардың беделінің ең жоғары пошымы, жас мөлшерінің абыройы да өзінің ең мінсіз

көрінісін нақ әке абыройынан табады. Шіркеу қауымындағы "пресвитер" (Gemeinwesen),

ал, дүниауи қауымда -"сенатор" сөзінің ерекше мағынасы осыдан түсінікті болады.

б) Аралас тұрпат қатынастары. Кейбір қауымдық қатынастарда үстемдіктің мәнісі мен

серіктестіктің мәнісі, тегінде, араласып кететін секілді: мысалы, жыныстық қажеттілікпен

байланыстыаса маңызды ең қарапайым қауымдық қатынаста, яғни, ұрпақ жалғастыруда -

еркек пен әйелдің арасындағы ұзаққа созылған қарым-қатынаста, мейлі ол, неке деп немесе басқа деп аталса да, тегінде, солай болып жүр.Б. Қоғамдық қатынастар

Серіктестіктің мәнісі мен үстемдіктің мәнісінің арасындағы айырмашылық сондай-ақ

қоғамдық қатынастарда да байқалады және тек қана үстемдік еркін шарт арқылы

орнатыла алатындығынан шығарыла алады, ол еңбек шарты секілді жекелеген кісілердің

арасында болсын, немесе көп адамдардың өз әміршісін мойындайтын және оған сөзсіз

немесе белгілі бір шартпен бағынатын келісім болсын бәрібір, бүл олардың бірлігін кім

яки не тікелей бейнелейтіндігіне қарамастан, ол жекелеген жаратылыстық кісі немесе бір

ұжымдық тұлға -ырқы жеткілікті және қарекет жасай алатын, бүкіл жиынтығында

көрінетін кеңес немесе корпорация екендігіне қарамастан бәрібір. Қоғамдық үстемдік

өздерінің төл мағынасындағы мемлекетте, яғни, осы заманғы мемлекетте әбден толысады;

оның алдында көптеген басқа мемлекеттік пошымдар болып, олар осы заманғы пошымға

ұмтылған, сөйтіп, ақырында, оған демократиялық республика пошымында ие болған, бүл

11 ошымда ол өзінің қоғамдық негізінің шекарасынан биіктеп келеді. Алайда, іс жүзіндегі

үстемдік енді қарапайым қоғамдық қатынастың салдарынан туындайды, онда уағдаласушы екі жақтың арасындағыдай, мысалы, еңбек шартында, әсіресе ол жекелеген

"жұмыс беруін" мен жекелеген "жалдамалы жұмыскер" арасында жасалғандағыдай,

немесе "бітім шарты" нәтижесінде жеңімпаз бон жеңілген жақтың арасында қалыптасатын

жағдайдағыдай, биліктің бөлінісі жүреді; бұлар алдамшы шарттар, іс жүзінде олардың ту

сыртында мәжбүрлеу мен қатаң қатынас тұрады.

3. Жиынтық

Әлеуметтік мәністің немесе пошымның екінші ұғымы жиынтық ұғымы болып табылады.

Мен оны жаратылыстық, жан дүниелік және әлеуметтік жиынтық деп бөлемін. Біздің

ұғымға тек әлеуметтік жиынтықтың ғана тікелей қатысы бар, алайда, олар бір бөлігінде

жаратылыстық, бір бөлігінде жан дүниелік жиынтыққа, бір бөлігінде бір мезгілде олардың

екеуіне де негізделеді. Өйткені әлеуметтік жиынтықтың мәнісі мынада: оның іргетасын

құрайтын жаратылыстық және жан дүниелік қатынастар саналы түрде қабылданады,

демек, соларды саналы түрде қалайды. Бүл құбылыс халық өмірі өтіп жататын барлық

жерде, ортақтықтың сан алуан пошымдарында, мысалы, тілде, өмір салты мен әдет-

ғүрыптарда, діни соқыр сенімде, бірақ ең алдымен бір халықтың бөліктерін бір-бірінен айырып тұратын -біршама дәрежеге дейін объективті, бірақ қандайда бір шамада олардың

санасында -ерекшеліктерде, атап айтқанда, белгілі бір жіктердіең жоғары, текті, үстем

деп бөліп көрсететін ерекшеліктерде байқалады. Мәселен, сословиелік сана -бұл әрқашан

бірінші кезекте үстем сословиелердің санасы, және ол неғұрлым анық түрде менмендік

пен тәкаппарлықтан -сезімдерден, олардың үстемдігі астындағы"төменгі" сословиелердің

момындығы мен ізеті қарсы тұратын сезімдерден көрінеді, бірақ бұл қожайындар

сословиелері солай деп құрметтелетін кез бойына, олардың артықшылығына немесе тіпті

олардың шығу тегі құдайдан екендігіне сенетін кез бойына ғана созылады. Жиынтыққа

сондай-ақ қауым мен қоғам ұғымдары да қолданыла алады.Әлеуметтік жиынтықтардың қауымдық сипаты болатындығы, оларға кіретіндер оларды табиғаттан берілген немесе жаратылыстан тыс ырықпен жаратылғандар деп ойлайтындығынан; ең қарапайым және аңғал түрінде бүл Үндістанның касталық құрылысында көрініс береді. Онда әлдебір кәсіптік сословиеге жату дүниеге келу фактысының өзі секілді табиғи қажеттілік болып саналады, және оның құрамына кіру ойланып жататын нәрсе емес, өйткені, кәсіптік сословие -үлкен бір отбасы: оның жұмысы мен күнкөріс көзін табу тәсілі, ол тіпті ұрлық болса да, сақтап, қолдап отыруға тиісті мұра болып табылады. Мұндай жағдайдың іздерін кез-келген сословиелік құрылыстан табуға болады, өйткені тумысынан бар барлық әлеуметтік қатынастардан абсолютті ара ажырату сирек болады және көбіне мүмкін де емес. Сондықтан, адам әдетте өзінің ата-анасы мен ата-бабалары құрамында болған, "құдай" оларға өз тағдыры ретінде белгілеп берген сословиеге жататындығына көнеді де, оларды көбіне ауыртпалық деп білгенімен, дағды мен тәжірибе оның өзгермейтіндігін оңайлатады. Ол-ол ма, осы шек ішінде, онда өзін қыспақтағыдай сезсе де, жоғары сословиелік сана сол сословиенің өмір сүру фактысын мақұлдай алады, бүл бір жағынан, өздерінің кейбір оң тұрғыдағы қасиеттерінің немесе жақсылықтарының үстемдік етуші сословиеде жоқ екенін байқап, әшкерелеп, өздерінікін дәріптеуден, екінші жағынан, өздерінің ерекше қабілеттерін, мысалы, өнерге, қолөнерге қабілетін, сондай-ақ өздерінің ар-намысын саналы түрде түсініп, оларды бері салғанда, басқа сословиелердің, соның ішінде үстемдік етуші сословиелердің абыройына тең деп санап, олардың мойындалуына күш салатынынан көрінеді.Осылайша, таптық күрес -сословиелер арасындағы күрестің барған сайын саналы бола бастаған және жалпыға ортақ пошымы. Бірақ атап көрсетілген сана тікелей күрессіз де алуан түрде көрінеді: мәселен, тұлдыры жоқ адамдардың зор бұқарасы өзін негізінен 12халықпыз деп біледі, меншік пен ләззат иесі боп табылатын ат төбеліндей топ өзін негізінен, қоғам ретінде біледі, дегенмен екі ұғым да екеуі ортақ, бәрін қамтитын бір нәрсені білдіреді. Бұл мағынада алғанда "халық", сондай-ақ сословие неғұрлым қауымдық сипатқа, ал сондай-ақ осында көрсетілген мағынада түсінілетін қоғам да, тап та неғұрлым қоғамдық сипатқа ие болады.


Дата добавления: 2015-09-06; просмотров: 137 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Нату және ұнатпау | Сену және сенбеу | Азаматтық қоғам |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Айырбас әлеуметтік байланыстылықтың аса қарапайым көрінісі ретінде| Корпорация

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.018 сек.)