Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сену және сенбеу

Читайте также:
  1. GPON негіздік маманданым және өзгешеліктері
  2. Азақстан суырлары олардың биологиясы мен экологиясының ерекшеліктерін және ресурстық түрлер ретінде маңызын түсіндіріңіз.
  3. Анамнез жинауды және пациентті объективті тексеруді бағалау критерийлері
  4. Дәрілік өсімдіктерді жинау,кептіру және өсімдік шикізатын жинау күнтізбесін атаңыз.
  5. Дәріс тақырыбы: Ақпараттық жүйелер және оның негізгі ұғымдары
  6. Ерітіндідегі иондардың жалпы және активті концентрациясы
  7. Локальды көріністі модельдеу, модель элементтерінің агрегациясы және жалпыламасы.

Мен назарыңызды аударғым келетін үшінші айырмашылық - біз басқа адамдарға сенеміз

бе, әлде сенбейміз бе деген нәрсе. Өзімізге таныс адамға біз белгілі бір дәрежеде сенеміз,

бірақ, ол көбіне әлсіз сенім, бөтен адамға белгілі бір дәрежеде сенбейміз, бірақ бүл көбіне

күшті секем. Әдетте, сену ұнатудан оп - оңай және жедел туындайды, бірақ көбіне - көп

мұнымызға дәл солай оп - оңай, кейде күтпеген жерден өкінуге тура келеді, ал ұнатпау

сенбеуді оятады немесе бері салғанда оны күшейтеді, нәр береді, бұлдағы негізсіз нәрсе

емес. Бірақ мұнда да реңк қаншама! Таңдаулылардың ілуде біреуіне ғана біз зор да шексіз

сеніммен қарап, олардың даусыз адалдығына, бізге бүйрегі бұратындығына, сатып

кетпейтіндігіне тас қабырғаға арқа сүйегендей үміт артамыз; және де осынау ілуде

біреулер, тіпті де ылғи "біз секілді" еместігі белгілі, сондықтан оларды әдетте біз өз

табымыздың, өз сословиеміздің адамдарындай ұната бермейтінімізді біледі. Адал малай,

адал жар дегендеріңіз тек әдеби - поэтикалық бейнелер ғана емес, дегенмен неғұрлым

қарапайым, ауылдық ортада солай атауға болатын адамдар қазіргі қаладағыдан әлдеқайда

жиі ұшырасады. Алданған сенім - кейде баз кешіп кеткіңді келтіретін тағлымды, ащы

тәжірибе. Бірақ сенбеу де сенімге айналып кете алады, сол сияқты алданған сенім, реніш,

ыза, өшігу туғызатындығын былай қойғанда, тікелей сенбеуге, олай болмаса біз

бұрынғыша сене беретін өзгеадамдарға да көшірілетін сенбестікке оп - оңай айналады.

Сенуге немесе сенбеуге жетелейтін тек төл тәжірибе емес, сонымен бірге өзгенің де

тәжірибесі, яғни, кісінің сенуге болатын немесе "онымен араласу сақтықты қажет ететін"

күмәнді абыройы, беделі. Бірақ, екінші жағынан, сенім едәуір дәрежеде араласудың өзі

арқылы заттық сипатқа не болады, демек көбіне әңгіме кісі туралы емес, оның "ахуалы"

туралы болып жатады, кісілік жағынан үлкен сенімге лайық болмауы да мүмкін, іскер

адамның тол мүдделері оның қолынан келіп тұрғанда қарызын төлеп отыруға мәжбүр

етеді: сенімге ие болу қабілеті жоғалып, қарызын төлей алу қабілетіне айналып кетеді.

Қарызды төлей алу қабілеті әдетте - фирма атрибуты: фирма иесінің немесе жетекшісінің

моральдық қасиеттеріне қарамастан, ол не сенімді болады, не солай деп саналады, олар

кредит беру арқылы көрсетілген сенімнің арқасында, басқаша ойлауға сүбелі себептер

бола тұра, жоғары бағалана береді. Осылай кісілік қасиеттерге сенім кісінің немесе

фирманың қарызды төлей алуына сеніммен аралас тырылып жібереді. Көптеген адамдарға

қаяусыз сенеміз, сонда олармен жөндеп таныс болмасақ та, олар жөнінде олардың

аталмыш жерде тұратындығынан, аталмыш қызметке ие екендігінен басқа олар туралы

атүсті білетінімізді басшылыққа аламыз - осының бәрі де затқа айналдырылған сенім. Егер жеке сенім әрқашанда сенген адамның кісілігімен -оның ақылымен, және әсіресе

адамдарды білуімен, яғни осынау білу негізделген тәжірибемен елеулі түрде айқындалатын болса, демек, жалпы алғанда аңқылдап қалған, тәжірибесіз адам, сенуге

бейім тұратындықтан не нәрсеге де сенгіш, тәжірибелі адам күмәнға бейім тұратындықтан

әрең - әрең сенетін болса - затқа айналған сенім тұсында бұл айырмашылық жайына

қалады. Біз өзіміз мініп келе жатқан пойыздың машинисін, өзіміз жүзіп келе жатқан

кеменің капитанын немесе штурманын білмейміз, көп жағдайда біз ақыл - кеңес алып қана

5 қоймай, сондай - ақ, хирургиялық жолмен емдеу үшін өміріміз бен денемізді сеніп

тапсыратын дәрігердің кім екенін білмейміз; көбіне біз өзіміздің ісімізді жүргізуге

тапсыратын адвокатты, ол - ол ма, біздің пайдамызға немесе басқаның пайдасына шешім

шығаратын, өзіміздің құқығымыз бен абыройымызды қалпына келтіреді деп үміттеніп,

көмек күткен қазының да кім екенін білмейміз. Осынау жағдайлардың барлығында да біз

өзіміз сенген адам: 1) көмектесе алады және 2) бізге көмектескісі келеді деп үміттенеміз.

"Көмектесе алады" дегенге келсек, біздің оған сенуіміздің негізі бар: а) өйткені бұл оның

кәсібі - егер ол дәрігер, адвокат, қазы болмаса, оған өзін дәрігер, адвокат, қазы деп атауға

кім жол береді? - етікші, слесарь, тігінші, әдетте, өз кәсібін біледі ғой. Біздің ісіміз

неғұрлым күрделі болса, соғұрлым аталмыш еркектің немесе аталмыш әйелдің кәсіптік

қызметіне, олардың сол қызметті алуына мүмкіндік берген: ә)емтиханға, б) тәжірибеге, в)

беделіне, г) жеке кеңестері мен ұсыныстарына сенеміз. Рас, машинист пен капитанға

келгенде көбіне - көп әңгіме ә) және б) жөнінде ғана болады. Ал, "көмектескісі келеді"

дегенге келетін болсақ, біз, біріншіден, әдеттегі моральдық қасиеттерге және біз сенетін

адам солардың минимумына ие болмаса, қазіргідей бола алуы екіталай ғой дегенге иек

артамыз. Екіншіден, оның жеке мүдделері - материалдық та, идеалдық та мүдделері

сонымен тығыз байланысты, және де олар көбіне - көп бірігіп, тұтасып кетеді. Бірақ біз

өзіміздің сабырлылығымыздың, қауіпсіздік сезіміміздің, демек, келтіретін уәделеріміздің

негізінде тағы бірдеңелердің жатқандығын тез байқаймыз, бірақ олар туралы, рас, бас

қатыра бермейміз, ол бірдеңе, атап айтқанда, әлеуметтік еріктің үлкен үш жүйесінің,

әрқилы дәрежеде болса да, жүйелі де сенімді қызмет атқаруына сенім, ол жүйелерді мен

тәртіп, құқық және мораль деп атаймын, және де соңғы екі жүйе - құқықтық және

инсанияттық тәртіптер біріншісінің дамыған, қалыптасқан пошымдары.

4. Байланыстылық

Енді мен алғашқы үшеуінен бөліп алуға болмайтын, ішінара солардың өзінде бар төртінші

айырмашылыққа, атап айтқанда, мен басқа адамдармен әйтеуір бір дәнекермен

"байланыстымын" ба, әлде олардан бостанмын ба деген мәселеге көшемін. Бірлесу,

байланысу бостандыққа қарама - қарсы, ол міндеттену, тиісті болу, рұқсат берілмеу деген

сөз; ал бұларда біздің алдымыздан бірлесудің алуандығы ашылады, тегі әрқилы

байланыстылық арқылы туындайды, оларды біз сондай - ақ әлеуметтік мәністердің түрі

немесе адамды басқа адамдармен біріктіретін пошымдары деп атаймыз. Адамның басқа

адамдармен байланысты болатыны, ол солармен байланысты екендігін білетіндіктен; ол

мұны не көбірек дәрежеде сезім арқылы не көбірек дәрежеде ой арқылы біледі; осыдан

міндеттілік, тиістілік, жол бермеушілік сезімі немесе соларды анық түсіну және теріс

нәрсенің құқыққа қарсы, заңға қарсы және ақыр соңында жалпы құқыққа томпақ,

инсаниятқа томпақ нәрсенің, ұят қарекеттер мен мінез - құлықтың салдарынан әділ түрде

жирену туындайды. Байланыстылық - барлық әлеуметтік байланыстарды олардың төл мағынасында емес, жалпы мағынада қалай түсіну керектігін білдіретін бейнелі сөз. Адам баласының басқаға табын болатыны оның толық тәуелділік ахуалының айғағы бола алады - бұл да бейнелі сөз, оның мәні онда не төл ырық болады, не өзінің барлық талап - тілектерінде басқа біреуге тәуелді болғандықтан, ондай ырыққа не бола алмайды. Нәрестенің және кішкене сәбидің анасына және оған анасы секілді қамқорлық жасайтын басқа да адамдарға тәуелділігі (ол біртіндеп азаяды) - осы тектен айдан анық факт. Тәуелділіктің осындай басқа да пошымдары бар, ондайда бір адамның қуанышы мен қайғысы оның өзінікіне емес, басқаның ырқына көбірек дәрежеде байланысты болады. Таза күйінде бұл кіріптарлықтан, құлдықтан және тағы сол сияқтылардан көрінеді, ал, ең анық та дөрекі түрде - бұрын құлдарға және қазіргі кезде ауыр қылмыс жасағандарды алып жүргенде қолданылатын жазадан -денесін бұғаулаудан көрінеді. Себебі өзінің толық ынжықтығы болуы мүмкін өз ырқы бойынша қарекет жасауға қабілетсіздік туралы, гипноздалған 6 адамдар туралы, жыныстық тәуелділік және тағы басқалар туралы біз осы мағынада айтамыз.

5. Әлеуметтік байланыстылық

Әлеуметтік байланыстылық өзара тәуелділікке айналуға ұмтылады, мұның мәні мынадай:

біреудің ырқы басқаның ырқын ынталандыра яки шырмай отырып немесе соның екеуін де

жасай отырып оған ықпал етеді; ал егер біреудің ырқы басқаның ырқымен сәйкес келсе,

бірігіп немесе араласып кетсе, онда ортақ ырық пайда болады, оның біртұтас ырық деп

түсінілуі мүмкін, өйткені ол өзара байланысты -себебі ол жорамалдап, талап етеді, демек, Б ырқына сәйкес А ырқына және А ырқына сәйкес Б ырқына ие болуды қалайды. Бұл екі

индивидтің (бұдан былай оларды біз кісілер деп атаймыз) әрқайсысының басқасы жөніндегі, демек екеуінің к бір -бірі жөніндегі ырқы мен ісіне қатысты әлеуметтік

ырқының көрінуінің ең қарапайым оқиғасы. Дәл солай бір кісі екінші кісімен байланысты

болғаны секілді, ол көптеген кісілермен байланысты, ал, олар өз кезегінде, бір - бірімен

байланысты бола алады, демек осы көпшілікке кіретін әрбір жеке кісінің ырқы жиынтық

ырықтың бір бөлігі болып табылады және бір мезгілде жиынтық ырықпен анықталады,

соған тәуелді болады...

II


Дата добавления: 2015-09-06; просмотров: 285 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Адам ырқы | Корпорация | Азаматтық қоғам |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Нату және ұнатпау| Айырбас әлеуметтік байланыстылықтың аса қарапайым көрінісі ретінде

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.021 сек.)