Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Нотариаттық iс-әрекеттер жасағаны үшiн алынатын мемлекеттiк баж ставкалары

Читайте также:
  1. Бап. Үй iргесiндегi жер учаскелерiне салынатын базалық салық ставкалары
  2. Бап. Азаматтық хал актiлерiн тiркегенi үшiн мемлекеттiк баж ставкалары
  3. Бап. Акциз ставкалары
  4. Бап. Алым ставкалары
  5. Бап. Базалық салық ставкаларын түзету
  6. Бап. Басқа да iс-әрекеттер жасаған кезде мемлекеттiк баж төлеуден босату
  7. Бап. Басқа да iс-әрекеттер жасағаны үшiн мемлекеттiк баж ставкалары

 

Нотариаттық iс-әрекеттер жасағаны үшiн мемлекеттiк баж мынадай мөлшерлерде алынады:
1) қалалық жерлердегi жылжымайтын мүлiктi (жер учаскелерiн, тұрғын үйлердi, саяжайларды, гараждарды, құрылыстар мен өзге де жылжымайтын мүлiктi) иелiктен шығару туралы шарттарды куәландырғаны үшiн:
егер тараптардың бiрi заңды тұлға болса – 1000 процент;
құны 30 айлық есептiк көрсеткiшке дейiн:
балаларына, жұбайына, ата-анасына, туған аға-iнiлерi және апа-қарындастары мен сiңлiлерiне, немерелерiне – 100 процент;
басқа адамдарға – 300 процент;
құны 30 айлық есептiк көрсеткiштен жоғары:
балаларына, жұбайына, ата-анасына, туған аға-iнiлерi және апа-қарындастары мен сiңлiлерiне, немерелерiне – 500 процент;
басқа адамдарға – 700 процент;
егер мәмiле жылжымайтын мүлiктi ипотекалық тұрғын үй займы бойынша алынған қаражат есебiнен сатып алу мақсатында жасалатын болса – 200 процент;
2) ауылдық жерлердегi жылжымайтын мүлiктi (жер учаскелерiн, тұрғын үйлердi, саяжайларды, гараждарды, ғимараттар мен өзге де жылжымайтын мүлiктi) иелiктен айыру туралы шарттарды куәландырғаны үшiн:
егер тараптардың бiрi заңды тұлға болса – 100 процент;
балаларына, жұбайына, ата-анасына, туған аға-iнілерi және апа-қарындастары мен сiңлiлерiне, немерелерiне – 50 процент;
басқа адамдарға – 70 процент;
3) автомотокөлiк құралдарын иелiктен айыру туралы шарттарды куәландырғаны үшiн:
егер тараптардың бiрi заңды тұлға болса – 700 процент;
балаларына, жұбайына, ата-анасына, туған аға-iнiлерi және апа-қарындастары мен сiңлiлерiне, немерелерiне – 200 процент;
басқа адамдарға – 500 процент;
4) жалға беру, қарыз, (ипотекалық тұрғын үй займын қоспағанда), кепiлақы, лизинг, мердiгерлiк, неке келiсiмшарттары, ортақ меншiктегi мүлiк бөлiсi, мұрагерлiк мүлiктi бөлу, алименттердi төлеу жөнiндегi келiсiмдердi, құрылтай шарттарын куәландырғаны үшiн – 500 процент;
5) ипотекалық тұрғын үй займы шарттарын куәландырғаны үшiн – 200 процент;
6) өсиетхаттарды куәландырғаны үшiн – 100 процент;
7) мұрагерлiкке құқық туралы куәлiктi бергені үшiн – берiлген әр куәлiкке 100 процент;
8) ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiндегi үлеске және бiрлескен ортақ меншiк құқығындағы мүлкi бар өзге адамдардың меншiк құқығы туралы куәлiктi бергені үшiн – 100 процент;
9) мүлiктi пайдалану мен иелену құқығына сенiмхаттарды куәландырғаны үшiн – 50 процент;
10) сату құқығынсыз автокөлiк құралдарын пайдалану және басқару құқығына сенiмхаттарды куәландырғаны үшiн – 100 процент;
11) автокөлiк құралдарын сатуға, сыйға тартуға, айырбастауға сенiмхаттарды куәландырғаны үшiн – 200 процент;
12) өзге сенiмхаттарды куәландырғаны үшiн:
жеке тұлғалар үшін – 10 процент;
заңды тұлғалар үшін – 50 процент;
13) мұрагерлік мүлiктi қорғау жөнiнде шаралар қолданғаны үшiн - 100 процент;
14) теңiздiк наразылық бiлдiргенi үшiн – 50 процент;
15) құжаттардың көшiрмесi мен құжаттардың үзiндi көшiрмесiнің растығын куәландырғаны үшiн (әр бетiне):
жеке тұлғалар үшін – 5 процент;
заңды тұлғалар үшін – 10 процент;
16) құжаттардағы қойылған қолдың, сондай-ақ құжаттардың бiр тiлден басқа тiлге аудармасының дұрыстығын куәландырғаны үшiн (әрбір құжат үшiн):
жеке тұлғалар үшін - 3 процент;
заңды тұлғалар үшін - 10 процент;
17) жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн басқа жеке және заңды тұлғаларға бергенi үшiн - 20 процент;
18) құжаттардың нотариат куәландырған көшiрмелерiн бергенi үшiн - 20 процент;
19) телнұсқа бергенi үшiн - 100 процент;
20) банктерде шот ашқан кезде қойылған қолдардың түпнұсқалығын куәландырғаны үшiн (әрбір құжат үшiн):
жеке тұлғалар үшін - 10 процент;
заңды тұлғалар үшін - 50 процент;
21) жылжымайтын мүлiк кепiлі шарттарын, ипотекалық тұрғын үй заимдары бойынша талап ету құқықтары мен ипотекалық куәлiктердi куәландырғаны үшiн - 200 процент; өзге де кепiл шарттарын куәландырғаны үшiн - 700 процент;
22) вексель наразылығын жасағаны үшiн және чектiң төленбегенiн куәландырғаны үшiн - 50 процент;
23) құжаттарды және бағалы қағаздарды сақтағаны үшiн - әр айға 10 процент;
24) кепiлгерлiк пен кепiлдiк шарттарын куәландырғаны үшiн - 50 процент;
25) Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актiлерiнде көзделген басқа да нотариаттық іс-әрекеттердi жасағаны үшiн - 20 процент.
Ескерту. 536-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 N 61-V (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

 


Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 212 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Бап. Төлемақы ставкалары | Бап. Есептеу мен төлеу тәртiбi | Тарау. ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АУМАҚТАРДЫ ПАЙДАЛАНҒАНЫ ҮШІН ТӨЛЕМАҚЫ | Бап. Есептеу мен төлеу тәртiбi | Бап. Төлемақы төлеушiлер | Бап. Жалпы ережелер | Бап. Төлемақы ставкалары | Бап. Есептеу мен төлеу тәртiбi | Бап. Баж алу объектiлерi | Бап. Басқа да iс-әрекеттер жасағаны үшiн мемлекеттiк баж ставкалары |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бап. Мемлекеттiк баждың соттардағы ставкалары| Бап. Азаматтық хал актiлерiн тiркегенi үшiн мемлекеттiк баж ставкалары

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)