Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Күмәндi талаптар бойынша салық салынатын айналым мөлшерiн түзету

Читайте также:
  1. азақстан тарихы» пәні бойынша мемлекеттік емтихан бағдарламасы
  2. Бап. Қазақстан Республикасында салық салу принциптері
  3. Бап. Қайта құрылымдалатын ұйымның салық төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту тәртібі
  4. Бап. Қате төленген салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің сомаларын есепке жатқызу, қайтару
  5. Бап. Қосылған құн салығы бойынша салық есептілігін белгілеу ерекшеліктері
  6. Бап. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлiк
  7. Бап. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне ерікті түрде қою

 

1. Егер өткiзiлген тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер үшiн талаптың бiр бөлiгі немесе бүкiл мөлшерi күмәндi талап болып табылса, қосылған құн салығын төлеушiнің мынадай жағдайларда:
1) күмәндi талаптың туындауына байланысты қосылған құн салығы ескерілген салық кезеңінің басынан бастап үш жыл өткен соң;
2) банкрот деп танылған дебиторды Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiнен алып тастау туралы әдiлет органдарының шешiмi шығарылған салық кезеңінде салық салынатын айналым мөлшерін осындай талап бойынша азайтуға құқығы бар.
Осы тармаққа сәйкес салық салынатын айналым мөлшерiн түзету осы Кодекстiң 105-бабында аталған жағдайлар сақталған кезде жүргiзiледi.
2. Күмәнді талаптар бойынша салық салынатын айналым мөлшерін азайту, өткізу бойынша айналым жасау күні қолданыста болатын қосылған құн салығы ставкасын қолдана отырып, тауарлар өткізу, жұмыстар орындау, қызмет көрсетулер бойынша бұған дейін көрсетілген салық салынатын айналым мөлшері шегінде жүргізіледі.
3. Өткізілген тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер үшiн төлемақыны қосылған құн салығын төлеушi осы баптың 1-тармағына сәйкес өзiне берiлген құқығын пайдаланғаннан кейiн алған жағдайда, салық салынатын айналым мөлшерi аталған төлемақы алынған сол салық кезеңiнде көрсетілген төлемақының құнына арттырылуға жатады.
Ескерту. 240-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.12.24 N 60-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

 

Бап. Қазақстан Республикасында қосылған құн салығын төлеушi болып табылмайтын және қызметін филиалдар, өкілдіктер арқылы жүзеге асырмайтын резидент еместен жұмыстар, қызмет көрсетулер сатып алу кезiнде салық салынатын айналым

 

1. Егер Қазақстан Республикасында қосылған құн салығын төлеушi болып табылмайтын және қызметін филиалдар, өкілдіктер арқылы жүзеге асырмайтын резидент емес ұсынған жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткiзу орны Қазақстан Республикасы болып табылса, олар жұмыстарды, қызмет көрсетулерді алатын Қазақстан Республикасы салық төлеушiсiнiң айналымы болып табылады және осы Кодекске сәйкес қосылған құн салығы салынуға жатады.
2. Осы баптың мақсаты үшін жұмыстарды, қызмет көрсетулерді алушының салық салынатын айналымының мөлшері, қосылған құн салығынан басқа салықтарды қоса алғанда, осы баптың 1-тармағында аталған сатып алынған жұмыстардың, қызмет көрсетулердің құны негізінде айқындалады.
3. Осы бапқа сәйкес төленуге жататын қосылған құн салығының сомасы осы Кодекстiң 268-бабының 1-тармағында көзделген ставканы салық салынатын айналым мөлшерiне қолдану арқылы айқындалады. Алынған жұмыстар, қызмет көрсетулер үшiн төленетiн төлем шетел валютасымен жүргiзiлген жағдайда, салық салынатын айналым валюта айырбастаудың айналым жасалған күнгі нарықтық бағамы бойынша теңгемен есептеледi.
4. Осы баптың 3-тармағына сәйкес есептелген қосылған құн салығының сомасы есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 25-інен кешіктірілмей төленедi.
5. Осы бапқа сәйкес қосылған құн салығының төленгенiн растайтын төлем құжаты немесе уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша салық органы берген құжат осы Кодекстiң 256-бабына сәйкес салық сомасын есепке жатқызуға құқық бередi.
6. Егер:
1) берiлген жұмыстар, қызмет көрсетулер осы Кодекстiң 248-бабында аталған жұмыстар, қызмет көрсетулер болып табылса;
2) осы баптың 1-тармағында көрсетілген жұмыстардың, қызмет көрсетулердің құны Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес айқындалатын, импортталатын тауарлардың әкелінетін тауарларға қосылған құн салығы Қазақстан Республикасының бюджетіне төленіп, Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес қайтарылуға жатпайтын кедендік құнға енгізілсе;
3) жұмыстар мен қызметтер:
осы Кодекстiң 135-1-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында аталған дербес бiлiм беру ұйымдарына;
осы Кодекстiң 135-1-бабының 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында айқындалған қызмет түрлерi бойынша осы Кодекстiң 135-1-бабының 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында аталған дербес бiлiм беру ұйымдарына көрсетiлген жұмыстар, қызметтер болып табылса;
4) осы баптың 1-тармағында көрсетілген жұмыстардың, қызметтердің құны осы Кодекстің 276-8-бабына сәйкес айқындалатын салық салынатын импорт мөлшеріне енгізілсе, ол бойынша Кеден одағына мүше мемлекеттерден әкелінетін тауарларға қосылған құн салығы Қазақстан Республикасының бюджетіне төленген және осы Кодекстің 37-1-тарауына сәйкес қайтарылуға жатпайтын болса, осы баптың ережелері қолданылмайды.
Ескерту. 241-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.06.30 N 297-IV(2010.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.01.19 N 395-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

 


Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 147 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Тарау. РЕЗИДЕНТТЕРДІҢ СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕН ТҮСЕТІН ТАБЫСТАРЫНА САЛЫҚ САЛУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ | Бап. Шетелдік салықты есепке жатқызу | Бап. Жеңiлдiктi салық салынатын мемлекетте алынған табыс | Бап. Резиденттің халықаралық шартты шет мемлекетте қолдану тәртібі | Бап. Өзара келісу рәсімі | Бап. Салық жинаудағы көмек | Бап. Тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу бойынша айналым | Бап. Сенімгерлікпен басқару шарттары бойынша жүзеге асырылатын өткiзу (сатып алу) бойынша айналымдар | Бап. Тауарды, жұмысты, қызмет көрсетулерді өткiзу орны | Бап. Өткiзу бойынша айналым жасау күнi |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бап. Салық салынатын айналым мөлшерi| Бап. Тауарлар экспортын растау

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)