Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Жеңiлдiктi салық салынатын мемлекетте алынған табыс

Читайте также:
  1. Бап. Құн өсімінен түсетін табыс
  2. Бап. Құрылған провизиялардың (резервтердің) мөлшерлерін азайтудан түсетін табыс
  3. Бап. Қазақстан Республикасында салық салу принциптері
  4. Бап. Қайта құрылымдалатын ұйымның салық төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту тәртібі
  5. Бап. Қате төленген салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің сомаларын есепке жатқызу, қайтару
  6. Бап. Қосылған құн салығы бойынша салық есептілігін белгілеу ерекшеліктері
  7. Бап. Қызметiн «Ақтау теңiз порты» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу

 

1. Осы баптың мақсаты үшін бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келетін:
1) жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тіркелген;
2) жарғылық капиталының немесе дауыс беретін акцияларының 10 және одан да көп пайызы тiкелей немесе жанама түрде Қазақстан Республикасының резидентіне тиесілі болатын резидент емес заңды тұлға жеңілдікті салық салынатын мемлекетте орналасқан және (немесе) тіркелген резидент емес болып табылады.
Жеңілдікті салық салынатын мемлекетте (мемлекеттерде) орналасқан және (немесе) тіркелген резидент еместердің табысының бір бөлігі салық салынатын табысына қосылуға жатады, ал салық салынатын табыс болмаған жағдайда, осындай резидент еместердің жарғылық капиталының немесе дауыс беретін акцияларының 10 және одан да көп пайызы тiкелей немесе жанама түрде тиесілі Қазақстан Республикасы резидентінің залалын азайтады.
Осы тармақтың ережелері қатысу үлесі тікелей немесе жанама түрде 10 және одан да көп пайызды құрайтын заңды тұлғаны құрмайтын, кәсіпкерлік қызметті ұйымдастырудың басқа нысандарына резиденттің қатысуына да қолданылады.
Осы тармақтың ережелері резиденттің жеңілдікті салық салынатын мемлекетте орналасқан және (немесе) тіркелген резидент еместің жарғылық капиталына жанама түрде қатысуына және (немесе) резиденттің басқа резидент арқылы жүзеге асырылатын осындай резидент еместің дауыс беретін акцияларына жанама түрде иелік етуіне қолданылмайды.
Жеңілдікті салық салынатын мемлекетте орналасқан және (немесе) тіркелген резидент еместердің салық салынатын табысына қосуға жататын табысының, ал салық салынатын табысы болмаған жағдайда, Қазақстан Республикасы резидентінің залалын азайтатын бір бөлігі резиденттің осындай резидент емес заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлесін және (немесе) дауыс беретін акцияларына иелік ету үлесін (бұдан әрі – шоғырландырылатын пайда) ескере отырып, мынадай формула бойынша айқындалады:

 

П = П1 х Ү1 + П2 х Ү2 +... + Пn х Үn, мұнда:

 

П – шоғырландырылатын пайда;
П1, П2, Пn – жеңілдікті салық салынатын мемлекетте орналасқан және (немесе) тіркелген әрбір резидент еместің жеке қаржылық есептілігінде танылған салық салу кезеңінен кейінгі есепті кезең пайдасының сомасы;
Ү1, Ү2, Үn – резиденттің жеңілдікті салық салынатын мемлекетте орналасқан және (немесе) тіркелген әрбір резидент еместің жарғылық капиталына резиденттің тікелей немесе жанама түрде қатысу үлесі немесе резиденттің осындай резидент еместің дауыс беретін акцияларына тікелей немесе жанама түрде иелік ету үлесі.
Осы баптың мақсатында ұзақтығы осы Кодекстің 148-бабына сәйкес айқындалатын есепті салық кезеңінің ұзақтығына сәйкес келетін кезең есепті кезең болып танылады.
Жеңілдікті салық салынатын мемлекетте және Қазақстан Республикасында ұзақтық немесе есепті кезең мен осы Кодекстің 148-бабына сәйкес айқындалатын есепті салық кезеңінің басталатын және аяқталатын күндері сәйкес келмеген жағдайда, салық төлеуші түзету коэффициенттерін (К1, К2) қолдану арқылы табыстың мөлшерін былайша түзетуге міндетті:

 

П1, П2, Пn = Пу х К1 + Пу+1 х К2,
К1 = СК (СР)1
СК (СР)3,
К2 = СК (СР)2
СК (СР)3,

 

мұнда:
П1, П2, Пn - жеңілдікті салық салынатын мемлекетте орналасқан және (немесе) тіркелген әрбір резидент еместің жеке қаржылық есептілігінде танылған салық салу кезеңінен кейінгі есепті кезең пайдасының сомасы;
СК (СР)1 – Қазақстан Республикасында есепті салық кезеңінің шеңберіне кіретін, жеңілдікті салық салынатын мемлекетте бір есепті кезеңдегі айдың саны;
СК (СР)2 – Қазақстан Республикасында есепті салық кезеңінің шеңберіне кіретін, жеңілдікті салық салынатын мемлекетте кезекті есепті кезеңдегі айдың саны;
СК (СР)3 – жеңілдікті салық салынатын мемлекетте есепті кезеңдегі айдың жалпы саны;
Ту – жеңілдікті салық салынатын мемлекетте орналасқан және (немесе) тіркелген резидент еместің осындай мемлекетте бір есепті кезең үшін салық салынғаннан кейін табысының бір бөлігі Қазақстан Республикасында есепті салық кезеңіне қосылатын сомасы;
Ту+1 - жеңілдікті салық салынатын мемлекетте орналасқан және (немесе) тіркелген резидент еместің осындай мемлекетте басқа есепті кезең үшін салық салынғаннан кейін бір бөлігі Қазақстан Республикасында есепті салық кезеңіне қосылатын табысының сомасы.
Осы баптың мақсатында резиденттің жеңілдікті салық салынатын мемлекетте орналасқан және (немесе) тіркелген резидент еместің жарғылық капиталына жанама түрде қатысу немесе дауыс беретін акцияларына жанама түрде иелік ету үлесі (бұдан әрі – жанама түрде қатысу немесе иелік ету үлесі) мынадай формула бойынша айқындалады:

 

Х = Х1 * Х2 *... * Хn * 100;

 

мұнда:
Х – жанама түрде қатысу немесе иелік ету үлесі, пайызбен;
Х1 – резиденттің жеңілдікті салық салынатын мемлекетте орналасқан және (немесе) тіркелген резидент еместің жарғылық капиталына тікелей түрде қатысу немесе резиденттің осындай резидент еместің акцияларына тікелей түрде иелік ету коэффициенті;
X2,..., Хn – жеңілдікті салық салынатын мемлекетте орналасқан және (немесе) тіркелген әрбір резидент еместің жеңілдікті салық салынатын мемлекетте орналасқан және (немесе) тіркелген басқа резидент еместің жарғылық капиталына тікелей түрде қатысу немесе жеңілдікті салық салынатын мемлекетте орналасқан және (немесе) тіркелген әрбір резидент еместің жеңілдікті салық салынатын мемлекетте орналасқан және (немесе) тіркелген басқа резидент еместің акцияларына тікелей түрде иелік ету коэффициенті.
2. Жеңілдікті салық салынатын мемлекетте орналасқан және (немесе) тіркелген әрбір резидент еместің салық салынғаннан кейінгі есепті кезеңнің пайда сомасы осындай резидент еместің жеке қаржылық есептілігімен расталуға тиіс, оның бір бөлігі Қазақстан Республикасында резиденттің салық салынатын табысына енгізілуі тиіс, ал салық салынатын табыс болмаған жағдайда оның залалын азайтатын пайда бөлігіне осы баптың 1-тармағына сәйкес айқындау кезінде есептеледі.
Жеңілдікті салық салынатын мемлекетте орналасқан және (немесе) тіркелген әрбір резидент еместің пайдасын оның жеке қаржы есептілігінің деректері бойынша осы баптың ережесін қолдану мақсатында Қазақстан Республикасының резиденті осындай есептілік жасалған есепті кезең үшін валюта айырбасының орташа арифметикалық нарықтық бағамын қолдана отырып, теңгемен қайта есептейді.
РҚАО-ның ескертпесі!
3-тармақ 2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі (ҚР 2011.07.21 N 467-IV Заңының 9-б. қараңыз).
3. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген резидент есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 желтоқсанынан кешіктірмей өзінің орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша салық органына өзі жасаған жеңілдікті салық салынатын мемлекетте орналасқан және (немесе) тіркелген, жарғылық капиталының немесе дауыс беру акцияларының 10 және одан да көп пайызы оған тікелей немесе жанама тиесілі резидент еместер туралы анықтаманы табыс етуге міндетті. Мұндай анықтамада резидент емес заңды тұлғалардың атауы туралы деректер, бар болса олардың инкорпорация еліндегі салықтық тіркеу нөмірлері (немесе оның аналогы), инкорпорация еліндегі мемлекеттік тіркеу нөмірлері (немесе оның аналогы) көрсетілуге тиіс.
Осы баптың 1-тармағында көрсетілген резидент нотариат куәландырған қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасын қоса тіркей отырып, мынадай құжаттардың:
1) резидент заңды тұлғаның шоғырландырылған қаржылық есептілігінің (егер резидент заңды тұлғаның жеңілдікті салық салынатын мемлекетте орналасқан және (немесе) тіркелген еншілес ұйымы болған жағдайда);
2) жеңілдікті салық салынатын мемлекетте орналасқан және (немесе) тіркелген әрбір резидент еместің жеке қаржылық есептілігінің;
3) егер жоғарыда аталған тұлғалар үшін Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамалық актілерінде осындай қаржылық есептілікке аудит жүргізу міндетті деп белгіленген жағдайда, осы тармақта көрсетілген әрбір қаржылық есептілікке аудиторлық есептің көшірмелерін де беруге міндетті.
4. Егер шет мемлекет немесе оның әкімшілік-аумақтық бірлігі мынадай талаптардың бiрiне сай келген жағдайда:
1) мұндай мемлекетте немесе әкімшілік-аумақтық бірлікте табыс салығының мөлшерлемесі 10 пайыздан аз мөлшердi құраса;
2) мұндай мемлекетте немесе әкімшілік-аумақтық бірлікте қаржы ақпаратының құпиялылығы туралы заңдар немесе мүлiктiң, кірістің нақты иесі немесе заңды тұлғаның (компанияның) нақты иелерi, қатысушылары, құрылтайшылары, акционерлерi туралы құпияны сақтауға мүмкiндiк беретiн заңдар болса, ол жеңілдікті салық салынатын мемлекет деп танылады. Уәкiлеттi орган шет мемлекеттiң немесе оның әкімшілік-аумақтық бірлігінің құзыреттi органынан аталған халықаралық шартта алмасу көзделген мәлiметтердi беруден жазбаша бас тартуды алған немесе шет мемлекеттiң немесе оның әкімшілік-аумақтық бірлігінің құзыреттi органы мұндай мәлiметтердi уәкiлеттi орган тиiстi сауалды жiбергеннен кейiн екi жылдан астам уақыт iшiнде бермеген жағдайларды қоспағанда, осы тармақшаның ережелерi Қазақстан Республикасы құзыреттi органдар арасында ақпарат алмасу туралы ережелердi көздейтiн халықаралық шарт жасасқан мемлекеттерге немесе мемлекеттердің әкімшілік-аумақтық бірліктеріне қатысты қолданылмайды.
Жеңілдікті салық салынатын мемлекеттердiң тiзбесiн уәкілетті орган бекiтедi.
РҚАО-ның ескертпесі!
5-тармақ 2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі (ҚР 2011.07.21 N 467-IV Заңының 9-б. қараңыз).
5. Осы баптың ережелерi Қазақстан Республикасы резидентке берген және (немесе) резидент үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген жеңiлдiктерге, инвестициялық салық преференцияларына, барынша қолайлылық режимiне, сондай-ақ осы Кодексте көзделгендерден неғұрлым қолайлырақ өзге де салық салу шарттарына қарамастан қолданылады.
Ескерту. 224-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.07.21 № 467-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

 


Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 154 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Бап. Жекелеген жағдайларда табыстарға салық салу тәртібі | Бап. Резидент емес жеке тұлғаның салық салуға жатпайтын табыстары | Бап. Төлем көзінен жеке табыс салығын есептеу, ұстау және аудару тәртібі | Бап. Резидент емес жеке тұлғаның табыстарына жекелеген жағдайларда салық салу тәртібі | Бап. Халықаралық шартты қолдану жағдайы | Бап. Шығыстарды шегерімге тікелей (тура) жатқызу әдісі | Бап. Резидент еместің табыстарынан табыс салығын бюджетке немесе шартты банк салымына аудару тәртібі | Бап. Бюджеттен немесе шартты банк салымынан табыс салығын қайтару тәртiбi | Бап. Табыс салығын шартты банк салымынан бюджетке аудару тәртібі | Тарау. РЕЗИДЕНТТЕРДІҢ СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕН ТҮСЕТІН ТАБЫСТАРЫНА САЛЫҚ САЛУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бап. Шетелдік салықты есепке жатқызу| Бап. Резиденттің халықаралық шартты шет мемлекетте қолдану тәртібі

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.013 сек.)