Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Құрылған провизиялардың (резервтердің) мөлшерлерін азайтудан түсетін табыс

Читайте также:
  1. Бап. Құн өсімінен түсетін табыс
  2. Бап. Қызметкерлердің есепке жазылған табыстары және жеке тұлғаларға өзге төлемдер бойынша шығыстарды шегеру
  3. Бап. Басқа табыстар
  4. Бап. Бюджеттен немесе шартты банк салымынан табыс салығын қайтару тәртiбi
  5. Бап. Жеңiлдiктi салық салынатын мемлекетте алынған табыс
  6. Бап. Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша салық есептілігін белгілеу ерекшеліктері

 

1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, осы Кодекстің 106-бабының 1, 1-3, 3 және 4-тармақтарына сәйкес провизияларды (резервтердi) құру жөніндегі шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеушi құрған провизиялардың (резервтердiң) мөлшерiн азайтудан түсетiн табыстар деп:
1) борышкер талапты орындаған кезде орындау сомасына пропорционалды мөлшерде бұрын шегерiмдерге жатқызылған провизиялар (резервтер) сомасы;
2) цессия шартын жасасу жолымен басқаға қайта табыстау туралы шарттың, жаңартпа, талап ету құқықтарын беру шартының негiзiнде және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де негiздерде борышкерге қойылатын талаптардың мөлшерiн азайтқан кезде талаптар мөлшерiн азайту сомасына пропорционалды мөлшерде бұрын шегерiмдерге жатқызылған провизиялар (резервтер) сомасы;
3) талаптарды қайта сыныптаған кезде қайта сыныпталған талаптың сомасына пропорционалды мөлшерде бұрын шегерiмдерге жатқызылған провизияларды (резервтердi) азайту сомасы танылады.
РҚАО-ның ескертпесі!
1-1-тармақ 2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі және 2018.01.01 дейін қолданыста болады ҚР 2012.12.26 N 61-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 9-баптан қараңыз) Заңымен.
1-1. Осы Кодекстің 106-бабының 1-1-тармағына сәйкес провизияларды (резервтердi) құру жөніндегі шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеушi құрған провизиялардың (резервтердiң) мөлшерлерiн азайтудан түсетiн табыстар деп:
1) борышкер талапты орындаған кезде орындау сомасына пропорционалды мөлшерде бұрын шегерiмдерге жатқызылған провизиялар (резервтер) сомалары;
2) цессия шартын жасасу жолымен басқаға қайта табыстау туралы шарттың, талап ету құқығын жаңарту, қайта беру шартының негiзiнде және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де негiздерде борышкерге қойылатын талаптардың мөлшерiн азайтқан кезде талаптар мөлшерiн азайту сомасына пропорционалды мөлшерде бұрын шегерiмдерге жатқызылған провизиялар (резервтер) сомалары;
3) талаптарды қайта сыныптаған кезде қайта сыныпталған талаптың сомасына пропорционалды мөлшерде бұрын шегерiмдерге жатқызылған провизияларды (резервтердi) азайту сомалары;
4) қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес 2017 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша бухгалтерлік есепте көрсетілген, күмәнді және үмітсіз активтер деп танылған кредиттер (қарыздар) бойынша банктердің талап ету құқықтарын сатып алуға банктің еншілес ұйымы ұсынған күмәнді және үмітсіз активтерге қарсы есепті және (немесе) алдыңғы салық кезеңдерінде шегерiмдерге жатқызылған провизиялар (резервтер) сомалары танылады. Осы тармақшада көрсетілген провизиялардың (резервтердiң) сомалары 2017 жылға келетін салық кезеңі үшін банктің жылдық жиынтық табысына кіреді.
1-2. Есепті салық кезеңінің соңында айқындалған серпінді резервтің мөлшері мен алдыңғы салық кезеңінің соңында айқындалған серпінді резерв мөлшерінің арасындағы теріс айырма провизиялардың (резервтердің) мөлшерін азайтудан түсетін табыс деп танылады.
Осы тармақтың ережелері осы Кодекстің 106-бабының 1-2-тармағына сәйкес шегерімге құқығы бар салық төлеушілерге қолданылады.
РҚАО-ның ескертпесі!
2-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 2012.11.26 N 57-V (2018.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
2. Мынадай жағдайларда:
1) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген негіздер бойынша сот шешімімен борышкер заңды тұлғаның таратылуына байланысты Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiнен алып тасталған;
2) борышкер — жеке тұлға күшiне енген сот шешiмi негiзiнде хабарсыз кеткен, әрекетке қабiлетсiз, әрекет қабiлетi шектеулi деп танылған немесе күшiне енген сот шешiмi негiзiнде ол қайтыс болған деп жарияланған;
2-1) борышкер — жеке тұлғаға I, II топтағы мүгедектiк белгiленген, сондай-ақ борышкер — жеке тұлға қайтыс болған;
РҚАО-ның ескертпесі!
3) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 07.03.2014 № 177-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі!
3) тармақшаға енгізілген өзгеріс 01.01.2013 бастап 01.01.2018 дейін қолданыста болады - ҚР 07.03.2014 № 177-V Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз).
3) осы Кодекстің 106-бабының 1, 1-1, 1-3, 3 және 4-тармақтарына сәйкес провизияларды (резервтерді) құру жөніндегі шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеуші алдында жауапты болатын борышкерде және борышкермен бірлесіп ортақ немесе субсидиарлық жауапты болатын үшінші тұлғаларда өндіріп алуды қолдануға болатын мүлік, оның ішінде ақша, бағалы қағаздар немесе табыстар болмаған жағдайда, осы Кодекстің 106-бабының 1, 1-1, 1-3, 3 және 4-тармақтарына сәйкес провизияларды (резервтерді) құру жөніндегі шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеушіге атқару құжатын қайтару туралы сот орындаушысының қаулысы заңды күшіне енген және оның мүлкін немесе табыстарын анықтау бойынша сот орындаушысы қолданған, Қазақстан Республикасының атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы заңнамасында көзделген шаралар нәтижесіз болған;
РҚАО-ның ескертпесі!
4) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 07.03.2014 № 177-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі!
4) тармақшаға енгізілген өзгеріс 01.01.2013 бастап 01.01.2018 дейін қолданыста болады - ҚР 07.03.2014 № 177-V Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз).
4) соттың борышкердің мүлкіне, оның ішінде ақшасына, бағалы қағаздарына немесе табыстарына осы Кодекстің 106-бабының 1, 1-1, 1-3, 3 және 4-тармақтарына сәйкес провизияларды (резервтерді) құру жөніндегі шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеушінің өндіріп алуды қолдануынан бас тарту туралы сот шешімі заңды күшіне енген;
РҚАО-ның ескертпесі!
4-1) тармақша 2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі және 2014.01.01 дейін қолданыста болады ҚР 2012.12.26 N 61-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 9-баптан қараңыз) Заңымен.
4-1) акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған заңды тұлғаға тиесілі, ұлттық даму институты болып табылатын банк кредит (қарыз) бойынша талап ету құқықтарын басқаға берген жағдайда – банктің бастапқы құжаттарына сәйкес кредит (қарыз) бойынша талап ету құқықтарын басқаға беру күнгі осындай банк басқаға беруді жүргізген кредит (қарыз) бойынша талап ету құқықтарының құны мен борышкерден алынуға жататын кредит (қарыз) бойынша талап ету құнының арасындағы теріс айырма бөлігінде;
Осы тармақша акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі, ұлттық даму институты болып табылатын банктің басқару органының осындай кредит (қарыз) бойынша талап ету құқықтарын басқаға беруді жүргізу туралы шешімі болған кезде қолданылады.
РҚАО-ның ескертпесі!
4-2) тармақша 01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі және 01.01.2016 дейін қолданыста болады (ҚР 16.05.2014 № 203-V Заңының 2-б. қараңыз).
4-2) акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған заңды тұлғаға тиесілі, ұлттық даму институты болып табылатын банк кредит (қарыз) бойынша талап ету құқықтарын басқаға берген жағдайда – банктің бастапқы құжаттарына сәйкес осындай банк басқаға беруді жүргізген кредит (қарыз) бойынша талап ету құқықтарының құны мен кредит (қарыз) бойынша талап ету құқықтарын басқаға беру күні борышкерден алынуға жататын кредит (қарыз) бойынша талап ету құны арасындағы теріс айырма бөлігінде борышкерге қойылатын талаптар мөлшері азайтылған кезде бұрын шегерімдерге жатқызылған провизиялар (резервтер) сомасы – осы Кодекстің 106-бабының 1, 1-1, 1-3, 3 және 4-тармақтарына сәйкес провизияларды (резервтерді) құру жөніндегі шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеуші құрған провизиялардың (резервтердің) мөлшерлерін азайтудан түсетін кіріс деп танылмайды.
Осы тармақша акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі, ұлттық даму институты болып табылатын банктің басқару органының осындай кредит (қарыз) бойынша талап ету құқықтарын басқаға беруді жүргізу туралы шешімі болған кезде қолданылады.
5) борышкер — дара кәсiпкердiң Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасына сәйкес банкрот деп танылуына байланысты дара кәсiпкер ретiнде тiркеу есебiнен алынған;
РҚАО-ның ескертпесі!
6) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 07.03.2014 № 177-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі!
6) тармақша 01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі және 01.01.2018 дейін қолданыста болады (ҚР 16.05.2014 № 203-V Заңының 2-б. қараңыз).
6) банктің бастапқы құжаттарына сәйкес банк басқаға беруді жүргізген кредит (қарыз) бойынша талап ету құқығының құны мен кредит (қарыз) бойынша талап ету құқығын басқаға берген күні банктің борышкерден алуға жататын кредит (қарыз) бойынша талап ету құны арасындағы терiс айырма бөлiгiнде банк кредит (қарыз) бойынша талап ету құқықтарын мынадай ұйымдарға:
екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған, дауыс беретін акцияларының жүз пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі ұйымға;
2012 жылғы 1 қаңтарға дейін берілген және күмәнді және үмітсіз активтер деп танылған кредиттер (қарыздар) бойынша банктердің талап ету құқығын сатып алатын банктің еншілес ұйымына берген жағдайда борышкерге қойылатын талаптар мөлшері азайтылған кезде бұрын шегерімдерге жатқызылған провизиялар (резервтер) сомасы осы Кодекстің 106-бабының 1, 1-1, 1-3, 3 және 4-тармақтарына сәйкес провизияларды (резервтерді) құру жөніндегі шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеуші құрған провизиялардың (резервтердің) мөлшерлерін азайтудан түсетін кіріс деп танылмайды;
7) қаржылық есептiлiктiң халықаралық стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен есептiлiк туралы заңнамасы талаптарына сәйкес төленбеген, мерзімі өткен кредит (қарыз) және ол бойынша сыйақы, құжаттамалық есеп-қисаптар мен кепiлдiктер бойынша дебиторлық берешек түрінде борышкерге қойылатын талаптың мөлшерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есепті салық кезеңінде борышкерге салық төлеушінің мұндай талап қою құқығын толық немесе ішінара тоқтатуы болмаған жағдайда осы Кодекстің 106-бабының 1-тармағына сәйкес провизиялар (резервтер) құру бойынша шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеуші бухгалтерлік есепте азайтқан;
РҚАО-ның ескертпесі!
8) тармақша 01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі және 01.01.2016 дейін қолданыста болады - ҚР 07.03.2014 № 177-V Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-баптың 10) тармақшасын қараңыз).
8) осы Кодекстің 106-бабының 1-тармағына сәйкес провизиялар (резервтер) құру бойынша шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеуші кредит (қарыз) және ол бойынша сыйақы бойынша үмiтсiз берешекті кешіруге байланысты кредиттер (қарыздар) және олар бойынша сыйақы бойынша салық кезеңінде кешірілген үмiтсiз берешектің жалпы сомасының салық кезеңінің басындағы кредиттер (қарыздар) және олар бойынша сыйақы бойынша негізгі борыш сомасына арақатынасының ең жоғары мөлшері шегінде борышкерге қойылатын талап мөлшерін азайтқан жағдайлар. Бұл ретте мұндай арақатынастың ең жоғары мөлшері 0,1 коэффициентке тең.
Осы тармақша, егер кредит (қарыз) және ол бойынша сыйақы бойынша үмiтсiз берешек уәкiлеттi органның келiсiмiмен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгілеген негіздерде және тәртiппен кешірілген жағдайда қолданылады.
Осы тармақшаның мақсаты үшін кредит (қарыз) және ол бойынша сыйақы бойынша үмiтсiз берешекті кешіру Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес борышты кешіру нәтижесінде кредит (қарыз) және ол бойынша сыйақы бойынша талап ету құқығын тоқтату, сондай-ақ «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес негізгі міндеттеме сомасынан төмен бағамен соттан тыс тәртіппен сауда-саттықтан ипотекалық шарт жасасқан күні негізгі міндеттемені толық қамтамасыз еткен кепіл мүлікті кепілге берілген мүлкін сатудан кейін өтелмеген кредиттің (қарыздың) сомасына сату кезінде кредит (қарыз) және ол бойынша сыйақы бойынша талап ету құқығын тоқтату болып танылады.
РҚАО-ның ескертпесі!
2-1-тармақ 01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі және 01.01.2020 дейін қолданыста болады - ҚР 02.07.2014 № 225-V Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз).
2-1. Кредит (қарыз) бойынша борыш осы тармақта белгіленген тәртіппен және жағдайларда кешірілетін жағдайда, осы Кодекстің 106-бабының 1-тармағына сәйкес провизияларды (резервтерді) құру бойынша шығыстар сомаларын шегеруге құқығы бар банк бұрын шегерімге жатқызылған провизиялар (резервтер) сомаларын провизиялардың (резервтердің) мөлшерін азайтудан түскен табыс деп танымайды.
Осы тармақтың ережелері:
1) өзіне қатысты сот шешімі бойынша қайта құрылымдау жүргізілген, дауыс беретін акцияларының 90 пайыздан астамы 2013 жылғы 31 желтоқсанда ұлттық басқарушы холдингке тиесілі;
2) бірігу арқылы қайта ұйымдастыру нәтижесінде осы бөліктің 1) тармақшасында көрсетілген банктің құқық мирасқоры болып табылатын банкке қолданылады.
Осы тармақтың ережелері осы Кодекстің 106-бабының 1-тармағына сәйкес бұрын шегерімге жатқызылған провизияларды (резервтерді) борышқа қарсы құрған, мыналардан:
негізгі борыш бойынша берешектен;
2012 жылғы 31 желтоқсаннан кейін есептелген сыйақы бойынша берешектерден тұратын кредит (қарыз) бойынша борышқа қолданылады.
Осы тармақ бір мезгілде мынадай талаптар орындалған кезде:
1) кредит (қарыз) 2009 жылғы 1 қазанға дейін берілсе;
2) кредит (қарыз) бойынша борышкер осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген банктің басқару органы 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін бекіткен және уәкілетті органға 2015 жылғы 1 ақпаннан кешіктірілмей ұсынылған, олар бойынша борыш кешірілуге жататын кредиттер (қарыздар) бойынша борышкерлер тізбесінде көрсетілсе;
3) кредит (қарыз) бойынша борышты кешіру осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген банктің басқару органы 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін бекіткен және уәкілетті органға 2015 жылғы 1 ақпаннан кешіктірілмей ұсынылған, олар бойынша борыш кешірілуге жататын кредиттер (қарыздар) бойынша борышкерлер тізбесінде көрсетілген соманың шегінде жүргізілсе;
4) кредит (қарыз) бойынша бір және (немесе) одан да көп құжат болса:
бейрезидентке берілген:
шет мемлекеттің құқық қорғау органына борышкер-жеке тұлғаға және (немесе) лауазымды адамға немесе борышкер-заңды тұлға қабылдаған шешімдерді өзге түрде тікелей немесе жанама айқындауға мүмкіндігі бар тұлғаға қатысты қылмыстық іс қозғау туралы өтініш;
Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің сотына борышты өндіріп алу туралы, кепілге өндіріп алуды қолдану және (немесе) кепілге қатысты жойылған құқықтарын қалпына келтіру туралы талап;
борышкерде және банк алдында борышкермен бірге ортақ немесе субсидиарлық жауаптылықта болатын үшінші тұлғаларда өндіріп алынуы мүмкін мүлік, оның ішінде ақша, бағалы қағаздар немесе табыстар болмаған және оның мүлкін немесе табыстарын анықтау бойынша қолданылған шаралар нәтижесіз болған жағдайда, атқару құжатын аталған банкке қайтару туралы сот орындаушысының заңды күшіне енген қаулысы немесе шет мемлекеттің өзге де құжаты;
шет мемлекет сотының борышты өндіріп алудан, кепілге қатысты жойылған құқықтарды қалпына келтіруден, борышкердің мүлкіне, оның ішінде ақшасына, бағалы қағаздарына немесе табыстарына өндіріп алуды қолданудан бас тарту туралы заңды күшіне енген шешімі;
шет мемлекет сотының борышкерді банкрот деп тану туралы заңды күшіне енген шешімі және (немесе) конкурстық іс жүргізудің аяқталуы туралы ұйғарымы;
шет мемлекеттің құзыретті органының борышкерді немесе кепіл берушіні таратылуына байланысты заңды тұлғалардың тізілімінен шығару туралы құжаты;
резидентке берілген:
Қазақстан Республикасының құқық қорғау органына борышкер-жеке тұлғаға және (немесе) лауазымды тұлғаға немесе борышкер-заңды тұлға қабылдаған шешімдерді өзге түрде тікелей немесе жанама айқындауға мүмкіндігі бар тұлғаға қатысты қылмыстық іс қозғау туралы арыз;
банктің арызы бойынша Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының шаралар жүргізгенін немесе қылмыстық іс қозғалғанын растайтын құжат болса, кредит (қарыз) бойынша борышты кешіру жағдайына қолданылады.
Осы тармақшада көзделген құжаттардың болуы бейрезиденттерге берілген кредиттер (қарыздар) бойынша:
ипотекалық шарт жасасқан күні негізгі борышты толық қамтамасыз еткен кепіл мүлікті негізгі борыш сомасынан төмен бағамен соттан тыс тәртіппен сауда-саттықта сатқаннан кейін кредит бойынша өтелмеген борыш сомасын кешіру кезінде;
талап ету құқығын беру күні бейрезидент болып табылатын үшінші тұлғаға дисконтпен банк кредит (қарыз) бойынша талап ету құқығын беру кезінде, егер беру жүргізілген, кредит (қарыз) бойынша талап ету құқығының құны бағалаушы мен осындай үшінші тұлға немесе осындай банк арасындағы шарт бойынша Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес жүргізілген бағалау туралы есепте айқындалған банктің осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген талап ету құқығының нарықтық құнына тең болса;
банктің басқару органы мыналардың:
Қазақстан Республикасы мен осындай шет мемлекет арасындағы қылмыстық және (немесе) азаматтық істер бойынша құқықтық көмек туралы келісімнің;
кредиттің (қарыздың) берілгенін растайтын шарттың түпнұсқасының болмауына байланысты шет мемлекеттің құқық қорғау органына немесе сотына жүгіне алмайтындығын құжаттық растаған жағдайда;
борышты кешіру күні бейрезидент болып табылатын борышкерге кредит (қарыз) бойынша борыш сомасы мен бағалаушы және борышкер немесе осындай банк арасындағы шарт бойынша Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес жүргізілген бағалау туралы есепте айқындалған, банктің осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген талап ету құқығының нарықтық құны арасындағы айырма ретінде айқындалатын борышының бір бөлігін кешірген кезде, егер:
кредит (қарыз) берілген шартқа борышкер қол қойған, борышының қалған бөлігін (бұдан әрі – борыш қалдығын) өтеу шартымен борышының бір бөлігін кешіруді көздейтін өзгеріс болған;
осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген банк:
осы Кодекстің 90-бабының 1-тармағына сәйкес құрылған провизиялардың (резервтердің) мөлшерін азайтудан түсетін табысты борыш қалдығы мөлшерінде таныған;
табысқа осы Кодекстің 131 және 132-баптарында көзделген түзету жүргізбеген;
борыштың бір бөлігі кешірілгеннен кейін құрылған борыш қалдығының сомасына қарсы провизиялар (резервтер) бойынша шығыстар сомасын шегерімге жатқызбаған жағдайда;
5) кредит (қарыз) бойынша кредиттік бюрода Қазақстан Республикасының кредиттік бюро және кредит тарихын қалыптастыру туралы заңнамасына сәйкес банк берген, кредит (қарыз) бойынша борыш сомасы туралы ақпарат болса;
6) кредит (қарыз) бойынша бастапқы бухгалтерлік құжат болса, соның негізінде осындай кредит (қарыз) бойынша осы Кодекстің 106-бабының 1-тармағына сәйкес шегерімге жатқызылған провизиялар (резервтер) құрылған болса;
7) кредит (қарыз) бойынша кредиттік тіркелімде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен банктің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне берген ақпараты болса, талап етілмейді.
Бұл ретте кешірілуге жататын кредиттер (қарыздар) бойынша борышкерлер тізбесінде әрбір кредит (қарыз) бойынша:
1) кредит дерекнамасының нөмірі;
2) кредиттің (қарыздың) берілген күні;
3) қарыз алушының (қосалқы қарыз алушының) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) және (немесе) атауы;
4) кредит (қарыз) бойынша 2012 жылғы 31 желтоқсаннан кейін есептелген сыйақы мен негізгі борыш бойынша кешірілуге жататын шекті борыш сомасы көрсетіледі.
Осы тармақтың ережелері банк жұмыскеріне, жұбайына (зайыбына) және банк жұмыскерінің жақын туыстарына берілген кредиттерге (қарыздарға) қолданылмайды.
3. Есепті салық кезеңінің соңында еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар, болмаған залалдар, мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар, болған, бірақ мәлімделмеген залалдар бойынша Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасына сәйкес құрылған сақтандыру резервтерінің бұрын шегерімге жатқызылған мөлшері мен алдыңғы салық кезеңінің соңындағы осындай резервтердің мөлшері арасындағы теріс айырма сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымының сақтандыру резервтерін азайтудан түсетін табыс деп танылады.
Ескерту. 90-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2008.12.10 N 100-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 2009.02.13 N 135-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз); 2009.11.16 N 200-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 2011.07.21 N 467-IV (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 2012.11.26 N 57-V (2014.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 2012.12.24 N 60-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 2012.12.26 N 61-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 9-баптан қараңыз); 05.12.2013 N 152-V (01.01.2012 бастап қолданысқа енгізіледі); 07.03.2014 N 177-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-б. қараңыз); 16.05.2014 № 203-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 02.07.2014 N 225-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

 

РҚАО-ның ескертпесі!
91-бап 01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі және 01.01.2018 дейін қолданыста болады (ҚР 16.05.2014 № 203-V Заңының 2-б. қараңыз).

 


Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 137 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Бап. Салық есептілігін табыс ету тәртібі | Бап. Салық есептілігін кері қайтарып алу тәртібі | Бап. Салық есептілігіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу | Бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) салық есептілігін табыс етуін тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) тәртібі | Бап. Салық тіркелімдері | Бап. Қаржы лизингі | Бап. Бірлескен қызметті жүзеге асыру | Бап. Жылдық жиынтық табыс | Бап. Жылдық жиынтық табысқа енгізілетін табыстар | Бап. Құн өсімінен түсетін табыс |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бап. Сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымының сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша табыстары| Бап. Талап ету құқығын басқаға беруден түсетін табыс

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)