Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Салық тіркелімдері

Читайте также:
  1. Бап. Қазақстан Республикасында салық салу принциптері
  2. Бап. Қайта құрылымдалатын ұйымның салық төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту тәртібі
  3. Бап. Қате төленген салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің сомаларын есепке жатқызу, қайтару
  4. Бап. Қосылған құн салығы бойынша салық есептілігін белгілеу ерекшеліктері
  5. Бап. Қызметiн «Ақтау теңiз порты» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу
  6. Бап. Қызметiн «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу
  7. Бап. Қызметiн «Тараз химиялық паркі» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу

 

1. Салық тіркелімі – салық төлеушінің (салық агентінің) салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтерді қамтитын құжаты.
Салық тіркелімдері осы Кодекстің 56-бабының 3-тармағында көрсетілген салықтық есепке алу мақсаттарын қамтамасыз ету үшін ақпаратты жинақтау мен жүйелеуге арналған.
Салықтық есепке алу деректерін қалыптастыру салық салу мақсатына орай пайдаланылатын ақпаратты хронологиялық тәртіппен көрсету арқылы және салықтық есепке алу деректерінің салық кезеңдері арасындағы (оның ішінде нәтижелері бірнеше салық кезеңдері ішінде ескерілетін, кейінгі салық кезеңдерінде салық салу объектісінің мөлшеріне әсер ететін немесе бірқатар жылдарға ауысатын операциялар бойынша) сабақтастығын қамтамасыз ете отырып жүзеге асырылады.
Салық тіркелімдері арнаулы нысандар түрінде жүргізіледі. Уәкілетті орган белгілеген салық тіркелімдері нысандарын қоспағанда, салық тіркелімдерінің нысандарын және оларда салықтық есепке алу деректерін көрсету тәртібін салық төлеуші (салық агенті) дербес әзірлейді және салықтық есепке алу саясатында бекітеді.
Салық тіркелімдерінде шаруашылық операцияларының көрсетілу дұрыстығын оларға қол қойған тұлғалар қамтамасыз етеді.
2. Салық тіркелімдері:
1) салық төлеуші (салық агенті) осы Кодекстің 56-бабының ережелерін ескере отырып, салықтық есепке алу саясатында белгілеген нысандар бойынша салық төлеуші (салық агенті) дербес жасайтын салық тіркелімдерін;
2) жасалу нысандары мен қағидаларын уәкілетті орган белгілейтін, салық төлеуші (салық агенті) жасайтын салық тіркелімдерін қамтиды.
3. Салық тіркелімдері мынадай міндетті деректемелерді қамтуға тиіс:
1) тіркелімнің атауы;
2) салық төлеушінің (салық агентінің) сәйкестендіру нөмірі;
3) тіркелім жасалған кезең;
4) тіркелімді жасауға жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде).
Уәкілетті орган:
1) салық салудан босатуды, корпоративтік табыс салығы, инвестициялық салық преференциялары бойынша салық салынатын табысты азайтуды қолдану;
2) тіркелген активтер топтарының (кіші топтарының) баланстық құндарын айқындау және тіркелген активтер бойынша кейінгі шығыстар;
3) туынды қаржы құралдары;
3-1) резидент емес заңды тұлғаның Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемесі шегерімге жатқызған басқарушылық және жалпы әкімшілік шығыстарының сомалары;
3-2) қаржы лизингіне берілген мүлік жөніндегі;
3-3) осы Кодекстің 90-бабы 2-тармағының 7) және 8) тармақшаларында көзделген, борышкерлерге қойылатын талаптар мөлшерін азайтуларды есепке алу жөніндегі;
4) жазып берілген және төлеуші алған қосылған құн салығының шот-фактуралары жөніндегі ақпаратты көрсету үшін салық тіркелімдерінің нысандарын белгілеуге құқылы.
5) алып тасталды - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Осы тармақтың ережелері Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамалық актісіне сәйкес бухгалтерлік есепке алуды жүргізу мен қаржылық есептілік жасауды жүзеге асырмайтын дара кәсіпкерлерге қолданылмайды.
4-1. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамалық актісіне сәйкес бухгалтерлік есепке алуды жүргізу мен қаржылық есептілік жасауды жүзеге асырмайтын дара кәсіпкерлер үшін уәкілетті орган:
1) табыстарды есепке алу;
2) сатып алынған тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді есепке алу;
3) жеке тұлғалардың төлем көзінен салық салынатын табыстарын, осындай табыстар жөніндегі салық міндеттемелерін, барлық салықтар мен аударымдарды қоса алғанда міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды есепке алу жөніндегі міндеттемелерді есепке алу бойынша;
4) мыналар:
қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы;
жер үсті су көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы жөніндегі салықтық міндеттемелерді есепке алу бойынша ақпаратты көрсету үшін салық тіркелімдерінің нысандарын белгілеуге құқылы.
5. Салық тіркелімдері қағаз жеткізгіштерде жүргізілген жағдайда мұндай салық тіркелімдеріндегі қателерді түзету негізді болуға және енгізілген түзетулердің күні мен негіздемесі көрсетіле отырып, түзету енгізген жауапты адамның қолымен расталуға тиіс.
6. Салық тіркелімдері құжаттамалық салықтық тексерулер жүргізу кезінде салық қызметі органдарының лауазымды адамдарына қағаз жеткізгіштерде және (немесе) тексеруді жүзеге асыратын салық қызметі органдары лауазымды адамдарының талап етуі бойынша электрондық жеткізгіштерде ұсынылады.
Салық төлеуші (салық агенті) салық тіркелімдерін электрондық түрде жасаған кезде, салықтық тексеру барысында салық қызметі органдары лауазымды адамдарының талап етуі бойынша салық тіркелімдерін электрондық жеткізгіштерде және осындай салық тіркелімдерінің көшірмелерін қағаз жеткізгіште де табыс етуге міндетті, бұл көшірмелер басшының және салық төлеушінің (салық агентінің) осы салық тіркелімдерін жасау үшін жауапты адамдарының (адамының) қолтаңбаларымен, сондай-ақ салық төлеушіде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздер бойынша мөр болмаған жағдайларды қоспағанда, салық төлеушінің мөрімен расталуға тиіс.
Ескерту. 77-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2008.12.10 № 100 (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.11.16 N 200-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2010.06.09 № 288-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.06.30 N 297-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.07.05 N 452-IV (2012.01.01 қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 21.06.2013 № 106-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. 1-т. қараңыз); 07.03.2014 N 177-V (01.01.2013 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

 


Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 214 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Бап. Бөлек салықтық есепке алуды жүргізу ережесі | Бап. Салықтық есепке алу саясатына қойылатын талаптар | Бап. Салықтық есепке алуды жүргізу ерекшеліктері | Бап. Жалпы ережелер | Бап. Корпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігін белгілеу ерекшеліктері | Бап. Қосылған құн салығы бойынша салық есептілігін белгілеу ерекшеліктері | Бап. Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша салық есептілігін белгілеу ерекшеліктері | Бап. Салық есептілігін табыс ету тәртібі | Бап. Салық есептілігін кері қайтарып алу тәртібі | Бап. Салық есептілігіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) салық есептілігін табыс етуін тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) тәртібі| Бап. Қаржы лизингі

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)