Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Салықтық есепке алу саясатына қойылатын талаптар

Читайте также:
  1. Бап. Қате төленген салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің сомаларын есепке жатқызу, қайтару
  2. Бап. Қол қойылатын бонустың мөлшерін белгілеу тәртібі
  3. Бап. Қызметкерлердің есепке жазылған табыстары және жеке тұлғаларға өзге төлемдер бойынша шығыстарды шегеру
  4. Бап. Өсімпұлдарды, айыппұлдарды есепке алу
  5. Бап. Бөлек салықтық есепке алуды жүргізу ережесі
  6. Бап. Бақылау-касса машиналарын салық органында есепке қою
  7. Бап. Есепке жатқызылатын қосылған құн салығы

 

1. Салықтық есепке алу саясатында мынадай ережелер белгіленуге тиіс:
1) салық төлеуші (салық агенті) дербес әзірлеген салық тіркелімдерінің нысандары мен жасалу тәртібі;
2) стандарттау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауышына сәйкес жүзеге асырылатын қызмет түрлерінің тізбесі;
3) салықтық есепке алу саясатының сақталуына жауапты адамдар лауазымдарының атауы;
4) осы Кодексте салық салудың әртүрлі шарттары көзделген қызмет түрлері жүзеге асырылған жағдайда осы Кодекстің 58-бабында белгіленген ережелерді сақтай отырып, бөлек салықтық есепке алудың жүргізілу тәртібі;
5) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүзеге
асырған жағдайда бөлек салықтық есепке алудың жүргізілу тәртібі;
6) корпоративтік табыс салығын есептеу мақсатына орай шығыстарды шегерімге жатқызудың, сондай-ақ қосылған құн салығын есепке жатқызудың осы Кодексте көзделген, салық төлеуші таңдап алған әдістері;
7) хеджирленетiн операцияларды жүзеге асырған жағдайда хеджирленетін тәуекелдерді, хеджирленетін баптарды және оларға қатысты пайдаланылатын хеджирлеу құралдарын, хеджирлеу тиімділігінің дәрежесін бағалау әдістемесін айқындау саясаты;
8) ислам бағалы қағаздарымен операцияларды жүзеге асырған жағдайда ислам бағалы қағаздары бойынша табыстарды есепке алу саясаты;
9) осы Кодекстің 120-бабы 2-тармағының ережелерін ескере отырып, тіркелген активтердің әрбір кіші тобы, тобы бойынша амортизация нормалары;
10) қосылған құн салығын төлеушілер болып табылатын резидент заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері осы Кодекске сәйкес шот-фактураларды жазып берген жағдайда - шот-фактураны жазып беретін құрылымдық бөлімшелер бойынша:
осындай құрылымдық бөлімшелерді сәйкестендіру үшін шот-фактураларды нөмірлегенде пайдаланылатын осындай құрылымдық бөлімшелердің әрқайсысының коды;
шот-фактураларды жазып берген кезде оларды нөмірлегенде пайдаланылатын цифрлардың ең жоғарғы саны;
11) шот-фактураларды жазып берген кезде оларды нөмірлеуге қолданылатын цифрлардың ең үлкен саны.
Осы тармақтың 5), 9), 10) және 11) тармақшаларының ережелері Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамалық актісіне сәйкес бухгалтерлік есепке алуды жүргізуді және қаржылық есептілік жасауды жүзеге асырмайтын дара кәсіпкерлерге қолданылмайды.
2. Бірлескен қызмет жөніндегі салықтық есепке алу саясатын бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылар осы Кодексте белгіленген тәртіппен және негіздер бойынша әзірлейді және бекітеді.
2-1. Өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) шеңберінде жай серіктестік (консорциум) құрамында жер қойнауын пайдалану бойынша қызметті жүзеге асыру кезінде салықтық есепке алу саясатында осы баптың 1-тармағының талаптарымен қатар жай серіктестік қатысушыларының және (немесе) оператордың Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің әрбір түрі бойынша салық міндеттемесін орындауының осы Кодекстің 308-1-бабының 3-тармағына сәйкес таңдап алынған тәсілін қамтуға тиіс.
3. Осы баптың 1-тармағының 1), 4)-6) тармақшаларында көзделген, салықтық есепке алу саясатында белгіленген ережелердің күші күнтізбелік жылға қолданылады.
4. Салық төлеуші (салық агенті) салықтық есепке алу саясатында бұрын көрсетілмеген қызмет түрлерін жүзеге асырған кезде салықтық есепке алу саясатына тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге тиіс.
5. Салық төлеуші (салық агенті) салықтық есепке алу саясатына өзгерісті және (немесе) толықтыруды мынадай:
1) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес әзірленген жаңа салықтық есепке алу саясатын немесе есепке алу саясатының жаңа бөлімін бекіту;
2) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес әзірленген қолданыстағы салықтық есепке алу саясатына немесе қолданыстағы есепке алу саясатының бөліміне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу тәсілдерінің бірімен жүзеге асырады.
6. Салық төлеушінің (салық агентінің) мынадай:
1) кешенді және тақырыптық тексерулер жүргізу кезеңінде -
тексерілетін салық кезеңінің салықтық есепке алу саясатына;
2) шағымдар берудің қалпына келтірілген мерзімін ескере отырып, салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) салық қызметінің жоғары тұрған органының хабарламаға жасалған шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарған шешіміне шағым беру және оны қарау мерзімі кезеңінде шағым жасалатын салық кезеңінің салықтық есепке алу саясатына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуіне жол берілмейді.
Ескерту. 60-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.02.12 N 133-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.12.30 № 234-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.06.30 N 297-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

 

Тарау. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамалық актісіне сәйкес бухгалтерлік есепке алуды жүргізуді және қаржылық есептілік жасауды жүзеге асырмайтын дара кәсіпкерлердің салықтық есепке алуды жүргізу ерекшеліктері

 

Ескерту. Кодекс 7-1-тараумен толықтырылды - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

 


Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 165 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Бап. Бөліну жолымен қайта ұйымдастырылған кезде заңды тұлғаның салық міндеттемесін орындауы | Бап. Қызметін тоқтататын дара кәсіпкердің салық міндеттемесін орындау | Бап. Қызметін тоқтататын жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың салық міндеттемесін орындау | Бап. Қызметі тоқтатылған кезде дара кәсіпкерлердің жекелеген санаттарының салық міндеттемесін орындау ерекшеліктері | Бап. Хабарсыз кеткен деп танылған жеке тұлғаның салық міндеттемесін орындау | Бап. Салық міндеттемесі мен талабы бойынша талап қою мерзімі | Бап. Жалпы ережелер | Бап. Мүліктік кепіл шартын жасасу тәртібі | Бап. Қайта құрылымдалатын ұйымның салық төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту тәртібі | Бап. Салықтық есепке алу және есепке алу құжаттамасы |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бап. Бөлек салықтық есепке алуды жүргізу ережесі| Бап. Салықтық есепке алуды жүргізу ерекшеліктері

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)