Читайте также:
|
|
1. Салық міндеттемесі мен талабы бойынша талап қою мерзімі:
1) салық қызметінің органы салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомасын есепке жазуға немесе олардың есептелген, есепке жазылған сомасын қайта қарауға құқылы;
2) салық төлеуші (салық агенті) салық есептілігін табыс етуге міндетті, салық есептілігіне өзгерістер мен толықтырулар енгізуге, салық есептілігін кері қайтарып алуға құқылы;
3) салық төлеуші (салық агенті) салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, өсімпұлдарды есепке жатқызуды және (немесе) қайтаруды талап етуге құқылы;
4) салық қызметінің органы салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, өсімпұлдарды есепке жатқызуды және (немесе) қайтаруды жүргізуге міндетті болатын уақыт кезеңі.
2. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, салық міндеттемесі мен талабы бойынша талап қою мерзімі бес жылды құрайды. Талап қою мерзімінің өтуі, осы бапта көзделген жағдайларды қоспағанда, тиісті салық кезеңі аяқталғаннан кейін басталады.
3. Қызметін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа сәйкес жүзеге асыратын салық төлеушілер бойынша салық қызметінің органы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданылу мерзімі ішінде және жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданылуы аяқталғаннан кейін бес жыл ішінде үстеме пайда салығының, салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомасын, сондай-ақ осы Кодекстің 94 және 107-баптарына сәйкес кен орындарын әзірлеу салдарын жоюға арналған шығыстар бойынша шегерімдер бөлігінде корпоративтік табыс салығы және онымен байланысты жиынтық жылдық табысты түзету сомасын есепке жазуға немесе олардың есептелген, есепке жазылған сомасын қайта қарауға құқылы, оларды есептеу әдістемесінде мынадай көрсеткіштердің бірі: рентабельділіктің ішкі нормасы (РІН) немесе пайданың ішкі нормасы немесе R-фактор (табыстылық көрсеткіші) қолданылады.
РҚАО-ның ескертпесі!
46-бапты 3-1-тармақпен толықтыру көзделген - ҚР 2014.06.12 № 209-V (2015.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледі) Заңымен.
РҚАО-ның ескертпесі!
4-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 03.07.2014 № 227-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
4. Жалған кәсіпорын деп танылған салық төлеушімен жасалған операциялар бойынша немесе жеке кәсіпкерлік субъектісінің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру ниетінсіз жасаған мәмілесі (мәмілелері) бойынша салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомасын есепке жазуды немесе олардың есепке жазылған сомасын қайта қарауды салық қызметінің органы соттың үкімі немесе қаулысы заңды күшіне енгеннен кейін салық міндеттемесі мен талабы бойынша талап қою мерзімі шегінде жүргізеді.
5. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, салық төлеуші (салық агенті) осы баптың 1-тармағында белгіленген қуынымның ескіру мерзімі күнтізбелік бір жылға жетпейтін уақыт ішінде аяқталатын кезең үшін қосымша салық есептілігін табыс еткен жағдайда, көрсетілген қуынымның ескіру мерзімі салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есепке жазу және (немесе) олардың есептелген сомасын қайта қарау бөлігінде күнтізбелік бір жылға ұзартылады.
Салық төлеуші (салық агенті) осы баптың 1-тармағында белгіленген қуынымның ескіру мерзімі күнтізбелік бір жылға жетпейтін уақыт ішінде аяқталатын кезең үшін залалдарды ауыстыру бөлігінде өзгерістерімен және толықтыруларымен қосымша салық есептілігін табыс еткен жағдайда, көрсетілген қуынымның ескіру мерзімі бюджетке төленетін корпоративтік табыс салығын есепке жазу және (немесе) есептелген сомасын қайта қарау бөлігінде күнтізбелік үш жылға ұзартылады.
6. Осы Кодексте белгіленген тәртіппен салық органдарының есепке жатқызуына және (немесе) қайтаруына жататын салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, өсімпұлдар бойынша есепке жатқызуды және (немесе) қайтаруды жүргізу үшін талап қою мерзімі осы Кодекстің 548-бабында белгіленген жағдайды қоспағанда, салық кезеңі аяқталғаннан кейін бес жыл болады.
6-1. Осы Кодекстің 133-бабы 1-тармағының 3) тармақшасын қолдану кезінде салық төлеуші, салық қызметінің органы жеке тұлғаны оқыту кезеңінің ішінде және жеке тұлғаны оқыту аяқталған күннен бастап бес жыл ішінде салық салынатын табысты түзету сомасын, сондай-ақ корпоративтік табыс салығы немесе жеке табыс салығы сомасын қайта қарауға, есептеуге немесе есепке жазуға құқылы.
7. Салық міндеттемесі мен талабы бойынша талап қою мерзімі салық төлеушінің (салық агентінің) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) салық қызметінің жоғары тұрған органының хабарламаға жасалған шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарған шешіміне, сондай-ақ салық қызметінің органдары лауазымды адамдарының іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасау кезеңінде аяқталған жағдайда талап қою мерзімі өтінішті (шағымды) қарау нәтижелері бойынша шығарылған шешім орындалғанға дейін шағым жасалатын бөлігінде ұзартылады.
8. Резидент еместің бюджеттен табыс салығын немесе халықаралық шарт негізінде шартты банк салымын қайтаруға арналған салықтық өтінішін қарау немесе резидент еместің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бюджеттен табыс салығын немесе халықаралық шарт негізінде шартты банк салымын қайтаруға арналған салықтық өтінішін қарау нәтижелері бойынша салық органы шығарған шешімге шағымын қарау немесе резидент еместің осы тармақта көрсетілген салық органының шешіміне шағымын қарау нәтижелері бойынша уәкілетті орган шығарған шешімге резидент еместің шағымын қарау кезеңінде салық мiндеттемесi мен талабы бойынша талап қою мерзiмi өткен жағдайда, талап қою мерзімі өтінішті (шағымды) қарау нәтижелері бойынша шығарылған шешім орындалғанға дейін ұзартылады.
9. Уәкілетті органның осы Кодекстің 226-бабына сәйкес өзара келісім рәсімін жүргізу кезеңінде салық мiндеттемесi мен талабы бойынша талап қою мерзiмi өткен жағдайда, талап қою мерзімі шет мемлекеттің уәкілетті органы және (немесе) құзыретті органы өзара келісу рәсімінің қорытындылары бойынша қабылдаған шешім орындалғанға дейін ұзартылады.
10. Салықтық тексеру жүргізу уақытында Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасына сәйкес сауалдар жолдаған жағдайда, салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің есептелген, есепке жазылған сомаларын қайта қарау бөлігінде талап қою мерзімі сауалдар жолдау және олар бойынша құжаттар және (немесе) ақпарат алу кезеңіне тоқтатыла тұрады.
Бұл ретте салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің есептелген, есепке жазылған сомаларын қайта қарау бөлігінде жалпы талап қою мерзімі оның тоқтатыла тұрғанын ескергенде жеті жылдан аспауға тиіс.
Ескерту. 46-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 N 61-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 9-баптан қараңыз); 05.12.2013 № 152-V Заңымен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Тарау. Салықтар, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер және (немесе) өсiмпұлдар төлеу жөнiндегi салық мiндеттемесiн орындау мерзiмдерiнiң өзгертiлуi. Салық мiндеттемесiн тоқтату негiздерi
Ескерту. 6-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2014.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 148 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Бап. Хабарсыз кеткен деп танылған жеке тұлғаның салық міндеттемесін орындау | | | Бап. Жалпы ережелер |