Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Бақылау-касса машиналарын салық органында есепке қою

Читайте также:
  1. Бап. Қазақстан Республикасында салық салу принциптері
  2. Бап. Қайта құрылымдалатын ұйымның салық төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту тәртібі
  3. Бап. Қате төленген салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің сомаларын есепке жатқызу, қайтару
  4. Бап. Қосылған құн салығы бойынша салық есептілігін белгілеу ерекшеліктері
  5. Бап. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлiк
  6. Бап. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне ерікті түрде қою
  7. Бап. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне міндетті түрде қою

 

1. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, бақылау-касса машинасын пайдаланатын жері бойынша салық органдарына есепке қоюға модельдері мемлекеттік тізілімге енгізілген, техникалық ақауы жоқ бақылау-касса машиналары жатады.
Сауда автоматтары және (немесе) қызмет көрсетуге ақы төлеу терминалдарымен жарақтандырылған компьютерлік жүйелер болып табылатын бақылау-касса машиналары әрбір сауда автоматының және (немесе) қызмет көрсетуге ақы төлеу терминалының орналасқан жері бойынша салық органында есепке қойылуға тиіс.
Автодүкендерден және (немесе) шатырлардан көшпелі сауданы жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын бақылау-касса машиналары мұндай салық төлеушілердің орналасқан жері бойынша салық органында есепке қоюға жатады.
2. Салық органдары осы Кодекстің 645-бабының 1-тармағына сәйкес бақылау-касса машиналарын қолдану бойынша талап қолданылмайтын салық төлеушілердің бақылау-касса машиналарын есепке қоюды жүргізбейді.
3. Бақылау-касса машиналарын есепке қою салық төлеуші бақылау-касса машинасын салық органында есепке қою туралы өтініш берген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде бақылау-касса машинасының тіркеу нөмірін бере отырып және бақылау-касса машинасының карточкасын бере отырып жүргізіледі.
4. Компьютерлік жүйе болып табылатын бақылау-касса машиналарын қоспағанда, бақылау-касса машинасын салық органдарында есепке қойған кезде салық төлеуші салық органына:
1) бақылау-касса машинасын салық органында есепке қою туралы салықтық өтінішті;
2) іске қосу фискалды режимді орнатпай-ақ мүмкін болатын, салық төлеуші туралы мәліметтерді қамтитын бақылау-касса машинасын;
3) дайындаушы зауыттың паспортын;
4) нөмiрленген, тiгiлген, салық төлеушiнiң қолымен және (немесе) мөрiмен расталған қолма-қол ақша есебінің кiтабын және тауар чектерiнің кiтабын табыс етеді.
5. Компьютерлік жүйе болып табылатын бақылау-касса машинасын есепке қойған кезде салық төлеуші өзінің орналасқан жері бойынша салық органына:
1) бақылау-касса машинасын салық органында есепке қою туралы салықтық өтінішті;
2) компьютерлік жүйенің жұмыс істеу мүмкіндіктері мен сипаттарының қысқаша сипаттамасын;
3) салық органында тіркеуге қою үшін мәлімделген компьютерлік жүйе моделінің "Салық инспекторының жұмыс орны" модулін пайдалану жөніндегі нұсқаулықты табыс етеді және онымен жұмыс істеуді қамтамасыз етеді.
6. Салық органының лауазымды адамы компьютерлік жүйелерді қоспағанда, бақылау-касса машинасын есепке қою кезінде:
1) салықтық өтініште көрсетілген мәліметтердің ұсынылған құжаттарға сәйкестігін тексереді;
2) таңбалау тақтайшасында көрсетілген бақылау-касса машинасының зауыттық нөмiрiн дайындаушы зауыттың паспортында көрсетiлген бақылау-касса машинасының нөмiрiмен салыстырады;
3) қолма-қол ақша есебiнiң кiтабын және тауар чектерiнiң кiтабын ресiмдеудiң дұрыстығын тексередi;
4) бақылау-касса машинасы жұмысының фискалдық режимiн белгілейдi;
5) бақылау-касса машинасының корпусына салық органының пломбасын орнатады;
6) бақылау-касса машинасының тіркеу карточкасын ресімдейді;
7) қолма-қол ақша есебiнiң кiтабын және тауар чектерiнiң кiтабын өз қолымен, салық органы басшысының қолымен және салық органының мөрiмен растайды;
8) салық төлеушiге:
фискалдық жұмыс режимi белгiленген және салық органының пломбасы орнатылған бақылау-касса машинасын;
расталған қолма-қол ақша есебiнiң кiтабы мен тауар чектерiнiң кiтабын;
бақылау-касса машинасын дайындаушы зауыттың паспортын қайтарады.
7. Компьютерлік жүйе болып табылатын бақылау-касса машиналарын есепке қойған кезде салық органының лауазымды адамы осы баптың 6-тармағының 1), 4) және 6) тармақшаларында көзделген іс-қимылдарды жүзеге асырады. Бұл ретте компьютерлік жүйеге фискалды режим белгілеу ақпаратты компьютерлік жүйенің фискалды деректеріне рұқсатсыз қол жеткізуден криптографиялық тұрғыдан қорғайтын құралдардың белсенді жұмыс істеуін білдіреді.
8. Бақылау-касса машинасының тіркеу карточкасы салық төлеушіге бақылау-касса машинасын салық органдарында есепке қою кезінде беріледі, бақылау-касса машинасының бүкіл пайдалану мерзімі бойына сақталады және салық органдарының талабы бойынша көрсетіледі.
9. Бақылау-кассалық машинаның тіркеу карточкасының, тауар чегінің, фискалдық есепті алу актісінің, қолма-қол ақша есебi кiтабы мен тауар чектерi кiтабының нысандарын уәкілетті орган белгілейді.
Ескерту. 646-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 N 452-IV (2012.01.01 қолданысқа енгізіледі), 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

 


Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 153 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Бап. Салықтық тексерулер ұғымы, типтері мен түрлері | Бап. Салықтық тексерулер жүргiзудiң мерзiмi | Бап. Салықтық тексеру жүргiзуге негiз | Бап. Салықтық тексеру жүргiзудiң басталуы | Бап. Хронометраждық зерттеп-тексеру жүргізудің ерекшеліктері | Бап. Салықтық тексерудi аяқтау | Бап. Салықтық тексеру нәтижелерi бойынша шешiм | Бап. Ақпарат көздері | Бап. Салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындау тәртібі | Бап. Осы тарауда пайдаланылатын негізгі ұғымдар |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бап. Жалпы ережелер| Бап. Салық органында бақылау-касса машинасын есептен шығару

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.005 сек.)