Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Салықтық тексерулер жүргiзудiң мерзiмi

Читайте также:
  1. Бап. Бөлек салықтық есепке алуды жүргізу ережесі
  2. Бап. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша бөлек салықтық есепке алуды жүргізудің негізгі принциптері
  3. Бап. Осы Кодексте реттелетін салықтық қатынастарда өкілдік ету
  4. Бап. Преференция объектілерін салықтық есепке алу ерекшеліктері
  5. Бап. Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң мерзiмiнде төленбеген сомасына өсiмпұл
  6. Бап. Салықтық бақылау
  7. Бап. Салықтық есепке алу және есепке алу құжаттамасы

 

1. Нұсқамада көрсетiлетiн салықтық тексерулер жүргiзудің мерзiмi, егер осы бапта өзгеше көзделмесе, нұсқама тапсырылған кезден бастап отыз жұмыс күнiнен аспауға тиiс.
2. Салықтық тексеру жүргізу мерзімін:
1) осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, құрылымдық бөлімшелері жоқ заңды тұлғалар, дара кәсіпкерлер және Қазақстан Республикасында орналасқан жері бір орыннан аспайтын жағдайда қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент еместер үшін:
салықтық тексеруді тағайындаған салық органы - қырық бес жұмыс күніне дейін;
жоғары тұрған салық қызметі органы - алпыс жұмыс күніне дейін;
2) құрылымдық бөлімшелері бар заңды тұлғалар және Қазақстан Республикасында орналасқан жері бір орыннан асатын жағдайда қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент еместер, сондай-ақ мониторингке жататын ірі салық төлеушілер үшін:
салықтық тексеруді тағайындаған салық органы - жетпіс бес жұмыс күніне дейін;
жоғары тұрған салық қызметі органы бір жүз сексен жұмыс күніне дейін ұзартуы мүмкін.
3. Уәкілетті орган өзі тағайындаған салықтық тексеру мерзімін: Z080000100
1) осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген салық төлеушілер үшін - алпыс жұмыс күніне дейін;
2) осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген салық төлеушілер үшін бір жүз сексен жұмыс күніне дейін ұзартуы мүмкін.
4. Салықтық тексеру мерзімінің жүргізілуі салық төлеушіге (салық агентіне) салық қызметі органының мәліметтерді және (немесе) құжаттарды беру туралы талаптарын тапсыру күні мен салық төлеушінің (салық агентінің) тексеру жүргізу кезінде сұрау салынған мәліметтерді және (немесе) құжаттарды беру күні арасындағы, сондай-ақ басқа аумақтық салық органдарына, мемлекеттік органдарға, банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға және Қазақстан Республикасы аумағында қызметін жүзеге асыратын өзге де ұйымдарға салық қызметі органының сұрау салуы жіберілген күн мен аталған сұрау салу бойынша мәліметтерді және (немесе) құжаттарды алған күн арасындағы уақыт кезеңіне тоқтатыла тұрады.
Салықтық тексеру мерзімінің жүргізілуі шетел мемлекетіне ақпарат беру туралы сұрау салу жіберілген күн мен салық қызметі органдарының халықаралық келісімдерге сәйкес жіберілген сұрау салу бойынша мәліметтер алған күн арасындағы уақыт кезеңіне де тоқтатыла тұрады.
Бұл ретте салықтық тексеруді жүзеге асыратын салық қызметі органы құқықтық статистика органына хабарлай отырып, салық төлеушіге (салық агентіне) тоқтата тұру немесе қайта бастау күнінен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей, салықтық тексеруді тоқтата тұру немесе қайта бастау туралы хабарламаны қолын қойғызып тапсыруға немесе оған хабарламасы бар тапсырыс хатпен почта арқылы жіберуге міндетті.
5. Осы баптың 4-тармағында белгіленген негіздер бойынша тоқтатыла тұру мерзімі:
1) мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің;
2) резидент заңды тұлғаның таратылуына, резидент емес заңды тұлғаның Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын қызметін тоқтатуына, дара кәсіпкердің қызметінің, жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокат қызметінің тоқтатылуына байланысты жүргізілетін салықтық тексеру;
3) трансферттік баға белгілеу мәселелері бойынша заңды тұлғалардың тақырыптық тексерулерінің;
4) қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының дұрыстығын растау бойынша тақырыптық тексерулерінің салықтық тексеру мерзіміне кірмейді;
4-1) резидент еместің салықтық өтінішінің негізінде бюджеттен немесе шартты банк салымынан табыс салығын қайтару мәселесі бойынша салық агенттерін тақырыптық тексеру;
4-2) салықтық тексерудің нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) жоғары тұрған салық қызметі органының хабарламаға шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарған шешіміне салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қарау мәселелері бойынша салық төлеушінің (салық агентінің) шағымында жазылған мәселелер бойынша жүргізілетін тақырыптық тексерулер;
5) Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңнамасында көзделген негіздер бойынша жүргізілетін;
6) салық төлеушіге (салық агентіне) осы Кодекстің 640-бабына сәйкес салықтық тексерулер жүргізу барысында құжаттарды (мәліметтерді) табыс ету туралы салық қызметі органының талабын қойған жағдайда салықтық тексеру мерзiмiне кiрмейдi.
Осы тармақтың 1)-6) тармақшаларында көрсетілмеген салықтық тексерулер үшін тоқтата тұру мерзімі салықтық тексеру мерзіміне қосылады.
6. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, қарсы тексеруден басқа осы баптың 2-5-тармақтарының ережелері ескеріле отырып, құжаттық тексеру жүргізу мерзімі:
1) осы баптың 3) тармақшасында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, құрылымдық бөлімшелері жоқ заңды тұлғалар, дара кәсіпкерлер және Қазақстан Республикасында біреуден аспайтын орналасқан жері болған кезде қызметін тұрақты мекемелер арқылы жүзеге асыратын резидент еместер үшін – алпыс жұмыс күнінен;
2) осы баптың 3) тармақшасында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, құрылымдық бөлімшелері бар заңды тұлғалар және Қазақстан Республикасында біреуден көп орналасқан жері болған кезде қызметін тұрақты мекемелер арқылы жүзеге асыратын резидент еместер үшін – бір жүз сексен жұмыс күнінен;
3) мониторингке жататын ірі салық төлеушілер үшін – бір жүз сексен жұмыс күнінен аспауға тиіс.
7. Қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының дұрыстығын растау бойынша тақырыптық салықтық тексерулер жүргізу, ұзарту және тоқтата тұру мерзімі осы Кодекстің 273-бабының 3 және 4-тармақтарында көзделген мерзімдер сақтала отырып белгіленеді.
8. Егер тексерілетін салық төлеуші демалыс және мереке күндері қызметін жүзеге асырса, осы баптың 1-тармағында көрсетілген мерзімде хронометражды зерттеп-тексерулер жүргізген кезде сол күндер қосылуы мүмкін. Хронометражды зерттеп-тексерулер тәулік мерзіміндегі уақытқа қарамастан салық төлеушінің жұмыс режиміне сәйкес жүргізілуі мүмкін.
Ескерту. 629-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.04.02 N 262-IV (2010.10.21 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.06.30 N 297-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 N 61-V (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

 


Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 146 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Бап. Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң мерзiмiнде төленбеген сомасына өсiмпұл | Бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру | Бап. Салық төлеушiнiң (салық агентінің) мүлікке билiк етуiн шектеу | Бап. Салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары | Бап. Салық берешегін банк шоттарындағы ақша есебінен өндіріп алу | Бап. Салық төлеушiнiң (салық агентінің) салық берешегi сомасын оның дебиторларының шоттарынан өндiрiп алу | Бап. Салық төлеушіні (салық агентін) банкрот деп тану | Бап. Жалпы ережелер | Бап. Мониторинг бойынша есептілікті ұсыну тәртібі мен мерзімі | Тарау. ТӘУЕКЕЛДЕРДІ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бап. Салықтық тексерулер ұғымы, типтері мен түрлері| Бап. Салықтық тексеру жүргiзуге негiз

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)