Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Салық төлеушiнiң (салық агентінің) салық берешегi сомасын оның дебиторларының шоттарынан өндiрiп алу

Читайте также:
  1. Бап. Қазақстан Республикасында салық салу принциптері
  2. Бап. Қайта құрылымдалатын ұйымның салық төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту тәртібі
  3. Бап. Қате төленген салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің сомаларын есепке жатқызу, қайтару
  4. Бап. Қосылған құн салығы бойынша салық есептілігін белгілеу ерекшеліктері
  5. Бап. Қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару
  6. Бап. Қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтарудың оңайлатылған тәртібі
  7. Бап. Қызметiн «Ақтау теңiз порты» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу

 

1. Осы Кодекстің 614-бабының 1-тармағында көрсетілген салық төлеушiнiң (салық агентінің) банк шоттарында ақшасы болмаған немесе жеткiлiксiз болған не оның банк шоттары болмаған жағдайда салық органы жиналып қалған салық берешегi шегiнде салық төлеушiге (салық агентіне) берешегi бар үшiншi бiр тұлғалардың (бұдан әрi - дебиторлардың) банк шоттарындағы ақшадан өндіріп алады.
2. Салық берешегiн өтеу туралы хабарлама алған күннен бастап салық төлеушi (салық агенті) он жұмыс күнiнен кешiктiрмей хабарлама жiберген салық органына дебиторлық берешек сомасын көрсете отырып, дебиторлар тiзiмiн және олар болған жағдайда - дебиторлармен бірлесіп жасалған және дебиторлық берешек сомасын растайтын өзара есеп айырысуларды салыстырып-тексеру актілерін табыс етуге мiндеттi.
Өзара есеп айырысуларды салыстырып тексеру актілері бар болған кезде салық органы осы Кодекстің 84-тарауына сәйкес дебиторлар хабарламаны алған күннен бастап бес жұмыс күні өткеннен кейін дебиторлардың банктік шотына салық төлеушiнiң (салық агентінің) салық берешегін өндіріп алу туралы инкассалық өкімдер шығарады.
Дебиторлар тiзiмi осы тармақта көрсетiлген мерзiмде табыс етiлмеген жағдайда салық органы салық төлеушiге (салық агентіне) салықтық тексеру жүргiзедi. Бұл ретте сотта дауланып жатқан дебиторлық берешек сомасын салық органының растауға құқығы жоқ.
3. Ұсынылған дебиторлар тiзiмiнiң немесе дебиторлық берешек сомасын растайтын салықтық тексеру актiсiнiң негiзiнде салық органы дебиторларға дебиторлық берешек сомасы шегiнде салық төлеушiнiң (салық агентінің) салық берешегiн өтеу шотына олардың банк шоттарындағы ақшадан өндiрiп алуы туралы хабарлама жiбередi.
Осы бапта көзделген жағдайды қоспағанда, дебиторлар хабарламаны алған күннен бастап жиырма жұмыс күнiнен кешiктiрмей, хабарлама жiберушi салық органына хабарлама алған күнге салық төлеушiмен (салық агентімен) бiрлесiп жасалған өзара есеп айырысудың салыстырып тексеру актiсiн табыс етуге мiндеттi.
Дебиторлар өзара есеп айырысудың салыстырып тексеру актiсiн осы тармақта көрсетiлген мерзiмде табыс етпеген жағдайда, салық органы аталған дебиторларға салықтық тексеру жүргiзедi. Бұл ретте салық органы сотта дауланып жатқан дебиторлық берешек сомасын растауға құқығы жоқ.
4. Дебиторлық берешек сомасын растайтын салықтық тексеру актiсi және дебиторлардың банк шоттарындағы ақшасынан өндiрiп алуы туралы хабарлама болған кезде олар өзара есеп айырысулардың салыстырып тексеру актiсiн ұсынбайды.
5. Салық төлеушi (салық агенті) салық берешегiн өтеген жағдайда дебиторлар тiзiмi немесе өзара есеп айырысулардың салыстырып тексеру актiсi ұсынылмайды.
6. Салық төлеушi (салық агенті) мен оның дебиторының арасындағы өзара есеп айырысуды салыстырып тексеру актiсiнде мынадай мәлiметтер болуға тиiс:
1) салық төлеушi (салық агенті) мен оның дебиторының атауы, олардың сәйкестендіру нөмiрлерi;
2) салық төлеушi (салық агенті) мен оның дебиторы тұрған жері бойынша тiркеу есебiнде тұрған салық органының атауы;
3) салық төлеушi (салық агенті) мен оның дебиторының банк шоттарының деректемелерi;
4) дебитордың салық төлеушiнің (салық агентінің) алдындағы берешек сомасы;
5) салық төлеушi (салық агенті) мен оның дебиторының заңдық деректемелерi, мөрi және қойылған қолдары;
6) салыстырып тексеру актiсiнiң жасалған күнi, ол салық берешегін өтеу туралы хабарламаны алған күннен бұрын болуға тиіс емес.
7. Өзара есеп айырысуды салыстырып тексеру актісінің немесе дебиторлық берешек сомасын растайтын дебиторды салықтық тексеру актісінің негізінде салық органы дебитордың банк шоттарына салық төлеушінің (салық агентінің) салық берешегі сомасын өндіріп алу туралы инкассалық өкімдер шығарады.
Дебитор мен салық төлеушi (салық агентi) арасындағы өзара есеп айырысудың салыстырып тексеру актiсiнде көрсетiлген дебиторлық берешек өтелген жағдайда, салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) салық берешегiнің сомасын өндiрiп алу туралы дебитордың банк шоттарына шығарылған инкассалық өкiмдер дебитор немесе салық төлеушi (салық агенті) салық органына мұндай берешектiң өтелгенiн растайтын құжаттарды қоса берiп, өзара есеп айырысудың салыстырып тексеру актiсiн тапсырған күннен кейінгі бір жұмыс күнi iшiнде керi қайтарып алуға жатады.
8. Салық төлеушi дебитордың банкi немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымы осы Кодекстiң 615-бабында белгiленген талаптарға сәйкес салық төлеушiнiң (салық агентінің) салық берешегi сомасын өндiрiп алу туралы салық органы шығарған инкассалық өкiмдi орындауға мiндеттi.
Ескерту. 616-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

 


Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 126 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Бап. Салықтың, төлемақының, алымның және өсімпұлдың артық төленген сомасын қайтару | Бап. Есепке жатқызылатын қосылған құн сомасының есептелген салық сомасынан асып кетуін қайтару | Бап. Басқа да негіздер бойынша қосылған құн салығын қайтару | Бап. Жалпы ережелер | Бап. Хабарламаны тапсыру және орындау тәртібі | Бап. Мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері | Бап. Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң мерзiмiнде төленбеген сомасына өсiмпұл | Бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру | Бап. Салық төлеушiнiң (салық агентінің) мүлікке билiк етуiн шектеу | Бап. Салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бап. Салық берешегін банк шоттарындағы ақша есебінен өндіріп алу| Бап. Салық төлеушіні (салық агентін) банкрот деп тану

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.005 сек.)