Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Салық берешегін банк шоттарындағы ақша есебінен өндіріп алу

Читайте также:
  1. Бап. Қазақстан Республикасында салық салу принциптері
  2. Бап. Қайта құрылымдалатын ұйымның салық төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту тәртібі
  3. Бап. Қате төленген салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің сомаларын есепке жатқызу, қайтару
  4. Бап. Қосылған құн салығы бойынша салық есептілігін белгілеу ерекшеліктері
  5. Бап. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару
  6. Бап. Қызметiн «Ақтау теңiз порты» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу
  7. Бап. Қызметiн «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу

 

1. Салық берешегін өтеу туралы хабарлама табыс етілген күннен бастап жиырма жұмыс күні өткен соң салық берешегi сомалары төленбеген немесе толық төленбеген жағдайда, салық органы салық берешегiнiң сомасын осы Кодекстің 614-бабы 1-тармағында көрсетілген салық төлеушiнің (салық агентінің) банк шоттарынан мәжбүрлеу тәртiбiмен өндіріп алады.
Осы тармақтың ережелерi Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі, сақтандыру қызметі, атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы, зейнетақымен қамсыздандыру туралы, міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы, жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру, инвестициялық қорлар туралы заңнамалық актілеріне сәйкес өндiрiп алуға жол берiлмейтiн банк шоттарына қолданылмайды.
2. Салық төлеушінің (салық агентінің) банк шоттарынан салық берешегі сомасын өндіріп алу, банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым берген қарыздар бойынша қамту болып табылатын ақша сомасын қоспағанда, көрсетiлген қарыздың өтелмеген негiзгi борышы мөлшерiндегi салық органының инкассалық өкімі негізінде жүргізіледі.
Салық органы инкассалық өкімді оны жасау күніне салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотындағы салық берешегі туралы деректер негізінде жасайды.
3. Банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым салық төлеушінің (салық агентінің) бір банк шотынан салық берешегінің сомасын өндіріп алу туралы салық органының инкассалық өкімін орындаған кезде банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым салық төлеушінің (салық агентінің) аталған банкте немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымда ашқан басқа банк шоттарына салық органы шығарған инкассалық өкімдерді егер салық органы мұндай инкассалық өкімдерді сол күнмен, сол сомаға, берешектің сол түрі бойынша шығарған болса, салық органына орындаусыз қайтарады.
4. Банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым салық төлеушінің (салық агентінің) бірнеше банк шотынан инкассалық өкімде көрсетілген жалпы сомаға ақшаны есептен шығару жолымен салық берешегінің сомасын өндіріп алу туралы салық органының инкассалық өкімін толық орындаған кезде салық төлеушінің (салық агентінің) аталған банкте немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымда ашқан басқа банк шоттарына салық органы шығарған инкассалық өкімдерді, егер салық органы мұндай инкассалық өкімдерді сол күнмен, сол сомаға, берешектің сол түрі бойынша шығарған болса, банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым салық органына орындаусыз қайтарады.
5. Инкассалық өкім Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген нысан бойынша шығарылады және онда салық төлеушінің (салық агентінің) салық берешегi сомаларын өндiрiп алуы жүргiзiлетiн сол банк шотын көрсетуді қамтиды.
Салық органы инкассалық өкімді банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қағаз тасығышта немесе ақпараттық-коммуникациялық желі бойынша беру арқылы электронды түрде жібереді. Инкассалық өкім электронды түрде жіберілген кезде, ол Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің келісімі бойынша уәкілетті орган белгілеген форматтарға сәйкес жасалады.
6. Салық төлеушiнiң (салық агентінің) теңгемен жүргiзiлетiн банк шотында ақша болмаған жағдайда, салық берешегiн өндіріп алу салық төлеушiнiң (салық агентінің) шетел валютасымен жүргiзiлетiн банк шоттарынан салық органдары теңгемен шығарған инкассалық өкiмдерi негiзiнде жүргізіледі.
7. Клиентке қойылған талаптардың барлығын қанағаттандыру үшін клиенттің банктегі немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдағы ақшасы жеткілікті болған кезде салық берешегінің сомасын өндіріп алу туралы инкассалық өкімді банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым бірінші кезектегі тәртіппен және көрсетілген өкімді алған күннен кейінгі бір операциялық күннен кешіктірмей, банк шотындағы бар сомалар шегінде орындайды.
8. Салық төлеушiнiң (салық агентінің) банк шоттарында ақшасы болмаған немесе жеткiлiксiз болған жағдайда, клиентке бiрнеше талаптар қойылған кезде банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым осы шоттарға ақша түсуiне қарай және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде белгiленген кезектiлiк тәртібімен салық берешегiн өтеу шотына клиенттiң ақшасын алып қоюды жүргiзедi.
9. Салық берешегінің сомасын өндіріп алу туралы инкассалық өкім шығарған салық органы салық төлеушінің (салық агентінің) банк шотында ақша болмаған жағдайда, инкассалық өкімді орындауға қабылдаған банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық төлеушінің (салық агентінің) банк шоты жабылған кезде аталған инкассалық өкімді салық төлеушінің (салық агентінің) банк шотының жабылғаны туралы хабарламамен бірге тиісті салық органына қайтарады.
Ескерту. 615-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.04.02 N 262-IV (2010.10.21 бастап қолданысқа енгізіледі); 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 2012.01.12 N 539-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 04.02.2013 № 75-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.01.2014 № 164-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

 


Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 139 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Бап. Қате төленген салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің сомаларын есепке жатқызу, қайтару | Бап. Салықтың, төлемақының, алымның және өсімпұлдың артық төленген сомасын қайтару | Бап. Есепке жатқызылатын қосылған құн сомасының есептелген салық сомасынан асып кетуін қайтару | Бап. Басқа да негіздер бойынша қосылған құн салығын қайтару | Бап. Жалпы ережелер | Бап. Хабарламаны тапсыру және орындау тәртібі | Бап. Мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері | Бап. Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң мерзiмiнде төленбеген сомасына өсiмпұл | Бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру | Бап. Салық төлеушiнiң (салық агентінің) мүлікке билiк етуiн шектеу |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бап. Салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары| Бап. Салық төлеушiнiң (салық агентінің) салық берешегi сомасын оның дебиторларының шоттарынан өндiрiп алу

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.012 сек.)