Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері

Читайте также:
  1. Бап. Қазақстан Республикасында салық салу принциптері
  2. Бап. Қайта құрылымдалатын ұйымның салық төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту тәртібі
  3. Бап. Қате төленген салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің сомаларын есепке жатқызу, қайтару
  4. Бап. Қосылған құн салығы бойынша салық есептілігін белгілеу ерекшеліктері
  5. Бап. Қызметiн «Ақтау теңiз порты» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу
  6. Бап. Қызметiн «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу
  7. Бап. Қызметiн «Тараз химиялық паркі» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу

 

1. Салық төлеушінің (салық агентінің) белгіленген мерзімде орындалмаған салық міндеттемесін орындау мынадай:
1) төленбеген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, оның ішінде олар бойынша аванстық және (немесе) ағымдағы төлемдер сомасына өсімпұлды есепке жазу;
2) салық төлеушінің (салық агентінің) – заңды тұлғаның, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның, дара кәсіпкердің, жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының және адвокаттың банк шоттары бойынша (корреспонденттiк шоттарын қоспағанда) шығыс операцияларын тоқтата тұру;
3) салық төлеушінің (салық агентінің) – заңды тұлғаның, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның, дара кәсіпкердің, жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының және адвокаттың кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру; P090662
4) салық төлеушінің (салық агентінің) – заңды тұлғаның, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның, дара кәсіпкердің, жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының және адвокаттың мүлікке билік етуін шектеу тәсілдерімен қамтамасыз етілуі мүмкін.
1-1. Егер салық міндеттемелерін орындау осы Кодекстің 308-1-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес операторға жүктелсе, онда мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз етудің:
осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген тәсілдері операторға қатысты қолданылады;
осы баптың 1-тармағының 2) – 4) тармақшаларында көрсетілген тәсілдері бір мезгілде операторға және жай серіктестіктің (консорциумның) әрбір қатысушысына қатысты қолданылады.
2. Осы баптың 1-тармағының 2)-4) тармақшаларында көрсетілген мерзімде орындалмаған салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз ету тәсілдері осы Кодекстің 611-613-баптарында белгіленген мерзімдерде қолданылады. Осы баптың 1-тармағының 2)-4) тармақшаларында
көрсетілген мерзімде орындалмаған салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз ету тәсілдерін қолдануды бастағанға дейін салық төлеушіге (салық агентіне) осы Кодекстің 84-тарауына сәйкес хабарлама жіберіледі.
3. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген тәсiлдi қоспағанда, мерзiмiнде орындалмаған салық мiндеттемесiн орындауды қамтамасыз ету тәсiлдерi:
1) республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған, 6 еселенген айлық есептiк көрсеткiштен аз мөлшерде салық берешегi бар;
2) өтініштері осы Кодекстің 51-1-бабында белгіленген тәртіппен қаралатын салық төлеушiлерге (салық агенттерiне) қатысты қолданылмайды.
3-1. Осы тармақта өзгеше белгіленбесе, мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз ету тәсілдері мынадай:
1) банкрот деп танылған жағдайда — банкроттық туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғау туралы сот ұйғарымы шығарылған күннен бастап есепке жазу жүргізілмеген өсімпұлды қоспағанда, салық төлеушіні банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап;
2) оңалту рәсімі қолданылған жағдайда — сот оңалту жоспарын бекіту туралы ұйғарым шығарған күннен бастап тоқтатылатын, мемлекеттік тіркеуге жататын мүлікке және (немесе) ол бойынша мәмілелері мемлекеттік тіркеуге жататын мүлікке иелік етуді шектеуді қоспағанда, оңалту рәсімін қолдану туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап қолданылады.
Бұл ретте, Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасында көзделген жағдайда сомасы кредиторлар талаптарының тізіліміне енгізілмеген салық міндеттемесі бойынша осындай салық төлеушілерге қатысты мұндай міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері қолданылады;
3) банктерді, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын мәжбүрлеп таратқан жағдайда - соттың мәжбүрлеп тарату туралы шешімі заңды күшіне енген күннен бастап қолданылмайды.
4. Салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) хабарламаға шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарылған жоғары тұрған салық қызметі органының шешіміне шағым жасалған жағдайда, осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген тәсілді қоспағанда, мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз ету тәсілдерін қолдану шағымды қарау нәтижелері бойынша шешім шыққанға дейін тоқтатыла тұрады.
5. Алып тасталды - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2010.10.21 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
6. Заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінде банк шоттары болмаған не заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің банк шоттарында және кассасында салық берешегін өтеу үшін ақша болмаған немесе жеткіліксіз болған жағдайларда, салық органы осы баптың 1-тармағы 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген мерзімде орындалмаған салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз ету тәсілдерін осы құрылымдық бөлімшені құрған салық төлеуші заңды тұлғаға қолданады.
Заңды тұлғада біреуден көп құрылымдық бөлімше болған кезде, заңды тұлғаға осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тәртіппен мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз ету тәсілдері қолданылғаннан кейін оның құрылымдық бөлімшесінің салық берешегі өтелмеген жағдайда, салық органы осы баптың 1-тармағы 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген мерзімде орындалмаған салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз ету тәсілдерін мұндай заңды тұлғаның барлық құрылымдық бөлімшелеріне бір мезгілде қолданады.
7. Осы тараудың мақсаты үшін бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті мемлекеттік органда ашылған мемлекеттік мекемелердің шоттары банк шоттарына теңестіріледі, ал бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті мемлекеттік орган банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға теңестіріледі.
Ескерту. 609-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.04.02 N 262-IV (2010.10.21 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.06.30 N 297-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.02.17 № 564-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 N 61-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 9-баптан қараңыз); 21.06.2013 № 106-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. 1-т. қараңыз); 05.12.2013 № 152-V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 07.03.2014 N 177-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

 


Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 198 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотын ашу және жүргізу | Бап. Өсімпұлдарды, айыппұлдарды есепке алу | Бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотын беру | Бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотын жабу | Бап. Салықтың, төлемақының, алымның және өсімпұлдың артық төленген сомаларын есепке жатқызу | Бап. Қате төленген салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің сомаларын есепке жатқызу, қайтару | Бап. Салықтың, төлемақының, алымның және өсімпұлдың артық төленген сомасын қайтару | Бап. Есепке жатқызылатын қосылған құн сомасының есептелген салық сомасынан асып кетуін қайтару | Бап. Басқа да негіздер бойынша қосылған құн салығын қайтару | Бап. Жалпы ережелер |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бап. Хабарламаны тапсыру және орындау тәртібі| Бап. Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң мерзiмiнде төленбеген сомасына өсiмпұл

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)