Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары

Читайте также:
  1. Аақстан құстары, олардың русурстық топтары қорын тиімді пайдалану мен қорғау шараларын сипатаңыз.
  2. Бап. Қазақстан Республикасында салық салу принциптері
  3. Бап. Қайта құрылымдалатын ұйымның салық төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту тәртібі
  4. Бап. Қате төленген салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің сомаларын есепке жатқызу, қайтару
  5. Бап. Қосылған құн салығы бойынша салық есептілігін белгілеу ерекшеліктері
  6. Бап. Қызметiн «Ақтау теңiз порты» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу
  7. Бап. Қызметiн «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу

 

1. Салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) хабарламаға шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарылған жоғары тұрған салық қызметі органының шешіміне шағым жасау жағдайларын қоспағанда, салық органдары салық төлеуші заңды тұлғаның, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның, дара кәсіпкердің, жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың салық берешегіне мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолданады. Мәжбүрлеп өндiрiп алу шаралары қолданыла бастағанға дейiн салық төлеушiге (салық агентіне) осы Кодекстiң 84-тарауына сәйкес салық берешегін өтеу туралы хабарлама жiберiледi.
Салық міндеттемелерін орындау осы Кодекстің 308-1-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес операторға жүктелген жағдайларда жай серіктестік (консорциум) құрамындағы өнімді бөлу туралы келісім бойынша қызметті жүзеге асыратын салық төлеушінің салық берешегін өндіріп алған кезде осы тарауда көзделген мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары салық төлеушіге және (немесе) операторға қатысты қолданылады. Өндіріп алудың түпкілікті мөлшері салық берешегін өтеу туралы хабарламада көрсетілген сомадан аспауы тиіс.
2. Мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары:
1) салық төлеушіде (салық агентінде) республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған 6 еселенген айлық есептік көрсеткіштен аз мөлшерде салық берешегі болған кезде - осындай берешек пайда болған күннен бастап;
2) банкроттық туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғау – банкроттық туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғау туралы сот ұйғарым шығарған күннен бастап;
3) салық төлеушіге қатысты оңалту рәсімін қолдану – өсімпұлды есепке жазуды қоспағанда, борышкердің өтініші түскен күннен бастап, — оңалту рәсімін қолдану туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап қолданылмайды.
Бұл ретте, Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасында белгiленген тәртiппен кредиторлар талаптарының тiзiлiмiне сомасы енгiзiлмеген салық міндеттемесі бойынша осындай салық төлеушілерге қатысты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасында көзделген жағдайда, осындай міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері қолданылады;
4) банктерді, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын мәжбүрлеп тарату – соттың мәжбүрлеп тарату туралы шешімі заңды күшіне енген күнінен бастап қолданылмайды.
3. Салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу мынадай тәртіппен:
1) банк шоттарындағы ақша есебінен;
2) дебиторлар шоттарынан;
3) билік етуі шектелген мүлкін өткізу есебінен;
4) жарияланған акцияларды мәжбүрлеп шығару түрінде жүргiзiледi.
4. Алып тасталды - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2010.10.21 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
5. Заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінде банк шоттары болмаған не заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің банк шоттарында және кассасында салық берешегін өтеу үшін ақша болмаған немесе жеткіліксіз болған жағдайларда салық органы салық берешегін өтеу үшін осы құрылымдық бөлімшені құрған салық төлеуші заңды тұлғаға мәжбүрлеп өндіріп алуды қолдану арқылы салық берешегінің сомасын өндіріп алады.
Заңды тұлғада біреуден көп құрылымдық бөлімше болған кезде заңды тұлғаға осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тәртіппен мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолданғаннан кейін оның құрылымдық бөлімшесінің салық берешегі өтелмеген жағдайда, салық органы мұндай заңды тұлғаның барлық құрылымдық бөлімшелеріне бір мезгілде осы баптың 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген мәжбүрлеп өндіріп алу шарасы қолданады.
6.Осы тараудың мақсатына орай бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органда ашылған мемлекеттік мекемелердің шоттары банк шоттарына теңестіріледі, ал бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымға теңестіріледі.
Ескерту. 614-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.04.02 N 262-IV (2010.10.21 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.06.30 N 297-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.02.17 № 564-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 N 61-V (2010.10.21 бастап қолданысқа енгізіледі); 21.06.2013 № 106-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. 1-т. қараңыз); 05.12.2013 № 152-V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 07.03.2014 N 177-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

 


Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 388 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Бап. Салықтың, төлемақының, алымның және өсімпұлдың артық төленген сомаларын есепке жатқызу | Бап. Қате төленген салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің сомаларын есепке жатқызу, қайтару | Бап. Салықтың, төлемақының, алымның және өсімпұлдың артық төленген сомасын қайтару | Бап. Есепке жатқызылатын қосылған құн сомасының есептелген салық сомасынан асып кетуін қайтару | Бап. Басқа да негіздер бойынша қосылған құн салығын қайтару | Бап. Жалпы ережелер | Бап. Хабарламаны тапсыру және орындау тәртібі | Бап. Мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері | Бап. Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң мерзiмiнде төленбеген сомасына өсiмпұл | Бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бап. Салық төлеушiнiң (салық агентінің) мүлікке билiк етуiн шектеу| Бап. Салық берешегін банк шоттарындағы ақша есебінен өндіріп алу

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)