Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Жалпы ережелер. 1. Ірі салық төлеушілер мониторингі (бұдан әрі – осы тараудың мақсаты

Читайте также:
  1. I ТАРАУ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
  2. I. Жалпы ережелер
  3. Бап. Жалпы ережелер
  4. Бап. Жалпы ережелер
  5. Бап. Жалпы ережелер
  6. Бап. Жалпы ережелер
  7. Бап. Жалпы ережелер

 

1. Ірі салық төлеушілер мониторингі (бұдан әрі – осы тараудың мақсаты үшін - мониторинг) ірі салық төлеушілердің нақты салық салынатын базасын анықтау, Қазақстан Республикасының салық заңнамасының сақталуын және трансферттік баға белгілеу кезінде бақылауды жүзеге асыру мақсатында қолданылатын нарықтық бағаларды бақылау мақсатында олардың қаржылық-шаруашылық қызметін талдау жолымен жүзеге асырылады.
2. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, осы Кодекстің 99-бабында көзделген түзету есепке алынбағанда жылдық жиынтық табысы неғұрлым көп, бір мезгілде мына талаптарға сай келетін:
1) барлық активтерінің баланстық құнының сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және мониторинг жүргізуге жататын ірі салық төлеушілердің тізбесі бекітілуге жататын жылдың соңында қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің кемінде 325 000 еселенген мөлшерін құрайтын;
2) қызметкерлерінің саны кемінде 250 адамды құрайтын ірі салық төлеушілер мониторинг жүргізілуге жатады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе құзыреттi орган мен жер қойнауын пайдаланушы арасында 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн жасалған және мiндеттi салық сараптамасынан өткен өнiмдi бөлу туралы келісімде (келісімшартта) көрсетiлген, осы Кодекстiң 99-бабында көзделген түзетудi есепке алмағанда, жылдық жиынтық табысы неғұрлым көп және (немесе) аталған келісімдерге (келісімшарттарға) сәйкес мұнай-газ конденсаты кен орындарында қызметін жүзеге асыратын сенім бiлдiрiлген адам (оператор) және (немесе) жер қойнауын пайдаланушы (жер қойнауын пайдаланушылар) iрi салық төлеушiлердiң мониторингіне жатқызылады және осы тармақтың бірiншi бөлiгiнiң 1) және 2) тармақшаларында белгiленген шарттардың сақталуына қарамастан, iрi салық төлеушiлер тiзбесiне енгізiледi.
Осы баптың мақсатында:
1) осы Кодекстің 99-бабында көзделген түзету есепке алынбаған жылдық жиынтық табыс, мониторинг жүргізілуге жататын ірі салық төлеушілер тізбесі бекітуге жататын жылдың алдындағы салық кезеңіндегі корпоративтік табыс салығы бойынша декларация деректері негізінде айқындалады;
2) активтердің баланстық құны мониторинг жүргізілуге жататын ірі салық төлеушілер тізбесі бекітуге жататын жылдың алдындағы жылдағы жылдық қаржылық есептілік деректері негізінде айқындалады;
3) қызметкерлердің саны мониторинг жүргізілуге жататын ірі салық төлеушілер тізбесі бекітуге жататын жылдың бірінші тоқсанының соңғы айындағы жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларациялардың деректері негізінде айқындалады.
Осы Кодекстің 99-бабында көзделген түзетуді есепке алмағанда, осы тармақта белгіленген шарттарға сәйкес келетін ірі салық төлеушілердің ішінен жылдық жиынтық табысы неғұрлым көп алғашқы үш жүз ірі салық төлеуші мониторинг жүргізілуге жататын ірі салық төлеушілер тізбесіне енгізіледі.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі мониторингке жататын ірі салық төлеушілер тізбесін аталған тізбе қолданысқа енгізілетін жылдың алдындағы жылдың 15 желтоқсанынан кешіктірмей бекітеді. Z080000100
Егер мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің тізбесін қолданысқа енгізер жылдың алдындағы жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша осы баптың 2-тармағында белгіленген талаптарға сай келетін салық төлеуші таратылу алдында тұрса, мұндай салық төлеуші бұл тізбеге енгізілуге жатпайды.
Мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің бекітілген тізбесі оны бекіткен жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан кейін қолданысқа енгізіледі.
Мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің бекітілген тізбесі қолданысқа енгізілген күннен бастап екі жыл бойына қолданыста болады және осы кезең ішінде қайта қаралуға жатады
4. Мониторингке жататын ірі салық төлеуші қайта ұйымдастырылған жағдайда оның құқық мирасқоры (құқық мирасқорлары) мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің келесі тізбесі қолданысқа енгізілгенге дейін мониторингке жатады.
5. Мониторингке жататын ірі салық төлеуші таратылған жағдайда, сондай-ақ оны банкрот деп тану туралы сот шешімі күшіне енгізілген күннен бастап аталған салық төлеуші мониторингке жататын ірі салық төлеушілер тізбесінен шығарып тасталған деп танылады.
Ескерту. 623-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 N 61-V (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

 


Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 136 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Бап. Басқа да негіздер бойынша қосылған құн салығын қайтару | Бап. Жалпы ережелер | Бап. Хабарламаны тапсыру және орындау тәртібі | Бап. Мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері | Бап. Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң мерзiмiнде төленбеген сомасына өсiмпұл | Бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру | Бап. Салық төлеушiнiң (салық агентінің) мүлікке билiк етуiн шектеу | Бап. Салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары | Бап. Салық берешегін банк шоттарындағы ақша есебінен өндіріп алу | Бап. Салық төлеушiнiң (салық агентінің) салық берешегi сомасын оның дебиторларының шоттарынан өндiрiп алу |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бап. Салық төлеушіні (салық агентін) банкрот деп тану| Бап. Мониторинг бойынша есептілікті ұсыну тәртібі мен мерзімі

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)