Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Мониторинг бойынша есептілікті ұсыну тәртібі мен мерзімі

Читайте также:
  1. IV. 4 Организация мониторинга поствакцинальных осложнений
  2. азақстан тарихы» пәні бойынша мемлекеттік емтихан бағдарламасы
  3. Бап. Қайта құрылымдалатын ұйымның салық төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту тәртібі
  4. Бап. Қол қойылатын бонустың мөлшерін белгілеу тәртібі
  5. Бап. Қолдану тәртібі
  6. Бап. Қолдану тәртібі
  7. Бап. Қолдану тәртібі

 

1. Мониторингке жататын ірі салық төлеушілер мониторинг бойынша есептілікті электронды цифрлы қолтаңбамен расталған электронды құжат нысанында табыс етеді.
2. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, мониторинг бойынша есептілікке мыналар жатады:
1) алып тасталды - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
2) алып тасталды - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
3) бухгалтерлік баланс;
4) өндірілген және сатып алынған тауарлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қозғалысы туралы есеп;
5) өндірілген өнімнің, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің өзіндік құны;
6) қаржылық-шаруашылық қызметiнің нәтижелері туралы есеп;
7) дебиторлық және кредиторлық берешекті таратып жазу.
3. Мониторингке жататын және банктік қызметті, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін лицензия негізінде не Қазақстан Республикасының заңнамалық актісіне сәйкес жүзеге асыратын ірі салық төлеушілерге арналған мониторинг бойынша есептілікке мыналар жатады:
1) алып тасталды - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
2) алып тасталды - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
3) бухгалтерлік баланс;
4) кірістер мен шығыстар туралы есеп;
5) дебиторлық және кредиторлық берешекті таратып жазу.
4. Мониторингке жататын ірі салық төлеушілер болып табылатын сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдары үшін мониторинг бойынша есептілікке мыналар жатады:
1) сақтандыру қызметі туралы есеп;
2) бухгалтерлік баланс;
3) кірістер мен шығыстар туралы есеп.
5. Мониторингке жататын және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдері бойынша қызметті, сондай-ақ зейнетақы активтерін инвестициялық басқару бойынша қызметті жүзеге асыратын ірі салық төлеушілерге арналған мониторинг бойынша есептілікке мыналар жатады:
1) зейнетақы активтері бойынша есеп;
2) зейнетақы активтерін басқару бойынша есеп;
3) бухгалтерлік баланс;
4) кірістер мен шығыстар туралы есеп.
6. Мониторингке жататын ірі салық төлеушілер осы баптың 2 – 5-тармақтарында көрсетілген есептілікті есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-күнінен кешіктірмей уәкілетті орган бекіткен тәртіппен және нысандар бойынша тоқсан сайын ұсынып отырады.
Егер мониторинг бойынша есептілік нысандарын ұсыну мерзімінің соңғы күні жұмыс күні болмаса, ұсыну мерзімі келесі жұмыс күні болып табылады.
Ескерту. 624-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 N 61-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 9-баптан қараңыз), 21.06.2013 № 106-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. 1-т. қараңыз); 05.12.2013 N 152-V (01.12.2013 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

 


Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 184 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Бап. Жалпы ережелер | Бап. Хабарламаны тапсыру және орындау тәртібі | Бап. Мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері | Бап. Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң мерзiмiнде төленбеген сомасына өсiмпұл | Бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру | Бап. Салық төлеушiнiң (салық агентінің) мүлікке билiк етуiн шектеу | Бап. Салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары | Бап. Салық берешегін банк шоттарындағы ақша есебінен өндіріп алу | Бап. Салық төлеушiнiң (салық агентінің) салық берешегi сомасын оның дебиторларының шоттарынан өндiрiп алу | Бап. Салық төлеушіні (салық агентін) банкрот деп тану |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бап. Жалпы ережелер| Тарау. ТӘУЕКЕЛДЕРДІ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)