Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тарау. ТӘУЕКЕЛДЕРДІ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ

Читайте также:
  1. I ТАРАУ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
  2. БЛЕК ЖҮЙЕСІ БОЙЫНША IV КЛАСС ТІСЖЕГІ ҚУЫСЫН ЕГЕП ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ ПЛОМБЫЛАУ
  3. БЛЕК ЖҮЙЕСІ БОЙЫНША V КЛАСС ТІСЖЕГІ ҚУЫСЫН ЕГЕП ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ ПЛОМБЫЛАУ
  4. ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫНЫҢ СТУДЕНТТІК ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ ҚҰРЫЛЫМЫ
  5. Тарау. ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АУМАҚТАРДЫ ПАЙДАЛАНҒАНЫ ҮШІН ТӨЛЕМАҚЫ
  6. Тарау. Жалпы ережелер
  7. Тарау. Жалпы ережелер

 

Бап. Жалпы ережелер

 

1. Тәуекелдерді басқару жүйесі тәуекелдерді бағалауға негізделген және тәуекелді анықтау және алдын алу мақсатында салық қызметі органдары әзірлейтін және (немесе) қолданатын шараларды қамтиды. Тәуекелдерді бағалау нәтижелері негізінде салық бақылауының нысандарын саралап қолдану жүзеге асырылады.
2. Тәуекел – салық төлеушінің (салық агентінің) мемлекетке нұқсан келтіретін және (немесе) нұқсан келтіруі мүмкін салық міндеттемесін орындамау және (немесе) толық орындамау ықтималдығы.
3. Салық қызметі органдарының тәуекелдерді басқару жүйелерін қолдану мақсаттары:
1) назарын тәуекелі жоғары салаларға шоғырландыру және қолда бар ресурстарды анағұрлым тиімді пайдалануды қамтамасыз ету;
2) салық салу саласында бұзушылықтарды анықтау бойынша мүмкіндіктерді кеңейту.
4. Тәуекелдерді басқару жүйесі салықтық бақылауды жүзеге асыру кезінде, оның ішінде:
1) салықтық тексеру жүргізу үшін салық төлеушілерді (салық агенттерін) іріктеу;
1-1) қайтаруға жататын қосылған құн салығының асып кеткен сомасын растау үшін;
1-2) камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтардың тәуекел деңгейін анықтау мақсатында пайдаланылады.
Бұл ретте уәкілетті орган кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп бекіткен критерийлерді қоспағанда, осы тармақтың 1) және 1-2) тармақшаларында көрсетілген тәуекелдер деңгейін бағалау критерийлері құпия (қызметтік) ақпарат болып табылады;
2) осы Кодекстiң 274-бабының ережелерi ескерiле отырып, қосылған құн салығының асып түскен сомасын қайтарудың оңайлатылған тәртiбiне құқықты айқындау мақсатында пайдаланылады.
5. Алынып тасталды - ҚР 2009.07.17 N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
6. Тәуекелдерді басқару жүйесі тәуекелдерді басқарудың ақпараттық жүйесін қолдана отырып жүзеге асырылуы мүмкін.
7. Қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығының асып түскен сомасын растау мақсатында тәуекел дәрежесінің критерийлерін және тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Ескерту. 625-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.07.17 N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.06.30 N 297-IV(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2012.12.26 N 61-V(қолданысқа енгізілу тәртібін 9-баптан қараңыз); 05.12.2013 № 152-V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

 

Бап. Салық қызметі органдарының тәуекелдерді бағалау және басқару жөніндегі іс-қимылдары

 

Салық қызметі органдары салық төлеуші (салық агенті) ұсынған салық есептілігінің деректеріне, уәкілетті органдардан алынған мәліметтерге, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) қызметі туралы басқа да құжаттарға және (немесе) мәліметтерге талдауды жүзеге асырады.
Мұндай талдаудың нәтижелерін салық қызметінің органдары осы Кодекстің 625-бабында көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу үшін пайдаланады.

 


Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 271 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Бап. Хабарламаны тапсыру және орындау тәртібі | Бап. Мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері | Бап. Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң мерзiмiнде төленбеген сомасына өсiмпұл | Бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру | Бап. Салық төлеушiнiң (салық агентінің) мүлікке билiк етуiн шектеу | Бап. Салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары | Бап. Салық берешегін банк шоттарындағы ақша есебінен өндіріп алу | Бап. Салық төлеушiнiң (салық агентінің) салық берешегi сомасын оның дебиторларының шоттарынан өндiрiп алу | Бап. Салық төлеушіні (салық агентін) банкрот деп тану | Бап. Жалпы ережелер |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бап. Мониторинг бойынша есептілікті ұсыну тәртібі мен мерзімі| Бап. Салықтық тексерулер ұғымы, типтері мен түрлері

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)