Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Блек жҮйесі бойынша V класс тісжегі Қуысын егеп тазалау жӘне пломбылау

Читайте также:
  1. AC \ DС И ДВОЙКИ В КЛАССНОМ ЖУРНАЛЕ
  2. I класс тісжегі қуысын амальгамамен пломбылау кезеңдері.
  3. I. Коллективный анализ и целеполагание воспитатель­ной работы с привлечением родителей, учащихся, учите­лей класса.
  4. I. Функции и классификация органов чувств
  5. III класс тісжегі қуысын егеп тазалау
  6. Quot;Молодые неоклассики". Р.Лукас и А.Лаффер
  7. Quot;Новые" классы

3.8.Сурет Блек бойыншаV класс тісжегі қуыстары: 13 тістегі мойын бөлігінде орналасқан тісжегі қуысыа; б —Блек бойынша V класс тісжегі қуыстарын егеп тазалау нұсқалары.

 

Қуыстардың пішіні және орналасуы Қуыстарды оқшаулау Қуыстың қызылиектік қабырғасын қалыптастыру Қуыстың окклюзиялық және бүйір қабырғалары
V класс тісжегі қуыстары (3.8 сурет) тістің мойын сызығынан жоғары, тіс мойыны сызығы деңгейінде түбірге қарай тарала орналасады немесе түбірде тістің мойын сызығынан төмен, жоғары жеке орналасуы мүмкін. V класс тісжегі қуысының пішіні дүңгелек немесе сопақ болады.Қуыстың егеп тазаланатын шекарасы тістің қатты тіндерінің тісжегімен зақымдану дәрежесіне байланысты. Профилактикалық кеңейту кезінде қызылиек мойын бөлігіндегі қабырғаны қызыл иек шетіне дейін немесе тісжегі үрдісі кіреуке дентин байланысына немесе одан өтіп кетсе одан төмендеу етіп егеп тазалайды. Окклюзиялық бағытта қуысты тістің орта және мойын бөлігіне дейін жеткізеді. Бұл аймақ тамақ шайнау үрдісі кезіндегі физиологиялық тазалануда жақсы тазаланады. Қуысты алдыңғы артқы бағытта тістің жанасу бетінің вестибулярлы немесе оральді бетке өтетін белбеуіне дейін кеңейтеді. Қуыстың қабырғаларының пародонттың жиектік бөлігіне жақын орналасуы (жиектік қызылиек,қызылиек сайы) егеп тазалау және пломбылау үрдісі кезінде қызылиек жалқығымен, трансудантпен, қанмен ластануы мүмкін. Қуыстың қызылиек қабырғасын жиектік қызылиектен оқшалаудың бірнеше тәсілі бар. •клампен бірлестірілген коффердам жиектік қызылиекті қуыстың қызылиек шетінен апикальді бағытта кері итеріп тұрады. •егер коффердам қолданылмаса немесе қызылиекті кламппен кері итеріп тұру қиындаса, онда V класс қуыстарын пломбылауға арналған матрицалармен және ретракторларды қолданған жөн. •қызылиек сайына немесе қалталарға қойылатын ретракциялық жіптерді қолдану балама әдіс болып табылады. Қуыстың қызылиектік қабырғасы қызылиек деңгейі шетінде немесе қызылиектен 1мм төмен орналасуы мүмкін. Мойын бөлігінде ұлпаның жақын орналасуына байланысты қызылиек қабырғасының тіс бетіндегі қызылиек қабырғасы қуысының ұзындығы және тереңдігі 1мм аспау керек.Қуыстың тереңдігі тісжегі ұрдісінің тереңдігіне және орынбасушы дентинге байланысты. Қызылиек қабырғалары окклюзия жағына қарай ретенциялық жағдай жасау үшін бір-бірінен алшақтау болуы мүмкін. Кіреукеде фальц жасау кезінде қызылиек қабырғалары тіс мойынынан төмен орналасса, онда кіреуке жабындысын болмайтынын естен шығармау керек. Осыған байланысты ретенциялық мүмкіндіктерді нығайту мақсатында мойын бөлігндегі қабырғаларының Қуыстың табанына ауысатын шекарасында сайлар жасауға кеңес беріледі. Қуыстың алдыңғыартқы бағытта созылып жатуы кезінде сайлар бүйір қабырғаларынан аспау керек. Қызылиек қабырғасының сыртқы пішіні қызылиек шетіне параллельді орналасады. V класс тісжегі қуысының табаны тіс қуысының топографиясына қарай және сыртқы дөңестік белгісін қайталай отырып вестибулярлы және оральді бағытта дөңестеу болуы керек.   Көп жағдайда сыртқы окклюзиялық қуыстың пішіні тіс сауытының үштен бір және мойын бөлігі аймағында тістеу қырына немесе тістің окклюзиялық бетіне параллельді орналасады. Окклюзиялық беттің тереңдігі тіс қуысынан алшақтау болуына қарай 1 мм терңдеу болады. Окклюзиялық қабырғалар мойын қабырғаларынан сәл алшақтау орналасады.Ретенцияны жақсарту мақсатында окклюзиялық беттің қуыс табанына өтетін аймағында терең емес сайлар қалыптастырады. Керек болған жағдайда қиықты окклюзиялық бағытқа қарай жасайды. Бүйір қабырғалары алдыңғыартқы бағытта аздап дөңестеу. Мойын бөлігі аймағындағы бүйір қабырғалардың тереңдігі окклюзиялық қабырғаларға қарағанда терең емес.Себебі мойын бөлігінде окклюзиялық бетке қарағанда тарлау.Бүйір қабырғасында ретенциялық сайлар жасалмайды. Окклюзиялық және бүйір қабырғалар бір- тіс бетіне перпендикулярлы болып 90 градустық бұрыш құрау керек.

 

V КЛАСС ТІСЖЕГІ ҚУЫСЫН ПЛОМБЫЛАУҒА АРНАЛҒАН МАТЕРИАЛДАР

М атериалдар Қолдану тәсілдері Мақсаты  
Компомерлер Қолданар алдында инструкцияны қолдану керек. Композиттің бағытталған қатаю әдісін және қабаттай қою тәсілін қолданады.Материал қатаю кезінде сәулені материалдың жақсы үйлесуі үшін қызылиек жағынан бағыттау керек.     Тістердің анатомиялық пішінін және функциональдық және эстетикалық параметрін қалпына келтіру
Микротолықтырылған композиттер Қолданар алдында инструкцияны қолдану керек. Композиттің бағытталған қатаю әдісін және қабаттай қою тәсілін қолданады.Материал қатаю кезінде сәулені материалдың жақсы үйлесуі үшін қызылиек жағынан бағыттау керек. Тістердің анатомиялық пішінін және функциональдық және эстетикалық параметрін қалпына келтіру
Микробұданды композиттер, соның ішінде нанотехнологияны қолдана отырып жасалған материалдар Қолданар алдында инструкцияны қолдану керек. Композиттің бағытталған қатаю әдісін және қабаттай қою тәсілін қолданады.Материал қатаю кезінде сәулені материалдың жақсы үйлесуі үшін қызылиек жағынан бағыттау керек. Тістердің анатомиялық пішінін және функциональдық және эстетикалық параметрін қалпына келтіру
Төменгі модульді композиттер (ағымды)   Қолданар алдында инструкцияны қолдану керек. Композиттің бағытталған қатаю әдісін және қабаттай қою тәсілін қолданады.Материал қатаю кезінде сәулені материалдың жақсы үйлесуі үшін қызылиек жағынан бағыттау керек. Тістердің анатомиялық пішінін және функциональдық және эстетикалық параметрін қалпына келтіру
Шыныполиалкенатты цементтер Қолданар алдында инструкцияны қолдану керек. Тістердің анатомиялық пішінін және функциональдық және эстетикалық параметрін қалпына келтіру
Шайнау тістер аймағында орналасқан тісжегі қуыстарына амальгама қолданады. (жасы ұлғайған адамдар үшін)   Қолданар алдында инструкцияны қолдану керек.Амальгаманы араластырғыш және тасымалдаушы пистолет Тістердің анатомиялық пішінін және функциональдық параметрін қалпына келтіру

 

3.10. БЛЕК ЖҮЙЕСІ БОЙЫНША VI КЛАСС ТІСЖЕГІ ҚУЫСЫН ЕГЕП ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ ПЛОМБЫЛАУ

VI класс тісжегі қуысына (3.9сурет) күрек, сүйір тістердің кесу қырларында, кіші және үлкен азу тістердің төмпешіктерінде орналасқан тісжегі қуыстарын жатқызады. Егеп тазалау алдында көшірме қағаз көмегі арқылы окклюзиялық жанасу нүктелерінің окклюзиялық қарым-қатынасын анықтайды. Егеп тазалау кезінде келесі ерекшеліктерді ұмытпау керек;

•зақымданған тіндер аймағын егеп тазалау әдісі;

•кіреуке шеттерінде қиық қалыптастыруғы болмайды. Бұл ұсыныс жиі кездесетін тек қана өте үлкен емес VI класс қуыстарға жатады.

VI КЛАСС ТІСЖЕГІ ҚУЫСЫН ПЛОМБЫЛАУҒА АРНАЛҒАН МАТЕРИАЛДАР

 

М атериалдар Қолдану тәсілдері Мақсаты  
Микробұданды композиттер, соның ішінде нанотехнологияны қолдана отырып жасалған материалдар Қолданар алдында инструкцияны қолдану керек. Композиттің бағытталған қатаю әдісін және қабаттай қою тәсілін қолданады.Материал қатаю кезінде сәулені материалдың жақсы үйлесуі үшін қызылиек жағынан бағыттау керек. Тістердің анатомиялық пішінін және функциональдық және эстетикалық параметрін қалпына келтіру
Шайнау тістер аймағында орналасқан тісжегі қуыстарына амальгама қолданады. (жасы ұлғайған адамдар үшін)   Қолданар алдында инструкцияны қолдану керек.Амальгаманы араластырғыш және тасымалдаушы пистолет Тістердің анатомиялық пішінін және функциональдық параметрін қалпына келтіру

 

3.9.Сурет. Блек бойынша VI класс тісжегі қуыстары: а —14 тістегі тісжегі қуысы; б —астыңғы жақтағы алдыңғы тістердегі қуыстар

 


Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 330 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: ТІСТЕРДЕГІ ТІСЖЕГІ ТЕОРИЯСЫ | ТІС ҚАҚТАРЫНЫҢ, СІЛЕКЕЙДІҢ ЖӘНЕ КІРЕУКЕ ӨТКІЗГІШТІГІНІҢ ТІСЖЕГІ ДАМУЫНДАҒЫ РОЛІ. | ТІСТЕР ТІСЖЕГІСІНІҢ ПАТОЛОГИЯЛЫҚ АНАТОМИЯСЫ | ТІСТЕРДЕГІ ТІСЖЕГІНІҢ ДИАГНОСТИКАСЫ, КЛИНИКАЛЫҚ КӨРІНІСІ, САЛЫСТЫРМАЛЫ ДИАГНОСТИКАСЫ | ТІСТЕРДЕГІ ТІСЖЕГІНІ ЕМДЕУДІ ЖӘНЕ РЕСТАВРАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУДЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕТІН АСПАПТАР,ҚОСЫМША ҚОНДЫРҒЫЛАР, АКСЕССУАРЛАР. | СТОМАТОЛОГИЯЛЫҚ ЕМХАНАДА ЖАНСЫЗДАНДЫРУ | ТІСТЕРДЕГІ БАСТАПҚЫ ТІСЖЕГІНІ ЕМДЕУ. КІРЕУКЕНІ ҚАЙТА МИНЕРАЛДАУ ТЕРАПИЯСЫ. | БЛЕК БОЙЫНША I КЛАСС ТІСЖЕГІ ҚУЫСЫН ЕГЕП ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ ПЛОМБЫЛАУ | БЛЕК БОЙЫНША II КЛАСС ТІСЖЕГІ ҚУЫСЫН ЕГЕП ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ ПЛОМБЫЛАУ | III класс тісжегі қуысын егеп тазалау |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
БЛЕК ЖҮЙЕСІ БОЙЫНША IV КЛАСС ТІСЖЕГІ ҚУЫСЫН ЕГЕП ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ ПЛОМБЫЛАУ| ТІСЖЕГІНІ ЕМДЕУ КЕЗІНДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН МАТРИЦАЛЫҚ ЖҮЙЕ

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)