Читайте также:
|
|
Тістерді пломбылау кезінде қолданылатын аспаптардың ішінде матрицаларға және матрица ұстағыштарға өте үлкен орын беріледі. Матрица тістің тісжегі үрдісімен зақымдалған қабырғаларын бөліп тұратын және қойылған пломбалық материалды қатқанға дейін ұстап тұратын, пломбылау кезінде тіске анатомиялық пішін беруге мүмкіндік туғызатын металл немесе пластик пішіндес аспап. Матрица тіске тез салынып, тез алынуы керек.Бұл іс шаралар дәрігер стоматологтың көп уақытын алмау және тіс тіндері мен пломбаның пішінін бұзбау керек.
Матрицалардың пішін үйлесімі тістің бұзылған бөлігінің пішінін қалпына келтіруін қамтамасыз ету және қызыл иек тіндерін немесе коффердамды пломбалық материалдан оқшаулап тұру керек.
Матрица тісте мықты орналасып, пломбалық материалды нығыздау және қатаюы кезінде қозғалмауы қажет. Матрицаны тісте бекіту үшін арнайы қондырғы матрица ұстатқыштарды қолданады.
«Матрица —матрица ұстатқыш» жүйесі пациентке ыңғайсыздық сезімін туындатпауы қажет. Матрица ұстатқыш процедураны жасауға кедергі жасамау, өте үлкен болмауы тиіс.
Матрицаларды екі топқа бөлуге болады. Бірінші топқа тістің толық шеңберін қамтитын таспалы матрицалар жатады. Мұндай матрицаларды Тоффлемайр типтес матрица ұстатқыштармен бекітеді. (3.10 сурет).
Секциялық матрицалар тістің зақымдалған бетін ғана жауып тұратын және тіс пішінін қалыптастырушы матрицалар. (3.11, 3.12сурет). Матрица ұстатқыш матрицаның пломбыланатын қуыстың барлық қабырғалармен тығыз болуын қамтамазыс етуі керек.
Матрица және матрица ұстатқыш қолданар алдында тез залалсызданырылуы тиіс. Матрицалардың тек бірақ рет қолданатынын естен шығармау керек. Тіске матрицаларды қоярда келесі ережелерді сақтау керек. Матрицаның қызылиекке қараған шеті пломбыланатын қуыстың қызылиек қабырғасынан 0,5-1,0 мм төмен орналасуы керек. Бұл матрицаның тістераралық сыналармен бір мезгілде қысылуын қамтамасыз етіп, пломбалық материалдың матрица мен тіс қабырғасы арасынан шығып кетпеуін және пломбалық материалдың қызыл иекті жарақаттануынан қорғайды. Матрицаның окклюзиялық шеті жиектік айдаршықтан 1-2мм жоғары орналасуы керек. (3.10суретті қара).
3.10.Сурет. Матрицалық жүйе «Тоффлемайр»: а —матрицаны матрицаұстатқышта бекіту; б —матрицаның қызылиектік және окклюзиялық шетінің пломбыланатын тіспен өзара қатынасы; в —матрицаұстатқышты тіске бекіту; г—матрицаны медиальдіокклюзиялық және медиальдіокклюзиялықдистальді қуыстарды пломбылау кезіндегі орналасуы.
3.11.Сурет. «Composi Tight 3D» секциялық матрица жүйесі (а); тіске бекітілген секциялық матрица (б)
Матрицалармен жұмыс істеу кезіндегі ең маңызды шарт тістер аралық сыналарды қолдану. Матрицаны қойғаннан кейін оны сыналармен бекіту керек.
Қазіргі кезде ағаш және пластиктерден жасалған әр түрлі мөлшердегі сыналардың кең ауқымды түрлері шығарылуда.
Тістер аралық сыналар көптеген қызмет атқарады. Ең алдымен олар матрицаның пломбыланатын тістерге тығыз қысылуын қамтамасыз етіп, және пломбалық материалдың тісаралық кеңістікке түспеуін, оның қызыл иекті жарақаттанбауын қамтамасыз етеді.Пломбаның салбыраңқы шеттері пломбалау кезіндегі ең ауыр асқынулар болып келеді. Себебі, тісаралық кеңістікке түскен пломбалық материал қызыл иек бүртікшесін жарақаттау нәтижесінде жергілікті пародонт қабынуыныі пайда болуына әсер етеді. (3.13сурет). Тістер аралық сыналардың келесі маңызды қызметі – тістер арасына енгізу кезінде тістердің сепарациясы жүреді. Матрицаны алғаннан
кейін тістер бір-біріне жақындап тығыз жанасады. Егер тістер арасында сеперация жүргізілмесе, онда көрші тістер арасында матрица қалыңдығына сәйкес келетін саңылау қалады. Бұл тістер арасында жанасу нүктесінің қалыптаспауына және сол араға тамақ қалдықтарының түсуіне жағдай туындатады.Тістер аралық сыналарды тістер арасына енгізу кезінде сынаның ұшы пломбыланатын қуыстың қызыл иек қабырғасынан төмен тұруын қамтамасыз ету керек.
3.12. «V3 Ring» секциялық матрица жүйесі: а —матрицалар, шеңберлер және тістер аралық сыналар жиынтығы; б —қысқаштар; в — 14 тіске қою тәсілі.
Сынаның қыр негізі екі көрші тістің мойын деңгейінде орналасуы тиіс..
Егер сынаның қыр негізі матрицаға қызыл иек қабырғасынан жоғары тірелетін болса, онда сынаны тістер арасына ангізу кезінде пайда болған қысым нәтижесінде матрица деформацияға ұшырап, пломбаның пішін үйлесімі бұзылады. (3.13суретті қара).
3.13. Сурет. II клас тісжегі қуысын пломбылау кезінде тістер аралық сыналарды қолдану: а-тістер аралық сыналардың болмауы пломбаның салбыраңқы шетінің қалыптасуына алып келеді; б- дұрыс қойылмаған сына пломбаның және матрицаның деформациялануына әсер етеді; в- тістер аралық сынаның дұрыс орналасуы; 1-тістер аралық сына; 2-матрица; 3- пломба; 4-пломбаның салбыраңқы шеті.
Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 234 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
БЛЕК ЖҮЙЕСІ БОЙЫНША V КЛАСС ТІСЖЕГІ ҚУЫСЫН ЕГЕП ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ ПЛОМБЫЛАУ | | | ТІСТЕРДЕ ТІСЖЕГІНІ ЕМДЕУ КЕЗІНДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ПЛОМБАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР |