Читайте также:
|
|
Егеп тазаланған қуыстарды тістің сыртқы құрылымдарын оқшайлай отырып қандай да бір пломбалық материалдармен тығыз толтырады. Кіреуке және дентиннің түсін, жылтырлығына сәйкес келетін материалдарды реставрациялық немесе қайта қалпына келтіруші материалдар деп атайды.
Сондықтан тістерді пломбылау бұл пломбалық материалдардың көмегімен тістердің қызметін қалпына келтіретін емдік процедура болса, ал қайта қалпына қелтіру (реставрация) тістің алғашқы пішінін толықтай қалпына келтіретін емдік және көркемдік жұмыспен қосарланған элементтен тұратын процедура.
Пломбалық материалдар қолдануына қарай тістерді тікелей немесе тікелей емес пломбылауға, герметизациялауға арналған материалдар болып бөлінеді.
Жабысқақтық жүйе жеке пломбалық материал болфп табылмайды.
I. Тістерді тікелей пломбылауға арналған материалдар.
1. Уақытша пломбылауға арналған материалдар.
2. Төсемдік материалдар:
•емдік;
•аралық.
3. Тұрақты пломба қоюға арналған материалдар:
•цементтер (минеральды, полимерлі);
•металлқұрамдас пломбалық материалдар (амальгама);
•полимерлі пломбалық материалдар
(толықпаған акрил немесе эпоксид шайыры негізінде жасалған пластмассалар; толыққан — композиттер; компомерлер, ормокерлер).
II.Тікелей емес пломбылауға арналған материалдар:
•металды;
•керамикалық;
•полимерлі.
III. Беттік герметизациялауға арналған материалдар:
•табиғи сызаттарды (фиссуралы);
•реставрация бетін жабуға арналған герметиктер.
IV. Адгезивті немесе жабысқақты жүйе:
•өздігінен қатаятын (химиялық жолмен қатаятын);
•сәулемен қатаятын;
•екі түрде қатаятын.
Қатаю тәсілі бойынша материалдарды бірінші –қатты (қолдану кезінде өзінің алғашқы қаттылық консистенциясын өзгертпейді) және дәрігерлік манипуляция кезінде қатаятын материалдар.
Стоматологиялық қатаятын материалдар өздігінен немесе химиялық жолмен қатаятын, сәулемен қатаятын және аралас қатаятын болып бөлінеді.
Өндірісте тістің қатты тіндеріне сәйкес келетін материалдардың эстетикалық қасиетін, биологиялық үйлесімділігін жақсарту жолдарын жаңартумен айналысуда. Өте оңды пломбалық материал жоқ. Сондықтан барлық пломаблық материалдарға төмендегі талаптар қойылады.
• қажалуға механикалық қаттылық және беріктік;
•жылуөткізгіштігі төмен болуы керек;
•материалдың кеңейу коеффиценті тіс тіндерінің кеңейу коеффицентіне сәйкес келуі;
•материалдың қуыс қабырғаларымен химиялық және шағын механикалық байланыс құруды;
•ұзақ уақыт пішінін және көлемін өзгертпеуді;
•пломбылау үрдісі және қатаю кезінде ылғалға тәуелділігі төмен болу керек;
•тіс тіндерінің түсіне сәйкес келуі керек;
•жақсы пластикалық қасиеті болуы;
•рентгенконтрастты;
•тісжегіге қарсы әсері;
•қолдануда қарапайым болу;
•қолдану мерзімі ұзақ болуы;
•сақтау және тасымалдауда ерекше талапты қажет етпеуі керек.
Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 818 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
ТІСЖЕГІНІ ЕМДЕУ КЕЗІНДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН МАТРИЦАЛЫҚ ЖҮЙЕ | | | ТӨСЕМДІК МАТЕРИАЛДАР |