Читайте также: |
|
Төсемдік материалдар дентин, кейде ұлпа мен тұрақты пломба немесе уақытша пломба арасындағы аралық қабаттағы материал болып табылады.
Емдік және аралық төсем деп екіге бөлінеді.
Емдік төсемдер терапиялық және қорғаныс қызметін атқаратындықтан келесі қасиеттерге ие болуы керек:
•тіс ұлпасын тітіркендірмеу керек;
•қабынуға қарсы, антимикробты, дентин түзеуші әсер етуі керек;
•астындағы дентинді жақсы қорғау керек.
Бір төсем толыққанды барлық терапиялық спектрлі әсер етпейді. Сондықтан ұлпа қабынуы кезінде алғашында күшті қысқа мерзімді жансыздандырушы және қабынуға қарсы әсері бар емдік төсемді қояды. Мұндай төсемдер тез ex tempore даярланады немесе даяр түрлері де болады.
Олардың құрамында глюкокортикоидтар (гидрокортизон, преднизолон) немесе стероидты емес қабынуға қарсы (индометацин, мовалис, диклофенак) әсері бар препараттар болады. Емдік төсемдер құрамында микробқа қарсы әсері бар препараттар болады: хлоргексидин, метронидазол,гипохлорид натрий.
Мұндай емдік төсемдерді емдік нәтижесі төмен болуына байланысты өте сирек қолданады. Қабыну үрдісі басылғаннан кейін бұл емдік төсемдерді орынбасушы дентиннің түзілуін ынталандыратын төсемдемен алмастыру керек. Міне осындай төсемдер ұзақ уақыт әсер етуі қажет. Оларды тұрақты пломбаның астына қоюға болады.
Кальций гидроксиді негізінде жасалған материалдар бүгінде кеңінен қолданыс тапты: Dycal»;»Life»; «Alkaliner»; «Calmicol», «Calmicol LC».
Бұл препараттар қойыртпақ-қойыртпақ негізінде (негізгі және қатайтушы) бірдей көлемде алынып араластырылатын материал ретінде жасалған.
Материалды дентин аймағына жұқа қабатпен тіс ұлпасы жақын орналасқан аймаққа қояды. Материалды тісжегі қуысына апарып қоюға арналған түймені еске салатын, бірақ бас жағы үлкенірек арнайы зонд жасалған. Материал ауыз қуысы жылуы және дентин түтікшелеріндегі сұйықтық әсерінен тез қатаяды.
Материалдар өте аз салмақты ғана ұстап тұратындықтан С (фосфат цементтен қысымға беріктілігі 10–15есе аз), үстінен шыныполиалкенатты цементпен жабу керек. Кальций гидроксидтің үстін аралық лактарды қолданып жабу өзін ақтаған жоқ. Гидроксидқұрамдас препараттардың кемшілігі тұрақты пломба астында өзінен өзі еріп кетуі болып келеді.
Аралық төсемдер тіс ұлпасын тұрақты пломбалардың улы әсерінен қорғауға арналған материалдар. Цементтерді сұйықтықпен араластырғаннан кейін пайда болатын қышқылдар қалдығы аталатын, ал композиттердің қатаюынан кейін пайда болатын бос радикалдарда тіс ұлпасына улы әсер етеді. Өздігінен қатаятын композиттердің қатаю үрдіснен кейін пайда болатын жылулық та тіс ұлпасына зиянды әсер етеді.
Амальгаманда жылу өткізгіштік өте жоғары. Жоғарыда аталған зиянды факторлардың әсерін төмендету үшін аралық төсемдерді қолданады. Бүгінгі таңда стоматологияда барлық аралық төсемдерді базалық және жұқа қабатты аралық төсемдер деп екіге бөледі.
Базалық аралық төсемдерді тұрақты пломбаның негізі ретінде қалыңдығы 1 мм және одан қалыңдықта төсем ретінде қолданады. Бұндай төсемдер тісжегі қуысының геометриясын қайталау керек және ұлпаны температуралық, химиялық тітіркендіргіштерден қорғай отырып, кіреуке дентин шекарасына дейін қойылады.Олар тұрақты материалдардың қолдануын кәдімгідей үнемдейді. Қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу барысында, әсіресе эстетика жағын еске алатын болсақ, төсем ретінде жартылай жылтыр түсті әмбебап опак материал немесе дентинге ұқсас материал қолдану дұрыс болады.
Базалық төсемдер ретінде минералды және полимерлі цементтер, ал соңғы жылдары компомерлер мен композиттерді кеңінен қолдануда.
Жұқақабатты төсемдер –бұл лактар және полимерлі жабысқақ жүйесі. Лактарды қайта қалпына қелтіру стоматологиясында органикалық еріткіште ерітілген полимерлі шайырлар деп атайды. Лакты тісжегі қуысына енгізгеннен кейін ерітінді бұлануға ұшырайды және тісжегі қуысының қабырғалары мен табанына жұқа қабық ретінде жауып тұратын шайыр түзейді.
Лайнерлердің құрамында гидроксид кальций, фторид натрий немесе мырыш тотығы сияқты емдік қоспалар болады. Лайнерлерден кальций, фтор иондары цементтермен салыстырғанда, әсіресе қатаймайтын қойртпақтарға қарағанда көп бөлінбейді.
Лактарды және лайнерлерді екі қабаттап жағады. Қазіргі кезде стоматологияда тіс тіндеріне биологиялық үйлесімдігі мен жабысуы өте жоғары болуына байланысты шыныполиалкенатты цементтерді және жабысқақ жүйені кеңінен қолданады. Сондықтан лактар мен лайнерлер өте аз қолданылады. Амальгама пломбасының астына аралық төсем ретінде цинк фосфаттың цементті қою кезінде оның құрамындағы ортофосфорлы қышқылының ұлпаға зиянды әсер етуінен қорғау үшін, «Air Flow» ауалы –абразивті аспаппен тістерді тісжегі қақтарынан тазалау кезінде пайда болатын жоғары сезімталдықтың алдын алу үшін алдыменен қуысқа немесе тіс мойындарына арнайы аралық лактар жағылуы керек.
Бүгінде аралық лактар ретінде «Cavalite»,«Amalgam Liner», «Silcot», Pupidor» материалдары кеңінен қолданыс тапқан..
Полимерлі жабысқықтық жүйені аралық төсем ретінде қолдану, әсіресе қайта қалпына келтіру стоматологиясында бүгінгі таңда кеңінен қолдану классикалық аралық төсемдердің маңызы мен оның орнын қайта қарау керектігі туындап отыр.
Шынытолықтырылған жабысқақтық жүйе дентин түтікшелерін және майда саңылауларды толықтай тығыз жаба отырып, ұлпаға зиянды әсер ететін факторлардың және микроорганизмдердің енуіне жол бермейді.
Сондықтан замануи жабысқақтық жүйе егеп тазалаудан кейін тіс ұлпасында пайда болатын сезімталдықты және екіншілік тісжегінің дамуын жояды.
Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 449 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
ТІСТЕРДЕ ТІСЖЕГІНІ ЕМДЕУ КЕЗІНДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ПЛОМБАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР | | | МИНЕРАЛДЫ ЦЕМЕНТТЕР. |