Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Минералды цементтер.

Цементтер — сумен немесе сулы ерітінділермен араластырылатын ұнтақтәрізді қоспалар.

Цинк -фосфатты цемент. Стоматологияда бұл цементтің қолданылу тарихы бұрыннан жатыр. 1880 жылы Ward ұнтағы 81% цинк тотығынан және 19% алюмосиликаттан тұратын, судағы фосфорлы қышқылдың ерітіндісін ұсынған. Бұндай цемент құрамына натрий фосфаты кіреді. Замануи цинк фосфат цементінің ұнтағының құрамы 80-90 % цинк тотығынан, 10 % магний тотығынан, 5 %-ға дейін кремний тотығынан, 1% -алюминий тотығынан тұрады.

Сұйықтығы 52–60% ортофосфор қышқылы (Н3РО4) мен алюминий мен цинк тотығы гидратын құрайтын қоспадан тұрады.Сұйықтықтың қалған бөлігі судан тұрады.

Цинк –фосфатты цементтен аралық төсем қояр алдында егеп-дайындалған тісжегі қуысын дентин үгінділерінен жуып, ауамен кептіріп алады. Шынының тегіс бетінде ұнтақ пен сұйықты 3:1 қатынасында (бір тамшы сұйыққа 0,15 г. ұнтақ) хром-никельді құймамен (қоспамен) көмкерілген қалақшамен қоюлау қамыр консистенциясына дейін араластырады да, бөлшектеп тісжегі қуысына апарып табанына,қабырғаларына кіреуке-дентин шекарасына дейін нығыздағышпен (штопфермен) нығыздай отырып, жұқалап және жаймалап төсейді. Аралық төсемнің қалыңдығы 0,5-1 мм аспау керек.

Егер аралық төсем кіреуке-дентин шекарасынан жоғары төселсе, ол тұрақты пломбының жиектік жабысуын төмендетеді және аралық төсемнің ауыз сұйығында оңай еруіне байланысты пломбының төңірігінде саңылау пайда болады. Аралық төсем қойылып жатқан кезде қуысқа сілекей құйылмау керек, ол төсемнің жабысуын және сапасын нашарлатады.

Цинк-фосфатты цемент араластырылғаннан кейін цинк тотығының фосфор қышқылымен араласуы кезінде фосфат цинктің түзілуі нәтижесінде қатаяды.

рН бейтараптық мағанасын алу үшін біршама уақыт қажет.Цементтің сұйық консистенциясы бейтараптану үшін біраз уақыт керек болады, ал бұл ұлпаға тітіркендіргіш және улы әсер етеді. Цементті араластыру оның сапасына және қасиетіне әсер етеді. Сұйық цемент шпателмен 1 см бірге созылып барып үзілетін болса, онда бұл араластырылған цементтерді жасанды сауыттарды бекітуге қолданылады. Одан қоюырақ араластырылған цементтерді аралық төсем ретінде немесе уақытша пломба ретінде қолданады.

Цинк –фосфатты цементтерге бактерицидтік қасиет беру үшін олардың құрамына метталлдар және тұздар қосады: құрамында күміс бар фосфат-цемент, бактерицидті фосцин, Аргил, Диоксивисфат, Висфат-цемент. Классикалық фосфат цементтер тобына DeTrey Zink, Adhesor, Harvard Cement жатады..

Цинк-эвгенолды цемент. Мұндай цементтерді қолданар алдында жасайды немесе даяр түріндегі цементтер болады. Уақытша пломба ретінде және көпір тәрізді протездерді, жасанды сауыттарды бекіту үшін қолданады.

Эвгенолдың антимикробтық және аздап тітіркендіргіштік әсер етеуі ұлпадағы репаративті үрдістерді жақсартады. Құрамында эвгенол бар материалдарды композиттік материалдарды қолдану кезінде қолдануға болмайды. Себебі, эвгенол органикалық матрицаның қатаюын тежейді. Эвгенол тотықтанатындықтан оны тығыз жақсы жабылатын арнай түсі күңгірт шыны құтыда сақтау қажет. Эвгенолдың түсі ақшыл –сары түстес.

Эвгенолдың түсінің өзгеруі (қоңыр түске) оның тотықтануының белгісі болып табылады. Цинк-эвгенолды цементке Kalsogen Plus, Cavitec жатады..

Силикатты цемент. Бұл топтағы цементтердің (сурет -10) ұнтағының құрамында 47% дейін кремний оксиді, 35% дейін алюминий оксиді, 15% фторлы натрий, 3-15% кальций оксиді, 0,2-1,5% магний оксиді кіреді. Сұйығы – мырш тотығы және алюминий су тотықтармен жартылай бейтараптандырылған орто-мета-пирофосфор қышқылдарының судағы ертіндісі.Силикатты-цементтің өкілдері: силицин, силицин-2, алюфритекс, силикап, модент. Құрмында кремний тотығының басым болуына байланысты силикатты-цемент тіс кіреукесіне түсі жағынан жақындау. Сондықтан басқа пломбылық материалдар болмаған жағдайда (ауылды жерлерде немесе қаражат жетіспеушілігі кезінде) оны III, IV, және V кластық тісжегі қуыстарын пломбылау үшін қолданады. Ұлпаға зиянды әсері болғандықтан пломбының астына міндетті түрде аралық төсем салынады.

Силикофосфатты цемент. Бұл цементтер силикатты және фосфатты цементтердің ұнтақтарын араластыру арқылы алынады. Аралас ұнтақтың 80% силикатты цементтің, 20% фосфатты цементтің ұнтағынан тұрады. Сұйығы – фосфор қышқылдарының (орта-мета және пирофосфор қышқылдарының) қоспасы (жартылай бейталаптандырылған) силикатфосфаттты цементтердің қолдану аялары тар. Соңғы кезде шығарылып жатқан композиттік материалдар бола бермейтін ауылды жерлерде, қаражат тапшылығын көп тартатын адамдардың бұзылған тістеріндегі I, II және III кластық (ерін жақ бетінде кіреуке сақталған жағдайда) тісжегі қуыстарын және жасанды сауыттармен жабылатын тістердегі тісжегі қуыстарын пломбылау үшін қолданады. Бұл цементтердің өкілдері: силидонт, силидонт-2, люмикон, лактодонт және инфантид (сүт тістері үшін).

Поликарбоксилатты цементтер. Поликарбоксилатты цементтер (ПКЦ)(сурет-11) өткен ғасырдың 60-шы жылдарында ойластырылып шығарылды. Ұнтағы – магний тотығы қосылған мырыш тотығы (фосфатты-цементке ұқсас). Ал сұйығы – полиакрил қышқылының 37% судағы ертіндісі. Физикалық-механикалық қасиеті жағынан цинкфосфатты-цементтерге ұқсас, тіс тіндеріне жақсы жабысады, сұйықта аз ериді, биолоиялық сиымдылығы жоғары, тіс тіндерімен химиялық байланысқа түсе алады, ұлпаға зиянды әсері жоқ.

Қолданар алдында ұнтақ пен сұйықты шыны бетінде бірден араластыруға кіріседі. Дұрыс араластырылған цемент қою және аздап созылғыш, беті жылтыр болады. Тісжегі қуысына бір бөлікпен ғана апарылып, қуыс қабырғасына жаймалана жабыстырылады. Араластыруға және қуысқа қою уақыты – 3 минөттен аспауы керек, жіпше созыла бастаған цеметті пайдалануға болмайды. Қатайған цементтің артық бөлігін аршығыштың көмегіммен алып тастайды.

Поликарбоксилаттық цементтер аралық төсемнен басқа ортопедиялық және ортодонтиялық конструцияларды бекіту үшін, сүт тістерін және жасанды сауыттармен жабылатын тістерді пломбылау үшін қолданылады.

Шетелдік өкілдері: «Carboxylate Cement», «Durelon», «Harvard CC», «Carboco».

Кейінгі кезде суға араластырылатын түрлері де шығарылуда. Мұндай цементтерде лиофилденген полиакрил қышқылы ұнтақтың құрмына кіреді. Цементті суға араластырған кезде қышқыл ериді де гель-матрица құра отырып, химиялық реакцияға қатынасады. Суға араластыратын цементтің өкілдері: “Poly-F-Plus”, “Aqualox”.

Шыныполиалкенатты цементтер. Шыныиономерлі цементтер (ШИЦ) алғаш өткен ғасырдың 70-жылдарынан бастап қолданыла бастады, қазіргі кезде тұрақты реставрациялаушы материалдар шығару мақсатында олардың құрамдары жетілдіріліп, түрлендірілуде. Шыныиономерлі цементті 1971 жылы алғаш ойлап тапқан Wilson. Ұнтағы құрмында әртүрлі қатынастағы кремний: алюминий және фтор: алюминийй бар ұсақталған алюмосиликатты шыны. Сұйығы үшін қолдану мақсатына байланысты бірде дистилденген су немесе полиакрил қышқылының 50% судағы ертіндісі пайдаланылады. Иономерлі цементтер дентинге биологиялық ұқсастығына байланысты, тіс тіндеріне зиянды әсер көрсетпейді және ұлпаны пломбылық материалдардың зиянды ықпалынан сақтайды. Алғашқы шыныиономерлі цементті 1970 жылдары АҚШ тың «De Trey» фирмасы «ASPA-IV» деген атаумен шығарды.

Осыдан бастап стоматологияда 80 жылдай басымдылық танытып келген силикатты цементтерді шыныполиалкенатты цементтермен алмастыра бастады.

Иономерлі цемент тіс тіндерінің жақсы тазаланған және табиғи ылғалды бетіне жақсы жабысады. Цементтің дентинге жақсы жабысу қасиетін коллаген талшықты органикалық негізбен кальцийдің иондық бірігуінің (қосылысының) нәтижесі деуге болады. Пломбылық материалдың қатаю уақыты – 4 минут, көлемінің кішірею мөлшері 0,1 % (көбіне араластыру сапасына байланысты). Иономерлі цементтердің құрамындағы фтор тіс тіндеріне толассыз бөлініп тұрантындықтан, екіншілік тісжегінің даму мүмкіндігі азаяды. Иономерлі цементтердің құрамына барий шынысын немесе металлдарды қосу олараға рентгенконтрастылық береді.

Ұнтақтардың көлемінің әртүрлі болуы олардың қолдануына тікелей байланысты. Қайта қелтіруге арналған полимерлі цементтердің ұнтағының көлемі 40мкм, ал ортопедиялық қондырғыларды бекітуге арналғын ұнтақ көлемі 25мкм болса, аралық төсем ретінде қолданатын полимерлі цементтердің ұнтағының көлемі 5мкм болып келеді.

Шыныполиалкенатты цементтердің негізгі қасиеттері. Енатты цементтердің қасиеті материалдың химиялық құрамымен анықталады және оның кемшілктері мен артықшылығын сипаттайды.

Шыныполиалкенатты цементтердің тістің қатты тіндерімен жабысуы қосымша механикалық пломбалық ретенциясыз өте нашар болып келеді.

Материалдың тістің қатты тіндерімен химиялық байланысы материалдың тіндермен тек тығыз байланысуында ғана емес, оның тіс тіндерімен байланыса отырып тығыз жанасуын қамтамасыз етуі болып табылады.

Шыныполиалкенатты цементтің кіреукемен байланысы 7МПа, ал дентинмен байланысы -1МПа құрайды.Мұндай химиялық жабысу байланысы тістің қатты тіндеріндегі эрозиялық зақымдануды қалпына келтіруге,сына тәрізді ақауларды, III және V класс тісжегі қуыстарын, тіс түбіріндегі тісжегі қуыстарын пломбылауға, сандвич техника кезінде базалық төсем ретінде қолдануда мүмкіндік туғызады. Осы мәселелерді шешу үшін екікомпонентті эстетикалық шыныполиалкенатты цементтерді қолданған дұрыс болады. Бұл цемнеттер құрамына арнайы дисперсілі шынылар қосылып, құрамындағы кремний тотығы көбейтілген. Міне осыған байланысты олардың эстетикалық қасиеті жақсарды, бірақ қатаю уақыты жоғарлап, беріктігі төмендеді.

Нығайтылған шынполиалкенатты цементтер құрамында (күміс амальгамасының ұнтағы) беріктілігін нығайтатын әртүрлі қоспалар болады.

Нығайтылған цементтердің қолдану көрсеткіштері:

1. Сүт тістердегі I–II класс тісжегі қуысын пломбылауға;

2. Тұрақты тістердегі өте үлкен емес I класс тісжегі қуысын пломбылауға.

3. Азу тістедегі түбір тісжегі қуысын пломбылауға.

4. 1 жылға дейін уақытша пломба ретінде қоюға.

5. Протездеу алдында тістің бөлігін қалпына келтіру үшін.

6. Бүйір тістерді егеп тазалаусыз ART тәсілін қолдана отырып емдеуде.

7.Сандвич техника кезінде базалық төсем ретінде қолдануда.

Бүгінгі кезде стоматологиялық нарықта тұрақты бүйір тістерді және сүт тістерді пломбылауға, тіс сауыттарының тұқылын жасанды сауыт кигізу алдында қалпына келтіруге арналған беріктілігі жоғары конденсияланған және шыңдалған шыныполиалкенатты цементтер пайда болды.

Өздігінен қатаятын классикалық шыныполиалкенатты цементтер деп құрамында минералды реактивті ұнтақ және полиакрил қышқылы негізінде жасалған сұйықтық бар дарды атайды. Олар:Fuji I,Lonobond, Ketak-Cem, Дентис.

Отандық Дентис цементінің беріктілігі жақсы, қышқылдық эрозияға берік, жұмыс істеуге қолайлы материал. Зерттеу нәтижелер «Дентис» материалын ешқандай қорғаныс жабындысынсыз қолдануға болатынын дәлелдеді.

Шыныполиалкенатты цементтерді жетілдіре отырып бұданды үштік қатаю технологиясы бар «Vitremer» материалы қолданысқа ұсынылды.

•Полимерлі матрицаның сәулемен қатаюы полимеризатормен қатайту кезінде жүреді.

• Полимерлі матрицаның химиялық қатаюын шағын капсуладағы ұнтақтағы патенттелген каталитикалық жүйе қамтамасыз етеді. Ұнтақты сұйықтықпен араластыру кезінде катализатордың белсенділігінің артуы пайда болады.

Полимерлі матрицаның химиялық қатаю механизмі пломбаның барлық аймақтарының сәулесіз толық қатаюын қамтамасыз етеді.Міне сондықтан материалды қабат қабат салуды қажет етпейді және уақытты үнемдейді.

•Классикалық шыныполиалкенатты қатаю реакциясы барлық шыныполиалкенатты цементтерге тән және қатаю үрдісі тәулік бойы созылады. Ұнтақ және сұйықтықтың жоғарғы қатынасы Vitremer материалының беріктіліктігін артырып, оның шытынап сынуынан қорғайды.

Жұмыс істеу уақытының ұзаруы, материалдың арнайы капсулада болуы материалды қуысқа енгізуге және пломбаға тіс мүмінін беруге мүмкіндік туындатады. Материал 40 сек қатаяды.

Шыныполиалкенатты жүйедегі бұданды Vitrimer материалын қолдану көрсеткіштері:

•Ересектерде III–V класс тісжегі қуысын эстетикалық пломбылауға арналған.

•Тістің қатты тіндерінің тісжегіден басқа зақымдануларын пломбылау: эрозия,сына тәрізді ақау.

•Сүт тістердегі барлық класстар бойынша орналасқан қуыстарды.

•Геронтостоматологияда тістерді пломбылауға..

•Тіс сауыттарын қалпына келтіруге.

• Сандвич техника кезінде базалық төсем ретінде қолдануда.

«Vitremer» цементі басқа шыныполиалкенатты цементтер сияқты ауыз қуысы гигиенасы нашар пациенттерде тіс түбірлерінің ақауларын пломбылауға, тісжегінің жоғары деңгейде қайталануы кезінде қолдануға болады.

Vitremer» цементінде негізгі алты түсі (А3, А4, В2, В3,

С2, С4) және сүт тістерді пломбылауға арналған ақшыл реңкі түс Р (Pedo), жасанды сауыт астына тұқыл жасауға арналған көкшіл түсі В (Blue) бар.

Барлық шыныполиалкенатты цементтер композиттік материалдармен хелатты және сутекті байланысжасау қабілеті арқылы жабысуды жақсы қамтамасыз етеді.

Шыныполиалкентты цементтердің негізгі қасиеті фтортәуелді тісжегістатикалық әсер. Бұл әсердің негізі пломбылау және материалдардың қатаюы кезінде өзінен фторды бөлуі және тіс тіндері мен пломбалық материал арасында фторқұрамдас апатитердің қабатының түзелуі болып табылады.

Фтор иондарының бөлінуі бірінші фаза - еру фазасында басталады. Ұнтақ және сұйықтықты араластыру кезінде ұнтақтың фторқұрамдас бөлшектері ери бастайды.Фтордың бөлінуі иондардың тасымалдануының барлық кезеңдерінде жүреді және 24 - 48 сағатқа дейін созылады, ал 72 сағаттан кейін оның бөлінуі азая бастайды. Міне сондықтан қатайған цементте 1 ай ішінде азайған көлемде фторидтің қоры құрылады. Содан кейін 1 айдай фторидтің құрамы өте төмен аз көлемде сақталады. Кейінірек келе қатайған материал құрамындағы фтор тұздарының «қорының» еруі нәтижесінде фторидтер құрылады. Пломбаның көлемінің кішірейуі ауыз сұйықтығы әсерінен шайылынудан, ас қабылдау және тістерді тазалау кезіндегі қажалудан болатынын естен шығармау керек.Барлық осы механизмдер материал құрамындағы фтор ионының бөлуіне ықпал етеді.

Шыныполиалкенатты цементтердің ең бір қызықты сипаттамасы фтор иондарының адсорбциялануы болып келеді. Шыныполиалкенатты цементтер құрамында фтор бар материалдармен жанасу кезінде фтор иондарымен қатығатыны туралы мәліметтер бар.Фтордың бөлінуі фторқұрамдас материалдың көлеміне тікелей байланысты.Міне сондықтан аралық төсем ретінде жұқа қабатпен төселген материалдарда фтор ионының өте аз болуы осылай түсіндіріледі.

Шыныполиалкенатты цементтердің антибактериальді қасиеті бар. Бұл пломбадан фтордың бөлінуіне байланысты.Шыныполиалкенатты цементтен қойылған пломбаның бетінде цинк фосфаттан қойылған пломбаға қарағанда микробтаордың аз болуы бұған дәлел.

Шыныполиалкенатты цементтерде жоғары биологиялық үйлесімдік бар.

Міне сондықтан оларды аралық төсемсіз немесе аралық төсем ретінде қолдануға болады. Бастапқыда араласқан цементте жоғары қышқылдықтың сақталуына байланысты ұлпаны аз мөлшерде болса да тітіркендіру болатындықтан терең тісжегіні емжеу кезінде кальций құрамдас материалдардан емдік төмес қоя отырып пломба қоюды ұмытпау керек.

Температуралық кеңейу және жылу өткізігштігі тістің қатты тіндерінің температуралық кеңейуі коэфицентіне сәйкес, ал шыныполиалкенатты цементтің жылу өткізгіштік коэфиценті дентиннің жылуөткізгіштігіне сәйкес келеді.

Шыныполиалкенатты цементтердің кемшіліктері:

•Жетілмеген цементтердің алғашқы 24 сағ толық қатаюы кезінде суда еруі.

•Цементтердің қажалуының төмен болуына байланысты жоғары окклюзиялық салмақ түсетін аймақтарда қолдануға болмайды.

•Шыныполиалкенатты цементтердің эстетикалық сипаттамасы композиттерге қарағанда нашарлау. Цементтердің жоғары жылтырлығы болуына байланысты материал мен тіс тіндері арасындағы оптикалық шекараны жою қиынға түседі.

•Пломба беті дұрыс тегістелмейді және тіс түсіне сәйкестендірілуі қиын. Т

•Қатаю кезеңі кезінде ылғалға өте сезімтал. Пломбыланатын қуысты қатты кептіру шыныполиалкенатты цементтердің гигроскопиялық кеңейуін төмендетеді және материалдың тістің қаттытіндеріне жабысуын нашарлатады.

•Жұмыс мерзімінің қысқа болуына қарай толық қатаю мерзімінің ұзақ болуы.

Материалдың жұмысшы қатаю мерзімі 1,5-3 минут. Цементтің толық қатаюы 24 сағат. Сондықтан қайта қалпына келтіруден кейін материалдың тек артығын ғана алып тастау керек. Жылтырату және тегістеу келесі күнге қалдырылады.

ШЫНЫПОЛИАЛКЕНАТТЫ ЦЕМЕНТТЕРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУДІҢ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ.

•Классикалық немесе суда қатаятын шыныполиалкенатты цементтер барысында тісжегі қуысының қабырғаларын цементтің тіс тіндерімен химиялық жабысуын жақсарту үшін алдын ала кондиционерлеу керек. Бұл үшін 10–25% полиакрил қышқылының судағы ерітіндісін қолдану керек(conditio ner). Кондиционерді тісжегі қуысының қабырғаларына арнайы аппликатормен немесе кисталармен жағып, 30 секундтан кейін пистолеттегі сумен жуып кептіреді. Қуысты қатты кептіріп алмау керек. Тісжегі қуысын кондиционермен өңдеу арқылы дентин бетін майланған қабаттан тазалаймыз және бұл кезде кіреуке және дентиннің минералсыздануы болмайды.

Бұданды шыныполиалкенатты цементті арнайы құрамында гидрофилді полимерлі компоненті бар жабысқақ жүйемен қолданады.

•Цементті араластыру кезінде пломбалық масса қойыртпақ тәрізді болуы керек. Даяр болған пломбалық массаның беті жылтыр болуы цементті тіс тіндерімен химиялық жабысумен қамтамасыз ететін бос радикалдардың түзілуі болып табылады. Егер массаның бетінде жылтырлық болмаса ондай массаны қолдануға болмайды.

•Пломбаның қатаюы дентиннің аздап ылғалды жағдайында және сырттан ешқандай ылғал түспеу жағдайында жүргізілуі материалдың борпылдақтығын азайтады.

•Цементтің резіңке тірізді консистенцияға жетуі кезінде барлық мүсіндеу жұмысын доғару керек. Егер осы жағдайда мүсіндеуді жалғастыратын болса пломба түсіп қалады.

•Біріншілік өңдеуді және мүсіндеуді 5 минуттан кейін өткір скалпельмен немесе кіреуке пышағын қолдана отырып жүргізеді. Кейбір жағдайларда ғана цементтің күйіп кетпеуін қадағалай отырып алмазды борлармен жүргізеді.

•Шыныполиалкенатты цементті қойғаннан кейін оны ауыз сұйықтығынан арнайы лактарды қолдана отырып оқшаулау керек: Final Varnish, Ketak Glaze немесе композиттік жабысқақ жүйесін қолдану.

•Пломбаны жылтырату келесі кезеңде 24 сағ кейін жүргізіледі.

•2 аптадан кейін шыныполиалкенатты цементтерден қойылған пломба аздап өзінің түсін өзгертеді. Сондықтан материалдың түсін таңдау кезінде бір реңкі түс ақшылдау алу керек.

3.12.4. ТҰРАҚТЫ ПЛОМБАҒА АРНАЛҒАН МАТЕРИАЛДАР.

МЕТАЛҚҰРАМДАС ПЛОМБАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР (АМАЛЬГАМА).

Амальгама деп бір немесе бірнеше металдың сынаптағы ертіндісін айтады. Сынапта металл үгінділерін араластырған кезде жұмсақ өз бетімен қатаятын құйма пайда болады. Бұл үрдіс амальгамдану (амальгамирование) деп аталады. Стоматологиялық тәжрибеде қазіргі кезде екі түрлі – күміс және мыс амальгамасы қолданылады.

Күміс амальгамасының классикалық ұнтағының металл құймасынан: күмістен (65-66%), қалайыдан (29-32%), және мыстан (2-6%) тұрады. Бұл құйма жақсы жабылатын шыны құтыдағы сынаппен араластырылады (қолданар алдында белгілі мөлшермен).

Ал металдар құймасының үгіндісі пластмасса құтыда шығарылады. Қазіргі кезде Ресейде СРСТ-43 маркалы күміс амальгамасы арнаулы қос камералы капсулаларда шығарылады және сапасы жағынан шетелдік амальгамалардан кем түспейді.

Амальгама XIX ғ бірінші жартысында пайда болды. Алғаш рет француз Таво өзіне күміс амальгамасынан пломба даярлаған.

Амальгаманың құрамында алғашында 65% күміс және 6% мыс,29–32% қалайы және 2% цинк болған (спецификация АДА № 1).

Алғашында амальгаманы фарфор шәшкеде ұнтақ пен ртутьт компоненттерің келсаппен мұқият араластырған. Кейіннен әртүрлі амальгаманы араластырғыш аспаптар құрастырылды. Бұл кезеңнің негізгі жетіспеушілігі амальгаманы қолдану кезінде қоршаған ортаны ртутьпен ластандыру болып табылды.

Амальгаманы қолданудағы ең үлкен жетістік заводта амальгаманы арнайы капсулаларда шығару болды. Медициналық қызметкерлер ртутьтің бос радикалдарымен тікелей жанасуды доғарды және емханаларда амальгаманы даярлауға арналған арнайы бөлмелерді ұйымдастыруды қажет етпеді.

Амальгама екі негізгі капсуладан тұрады: белсендіргіш және өзінен өзі белсенгіш. Белсендіргіш капсулада араластырар алдында ұнтақ және сұйықтықты бөліп тұратын қалқаншаны арнайы қондырғымен алып тастайды. Ал егер арнайы қондырғы болмаса, онда капсуланы саусақтармен қысып қалқаншаны бұзады.

Өзінен өзі белсенгіш капсула ішіне пішіні цилиндр тәрізді, амальгама араластырғышпен араластыру кезінде жұқа қалқаншаны тесетін арнайы келсап орналастырылған. Капсулалық жүйе ұнтақ пен сұйықтықтың біркелкі араласуын қамтамасыз етеді.

Қазіріг кезде амальгамалар алдын ала дозаланған капсулаларда шығарылады: № 1 құрамында 400 мг, № 2 —600 мг,

№ 3 —800 мг амальгама бар. Тісжегі қуысының көлеміне қарай дәрігер стоматолог керекті амальгаманы таңдап алады.

Дұрыс қойылған амальгама пломбалары АП ұзақ уақыт қанағаттандырарлық жағдайда сақталады және онымен жұмыс істеу өте қарапайым, арзан. Амальгамадан қойылған пломбалар жылдар бойы жанасу нүктесін бұзбай сақтап отырады.

Амальгаманың қатаюы үш фазадан тұрады. Гамма фазада күміс пен қалайының қоспасы түзіледі және бұл фаза ең берік фаза болып саналады. Сонда кейін гамма -1 фазасында күмістің ртутьпен байланысуы жүреді, ал гамма -2 фазасында қалайы ртутьпен байланысады. Ең соңғы фаза амальгаманың осал фазасы болып келеді. Гамма -2 фазасында пломбаның жалпы құрылымының беріктігін, құрамында қалайының болуына байланысты оның коррозияға беріктілігін төмендетеді.

1960 жылдардың ортасында амальгаманы жаңартуда оның құрамына 12 ден 28% мыс қосылып жетілдірілді. Қоспада мыстың 20% болуы қалайы мен ртутьтің реакциясын бейтараптандырып, гамма -2 фазасында түзілетін осал тұстарын жойып, материалдың коррозияға беріктігін жоғарлатты.

Міне сондықтан амальгаманың жетілдіруінде төмендегідей қол жеткізілді:

1) Амальгаманың коррозияға беріктілігін жоғарлатты;

2) Шайнау салмағы түсуі барысында пломбаның деформациялануын азайтты;

3) Компрессиялық беріктілігін арттырды;

4) Макроскопиялық кеңейуін жойды;

5) Түсін өзгертуін жойды;

6) Амальгаманың құрамындағы күмістің мөлшерін азайтып, оны мыспен алмастыру арқылы бағасын арзандатты.

Амальгаманың жүйесі. Морфологиялық құрылымына қарай амальгама ұнтағында инелі, шар тәрізді, сфералық, аралас бөлшектер болады.

Бөлшектердің пішіні амальгамаараластырғышта пломбаның араласу уақытын анықтайды. Араласу уақыты капсуладағы ұнтақтың мөлшеріне және аальгамаараластырғыштың түрлеріне де байланысты болады.

Бөлшектердің пішіні амальгаманың тұтыну және амальгаманы өңдеу техникасы уақытын анықтайды. Инелі бөлшекті амальгаманы амальгамалық қоспаларды токарлық станокта қырнау арқылы алады. Бұндай амальгамалар жақсы тығыздалады, баяу тұтынады, бірақ қатайғаннан кейін беті тегіс болмайды, нашар тегістеледі.

Шар тәрізді бөлшектен тұратын амальгаманың қатаю мерзімі қысқа болғандықтан АП қойғаннан кейін пломбаны өңдеу уақыты да қысқа болады және пломбаны тығыздағаннан кейін беті тегіс болып келеді.

Сфералық бөлшекті амальгаманы инертті газда амальгаманы шашу арқылы алады.Мұндай амальгаманы конденсациялау үшін өте аз қысым керек болғандықтан қолдануға өте қолайсыз.

Аралас бөлшекті амальгамалардың қатаю конденсациялануы және тегістелініп жылтырату уақыты инелі, шар тәрізді,сфералық бөлшектердің орта көрсеткішіне тең. Амальгаманы даярлау үшін келесі амальгамаараластырғыш приборларды қолданады: MixomatЃ,Silamat, Automix.

Араластыру уақытын өндіруші көрсеткен уақыт бойынша ұстану керек.

Қандай да бір амальгаманы араластыру уақыты оның капсуладағы массасына тікелей байланысты және өзгеріп отырады. (400, 600, 800 м г).

Амальгаманың араластыру уақытының қысқаруы қоспаның барлық бөлшектерінің ртутьпен араласуын төмендетеді немесе толықтай араласпайды, ал егер уақытын созатын болса онда амальгама қатты қызып, кристалданады және тез сынғыш болып келеді.

Амальгаманы орташа араластыру уақыты 4-8 секунд. Амальгаманы

араластырып болғаннан кейін капсуланы ашып, оны металлды немесе шыны сауытқа салып, оны амальгаманы тасымалдаушы пистолетке орнатады.Пистолеттер металлдан немесе пластмассадан жасалған болады.

(3.14сурет).

Амальгаманы өңдеу 2-10 минутты құрайды. Бірінші порцияны қуыстың апроксимальді аймақтарына және қабырғаларына үйкей отырып арнайы аспаптармен тығыздайды. Окклюзиялық бетті ең соңында қалыптастырады.

Амальгамадан қойылған пломбаны нығыздау үшін жұмысшы бөлігі жазық, шар, ромб тәрізді немесе трапециялық кесінділі штопферлерді –нығыздағыштарды қолданады.Пломбаның салбыраңқы шеттерін (II және V класс тісжегі қуыстарын пломбалау кезінде) орақ тәрізді аспаптармен алып тастайды.

II класс тісжегі қуыстарын пломбалау кезінде жанасу айдаршығын қалыптастыруда ерекше назар аудару керек. Амальгамадан қойылған пломбаны тегістеуді келесі кезеңде алдыменен металдық финирлерді немесе әртүрлі пішіндегі қара –қоңыр түсті силикондарды қолдана отырып жүргізеді. (3.15сурет). Ескі амальгаманда қойылған пломбаны алып тастауды тек қана сулы салқындатуды қолдана отырып жүргізу керек.

Амальгаманы жою. Амальгаманың қалдықтарын мұқият амальгама тұрған пластикалық капсулаға жинайды. Амальгаманың қалдықтарын өткізуді арнайы СЭС немесе МШЖ келісе отырып жүргізеді.


Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 890 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: ТІСТЕРДЕГІ ТІСЖЕГІНІ ЕМДЕУДІ ЖӘНЕ РЕСТАВРАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУДЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕТІН АСПАПТАР,ҚОСЫМША ҚОНДЫРҒЫЛАР, АКСЕССУАРЛАР. | СТОМАТОЛОГИЯЛЫҚ ЕМХАНАДА ЖАНСЫЗДАНДЫРУ | ТІСТЕРДЕГІ БАСТАПҚЫ ТІСЖЕГІНІ ЕМДЕУ. КІРЕУКЕНІ ҚАЙТА МИНЕРАЛДАУ ТЕРАПИЯСЫ. | БЛЕК БОЙЫНША I КЛАСС ТІСЖЕГІ ҚУЫСЫН ЕГЕП ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ ПЛОМБЫЛАУ | БЛЕК БОЙЫНША II КЛАСС ТІСЖЕГІ ҚУЫСЫН ЕГЕП ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ ПЛОМБЫЛАУ | III класс тісжегі қуысын егеп тазалау | БЛЕК ЖҮЙЕСІ БОЙЫНША IV КЛАСС ТІСЖЕГІ ҚУЫСЫН ЕГЕП ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ ПЛОМБЫЛАУ | БЛЕК ЖҮЙЕСІ БОЙЫНША V КЛАСС ТІСЖЕГІ ҚУЫСЫН ЕГЕП ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ ПЛОМБЫЛАУ | ТІСЖЕГІНІ ЕМДЕУ КЕЗІНДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН МАТРИЦАЛЫҚ ЖҮЙЕ | ТІСТЕРДЕ ТІСЖЕГІНІ ЕМДЕУ КЕЗІНДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ПЛОМБАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
ТӨСЕМДІК МАТЕРИАЛДАР| I класс тісжегі қуысын амальгамамен пломбылау кезеңдері.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.054 сек.)