Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

I класс тісжегі қуысын амальгамамен пломбылау кезеңдері.

Читайте также:
  1. AC \ DС И ДВОЙКИ В КЛАССНОМ ЖУРНАЛЕ
  2. I. Коллективный анализ и целеполагание воспитатель­ной работы с привлечением родителей, учащихся, учите­лей класса.
  3. I. Функции и классификация органов чувств
  4. III класс тісжегі қуысын егеп тазалау
  5. Quot;Молодые неоклассики". Р.Лукас и А.Лаффер
  6. Quot;Новые" классы

1. Жансыздандыру

2. Тістің қатты тіндерін егеп тазалау кезінде Блек ұсынған алдын алу үшін кеңейту ережесін сақтамаса болады. Егеп тазалау кезінде тек зақымданған фиссураларын бір –біріне қосады.Тісжегі қуысының тереңдігі 2,5 мм, ал қабырғалары аздап тегіс болуы керек.Қабырғалары және табаны арасындағы бұрыштарын қуыстың қабырғаларының сынуынан сақтау үшін аздап тегістеу етіп қалыптастырады. Көлденең және тік беттердің бір-біріне өтетін беттерін тегістеу етіп қалыптастыру арқылы пломбаға түсетін қысымды азайтуға болады. Кіреукенің жиектеріне қиық жасауға болмайды. Себебі, шайнау қысымының әсерінен материал тісжегі қуысынан шыға бастайды да пломба мен қуыс қабырғалары арасында екіншілік тісжегі дамиды. Өкінішке орай көптеген авторлар бұл Халықаралық стоматологтар қоғамының ұсыныстарын ұстанбайды.

 

3.14.Сурет. Амальгаманы тасымалдауға арналған пистолеттер

3.15. Сурет. Жылтыратқыш жүйе

Тісжегімен зақымданған тіндерді толық алғаннан кейін тісжегі қуысының барлық қабырғаларын және жиектерін арнайы алмазды финирлік борлармен жоғары жылдамдықта тегістейді.

Финирлерде қызыл және сары сақиналы белгілер бар. Егеп тазалау үшін доғалданған және алмұрт тәрізді борларды қолданады. Финирлер алмазды борлар сияқты болуы керек.

•Аралық төсем қою. Аралық төсем ретінде шыныполиалкенатты немесе цинк –фосфатты цементтерді қолданады.

•Амальгаманы қуысқа енгізіп қою және нығыздау. Алдыменен амальгаманы кішігірім порцияда қояды да мұқият қабырғаларына қарай үйкелей отырып нығыздайды. Содан кейін амальгаманың мөлшерін көбейтеді.

•Окклюзиялық бетін мүсіндеу. Мүсіндегіш аспаптың үшкір жағымен көлденең орналасқан фиссуралар мен тұйық тесіктерді, ал содан кейін шайнау бетіндегі негізгі фиссураларды мүсіндейді. (3.16сурет).

 

3.16. Сурет. Амальгамадан қойылған пломба

 

•Пломбаны тегістеу және жылтыратуды пломба қойылғаннан кейін 24 сағаттан соң жүргізеді. (3.17сурет). Пломбаны тегістеу кезінде қызып кетпеуін қадағалау керек.

 

3.17.Сурет. Амальгамадан қойылған пломба, жылтыратудан кейін.

 

Амальгамадан қойылған пломбаның бірден бір кемшілігі пломба қойылғаннан кейін тістің бір қабырғасының сынуы болып табылады.

Мұндай жағдайлар амальгамадан пломба қойылған тістерде басқа пломбалық материалдарға қарағанда жиі кездеседі. Бұл көрініс тістің қатты тіндері мен амальгаманың жылудан кеңейуі коефицентінің арасында үлкен айырмашылық болуынан туындайды. Міне сондықтан тісжегі қуысының қабырғаларын егеп тазалау кезінде қабырғаларды өте көп жұқартуға болмайды.

Амальгамадан қойылған пломбаның тағы бір кемшіліктері ртуть буын бөліп шығару. Көптеген тексерулер нәтижесі пломбадан бөлінетін ртутьтің өте өз бөлінетінін және оның организмді улануына әсер етпейтінін дәлелдеді.

Ртутьтің бұл дозасы күнделікті ауамен, тамақпен, әсіресе тамақ рационында балықты көп қолданудағы дозадан әлдеқайда аз. ДДСҰ ұсынысы бойынша апта сайын қабылданатын тағамдар құрамында ртутьтің 350 мкг, ал соның ішінде органикалық ртутьтің мөлшері 200 мкг аспауы керек.

Бұл сандық көрсеткіш эмпириялық жолмен шешілген. Ртутьтің мұндай мөлшері организмнің созылмалы немесе жедел улануына әсер етпейді. Ртутьтің жиналуы бүйректе және мидың кейбір аймақтарында жүреді. Жиналған HgO иондық түрде (Hg+) жартылай экскрементермен бүйрек арқылы 60 күнде азая отырып шығарылады.

E. H. Greener et al. (1998) амальгамадан қойылған пломбасы бар пациенттердің қан және зәр анализдерін талдау жасағанда онда ртутьтің жоқ екенін дәлелдеді. Пломба қойылғаннан кейін амальгамалық пломбалар 30 минуттан кейін шайнау қысымына шыдамдылық береді. Сондықтан бүгінгі

кезде АП балалар стоматологиясында кеңінен қолданады.

 


Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 201 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: СТОМАТОЛОГИЯЛЫҚ ЕМХАНАДА ЖАНСЫЗДАНДЫРУ | ТІСТЕРДЕГІ БАСТАПҚЫ ТІСЖЕГІНІ ЕМДЕУ. КІРЕУКЕНІ ҚАЙТА МИНЕРАЛДАУ ТЕРАПИЯСЫ. | БЛЕК БОЙЫНША I КЛАСС ТІСЖЕГІ ҚУЫСЫН ЕГЕП ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ ПЛОМБЫЛАУ | БЛЕК БОЙЫНША II КЛАСС ТІСЖЕГІ ҚУЫСЫН ЕГЕП ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ ПЛОМБЫЛАУ | III класс тісжегі қуысын егеп тазалау | БЛЕК ЖҮЙЕСІ БОЙЫНША IV КЛАСС ТІСЖЕГІ ҚУЫСЫН ЕГЕП ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ ПЛОМБЫЛАУ | БЛЕК ЖҮЙЕСІ БОЙЫНША V КЛАСС ТІСЖЕГІ ҚУЫСЫН ЕГЕП ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ ПЛОМБЫЛАУ | ТІСЖЕГІНІ ЕМДЕУ КЕЗІНДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН МАТРИЦАЛЫҚ ЖҮЙЕ | ТІСТЕРДЕ ТІСЖЕГІНІ ЕМДЕУ КЕЗІНДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ПЛОМБАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР | ТӨСЕМДІК МАТЕРИАЛДАР |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
МИНЕРАЛДЫ ЦЕМЕНТТЕР.| Негізгі қасиеттері, жүйесі.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)