Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тістердегі бастапҚы тісжегіні емдеу. Кіреукені Қайта минералдау терапиясы.

Читайте также:
  1. Бап. Қайта құрылымдалатын ұйымның салық төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту тәртібі
  2. Кіреукенің тісжегіге беріктілігін жоғарлатудағы фторидтің орны
  3. ТІСЖЕГІНІ ЕМДЕУ КЕЗІНДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН МАТРИЦАЛЫҚ ЖҮЙЕ
  4. ТІСТЕРДЕ ТІСЖЕГІНІ ЕМДЕУ КЕЗІНДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ПЛОМБАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР
  5. ТІСТЕРДЕ ТІСЖЕГІНІҢ ПАЙДА БОЛУЫ ҚАУІП ФАКТОРЛАРЫ
  6. ТІСТЕРДЕГІ ТІСЖЕГІ ТЕОРИЯСЫ

Тісжегіні дақты кезеңінде емдеу мүмкінідгі минералсызданған кіреукенің қайта минералдануы феноменіне негізделген.Қайта минералдау терапиясына құрамында кальций және фтор бар әртүрлі препараттарды қолданады.Фтор құрамдас препараттарды емдеу үрдісіне қосу жақсы нәтиже береді.

Е. В. Боровский және П. А. Леус ұсынған 10% құрамында глюконат кальций ерітіндісі бар әдіс тісжегінің дақты кезеңін емдеуде өте тиімді.

Қайта минералдаушы ерітіндіні зақымданған кіреуке бетіне 15-20 мин аппликация ретінде қояды. Емдеу курсы 15 процедурадан тұрады. Процедураны күн сайын немесе күнара жасайды. Егер глюконат кальций ерітіндісінен кейін кіреуке бетін 3 мин 2% фторид натрий ерітіндісімен өңдейтін болса емнің нәтижесі жоғары болады. Қазіргі кезде қайта минералдандырып емдеудің нәтижелілігін арттыру үшін аталмыш ертінділерді жарақат ошағына физикалық факторлардың көмегімен тереңірек және жылдамдата енгізуге болады. Ол үшін дәрілік электрофорездеу әдісін және дәрілік ертінділерді ультрадыбысты қолданып сіңіру тәсілдерін пайдалануға болады.

Тісжегінің дақты кезеңін емдеу үшін қазіргі кезде Е. В. Боровский мен Е. А. Волков жасаған екікомпонентті препарат жақсы клиникалық нәтиже береді.

Авторлардың ұсынған әдістемесі бойынша алдыменен зақымданған аймақты 3мин 10% кальций нитрат ерітіндісімен, ал содан кейін тісжегі дағы белдеуін 3 мин 10% фосфат аммонийдің қышқылды ерітіндісімен өңдейді. Емдеу курсы 5 процедурадан тұрады. Минералсызданған кіреукеге осы препараттардың компоненттерінің енуі нәтижесінде химиялық құрамы жағынан тістің қатты тіндерінің гидрокосилапатитіне ұқсас аз еритін фосфорлы-кальций байланысы түзеледі. Қайта минералдау терапиясын жүргізу кезінде тіс беттері қіс қағынан тазалануы керек. Жоғарыда айтылған препараттарды қолдану нәтижесінде ақ тісжегі дақтары өзінің бортүстілігін жоғалтып, кіреуке түсіне сәйкес келеді. Емдеу шараларының нәтижелілігін бекітетін маңызды факторлар: ауызды дұрыс күту ережесін толық сақтау (тісжегі дағының бетінде қақ қайтадан пайда болмас үшін), тиімді құрамды тағамдық заттарды қабылдау, тамақ рационында көмірсулы тағамдар мөлшерін азайту және оларды бей-берекет қабылдай бермеу.

 

ТІСТЕРДІҢ ҚАТТЫ ТІНДЕРІН ЕГЕП ТАЗАЛАУДЫҢ НЕГІЗГІ ҚАҒИДАЛАРЫ. I КЛАСС БОЙЫНША ТІСЖЕГІ ҚУЫСЫН ЕГЕП ТАЗАЛАУДЫҢ ЖӘНЕ ПЛОМБЫЛАУДЫҢ ЗАМАНУИ КӨЗҚАРАСЫ.

Бүгінгі таңға дейін тісжегімен зақымданған тістің қатты тіндерін егеп тазалау және пломбылау Блек ұсынған әдіс бойынша жүргізіледі. (Black G. V.).

Блек жүйесі бойынша 6 классты ажыратады. (3.3сурет):

I класс —үлкен азу тістер мен кіші азу тістердің және бүйір күрек тістерді тұйық тесігінде, табиғи сызаттар мен фиссураларда орналасқан тісжегі қуыстары жатады;

II класс —үлкен және кіші азу тістердің жанасу беттерінде орналасқан тісжегі қуыстары жатады;

III класс —күрек және сүйір тістердің жанасу беттерінде тістеу қырының бұзылмауымен суреттедетін тісжегі қуысы жатады;

IV класс — күрек және сүйір тістердің жанасу беттерінде тістеу қырының бұзылуымен суреттелетін тісжегі қуысы жатады;

V класс —барлық тістердің мойын бөлігінде экватордан төмен вестибулярлы немесе оральді бетінде орналасқан тісжегі қуысы жатады;

VI класс — тістердің тістеу қыры мен төмпешіктерінде орналасқан тісжегі қуысы жатады;

Тістердің қатты тіндерін егеп тазалау әдістеріне жатады:

· механикалық- қолмен істейтін аспаптарды және борларды қолдана отырып егеп тазалау;

· химикалық-механикалық - тістің қатты тіндеріндегітісжегі үрдісі әсерінен жұмсарған зақымдалған ошақтарды химиялық препараттарды және қолмен істейтін аспаптарды қолдана отырып алу;

· ауалы абразивті немесе кинетикалық- тістің қатты тіндерін құмды ағыспен өңдеуге негізделген;

· ультрадыбыстық - арнайы бір беті алмазбен қапталған қондырғыларда ультрадыбыстық ұштық әсерінен пайда болатын ультрадыбыстық тербелісті қолдану

· лазерлік- лазер сәлесін қолдану арқылы;

Тістің қатты тіндерін механикалық егеп тазалау әдісі клиникалық жағдайда кеңінен қолданылады.

3.3.Сурет. Блек жүйесі бойынша тісжегі қуыстарының орналасуы.

 

Замануи талаптарға сәйкес тісжегі қуысын механикалық әдіспен егеп тазалаудың келесі ережелері бар:

•егеп тазалауға пациенттің жалпысоматикалық статусын есепке ала отырып алдын ала жансыздандырудан кейін жүргізу керек;

•тісжегі қуысын турбиналы ұштықтармен егеп тазалауды тістің қатты тіндерінің және тіс ұлпасының қызуынан сақтау мақсатында тек қана сулы салқындатумен қатар орындау керек;

•механикалық ұштықпен тістің қатты тіндерін қыздырмай, жұмсарған дентиннен борды тазалай отырып, абайлап тек кептірілген қуыста жұмыс істеу керек;

•тісжегі қуысында егеп тазаланғаннан кейін табанының қабырғаға қарай өтетін аймақтарында, акклюзиялық белбеуде, вестибулярлы және оральді беттерінде өткір қырлары болмауы керек;

•барлық егеп тазалаудан кейін қуысты межелік алмазды борларды (қызыл немесе сары жолақты борлар) қолдана отырып аяқтау қажет;

•40–градуста бұрышта көлемі 1,5– мм қиықты тек алдыңғы тістерді егеп тазалау кезіне алмазды межелік борлармен тістің қатты тіндерін қышқылдармен өңдегеннен кейін шағын ретенция жасау үшін;

Композиттің кіреукемен және дентинмен ретенциялану алаңы жабысқақтық жүйе арқылы тікелей 1000 нан астам болады. Тістің қатты тіндерін сау тіндер аймағына дейін егеп тазалаудың замануи қағидасы осы құбылысқа негізделген. Төмпешіктерді жабудағы қайта қалпына келтіру әдісі тіс сауытының әдеуір бұзылуы кезінде жүргізеді.

Бұл әдісте егеп тазалаудың ерекшелігі сау қалған бір төмпешікті 2,5мм ге дейін кесіп тастайды. Вестибулярлы жақтағы қабырғаны ортасына дейін немесе жиектік қызылиекке дейін кертпе жасай отырып егеп тазалайды.

Қайта қалпына келтіруде төмпешіктерді композитпен жауып эстетикалық жақсы және берік конструкция алады.

Қазіргі кезде тістің қатты тіндерін егеп тазалаудың бірнеше әдістерін қолданады. Ең көп тарау алғаны Блек ұсынған алдын алу үшін кеңейтілген әдісі. Бұл әдістің мағынасы тісжегі қуысын егеп тазалауда тістің қатты тіндеріндегі тісжегіге бейімді аймақтарын тісжегіге берік белбеуіне дейін кесіп алып тастайды. Блектің бұл қағидасы «алдын алу үшін кеңейту» (extention for prevention) мақсатына негізделген. Қуыстың пішіні пломбылауға мықты, ыңғайлы болып, пломбалық материалдың жабысуын қамтамасыз ету керек. Тістің қатты тіндерін осы әдіс бойынша егеп тазалау көбіне –көп сол болған пломбалық материалдар амальгамма мен цементтерге байланысты болды. Қазіргі кезде аммальгаманы қолдану кезінде Блек ұсынған классикалық әдісті қолданған жөн. Өткен ғасырдың ортасында

И. Г. Лукомский ұсынған биологиялық әдіс бойынша тістің қатты тіндеріндегі тісжегі ошағын тек зақымданған аймақта ғана алып тастау болды. Биологиялық әдіс клиникалық тәжірибеде шектелген түрде қолданылады. Себебі, бұл әдіс кезінде қуысты қалыптастыру және ретенциялық нүкте жасау сияқты қағидалар ұсталынбайды.Тісжегіні емдеу нәтижелігі көбіне тісжегі қуысын дұрыс егеп тазалауды сақтауға байланысты.Дұрыс қалыптастырылған қуыс пломбаның жабысуын және биомеханикалық параметрінің сақталуын қамтамасыз етеді.


Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 850 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: ХАЛЫҚ АРАСЫНДА ТІСТЕРДІҢ ТІСЖЕГІСІНІҢ ТАРАЛУЫ ЖӘНЕ ҚАРҚЫНДЫЛЫҒЫ | ТІСТЕРДЕ ТІСЖЕГІНІҢ ПАЙДА БОЛУЫ ҚАУІП ФАКТОРЛАРЫ | Нәтижесін талдау | ТІС ҚАҚТАРЫ МЕН АУЫЗ СҰЙЫҚТЫҒЫНЫҢ ҚАСИЕТІН БАҒАЛАУ | CRT bacteria» жүйесі көмегімен экспресс әдіспен анықтау. | ТІСТЕРДЕГІ ТІСЖЕГІ ТЕОРИЯСЫ | ТІС ҚАҚТАРЫНЫҢ, СІЛЕКЕЙДІҢ ЖӘНЕ КІРЕУКЕ ӨТКІЗГІШТІГІНІҢ ТІСЖЕГІ ДАМУЫНДАҒЫ РОЛІ. | ТІСТЕР ТІСЖЕГІСІНІҢ ПАТОЛОГИЯЛЫҚ АНАТОМИЯСЫ | ТІСТЕРДЕГІ ТІСЖЕГІНІҢ ДИАГНОСТИКАСЫ, КЛИНИКАЛЫҚ КӨРІНІСІ, САЛЫСТЫРМАЛЫ ДИАГНОСТИКАСЫ | ТІСТЕРДЕГІ ТІСЖЕГІНІ ЕМДЕУДІ ЖӘНЕ РЕСТАВРАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУДЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕТІН АСПАПТАР,ҚОСЫМША ҚОНДЫРҒЫЛАР, АКСЕССУАРЛАР. |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
СТОМАТОЛОГИЯЛЫҚ ЕМХАНАДА ЖАНСЫЗДАНДЫРУ| БЛЕК БОЙЫНША I КЛАСС ТІСЖЕГІ ҚУЫСЫН ЕГЕП ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ ПЛОМБЫЛАУ

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)