Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тіс ҚаҚтарыныҢ, сілекейдіҢ жӘне кіреуке ӨткізгіштігініҢ тісжегі дамуындаҒы ролі.

Читайте также:
  1. I класс тісжегі қуысын амальгамамен пломбылау кезеңдері.
  2. III класс тісжегі қуысын егеп тазалау
  3. АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
  4. БЛЕК БОЙЫНША I КЛАСС ТІСЖЕГІ ҚУЫСЫН ЕГЕП ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ ПЛОМБЫЛАУ
  5. БЛЕК БОЙЫНША II КЛАСС ТІСЖЕГІ ҚУЫСЫН ЕГЕП ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ ПЛОМБЫЛАУ
  6. БЛЕК ЖҮЙЕСІ БОЙЫНША IV КЛАСС ТІСЖЕГІ ҚУЫСЫН ЕГЕП ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ ПЛОМБЫЛАУ
  7. БЛЕК ЖҮЙЕСІ БОЙЫНША V КЛАСС ТІСЖЕГІ ҚУЫСЫН ЕГЕП ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ ПЛОМБЫЛАУ

Кіреуке бетінде қаратласа орналасқан өсінділер бар екені мәлім. Кутикула кіреуке ағзасының редуцияланған эпителиі болып табылады. Тіс шыққаннан кейін кутикула тамақ шайнау кезіндегі үйкеліс әсері нәтижесінде жойылады және кіреукенің беткейасты қабатында жартылай сақталады. Тістің қызмет атқаратын бет бұдан кейін сілекей әсерінен дамитын ақуыздыкөмірсулы кешеннен тұратын пелликуламен (жүре пайда болған кутикула) жабылады.

Пелликула кіреуке бетімен оның беткі қабатына ене тығыз байланысқан.

Пелликула бетіне қалыптасқан тіс қағы,кіреуке бетіндегі жұмсақ шөгінділер келесі беттік өсінді болып келеді. Бұл субстанцияларды белгілеу үшін келесі «тіс тоғасы» «биоқабық» терминдерін қолданады.

Көбіне –көп тіс қақтары мықты тісжегі туындырушы фактор ретінде жүреді. Сондықтан тіс қақтарын мұқият және тұрақты тазалап алып тастап тұру керек.

Тіс қағының қалыптасуының маңызды кезеңі іртүрлі типтес микроорганизмдердің матрица бетіне шоғырлануы. Бұл микроорганизмдердің бір-бірімен және организммен қарым-қатынасы тіс қағында айқын микробтық гомеостазбен қамтамасыз етеді, ал бірақ тіс және пародонт тіні бүтіндігі бұзылмайды.

Бұл тепе-теңдіктің сыртқы және ішкі қолайсыз факторлардың әсерінен бұзылуы патологиялық үрдістің дамуына, мысалы тісжегінің пайда болуына алып келеді. Тіс қағындағы әртүрлі микроорганизмдердің ішінде шынайы тісжегі туындатушы ретінде қышқылтүзеуші микроорганизмдердің маңыздылығын қарастыру керек.

Замануи көзқарасқа сүйенсек тісжегі үрдісіндегі инфекциялық агентке жататын St. mutans және Lactobacilli –лардың қышқылтүзеуші штаммдары

Болжам бойынша St. mutans тісжегіде кіреукенің минералсыздануын бастаушы болып саналады. Лактобациллаларүрдіске кейіннен тісте тісжегі ақауы кезеңі басталғанда қосылады.

Тіс қақтарының пайда болуы, құрамы, қызметі, қасиеті ауыз қуыс жағдайымен және организммен тығыз байланысты. Тіс қақтарының тісжегі тұындатушы потенциалы тамақта көмірсуларын көп қолданғанда, ауыз суында фтордың жетіспеушілігінде, ауыз қуыс гигиенасының нашар болуы кезінде жүзеге асады.

Тіс қағының құрамы және касиеті сілекеймен тығыз байланыста. Тістердің тіс жегіге бейімділігі немесе беріктілігі сілекейдің мына параметріне қарай анықталады: бөліну жылдамдығы, буферлік сыйымдылығы, сутекті иондардың концентрациясы (рН), органикалық және минералдық компоненттердің болуы. Тістердің сілекеймен шайылуы үрдісі кезінде тіс қағы және тіс тіндерінің клиренсі жүзеге асады. Тіс кіреукесі және сілекей арасында кальций және фосфат иондарының алмасуы жүруі нәтижесінде кіреуке қабаты бетінде, тіс қағында және сілекейде тепе-теңдік орнайды. Бұл сілекейдің кальций және фосфор ионымен қанығуына әсер етеді.

Тістерді тісжегіден қорғауда сілекейдің буферлік сыйымдылығы үлкен роль атқарады және қышқылдардың, сілтілердің бейтараптануын қамтамасыз етеді. Сілекейдің буферлік қабілетінің негізін карбонаттар, фосфаттар және ақуыздар құрайды.

Сілекейде көміртекті иондардың концентрациясы бейтарап диапазонда болады. Тіс қағындағы рН тісжегі тұындатушы жағдай болмағанда сілекейдің рН –на тең және үлкен дәрежеде сілекейдің буферлік жүйесінің бақылауында лсызданудың тоқтауы болады.

Одан басқа сілекейдің буферлік қабілетіне қарай кіреуке бетінде пайда болған тісжегі ошақтарында қайта минералдану үрдісінің жүруі және ары қарай минералсызданудың тоқтауы мүмкін.

Сілекейдің қорғаныс қызметі. Сілекейдің минералдаушы қасиеті бар. Сілекей бездерінің қызметінің бас және мойын ісіктерін үлкен сәуле дозасымен емдеуде тоқталуы кезінде гүлденген тісжегінің дамуы бірден бір тікелей дәлелдеуші айғақ болады.

Бұндай тісжегі бірнеше апта ішінде тістердің тісжегіге бейім беттерін зақымдап, тістердің құрылымының толық бұзылуын тұындатады.

Тістерді тісжегіден қорғауды қамтамасыз ететін сілекейдің негізгі қасиеттері:

• ауыз қуысына тамақпен түскен көмірсуларының клиренсі және араласуы;

• тіс қағындағы қышқылдарды бейтараптандыру;

• тістің қатты тіндерінің қайта минералдануының иондық бастауы;

Адам тістерінің сілекейде ерімейтін себебі, ол кальций, фосфат және гидрооксил иондарымен қаныққан. Тістердің минералды фракциясы негізінен осы иондардан тұрады. Динамикалық тепе-теңдікте сілекейдің кальций және фосфат иондарымен қанығуының алмасу үрдісі минералсызданудан толық қорғайды. Тіс қағындағы рН өте төмен болғанда, гидроксил және фосфат иондарының концентрациясы критикалық мағанадан төмен болу үшін сілекейдің толық қанығу жағдайы орын алады.

Кіреуке өткізззгіштігі. Тістің қатты тіндері және әсіресе кіреуке өткізгіштігі тексеруге жеңіл бірден-бір физиологиялық қасиеті болып саналады. Кіреукенің өткізгіштігі көптеген факторлар мен шарттарға тәуелді.

Кейбір иондар кристалдар ішінде еніп, кристаллішілік алмасуға қатысатыны жайлы мәліметтер бар. Мысалы фтор кіреукенің беті қабатынан гидроксиапатитінің кристалдарының гидроксил иондарын ығыстырып, оның қышқылға беріктігін арттырады

Кіреукеге заттардың тереңдене және жылдам енуіне тістің қатты тіндерінің минералдану дәрежесі әсер етеді. Содан басқа физикалық және химиялық факторлардың әсер етуінен кіреукенің өткізгіштік деңгейі де өзгеруі мүмкін. Кіреукеге заттардың бойлай және жылдам енуі енуші заттардың сипатына, оның тіспен жанасу уақытына байланысты болады.

Фтор ионы кіреукеге 15-80 мкм дейін енеді.


Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 450 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТ | ТІСТЕРДІҢ ДАМУЫ | ТІС КІРЕУКЕСІНІҢ, ДЕНТИННІҢ, ЦЕМЕНТТІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ | ТІСТЕРДІҢ АНАТОМИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ | ПЕРИОДОНТ | ХАЛЫҚ АРАСЫНДА ТІСТЕРДІҢ ТІСЖЕГІСІНІҢ ТАРАЛУЫ ЖӘНЕ ҚАРҚЫНДЫЛЫҒЫ | ТІСТЕРДЕ ТІСЖЕГІНІҢ ПАЙДА БОЛУЫ ҚАУІП ФАКТОРЛАРЫ | Нәтижесін талдау | ТІС ҚАҚТАРЫ МЕН АУЫЗ СҰЙЫҚТЫҒЫНЫҢ ҚАСИЕТІН БАҒАЛАУ | CRT bacteria» жүйесі көмегімен экспресс әдіспен анықтау. |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
ТІСТЕРДЕГІ ТІСЖЕГІ ТЕОРИЯСЫ| ТІСТЕР ТІСЖЕГІСІНІҢ ПАТОЛОГИЯЛЫҚ АНАТОМИЯСЫ

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)