Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Периодонт

Читайте также:
  1. Заболевания периодонта
  2. ПЕРИОДОНТ ҚАБЫНУЫ
  3. ПЕРИОДОНТҚАБЫНУЫН ЕМДЕУ КЕЗІНДЕ ЖІБЕРІЛЕТІН ҚАТЕЛІКТЕР МЕН АСҚЫНУЛАР
  4. ПЕРИОДОНТТЫҢ ҚАБЫНУЫНЫҢ ЕМІ.

Периодонт —түбір цементі мен альвеоланың компакты пластинкасы арасындағы саңлауды толтырып тұрған дәнекер тін. Периодонт негізгі үш компоненттерден тұрады: жасушалық элементтер мен талшықтар орналасқан борпылдақ дәнекер тіндерден. Периодонттың байламшы аппараты бір жағынан альвеола сүйегіне, ал екінші жағынан тіс цементіне бекітілген көптеген коллаген талшықтарының жиынтығынан тұрады.

Периодонттағы коллаген талшықтары жиынтықтарының орналасуына байланысты бөлінеді:

· Альвеола айдаршығының талшықтары: тістің ұрт жақ беткейіне алвеолярлы сүйектің айдаршығымен байланыстырады және ұрт-тіл жақ жазықтығында орналасады.

· Көлденең орналасқан талшықтар: альвеола айдаршығы талшықтарынан терең периодонт саңылауына кіреберісінде орналасады және циркулярлы (шеңберлі, айналмалы) тіс байламын құрайды. Ең алдымен ол үш талшықтан тұрады. Бірінші топ талшықтары тіс-қызылиек байламынан төмен цементке бекітіледі. Екіншісі қызылиектен және қызылиек бүртікшесінен желпуіш секілді басталып, тіс мойнына бекітіледі де қызылиектің қозғалмауын және оның тіске тығыз байланысуын қамтамасыз етеді.

· Үшінші топқа талшықтардың транссептальді тобын жатқызады. Бұл топ талшықтары тістерді көрші тіспен байланыстырады және тісаралық бүртікше қалыңдығынан, алвеолды өсінді ұшынан өтеді.

· Қисық орналасқан талшықтар: сан жағынан басқа топ талшықтарынан басым келеді және периодонт саңылауының 2/3 бөлігін алып тұрады.

Талшықтар цементтен жоғары алвеола сүйегіне қарай қиғаш орналасады.

· Түбір ұшы талшықтары түбір ұшы бөлігінен альвеола түбіне қарай тігінен таралады, біреуі көлденең бағыт алса, ал басқалары тігінен бағытталды.

· Түбіраралық талшықтар көптүбірлі тістерде бифуркация аймағында тіс түбірін түбіраралық қалқанша айдаршығымен байланыстырады. Олар оған жартылай көлденең, ал жартылай тігінен бағытталады.

Коллаген талшықтарынан басқа периодонт құрамына ретикулярлы, эластикалық және окситаландық (эластикалық жетілмеген) кіреді. Олар диаметрі 0,5-1 мкм және ұзындығы бірнеше миллиметр болатын жиынтық құрайды. Ретикулярлы талшықтар коллаген талшықтары жиынтығы арасында орналасып, коллаген талшықтарының жүрісін қайталайды. Олар жіңішке күрделі көмірсумен қапталған микрофибрил коллагенінен тұрады. Ретикулярлы талшықтарының басым көпшілігі мойын бөлігінде, түбір ұшы және бифуркация аймағында анықталады.

Эластикалық талшықтар негізінен қан тамырларының қабырғаларында болады және гликопротеидті микрофибрилдерден, эластин белоктарынан тұрады. Тіреу-механикалық қызметін атқарады.

Окситаланды талшықтар- бұл эластикалық талшықтардың бір түрі. Периодонтта қан тамырларымен жалғасып, окситаланды-тамырлық құрылым құрайды. Түбірге параллельді жүріп, периодонт саңылауының ортасында орналасады. Олар коллаген талшықтарына тік бұрышта енетін түбір айналасында үшшекті тор құрайды. Окситалан талшықтарының ең көп бөлшегі тіс мойны аймағында орналасады. Окситалан талшықтары болжамдау бойынша қан айналымын реттеуге қатысады.

Периодонттың қантамырлары қызылиек және сүйек тіні қантамырларымен анастамоз жасайды. Периодонттың лимфа жүйесі жұқа қабырғалы лимфалық қылтамырлардан тұрады және ондағы борпылдақ тіннен басталып, қалақшалары (клапан) бар веналармен бірге жүретін жинағыш лимфа тамырларына өтеді. Лимфа тамырларының біразы қызыл иекке бағытталса, біразы альвеола қабырғасын тесіп өтеді.

Периодонт сезімтал нерв ұштарына және нерв талшықтарына өте бай. Бұл – оның өте ерекше сезу ағзасы екенінің дәлелі және оның шайнау қысымын рефлекторлық реттеудегі маңызын көрсетеді (Фалин Л.И., 1963).

Периодонттың иннервациялануы афферентік және эфферентік талшықтар арқылы жүреді. Афферентік талшықтар периодонтқа екі иннервациялаушы жолмен келеді. Олардың біріншісі – тіс нервісінен бөлінетін бірге түбір ұшы тесігіне кіргенге дейін және қызыл иекке дейін жететін қантамыр-нерв шоғырымен бірге перифериялық тармақтар. Афферентік нервтердің екінші бастар жолы – тістераралық және түбіраралық қалқандардың тесіктеріне өтетін (фолькман өзектері) тармақтар. Олар тіс нервісінен түбір ұшына немесе тіс сауытына қарай бағытталған және периодонттың орта және тіс мойыны бөлігін нервтендіруге қатысады.

Периодонттың жасуша құрамы: фибробласттармен, плазматикалық, толықша, адвентициальді жасушадан, остеобластардан, цементобластардан, макрофагтардан (гистиоциттер, остеокластар, цементокластар), қан жасушаларынан (сегментті ядролы лейкоциттерден, кейде эозинофилдер мен лимфоциттер), эпителиальді жасушалар жинақтарынан тұрады.

Фибробласттар коллаген талшықтары және негізгі заттардың түзілуіне қатысады. Физиологиялық жағдайда және периодонттың жарақаттануы кезінде фибробласттар сүйек және цемент жағына қарай ауысатын периваскулярлы орналасқан жасушалар-орынбасушы қайта құрылатын жасушалармен алмасып отырады. Фибробласттар саны жас ұлғаюына байланысты азаяды.

Толықша жасушалар борпылдақ дәнекер тіндерде көптеп орналасып, лейкоциттер және плазмалық жаушалардан дамиды да секреторлық қызмет атқарады. Бұл цитоплазмасында көптеген базофильді дәндері бар ірі дұрыс шеңберлі емес жасушалар. Толықша жасушалардың бұзылуы кезінде организм жағынан күрделі жауапты реакциялар туындататын сандық жағынан басым көптеген биологиялық белсенді заттар бөледі, әсіресе, гепарин және гистаминді.

Цементобласттар екіншілік жасушалық цементің құрылуына, ал остеобластар альвеолада сүйек тінінің құрылуына қатысады.

Барлық тістердің периодонтында, әсіресе үлкен азу тістерде және күрек тістерде аздаған аралшықтар немесе эпителиальді жасушалар тарпалары немесе Малассе аралшықтары кездеседі.

Бұл эпителиальді жасушалар әртүрлі қабыну үрдісін,түбірұшы тінінде жалғанісіктәрізді және ісікті үрдістердің дамуына, радикулярлы жылауықтардың (киста) эпителиальді жабындысының қалыптасуына үлкен роль атқарады.

Периодонтта құрылымы жағынан рецепторлардың әр түрлі болуы олардың қызметінің де әр түрлі болуын қамтамасыз етеді:

· Тіреп –бекіту қызметі: Периодонттың негізгі қызметі тіреп-бекіту және амортизациялаушы болып табылады. Периодонттың гидравликалық аппараты (қан және лимфа тамырлары) оның негізгі қызметінің биомеханикасында белсенді роль атқарады. Гидростатикалық қысымның өзгеруі байламдық аппараттың созылғыштығына әсер етеді, периодонтқа жоғары қысым түскенде полимерлерде болатын өзгерістер сияқты оның талшықтарының қаттылығының жоғарылағаны байқалады. Функционалдық күш түскен кезде тістер серпімді бекіген жағдайда болады, сондықтан ешқашан альвеола қабырғаларына аса жақындамайды.

· Шайнау қысымын реттеуші: Периодонттың амортизациялаушы қызметінің мәні – шайнау тербелістерін реттеп, қысымды тіс ұясы қабырғаларына тепе-тең бөліп, оны бұзушы фактордан зат алмасу үрдістерін ынталандыратын факторға айналдыру.Бұған коллаген талшықтары мен тамырлар жүйесі мүмкіндік етеді. Олар периодонт тініндегі сұйықпен қосылып тіске арнайы гидравликалық жастық құрады. Периодонтта қысым жоғарылаған кезде қан мен лимфа сүйектегі тамырлар жүйесіне бағыт ала бастайды.

· Қорғаныс қызметі: Периодонттың қорғаныс немесе барьерлік қызметі оның барлық бөлігінде бірдей орналасқан гистиоциттермен тығыз байланысты, Периодонттың жиі орналасқан қантамырлар торы оның әрбір аймағында микрофаг-лейкоциттер мен антителалардың болуын қамтиды. Мұның өзі периодонт арқылы ауыз қуысынан организмнің ішкі ортасына инфекциялық және басқалай агенттердің түсуіне тосқауыл бола алады.

· Пластикалық қызметі: Пластикалық немесе қайта құру қызметі арнаулы жасушалардың остеобластар мен цементобластардың арқасында орындалады және тістер шықаннан кейін де жалғаса береді. Бұл жасушалардағы ферменттік жүйелерге жоғары белсенділік тән, сондықтан сүйек құрылымдары мен түбір цементі сорылған кезде, оларды қайта құруға осы жасушалар қатысады.

· Сенсорлық қызметі:Периодонт өзінің көптеген нерв ұштарымен сенсорлық қызмет атқарады. Периодонттағы механорецепторлар шайнау қызметін реттейді. Периодонттың гомеостатикалық қызметі коллагеннің жаңару үрдісін, цементтің репарация және сорылуын, альвеола сүйегінің қайта құрылуын, жасушалардың пролиферативті және функциональді белсендігін, тістегі құрылымды функциональді өзгерістерге байланысты шайнау қызметін реттейді және емдік әсер етеді.

· Рефлексогенді қызметі: периодонтта сезімталдық нерв талшықтарының көп болуына байланысты тіске түсетін шайнау қысымы реттеліп тұрады.

· Трофикалық қызметі: периодонтта капиллярлы тордың тарамдануына байланысты түбір цементі және альвеола қорек алады.

 

1 КЛИНИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙ

Емтихан тапсыру кезінде студентке жұлынған тіс берілді. Студент берілген тістің қай топқа жататын тісі және қай жақта орналасқан тіс екенін анықтауы тиіс еді. Тісті мұқият қарау барысында тістің окклюзиялық бетінде 5 төмпешік орналасқанын анықтады: 2 төмпешіктен сауыттың шетінде, ал бесінші көлемі жағынан кішілеу төмпешік осы төмпешіктердің артында және аздап сауыттың ортаңғы сызығына қарай ығыса орналасқанын анықтады. Тісте бесінші төмпешікке иіле орналасқан 2 түбір бар. Бұдан басқа бесінші төмпешік бағытына қарай сауыт көлемінің аздап көлденең тарылғаны көрінеді. Осы параметрлерді ескере отырып анықтау керек:

1. Тістің қай топқа жататынын?

2. Студентке бағалау үшін қандай нақтылы тіс берілгенін?

3. Осы тістің қай жаққа жататынын?

4. Берілген тіс жақтардың қай жағында орналасатынын?

5. Берілген тісті анықтауды қажет ететін негізгі белгілерін атаңыз.

2 КЛИНИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙ

Сынақ алу сабағы кезінде студентке гистологиялық препарат берілді. Тіндер кесіндісін микроскоппен зерттеу негізінде препаратта қандай тіндер берілгенін анықтау керек болды. Микроскопғы көріністі бағалау нәтижесінде студент препаратта ауыз қуысы ағзаларының бір тін екенін анықтады. Сыртқы қабаты біркелкі құрылымды және барлық ұзындықта енген түтікшелер орналасқандығын анықтады. Бұл қабаттың астында қан тамырлары мен борпылдақ талшықтардан тұратын тін орналасқан. Тінде бірнеше белбеуді бөлуге болады.

Шеттік қабат екі өсіндіден тұратын бірнеше қатар ұзынша жасушадан тұрады. Жасушаның ұзын өсіндісі сыртқы қабаттың түтікшелерінде орналасқан. Осыдан басқа препаратта жасушасы аз қабат және тамырлары өте көп қабат анықталды.

1. Кесіндіде ағзаның қай тіні берілген?

2. Кесіндіде қай тін анықталады?

3. Тіннің гистологиялық әр параметрін сипаттаңыз?

ЖАУАП БЕРІҢІЗ:

1. Екі тістің түйіскен аймағы қалай аталады:

1) окклюзиялық бет;

2) вестибулярлы бет;

3) жанасу нүктесі;

4) кіреуке – дентин байланысы;

5) жиектік айдаршық.

2. Жоғарыминералданған қалыптасқан кіреукеге тән:

1)көптеген қантамырларының болуы;

2) нерв талшықтары торының тарамдануы;

3) қанмен қамтамасыз етілуі және иннервацияландың болмауы;

4) лимфа жүйесінің болуына;

5) энамелобласттардың болуы.

3. Қалыптасқан кіреукенің негізгі компоненттері:

1) гидроксиапатит;

2) коллаген;

3) монофторфосфат;

4) кварц;

5) энамелобласттар.

4. Ретциус сызығы қамтиды:

1) одонтобластардың қызметі нәтижесінде кіреукенің минералдау үрдісінің біркелкілігін;

2) энамелобласттардың қызметі нәтижесінде минералдану үрдісінің біркелкіеместігін

3)кіреукенің минералдану үрдісіне фибробласттардың қатысуын;

4) кіреукенің минералдануына цементобластардың әсер етуін;

5) кіреукенің дамуы үрдісінде остеокластардың минералдану үрдісіне әсер етуін;

5. Көлденең кесіндіде кіреуке призмасының пішіні қандай болады:

1) тікбұрышты;

2) үшбұрышты;

3) доғатәріздес;

4) сопақ;

5) ромб тәрізді.

6. Ламеллалар, немесе кіреуке шоғырларының құрылымы тән:

1) кіреукеге;

2) дентинге;

3) ұлпаға;

4) периодонтқа;

5) цементке.

7. Дентиннің негізгі заты бойлай өткен:

1) қан тамырларымен;

2) нерв талшықтарымен;

3) дентин түтікшелерімен;

4) кіреуке білігімен;

5) энамелобласттар өсіндісімен.

8. Цементтің белсенді жасушалары болып табылады:

1) одонтобласттар;

2) энамелобласттар;

3) ұлпаның толықша жасушалары;

4) цементобласттар;

5) периодонттың фибробластары.

9. Ұлпаның шеттік сыртқы қабаты тұрады:

1) бірнеше қабат тікенекті жасушалардан;

2) бірнеше қабат талықша жасушалардан;

3) фибробласттардан;

4) 1–8 қабат одонтобласттардан;

5) 5–6 қабат энамелобласттардан.

10. Цемент өзінің құрамы және құрылымы бойынша неге ұқсас келеді:

1) дөрекіталшықты сүйекке;

2) етті тінге;

3) жабынды дентинге;

4) жасушалары аз Вейля қабатына;

5) Томс дентинінің дәнді қабатына.

11. Дентин түтікшелерінде орналасады:

1) одонтобласттардың шеттік өсінділері;

2) ұлпа жасушасының детритті өсіндісі;

3) ұлпаның жасушааралық коллаген талшықтары;

4) периодонттың коллаген талшықтарының шоғырлары;

5) қан тамырлары.

12. Периодонттың тосқауыл қызметін атқарады:

1) гистиоциттер;

2) эритроциттер;

3) плазматикалық жасушалар;

4) цементобласттар;

5) тромбоциттер.

ДҰРЫС ЖАУАПТАР:

1 — 3; 2 — 3; 3 — 1; 4 — 2; 5 — 3; 6 — 1; 7 — 3; 8 — 4;

9 — 4; 10 — 1; 11 — 1; 12 — 1.

 

ТАРАУ


Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 644 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: МАЗМҰНЫ | ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТ | ТІСТЕРДІҢ ДАМУЫ | ТІС КІРЕУКЕСІНІҢ, ДЕНТИННІҢ, ЦЕМЕНТТІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ | ТІСТЕРДЕ ТІСЖЕГІНІҢ ПАЙДА БОЛУЫ ҚАУІП ФАКТОРЛАРЫ | Нәтижесін талдау | ТІС ҚАҚТАРЫ МЕН АУЫЗ СҰЙЫҚТЫҒЫНЫҢ ҚАСИЕТІН БАҒАЛАУ | CRT bacteria» жүйесі көмегімен экспресс әдіспен анықтау. | ТІСТЕРДЕГІ ТІСЖЕГІ ТЕОРИЯСЫ | ТІС ҚАҚТАРЫНЫҢ, СІЛЕКЕЙДІҢ ЖӘНЕ КІРЕУКЕ ӨТКІЗГІШТІГІНІҢ ТІСЖЕГІ ДАМУЫНДАҒЫ РОЛІ. |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
ТІСТЕРДІҢ АНАТОМИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ| ХАЛЫҚ АРАСЫНДА ТІСТЕРДІҢ ТІСЖЕГІСІНІҢ ТАРАЛУЫ ЖӘНЕ ҚАРҚЫНДЫЛЫҒЫ

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.02 сек.)