Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

ТістердіҢ дамуы

Читайте также:
  1. ТІС ҚАҚТАРЫНЫҢ, СІЛЕКЕЙДІҢ ЖӘНЕ КІРЕУКЕ ӨТКІЗГІШТІГІНІҢ ТІСЖЕГІ ДАМУЫНДАҒЫ РОЛІ.
  2. ТІСТЕРДІҢ АНАТОМИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ
  3. ТІСТЕРДІҢ ТІСЖЕГІСІН ЕМДЕУ КЕЗІНДЕ ЖІБЕРІЛЕТІН ҚАТЕЛІКТЕР МЕН АСҚЫНУЛАР
  4. ХАЛЫҚ АРАСЫНДА ТІСТЕРДІҢ ТІСЖЕГІСІНІҢ ТАРАЛУЫ ЖӘНЕ ҚАРҚЫНДЫЛЫҒЫ

Адамда тістердің дамуы шамамен эмбриональді дамудың 6-7 аптасында басталады. Сыртқы ұрықтық жапырақ (эктодерма) кіреукенің және оны жауып тұратын кутикуланың қалыптасуына қызмет етеді. Цемент, дентин және ұлпа—мезенхиманың туындысы болып келеді (эктомезенхима).

Тіс тіндерінің қалыптасуы (одонтогенез) үш кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде тіс ұрықтарының салына бастауы жүреді. Осы кезеңде мезенхима тініне қарай өскен көпқабатты жалпақ эпителий тіс пластинкасын құрайды. Бұл пластинканың кейбір аймақтарында болашақ кіреуке органы сүт тістердің ұрығы қалыптасатын эпителий өсіндісі басталады.

10-шы аптада әрбір болашақ кіреуке органы мезенхимаға қарай өсе бастайды. Осыдан бастап тіс бүртікшесі қалыптасады. Осыдан кейін кіреуке органы ұлғаяды және тіс пластинкасынан бөліне бастайды.

Эмбриональды дамудың 3-ші айының аяғында кіреуке органы кіреуке органының мойыны аталатын жұқа эпителиальді тартпа түріндегі тіс пластинкасымен қосылады.

Кіреуке органы айналасында бір уақытта мезинхима өсіп тіс қапшығы құрылады. Кіреуке органы мойыны тінінен және тіс пластинкасының бос бөліктегі қалған эпителийден тұрақты тістердің ұрығы қалыптасады.

II кезеңді тіс ұрығының дифференцияциясы жүреді. Дифференцияцияаланбаған кіреуке органының жасушалары және тіс бүртікшесі тіс кіреукесінің қалыптасуына жауап беретін энамелобласт-жасушаға трансформацияланады.

Тіс бүртікшесінің жасушаларының дифференциялану үрдісі кезінде дентин түзеуші одонтобласты жасуша преодонтобласттардың түзелуі жүреді.

Осы кезеңде тіс ұрығының пішіні болашақ тіс сауытының бөлігінің түріне сәйкес болады. Бір мезгілде кіреуке органының және тіс бүртікшесінің жасушаларының белсенді дифференциялануымен қатар тіс ұрығын қоршаған тіндерде жақ тінінің сүйегінің қалыптасуы жүреді.

Кіреуке органы мойыны эпителиі осы кезеңде толығымен сорылады және тіс ұрығының тіс пластинкасымен байланысы жойылып жартылай мезенхимаға ауысады.

III кезең, гистогенез — кіреуке, дентин, цемент және ұлпаның дамуы пайда болатын соңғы кезең. (1.3сурет).

Гистогенез кезеңі эмбриональді дамудың 3-ші айының соңында басталып тістер шыққанға дейін созылады. Осы кезеңде дентин одонтобластарының түзелуі басталады. Одонтобластар талшықтары алғашында тіс бүртікшесінің ұшында орналасатын коллаген және органикалық дентин матриксы компоненттерін синтездейді.

Пайда болған одонтобластардың шеттік өскіндері пайда болған коллагенмен жабылып дентин түтікшелерін қалыптастырады. Эмбриональді дамудың 5-ші айында дентиннің органикалық мариксінің минералдануы басталады. Алғашқы дентиннің пайда болуынан кейін кіреуке органының эпителиальді жасушасы есебінен пайда болған кіреуке, тіс бүртікшесі ұшында призматикалық құрылымда көрінеді.

Міне осындай құрылым энамелобластардың дифференциялануының бітуінен пайда болып Томс өсінідлерінің пайда болуымен және эндоплазматикалық торлы түтікшелердің көбейуімен, жасушалардың секреторлы қызметінің артуымен сипатталады.

 

1.3. Сурет. Гистогенез: 1 — ауыз кілегей қабық эпителиі; 2 — энамелобласттар; 3 — тіс кіреукесі; 4 — дентин; 5 —предентин; 6 — одонтобласт қабаты; 7 — тіс ұлпасы; 8 —кіреуке органының ұлпасы; 9 — сыртқы кіреуке органы;

 

Кіреукенің қалыптасу үрдісі екі кезеңде қүреді: алғашында призманың органикалық негізі пайда болады, ал содан кейін кіреукенің жетілуі.

Осы кезеңде энамелобластардың дифференциялануы ары қарай жүреді. Екі типті жасушалар қалыптасады.

I типтегі жасушалар кіреукенің бейорганикалық компоненттерін тасымалдауға қатысады. Бұл жасушалар құрамында кальций байланыстырушы ақуыздардың көп болуы тән.

II типтегі жасушалар кіреукеден органикалық заттарды және суды алып тастауды атқарады. Энамелобластардың қызметінің ең соңғы кезеңі кіреуке кутикулансының пайда болуына қатысуы.

Цементтің дамуы тіс түбірі дентині қалыптасқаннан кейін постнатальдық кезеңнен басталады. Мезенхима жасушаларында пайда болған цементобластар түбір дентині сыртын цемнтпен қоршай бастайды.


Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 411 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: МАЗМҰНЫ | ТІСТЕРДІҢ АНАТОМИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ | ПЕРИОДОНТ | ХАЛЫҚ АРАСЫНДА ТІСТЕРДІҢ ТІСЖЕГІСІНІҢ ТАРАЛУЫ ЖӘНЕ ҚАРҚЫНДЫЛЫҒЫ | ТІСТЕРДЕ ТІСЖЕГІНІҢ ПАЙДА БОЛУЫ ҚАУІП ФАКТОРЛАРЫ | Нәтижесін талдау | ТІС ҚАҚТАРЫ МЕН АУЫЗ СҰЙЫҚТЫҒЫНЫҢ ҚАСИЕТІН БАҒАЛАУ | CRT bacteria» жүйесі көмегімен экспресс әдіспен анықтау. | ТІСТЕРДЕГІ ТІСЖЕГІ ТЕОРИЯСЫ | ТІС ҚАҚТАРЫНЫҢ, СІЛЕКЕЙДІҢ ЖӘНЕ КІРЕУКЕ ӨТКІЗГІШТІГІНІҢ ТІСЖЕГІ ДАМУЫНДАҒЫ РОЛІ. |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТ| ТІС КІРЕУКЕСІНІҢ, ДЕНТИННІҢ, ЦЕМЕНТТІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.011 сек.)