Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

ХалыҚ арасында тістердіҢ тісжегісініҢ таралуы жӘне ҚарҚындылыҒы

Читайте также:
  1. АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
  2. Бiр-бiрiнен 0,3 м қашықтықта орналасқан қабылдағыштардың арасындағы сигналдың әлсiреуi.
  3. БЛЕК БОЙЫНША I КЛАСС ТІСЖЕГІ ҚУЫСЫН ЕГЕП ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ ПЛОМБЫЛАУ
  4. БЛЕК БОЙЫНША II КЛАСС ТІСЖЕГІ ҚУЫСЫН ЕГЕП ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ ПЛОМБЫЛАУ
  5. БЛЕК ЖҮЙЕСІ БОЙЫНША IV КЛАСС ТІСЖЕГІ ҚУЫСЫН ЕГЕП ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ ПЛОМБЫЛАУ
  6. БЛЕК ЖҮЙЕСІ БОЙЫНША V КЛАСС ТІСЖЕГІ ҚУЫСЫН ЕГЕП ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ ПЛОМБЫЛАУ
  7. ТҮБІР ӨЗЕКТЕРІН МЕХАНИКАЛЫҚ ӨҢДЕУ ЖӘНЕ ПЛОМБЫЛАУ ӘДІСТЕРІ

Бүгінгі таңда тістердің тісжегімен зақымдануы балалар және ересек халық арасында кең тараған стоматолгиялық аурулардың бірі болып отыр.

Россия халықтарының негізгі жас тобын эпидемологиялық стоматологиялық тексеру (2009) мәлімететері бойынша 6-жастағы балалар арасында уақытша тістер тісжегісінің таралуы 84%, уақытша тістерді1ң орташа тісжегі қарқындылығы (т) — 4,83, бұл кезде компонент «т» 2,9 тең болса, ал компонет «п» — 1,55, «ж» — 0,38 тең болды.

Халық арасында тұрақты тістердің тісжегінің таралуы мен қарқындылығының орташа көрсеткіші

 

Жасы, жылы Таралуы % ТПЖ Т П Ж
    0,23 0,15 0,08 -
    2,51 1,17 1,30 0,04
    3,81 1,57 2,15 0,09
35-44   13,93 3,13 6,02 4,78
65 және жоғары   22,75 1,72 2,77 18,26

 

РФ 47 аймағында тұрып жатқан эпидемологиялық стоматологиялық тексеруден өткен 55391 адамның ұлттық нәтижесінің мәліметтері келтірілген. Тексеру 2007-2008 жж ДДҰ ұсынған стоматологиялық статусты бағалау критериі мен кодтарын қолдана отырып жүргізілді.

Алынған мәліметтерге сәйкес әртүрлі аймақтарда тісжегінің таралуы бірдей емес. Ауыз суында фторидтердің мөлшері мен уақытша және тұрақты тістердің тісжегі қарқындылығы арасында ең маңызды өзара байланыс бар екені анықталды. Ауыз суында фторидтердің мөлшерлі концентрациясы 0,7 мг/л төмен болғанда тісжегінің таралуы көбейеді, ал 0,7 мг/л болса онда тісжегінің таралуы азаяды. Бұл тәуелділік 6, 12 және 15 жас арасындағы топтарда өте айқын көрінеді. Ересек жастар арасында бұндай тенденция аз дәрежеде көрінетіні көптеген тісжегі туғызушы факторлардың әсеріне байланысты болуы мүмкін. (2.2, 2.3сурет).

2.2. Сурет. Аймақтарда ауыз суында фторид мөлшерінің әртүрлі болуына қарай уақытша тістердігі тісжегінің орташа қарқындылығы

 

2.3.Сурет. Аймақтарда ауыз суында фторид мөлшерінің әртүрлі болуына қарай тұрақты тістердігі тісжегінің орташа қарқындылығы.

Қалалық және ауылдық тұрғындар арасында тісжегі қарқындылығының көрсеткіші өзгеріссіз болды. ДДҰ градациясы бойынша тісжегі қарқындылығы 12- жастағы балалар арасында 27 аймақта төмен деңгейде, 19 аймақта орташа, ал бір аймақта жоғары болды. ДДҰ градациясы бойынша көптеген аймақтарының тұрғындары арасында тістердің тісжегі қарқындылығы деңгейі жоғары деп бағаланды.

Ұлттық екіншілік эпидемологиялық стоматологиялық тексеру нәтижесін талдау барысы 10 жыл бұрынғы (1999) мәліметтерімен салыстырғанда балалардың тұрақты тісінің тісжегі қарқындылығының орташа көрсеткішінің төмендегенін анықтаса, ал ересек және егде тартқан тұрғындарда тістердің тісжегі қарқындылығы жоғары деңгейде қалғаны анықталды.


Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 386 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: МАЗМҰНЫ | ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТ | ТІСТЕРДІҢ ДАМУЫ | ТІС КІРЕУКЕСІНІҢ, ДЕНТИННІҢ, ЦЕМЕНТТІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ | ТІСТЕРДІҢ АНАТОМИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ | Нәтижесін талдау | ТІС ҚАҚТАРЫ МЕН АУЫЗ СҰЙЫҚТЫҒЫНЫҢ ҚАСИЕТІН БАҒАЛАУ | CRT bacteria» жүйесі көмегімен экспресс әдіспен анықтау. | ТІСТЕРДЕГІ ТІСЖЕГІ ТЕОРИЯСЫ | ТІС ҚАҚТАРЫНЫҢ, СІЛЕКЕЙДІҢ ЖӘНЕ КІРЕУКЕ ӨТКІЗГІШТІГІНІҢ ТІСЖЕГІ ДАМУЫНДАҒЫ РОЛІ. |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
ПЕРИОДОНТ| ТІСТЕРДЕ ТІСЖЕГІНІҢ ПАЙДА БОЛУЫ ҚАУІП ФАКТОРЛАРЫ

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)