|
ПЕРИОДОНТТЫҢ ЖЕДЕЛ ТҮБІР ҰШЫ ҚАБЫНУЫНЫҢ ЖӘНЕ ТҮБІР ҰШЫ АБСЦЕССІНІҢ ЕМІ
Периодонттың жедел түбір ұшы қабынуын және түбір ұшы абсцессін әрқашанда бірнеше қабылдауда емдейді.
Бірінші қабалдау:
1. Жергілікті жансыздандыру жүргізеді. Тісті сілекейден арнайы мақта білік көмегімен немесе раббердам көмегімен оқшалайды.
2. Зарарсыздандырылған қатты құйылымды борлардың көмегімен сумен салқындата отырып жұмсарған дентинді алып тастайды. Керек болса тіс қуысын ашады немесе кеңейтеді.
3. Клиникалық жағдайға байланысты тіс қуысын кеңейтеді немесе пломбалық материалды алады. Тіс қуысын ашу үшін тіс қуысының топографиясының ерекшелігіне қарай тіс қуысы табанын тесіп алмас үшін ұшы өткір емес броларды қолданған тиімді (мысалы, «Диамендо», «Эндо-Зэт»). Тіс қуысы табанындағы барлық ерекшеліктер түбір өзегі сағасын табуға кері әсерін тигізеді және кейіннен шайнау күшін тепе тең таратуда кері әсерін тигізеді. Осы жағдайда тіс қуысынан пломбалық материалды алу үшін де сондай борларды қолданған тиімді.
4. Тіс қуысына 0,5–5% гипохлорид натрий ерітіндісімен мұқият антисептиктік өңдеу жүргізеді.
5. Түбір өзегі сағаларын «Gates-glidden» қолдана отырып немесе арнайы алмазды жабындыдағы ультрадыбысты қондырғымен кеңейтеді.
6. Түбір өзегіндегі пломбалық материалдарды да эндодонттық аспаптарды қолдана отырып алады.
7. Түбір өзегінің жұмысшы ұзындығын рентгенологиялық әдіспен немесе электрометрдің көмегінмен (апекслокация) анықтайды. Жұмысшы ұзындығын анықтау үшін тіс сауытында ыңғайлы және жақсы есептеу нүктесінтаңдап алу керек. (төмпешіктер, тістеу қыры немесе сақталған қабырғалар). Айта кеткен жөн, рентген сурет те және апекслокация да 100% нақты нәтиже бермейді. Сондықтан, қолданылған екі әдістен алынған нәтижелердің жинақтарына сүйене отырып жұмыс істеу керек. Алынған жұмысшы ұзындығын тіркейді. Қазіргі кезде апекслокатор көмегімен алынған жұмысшы ұзындығының көрсеткішін 0,5 тен 0,0 дейінгі негіз ретінде алу керек деп санайды.
8.Эндодонттық аспаптар көмегімен түбір өзектерінде ұлпа ыдырандылары мен олардың қалдықтарынан тазалау, түбір ішіндегі минералсызданған және инфекцияланған дентинді алу мақсатында және түбір өзегін кеңейту, оған арнайы конустық пішін беру мақсатында, медикаментозды өңдеуді жәнепломбалық материалдың енуін жақсарту мақсатында механикалық өңдеу жүргізеді. Түбір өзектерін аспатық өңдеу тәсілдерін үлкен екі топқа бөлуге болады: түбірұшы-сауыттық және сауыттық-түбірұшылық.
9. Түбір өзектерін дәрілік өңдеуді механикалық өңдеумен қатар жүргізеді. Түбір өзектерін дәрілік өңдеудің мақсаты түбір өзегінің дезинфекциясы, сонымен қатар ұлпа ыдырандылары мен дентин үгінділерін химиялық механикалық алу болып табылады. Бұл үшін әртүрлі препараттар қолданылады. Ең тиімдісі 0,5–5% гипохлорид натрий ерітіндісі. Түбір өзегіне барлық ерітінділерді арнайы эндодонттық щприц арқылы енгізеді. Органикалық қалдықтардың нәтижелі еруі үшін және түбір өзегін антисептикалық өңдеуде гипохлорид натрий ерітіндісін қолдану мерзімі 30 минуттан кем болмауы керек. Дәрілік өңдеудің нәтижесін арттыру барысында ультардыбысты қолданған жөн.
10. Майлы қабатты алып тастайды. Қандай да бір тәсілді қолдана отырып аспатық өңдеу жүргізу кезінде түбір өзегінде дентин үгінділері мен патогенді микроорганизмдерден тұратын майлы қабат пайда болады. Майла қабатты алып тастау үшін 17% ЭДТА («Largal») ерітіндісін қолданады. ЭДТА ерітіндісі өзекте толық әсер ету үшін 2-3 минут керек. ЭДТА және гипохлорид натрий ерітінділері бір бірін бейтараптандырады. Сондықтан бірін екіншісіне алмастыру алдында өзекті жақсылап дистиллденген сумен жуған жөн.
11.Өзекті межелік дәрілік өңдеуді гипохлорид натрий ерітіндісімен жүргізеді. Соңғы кезеңде гипохлорид натрий ерітіндісінің белсенділігін төмендету үшін түбір өзегіне көп мөлшерде изотониялық натрий хлорид ерітіндісін немесе дистиллденген суды енгізу керек.
12. Түбір өзегін қағаз штифтер көмегімен кептіреді және өзекке уақытша пломбалық материал енгізеді. Бүгінгі таңда уақытша материал ретінде гидроксид кальций негізіндегі («Calasept»,«Metapaste», «Metapex», «Vitapex» және т.б.) материалдарды қолдануға кеңес береді. Бұл материалдардың рН жоғары болуы нәтижесінде жақсы антибактериальді әсер етеді. Тіс қуысын уақытша пломбамен жабады. Жалқықты үрдістың айқын көрінісі кезінде және түбір өзектеріне толыққанды дәрілік өңдеу жүргізе алмаған жағдайда тісті 2-3 күнге ашық қалдыруға болады
13. Қабынуға қарсы жалпы ем тағайындайды.
Екінші қабылдау (1–2 күнен кейін)
Егер науқаста шағым немесе тісінде қағып тексергенде ауру сезімі болса, онда түбір өзектерінде қайтадан дәрілік өңдеу жүргізіп, уақытша пломбаны алмастырады. Егер пациентте клиникалық симптоматикасы болмаса, онда эндодонттық емді жалғастырады.
1. Жергілікті жансыздандыру жүргізеді. Тісті сілекейден арнайы мақта білік көмегімен немесе раббердам көмегімен оқшалайды.
2. Уақытша пломбаны алады және тіс қуысы мен түбір өзегіне мұқият антисептиктік өңдеу жүргізеді. Эндодонттық аспатар мн арнайы жуғыш ерітінділер көмегімен өзектен уақытша пломбалық материалдардың қалдығын алып тастайды. Бұл мақсатта ультардыбысты қолданған өте тиімді болады.
3. Өзек қабырғаларынан пломба қалдықтары менмайланған қабатты алу мақсатында өзекке 2-3 мин ЭДТА ерітіндісін қалдырады.
4. Өзекке гипохлорид натрий ерітіндісімен межелік өңдеу жүргізеді. Соңғы кезеңдегипохлорид натрий ерітіндісінің белсенділігін төмендету үшін түбір өзегіне дистиллденген су немесе изотониялық натрий хлорид ері індісін енгізеді.
5. Түбір өзектерін қағаз штифтер көмегімен кептіреді және пломбылайды. Түбір өзектерін пломбылау үшін әртүрлі материалдар мен әдістер қолданылады. Бүгінгі кезде түбір өзектерін толтыру үшін полимерлі силерлер мен гуттаперчаны қолдануға кеңес береді. Қуысты уақытша пломбамен жабады. Полимерлі силерлерді қолдану кезінде тұрақты пломбаны 24 сағаттан кейін, ал мырыш тотығы негізіндегі және эвгенол негізіндегі материалдарды қолданған кезде5 тәуліктен кейін тұрақты пломба қою керек.
ПЕРИОДОНТТЫҢ СОЗЫЛМАЛЫ ТҮБІР ҰШЫ ҚАБЫНУЫН ЕМДЕУ.
Периодонттың созылмалы қабынуы кезінде түбір өзегін толтыруды бірінші қабылдауда жүргізуге кеңес береді. Дәрігерлік тактика ұлпаның қабыну түрлерін емдеуден өзгеше емес.
1. Жергілікті жансыздандыру жүргізеді. Тісті сілекейден арнайы мақта білік көмегімен немесе раббердам көмегімен оқшалайды.
2 Зарарсыздандырылған қатты құйылымды борлардың көмегімен сумен салқындата отырып жұмсарған дентинді алып тастайды. Керек болса тіс қуысын ашады немесе кеңейтеді.
3. Клиникалық жағдайға байланысты тіс қуысын кеңейтеді немесе пломбалық материалды алады. Тіс қуысын ашу үшін тіс қуысының топографиясының ерекшелігіне қарай тіс қуысы табанын тесіп алмас үшін ұшы өткір емес броларды қолданған тиімді (мысалы, «Диамендо», «Эндо-Зэт»). Тіс қуысы табанындағы барлық ерекшеліктер түбір өзегі сағасын табуға кері әсерін тигізеді және кейіннен шайнау күшін тепе тең таратуда кері әсерін тигізеді. Осы жағдайда тіс қуысынан пломбалық материалды алу үшін де сондай борларды қолданған тиімді.
4. Тіс қуысына 0,5–5% гипохлорид натрий ерітіндісімен мұқият антисептиктік өңдеу жүргізеді.
5. Түбір өзегі сағаларын «Gates-glidden» қолдана отырып немесе арнайы алмазды жабындыдағы ультрадыбысты қондырғымен кеңейтеді.
6. Түбір өзегіндегі пломбалық материалдарды да эндодонттық аспаптарды қолдана отырып алады.
7. Түбір өзегінің жұмысшы ұзындығын рентгенологиялық әдіспен немесе электрометрдің көмегінмен (апекслокация) анықтайды. Жұмысшы ұзындығын анықтау үшін тіс сауытында ыңғайлы және жақсы есептеу нүктесінтаңдап алу керек. (төмпешіктер, тістеу қыры немесе сақталған қабырғалар). Айта кеткен жөн, рентген сурет те және апекслокация да 100% нақты нәтиже бермейді. Сондықтан, қолданылған екі әдістен алынған нәтижелердің жинақтарына сүйене отырып жұмыс істеу керек. Алынған жұмысшы ұзындығын тіркейді. Қазіргі кезде апекслокатор көмегімен алынған жұмысшы ұзындығының көрсеткішін 0,5 тен 0,0 дейінгі негіз ретінде алу керек деп санайды. Алынған жұмысшы ұзындығын тіркейді.
нии обоих методов.
8. Эндодонттық аспаптар көмегімен түбір өзектерінде ұлпа ыдырандылары мен олардың қалдықтарынан тазалау, түбір ішіндегі минералсызданған және инфекцияланған дентинді алу мақсатында және түбір өзегін кеңейту, оған арнайы конустық пішін беру мақсатында, медикаментозды өңдеуді жәнепломбалық материалдың енуін жақсарту мақсатында механикалық өңдеу жүргізеді. Түбір өзектерін аспатық өңдеу тәсілдерін үлкен екі топқа бөлуге болады: түбірұшы-сауыттық және сауыттық-түбірұшылық.
9. Түбір өзектерін дәрілік өңдеуді механикалық өңдеумен қатар жүргізеді. Түбір өзектерін дәрілік өңдеудің мақсаты түбір өзегінің дезинфекциясы, сонымен қатар ұлпа ыдырандылары мен дентин үгінділерін химиялық механикалық алу болып табылады. Бұл үшін әртүрлі препараттар қолданылады. Ең тиімдісі 0,5–5% гипохлорид натрий ерітіндісі. Түбір өзегіне барлық ерітінділерді арнайы эндодонттық щприц арқылы енгізеді. Органикалық қалдықтардың нәтижелі еруі үшін және түбір өзегін антисептикалық өңдеуде гипохлорид натрий ерітіндісін қолдану мерзімі 30 минуттан кем болмауы керек. Дәрілік өңдеудің нәтижесін арттыру барысында ультардыбысты қолданған жөн.
10.. Майлы қабатты алып тастайды. Қандай да бір тәсілді қолдана отырып аспатық өңдеу жүргізу кезінде түбір өзегінде дентин үгінділері мен патогенді микроорганизмдерден тұратын майлы қабат пайда болады. Майла қабатты алып тастау үшін 17% ЭДТА («Largal») ерітіндісін қолданады. ЭДТА ерітіндісі өзекте толық әсер ету үшін 2-3 минут керек. ЭДТА және гипохлорид натрий ерітінділері бір бірін бейтараптандырады. Сондықтан бірін екіншісіне алмастыру алдында өзекті жақсылап дистиллденген сумен жуған жөн.
11. Өзекті межелік дәрілік өңдеуді гипохлорид натрий ерітіндісімен жүргізеді. Соңғы кезеңде гипохлорид натрий ерітіндісінің белсенділігін төмендету үшін түбір өзегіне көп мөлшерде изотониялық натрий хлорид ерітіндісін немесе дистиллденген суды енгізу керек.
12. Түбір өзектерін қағаз штифтер көмегімен кептіреді және пломбылайды. Түбір өзектерін пломбылау үшін әртүрлі материалдар мен әдістер қолданылады. Бүгінгі кезде түбір өзектерін толтыру үшін полимерлі силерлер мен гуттаперчаны қолдануға кеңес береді. Қуысты уақытша пломбамен жабады. Полимерлі силерлерді қолдану кезінде тұрақты пломбаны 24 сағаттан кейін, ал мырыш тотығы негізіндегі және эвгенол негізіндегі материалдарды қолданған кезде5 тәуліктен кейін тұрақты пломба қою керек.
Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 197 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
ПЕРИОДОНТ ҚАБЫНУЫ | | | ЭНДОДОНТТЫҚ АСПАПТАР |