Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сурет. Кіреуке, дентин эрозиясы

Читайте также:
  1. Сурет. қышқылды некроз
  2. Сурет. Жетілмеген дентиногенез
  3. Сурет. Кіреуке және дентин гипоплазиясы
  4. Сурет. Сына тәрізді ақау және тістердің жоғары қажалуы
  5. Сурет. Флюороз
  6. ТІС КІРЕУКЕСІНІҢ, ДЕНТИННІҢ, ЦЕМЕНТТІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

КІРЕУКЕ, ДЕНТИН ЭРОЗИЯСЫНЫҢ ДИАГНОСТИКАСЫ

 

Тексеру Симптомдар Патогенездік негіздеме
Сұрау, шағымы Шағымы жоқ Кіреукенің призмааралық кеістігінің тұрақтану кезеңінде кристаллдардың дұрыс бағыттарының бұзылысы, құрылымсыз аймақ көлемінің ұлғаюы байқалады.
Температуралық, химиялық, механикалық тітіркендіргіштерден тез басылатын ауру сезімі Белсенді дамыған зақымдану кезінде гистологиялық кесіндіде кіреуке құрылымы кондиционерленген немесе ұландырылған кіреуке құрылымына ұқсайды.
Эстетикалық ақау Пигментті заттардың әсерінен түсі өзгерген дентин аймағындағы ақау.  
Ауру тарихы, жынысы, жасы Эрозияның пайда болуы науқастың жынысына, жасына байланысты емес.  
Бойынан өткізген аурулар жіне ілеспелі аурулары   Құсумен, рефлюкспен, қосарлана жүретін аурулар (булимия, ГЭРБ); жұтқыншақ тесігінің және диафрагманың жарықтары, онекіелі қатпар ішектің ойық жарасы, жүктілік, алкоголизм, сілекей бездерінің аурулары. Асқазан нәрінің қышқылының жиі және ұзақ әсер етуі тістің қатты тіндерінде қайта қалпына келмейтін зақымданулар туындатады.
Мамандық әсер етуші факторлар Өндірістік орындардың қышқылының булары Ауыз қуысына экзогенді қышқылдардың енуі (әсіресе жоғары концентрациялы) ауыз сұйықтығының минимальді рН 2 мин ұстап тұрады және физиологиялық қалыпты жағдайда сілекеймен тез арада жойылады. Қышқылдардың тұрақты және ұзақ әсер ету, гипосаливация –сілекейдің азаюы, сілекейдің буферлік белсендігінің бұзылуы табиғи қайта минералдануды тежейді де тістің қатты тіндерінің жойылуына-эрозияның пайда болуына ықпал етеді.
Науқас аурудың неден пайда болғанын байланыстырады   Жеміс жидектердің шырынын, қатты газдалған сусындады, йогуртты, және құрамында аскорбин, сірке және тағы басқақышқылдарды өте көп қолдану Цитрустарды күніне 2 реттен артық қолдану тістің қатты тіндерінде эрозияның пайда болуын 30-40 есеге арттырады. Қышқылқұрамдас препараттарды ұзақ уақыт қабылдау (Сдәруменін, ацетилсалицил қышқылын, темірқұрамдас препараттар) да эрозияның пайда болуын қамтамасыз етеді. Бақылаусыз резеңке сағызды шайнау қосалқы әсер етеді.  
Негізгі аурудың дамуы   Ең қаттылық болып табылатын кіреукенің беткі қабатының қажалуы кіреукенің төмен қаттылықтағы қабаттыңжәне дентиннің жылдам қажалуына алып келеді. Тістер кіреукесінде және дентинде эрозияның пайда болуына химиялық (қышқылдың көп болуы) және механикалық факторлардың (ауыз қуысы гигиенасын дұрыс тазаламау немесе қатты күш тісіре тазалау, қатты тіс щеткасын қолдану, абразивті заттар бар тіс қойыртпақтарынқолдану)  
Аурудың өршуінің жиілілігі   Тістің қатты тіндерінің жылдам қажалуы жоғары сезімталдықтың пайда болуына ықпал етеді.   Минералсыздану үрдісінің қүшейуі, дентиннің жалаңаштануы
Жүргізілген емнің нәтижесі Ем жүргізілмеді. Қанағаттандарарлықсыз диагностика немес науқастың шағымы жоқ
Қайта минералдау терапиясы түрінде ем жүргізілді, бірақ нәтижесі қысқа мерзімді болды. Емдеу әдісінің нәтижесінің аз болуы
Қарап тексеру 1. Бастапқы түрі 5 4 3 2 1 1 2 3 4 5  
5 4 3 3 4 5 тістердің вестибулярлы бетіндегі кіреуке ақаулары сопақ, дөңгелек пішінді, кіреуке түсі сақталған тегіс, жылтыр, табаны тығыз. Тереңдігіне қарай ақау пішіні көп иілген, эрозия шеті біртіндеп тіс бетіне қарай ауысқан.  
  2.2.Айқын көріністі түрі Дентин эрозиясы табаны тығыз ашық сары түстес, кейде қара-қоңыр түстес болады. Эрозия бір тісте ғана болмайды. Эрозиямен астыңғы жақтың күрек, үлкен азу тістері мен үстіңгі жақтың азу тістері зақымданбайды.   Прогрессияланған кезеңінде жалаңаштанған дентин пигментті заттардың әсерінен түсін өзгертеді.
  Тістер эрозиясының клиникалық көріністерінің жүйесі (Eccles и Jenkins, 1974) бойынша 0 —эрозия жоқ. I дәреже —кіреукенің беткі қабатының зақымдануы. II дәреже —ошақта зақымданған кіреуке және дентин, жалаңаштанған дентин зақымданған беткейдің үштен аз бөлігін қамтиды. III дәреже —жайыла зақымдану, жалаңаштанған дентин бөлігі эрозияның барлық бетінің үштен көп бөлігін қамтиды. Осы жүйеге сәйкес эрозияның бастапқы түрі I дәрежеге, ал айқын көріністі түрі —II және III дәрежеге сәйкес келеді.    
  Тістің қатты тіндерінің эрозиясының екі түрін ажыратады: белсенді және тұрақталған. Белсенді түрі-тістің қатты тіндерінің қажалуы көбіне көп тісте жоғары сезімталдықтың пайда болуына әсер етеді. Тістің беті кепкенне кейін бұлыңғыр болып келеді. Тұрақты түрі- тістің қатты тіндерінің баяу қажалуымен суреттеледі және бұл кезде тістерде жоғары сезімталдық байқалмайды.   Кіреуке және дентин құрылымын зерттеу барысында зақымданған аймақтарда минералсыздану үрдісіне тән өзгерістер анықталды.

 

КІРЕУКЕ, ДЕНТИН ЭРОЗИЯСЫНЫҢ САЛЫСТЫРМАЛЫ ДИАГНОСТИКАСЫ

 

Аурулар Жалпы клиникалық көріністер   Айырмашылық белгілері
Кіреуке тісжегісі Ақау тек кіреукеде орналасқан. Температуралық, химиялық, механикалық тітіркендіргіштерден тез басылатын ауру сезімі. Ауамен кептіргенде кіреуке беті бұлыңғыр түстес болады.   Зақымданған аймақты зондпен сүңгілеп тексергенде зақымданған аймақта кедір-бұдырлық және минералсызданған ошақ маңында кіреуке ақауы байқалады.
Сына тәрізді ақау   Тістердің вестибулярлы бетінің мойын бөлігі зақымданады. Тістердің мойын бөлігі аймағынадавестибулярлы бетінде қатты тіндердің қажалуы орналасқан. Пішіні сына тәріздес. Ақаудың беті тегісғ кептіргенде түсі өзгермейді. Көбіне астыңғы жақтың күрек, сүйір және кіші азу тістері зақымданады. Тістерде жоғары сезімталдық болмайды. V-пішінді ақаудың пайда болуын тістердің механикалық қажалуынан деп санайды. (физиологиялық, абразивті)  

 

КІРЕУКЕ, ДЕНТИН ЭРОЗИЯСЫНЫҢ ЕМІ

 

емі Заттар Мақсаты Әсер ету механизмі
I. Бастапқы (кіреуке эрозиясы, дентин эрозиясы айқын көріністі - II дәрежедегі) түрі
Жергілікті 1. Ауыз қуысының гигиенасы: а) жұмсақ, қаттылығы орта дәрежедегі тіс мәсуектері; б) тістерді тазалау кезінде көлденеңнен тазалау қыймылдарын болдырмау керек; в)қышқыл тағамдарды қабылдағаннан кейін тістерді бірден тазаламау керек; г) тістерді қандай да бір салмақ салмай белгілі бір уақытта тазалау керек; д)құрамында кальций тұздары, фторид, стронций тұздары,сенсибилизациялаушы цитратты Sensodyne сериялы емдік қойыртпақтарды қолдану керек 2. Қышқыл жемістерді және шырындарды (лимон,апельсин) қабылдауды азайту, ал егер қабылдаған болса бірден ауыз қуысын шаю туралы кеңес беру. 3.кайта минералдаушы терапия: а)кесте бойынша жақпа(аппликация) қою: –10% глюконат кальция; –2% фторид натрий ерітіндісі; –материал БВ; –фторлакпен жабу (кіреуке- протектормен, дентин-протектормен); б)кальций ионын электрофорез әдісімен, содан кейін фторид натрий ерітіндісін жақпа ретінде қою. Жоғары сезімталдықты жою   Жоғары сезімталдықты жою   Жоғары сезімталдықты жою       Тістің қатты тіндерінде ақау орналасқан. Тіс қойыртпағындағы компоненттердің химиялық әсеріминералсыздану ошағының көлемін кішірейтеді және кіреуке құрылымын қалпына келтіреді.   Минералсыздану аймақтарында және ақауда, дентин түтікшелернде сұйықтықтың ағымының тосқауылы нәтижесінде тістің қатты тіндерінің қайта минералдануы химиялық құрамы жағынан гидроксилапатитке жақын кристаллдардың түзелуі есебінде жүзеге асады. Кіреуке шоғырының кристаллдары нығайады.  
Жалпы Ішке кальций препараттарын қабылдау (қан құрамында кальций мен фосфордың деңгейі төмендеген науқастар ғана) —глюконат кальция (глицерофосфат кальция) 1 таблеткадан күніне 3 рет бір ай бойы      
II. Айқын көріністі түрі -дентин эрозиясы II және III дәрежесі  
Жергілікті Композиттік материалдар Жоғыры сезімталдықты жою, тістің анатомиялық пішінін және қызметін қалпына келтіру  
         

 

КІРЕУКЕ ЖӘНЕ ДЕНТИН ЭРОЗИЯСЫНЫҢ АЛДЫН –АЛУ ШАРАЛАРЫН(8.6.2 бөлімнен қараңыз)

 

4.5. СЫНА ТӘРІЗДІ АҚАУ (К3.1)

Сына тәрізді ақау – тісжегіден басқа патология, тістің қатты тіндерінің біртіндеп жойылуынан пайда болады және тістердің мойын бөліктерінің ерін және ұрт жақ беттерінде орналасады. (сурет. 4.8, 4.9).

 


Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 324 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: ТІСЖЕГІНІ ЕМДЕУ КЕЗІНДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН МАТРИЦАЛЫҚ ЖҮЙЕ | ТІСТЕРДЕ ТІСЖЕГІНІ ЕМДЕУ КЕЗІНДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ПЛОМБАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР | ТӨСЕМДІК МАТЕРИАЛДАР | МИНЕРАЛДЫ ЦЕМЕНТТЕР. | I класс тісжегі қуысын амальгамамен пломбылау кезеңдері. | Негізгі қасиеттері, жүйесі. | Микротолықтырылған композиттік материалдар. | Нанотехнология негізіндегі композиттік материалдар. | Сурет. Кіреуке және дентин гипоплазиясы | Сурет. Флюороз |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Сурет. Жетілмеген дентиногенез| Сурет. Сына тәрізді ақау және тістердің жоғары қажалуы

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)