Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сурет. Кіреуке және дентин гипоплазиясы

Читайте также:
  1. GPON негіздік маманданым және өзгешеліктері
  2. Азақстан суырлары олардың биологиясы мен экологиясының ерекшеліктерін және ресурстық түрлер ретінде маңызын түсіндіріңіз.
  3. Анамнез жинауды және пациентті объективті тексеруді бағалау критерийлері
  4. Бап. Қосымша төлемді есептеу және төлеу тәртібі
  5. Бап. Қызметкерлердің есепке жазылған табыстары және жеке тұлғаларға өзге төлемдер бойынша шығыстарды шегеру
  6. Бап. Банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың мiндеттерi
  7. Бап. Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша салық есептілігін белгілеу ерекшеліктері

КІРЕУКЕ ЖІНЕ ДЕНТИН ГИПОЛАЗИЯСЫНЫҢ ДИАГНОСТИКАСЫ

 

Тексеру Симптомдар Патогенездік негіздеме
Сұрау, шағымы Эстетикалық ақау төмендегі түрлермен көрінеді: —тістер бетінде бор түстес ақ, сарғыш-қоңыр түстес дақтар; —мөлдірлігінің, тістедің түсінің өзгеруі; —нүктелі дақтар; —тіс сауытының пішінінің өзгеруі   Жүкті әйелдер организмінде және ерте жастағы балаларда тістердің қалыптасуы және минералдануы кезеңінде зат алмасу үрдісінің бұзылуы тіс кіреукесі мен дентиннің дамуын тежеп ауытқулардың дамуына әсер етеді. Жүйелі бұзылыс нәтижесінде (бейорганикалық зат алмасу, әсіресе фосфор-кальцийдің зат алмасу үрдісі)және жергілікті факторлардың әсер етуі (жарақаттаушы, токсикалық) нәтижесінде амелобластардың және одонтобластардың тұрақты бұзылуы дамиды.
Температуралық, механикалық, химиялық тітіркендіргіштерге ауру сезімі пайда болады. Ауру сезімі тітіркендіргіштерді жойғаннан кейін басылады. Өте ауыр және кейбір жағдайдаалеогенез үрдісінің бұзылыс нәтижесінде кіреукенің толық -(аплазия)
Анамнезі, жынысы, жасы Гипоплазияның дамуы пациенттің жыныстық белгісіне байланысты емес   Тістің қатты тіндерінде тұрақты бұзылыс баланың соматикалық аурулармен ауырған жасына сәйкес болып келеді
Сүт тістердегі жүйелі гипоплазия анасының жүктілік кезінде соматикалық аурулармен ауыруының әсерінен және бойыеда тұқымқуалаушы аурулардың тікелей әсер етуі нәтижесінде тістердің қатты тіндерінің құрылымының ауытқуларымен көрінеді  
Тұрақты тістердегі жүйелі гипоплазия жоғарыда айтылған факторлардан басқа сәбидің алғашқы өмір сүру айлары кезінде бойынан өткерген ауыр аурулардың салдары нәтижесінде дамиды.  
Бұрын ауырған және ілеспелі аурулар   Асқазан-ішек жол инфекциясы (сальмонеллез)   Асқазанда астың сорылу үрдісі бұзылады. Нарушаются процессы всасывания.Ана сүтімен қоректенетін балалардағы созылмалы диарея, әртүрлі диспепсиялық бұзылыстар минералды зат алмасу үрдісін бұзуы нәтижесінде кіреукеде гипоплазияның дамуына тікелей әсер етеді
  Болашақ ананың жалпы инфекциялық аурулары (қызылша,мерез)   Ұрықтың инфекциялану нәтижесінде (туа біткен мерез) тұрақты тістердің қатты тіндерінің және бірінші үлкен азу тістердің құрылымының ауытқулары нәтижесіне осы тістердің амелобластарының деформациялануы пайда болады. (Гетчинсон, Фурнье тістері)  
  Егер жүктіліктің алғашқы жартысында ұрықтың жатыр ішінде инфекциялануы болса, онда кейіннен келе баланың тістерінде кіреуке гипоплазиясы дамиды, тістердің құрылымы өзгереді, тістердің жарып шығуы тежеледі.
  Жүктіліктің және босанудың ауыр ағымы Жүктіліктің соңғы кезеңінде немесе сәбидің дүниеге келуі кезінде аталық және аналық резус фактордың сәйкес келмеуі немесе гемолитикалық анемияның дамуына әсер етеді. Содан кейін қандағы боялған заттар (билирубин) тістерде шоғырланып сүт және тұрақты тістерде сұр-жасыл, сары түстес болуына алып келеді. Өз уақытынан бұрын босану сәбиде асфексияның дамуына, соның нәтижесінде симметриялы сүт тістерде және бірінші тұрақты тістерді гипоплазияның дамуына әсер етеді. Бұл іштей дамитын гиполазияның неонатальды сызықпен дамуына әсер етеді. (гистологиялық кесініде)  
  Гиповитаминоздар (А, С, D), рахит. Гормональды бұзылыстар (гипопаратиреоидит, диабет). Нефроздар, Даун синдромы тістің қатты тіндерінің тұқымқуалаушы аурулары   Анасында немесе сәбиде Д дәруменінің созылмалы жетіспеушілігі метоболизмнің бұзылысына әсер етеуі гипокальциемияның пайда болуына алып келеді. Гипокальциемияның әсері нәтижесінде тістер кіреукесінде жеке даралы дақтардың пайда болуына, ал өте ауыр түрінде тістің қатты тіндерінің симметриялы деформациялануына әсер етеді.
  Кейбір дәрілік препараттардың әсері (тетрациклин)   Тетрациклин қатарындағы антибиотиктер тістің қатты тіндерінде кальциймен кешенді байланыс құрау нәтижесінде гистогенез кезеңінде тіс кіреукесінде және дентинде жиналады.    
  Сүт тістердегі созылмалы қабыну үрдістері, тістердің минералдану және даму кезеңінде жергіліктізақымдаушы факторлардың әсері, ионизациялы сәуленің тікелей әсер етуі Тұрақты тістер ұрығының жергілікті механикалық, токсикалық зақымдануы және жергілікті гипоплазияның дамуы
Негізгі аурудың дамуы     Әртүрлі этиологиялық зақымдаушы әсердің ұзақтығы және қарқындылығы тістің қатты тіндерінің құрылымының түрі мен пішінінің өзгеруі гипоплазияға тән. Тістердегі дақты өзгерістер тістер кіреукесінің дамуы кезеңіндегі ауытқуларға тән. Тістердің пішінінің өзгеруі кіреукенің дамуы және пайда болуы үрдісінің бұзылысын сипаттайды.    
Ертеректе жүргізілген емнің нәтижесі   Ем жүргізілмеді. Емдеуді композиттік сәулемен қатаятын материалдарды колдана отырып жүргізді     Қанағаттандырарлықсыз диагностика. Емдеу тұрақты тістерде жергілікті гипоплазияны емдеу барысында нәтижелі болады.
Қарап тексеру Тістердің қатты тіндерінің жүйелі гипоплазиясы Аттас тістердің вестибулярлы бетінде орналасқан көптеген ақ, сары- қоңыр түстес дақтар. Кіреукенің беті тегіс, жылтыр, бояғыш заттармен бояғанда боялмайды. Дақтардың пішіні өмір бойы өзгермейді. Көбіне барлық тістер жарақаттанады, немесе бір кезеңде дамып жетілген бір топ тістер жарақаттанады. Тістер ұрығының метоболизмінің бұзылысы жүйелі минералды, ақуызды алмасудың бұзылысы сыртқы әфакторлардың әсер етуінен, және жүктілік кезінде немесе баланың 8 жасқа дейінгі аралығында кейбір дәрілік препараттардықабылдау әсерінен пайда болады. (тетрациклин және оған ұқсас препараттар)
  Тіс пішінінің ақаулары кіреукедегі дамудың жетіспеушілігінің түрлері: —толқынды кіреуке (білік сияқты және олардың арасында аздаған ойық ретінде); —кіреукенің нүктелі ақаулары (қатар орналасқан, тамақ құрамындағы бояғыш заттардан боялады); —кіреукенің сайлы түрі (сайлар кейде жеке немесе көптеп баспалдақ тәріздес орналасады). Гипоплазияның барлық түрінде кіреуке бүтіндігі бұзылмаған.   Кіреукедегі өзгеру үрдісі аурудың дәрежесіне байланысты. Кіреуке бетінің өткізгіштігі жоғарлайдығ Ретциус сызықтары айқындаладығ призманың шекаралары тегістеледі және призмааралық кеңістік кеңейеді, гидроокисапатиттердің кристалдарының бағыттары бұзылады.
  Дентиннің дамуының жетіспеушілігі —Гетчинсон тістері —үстіңгі жақтың тұрақты күрек тістерінің сауыты бөшкетәрізденеді және кесу қырындажарты айға ұқсас ақаулар пайда болады. Ақаудың табаны дентин маңайында орналасқан. Бірінші үлкен азу тіс жарақаттануы мүмкін. Тістердің окклюзиялық бетінде орналасқан төмпешіктерінің пішіні қатты өзгерген және жарақаттанған тістерді бүйрек пішінді азу тістер деп атайды. —Фурнье тістері пішіні бойынша Гетчинсон тістерін еске түсіреді, бірақ кесу қырында жарты айға ұқсас ойықтар болмайды. Айқын көрінген ақаулар созылмалы аурулар әсерінен дамиды. Кіреуке аймағында трепонеманың әсерінен қабыну үрдісі туындап амелобластардың деформациялануынажәне тіс, кіреуке, дентин құрылымының өзгеруі нәтижесінде дамитын ауытқулардың туындауына тікелей әсер етеді. Трепонемамен инфекцияланған балаларда көз қарашығының бұлыңғырлығы туындайды, құлағының дұрыс естімеуі пайда болады. (туа пайда болған мерез триадасы). Дентиндегі ақаулар интерглобулярлы дентин аймағының басым болуымен, предентин белбеуінің кеңейуінің бұзылысымен, дентин түтікшелерінің саңлауының ұлғаюымен сипатталады. Кейіннен келе интерглобулярлы дентин минералды тұздарды бойына жинау нәтижесінде қалыпты минералдану пайда болады.
  Тістің қатты тіндерінің жергілікті гипоплазиясы Кіреукеде бор тәріздес, сары –қоңыр түстес бір немесе бірнеше тістердегі дақтар. Тістің пішіні ойық, нүктелі сайлар сияқты өзгеруі мүмкін. Тістің дамуы және минералдануы кезеңінде жергілікті жарақаттану гиполазияның жергілікті дамуына әсер етеді. Тұрақты тістердің ұрығының механикалық, токсикалық жарақаттануы (көбіне үстіңгі жақ орталық күрек және кіші азу тістер) оның дамуына тікелей әсер етіп, кейде толықтай жойылуына алып келеді, себебі жарақат ошағында амелобластар жарақаттанады. Егер жарақат әсерінен ұрық аймағында кан құйылу үрдіс пайда болатын болса, кіреуке сары -қоңыр түстес болады. Сүт тістерде созылмалы қабыну үрдісі әсерінен ұлпасының өліеттенуі қабыну үрдісін тұындатып, түрақты тістердің ұрығын зақымдайды. Зақымдану дәрежесіне байланысты кіреукеде гипоплазия дамиды да тіс сауытының өсуі тежеледі және оның деформациялануы пайда болады. Ауыр жағдайда кіреуке аплазиясы дамиды. (Турнер тістері)  

 

КІРЕУКЕ ЖӘНЕ ДЕНТИН ГИПОПЛАЗИЯСЫНЫҢ САЛЫСТЫРМАЛЫ ДИАГНОСТИКАСЫ

 

Ауру Жалпы клиникалық көріністері Айырмашылық белгілері  
Тісжегінің дақты кезеңі Кіреуке бетінде ақ, сұр түстес дақтардың болуы. Ағымы симптомсыз. Кіреукенің жеке зақымдануы, мойын бөлігінде орналасуы. Зақымданған кіреуке аймағын кептіргенде жылтырлығы жолғалған бұлыңғыр,кіреуке беті тегіс емес, 2%метилен көгімен бояғанда боялады.

 

КІРЕУКЕ ЖӘНЕ ДЕНТИН ГИПОПЛАЗИЯСЫН ЕМДЕУ

 

Емдеу Заттар Мақсаты Әсер ету механизмі  
Жергілікті Емдеу әдісін және қолданылатын заттарды таңдап алу аурудың ауырлығына тікелей байланысты. Егер тек дақ болса емдеуді қажет етпейді. Егер пациентте эстетикалық шағым болса: —кіреуке микроабразия; —ақауларды композиттік материалдармен пломбылау; —винирлер даярлау, жасанды сауыт   Түсі өзгерген кіреуке бетін өте жұқа тегістеу. Кіреукедегі тіс дентиніндегі ақауды жабу. Тіс сауытының анатомиялық пішінін қалпына келтіру.   Құрамында арнайы абразив және тұз қышқылы бар бір мезгілде тегістеуші және эрозиялаушы әсер ететін нәтиже. қуысты егеп тазалау және пломбылау. Ортопедиялық емдеу әдістері.  

 

КІРЕУКЕ ЖӘНЕ ДЕНТИН ГИПОПЛАЗИЯСЫН АЛДЫН-АЛУ ШАРАЛАРЫ

 

Алдын-алу Қолданылатын заттар Мақсаты  
Тістің қатты тіндерінің жүйелі гипоплазиясы
Ұжымдық Бойында ауыр созылмалы аурулары бар болашақ аналарды, балаларды диспансерлік бақылау     Тістің қатты тіндерінің минералдануына және қалыптасуына әсер ететін жүйелі ауруларды болдырмау және алдын-алу.
Жеке даралық   Жүкті және 8 жасқа дейінгі балалар мен аналардың жалпы ауруларын емдеуде тетрациклин тобындағы антибиотиктерді тағайындаудан бас тарту. Тетрациклин тобындағы антибиотиктердің тіс құрамындағы кальциймен кешенді байлам құраптістің түсін бояуына әсер етуін дамып жетіліп келе жатқан кіреуке және дентинде шоғырлануын болдырмау
Тістің қатты тіндеріндегі жергілікті гипоплазия
Жеке даралық   Сүт тістердегі тісжегіні және оның асқынуларын дер кезінде емдеу Тұрақты тістердің ұрығының дамуына және қалыптасуына әсер ететін жарақаттаушы факторлардың алдын-алу және болдырмау

 


Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 354 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: III класс тісжегі қуысын егеп тазалау | БЛЕК ЖҮЙЕСІ БОЙЫНША IV КЛАСС ТІСЖЕГІ ҚУЫСЫН ЕГЕП ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ ПЛОМБЫЛАУ | БЛЕК ЖҮЙЕСІ БОЙЫНША V КЛАСС ТІСЖЕГІ ҚУЫСЫН ЕГЕП ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ ПЛОМБЫЛАУ | ТІСЖЕГІНІ ЕМДЕУ КЕЗІНДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН МАТРИЦАЛЫҚ ЖҮЙЕ | ТІСТЕРДЕ ТІСЖЕГІНІ ЕМДЕУ КЕЗІНДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ПЛОМБАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР | ТӨСЕМДІК МАТЕРИАЛДАР | МИНЕРАЛДЫ ЦЕМЕНТТЕР. | I класс тісжегі қуысын амальгамамен пломбылау кезеңдері. | Негізгі қасиеттері, жүйесі. | Микротолықтырылған композиттік материалдар. |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Нанотехнология негізіндегі композиттік материалдар.| Сурет. Флюороз

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)