Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Негізгі қасиеттері, жүйесі.

Читайте также:
  1. Алкоголизмнің 3-сатысына қандай негізгі клиникалық белгі тән?
  2. Бағалау теориясының негізгі түсініктері
  3. Бап. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша бөлек салықтық есепке алуды жүргізудің негізгі принциптері
  4. Бап. Осы Кодексте қолданылатын негізгі ұғымдар
  5. Бап. Осы тарауда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
  6. Дәріс 1 . Кіріспе. Негізгі түсініктер мен анықтамалар .
  7. Дәріс тақырыбы: Ақпараттық жүйелер және оның негізгі ұғымдары

Стоматологиялық композиттер бүгінгі таңда қайта қалпына келтіруге арналған материалдардың негізгі класы болып табылады. Композиттердің силикатты цементтер, толықтырылмаған метилметакрилаттар шайыры және амальгамалық пломбалық материалдан артықшылығы – олардың беріктілігі, қолдану және эстетикалық сипаттамасы және көлемінің өте аз өзгеруі.

Композиттер құрамында бейорганикалық толықтырғыштардың өте көп болуына қарамастан қатаю кезінде 1,4 тен 2,5% дейін тіске қарағанда өзінің алғашқы көлемін өзгертеді және жылудан кеңейу коэффиценті жоғары.

Композиттердің көрсетілген кемшіліктері тістің беті мен пломба арасында саңылаудың пайда болуына, ауыз сұйықтығының және микроорганизмдердің пайда болған саңылауға өтіп кетуі, қуыстың толық жабылуының сапасының бұзылуына алып келеді. Осы қолайсыз жағдайлардың әсерінен пломбаның түсуі немесе екіншілік тісжегінің дамуы болады.

Композиттер деп бір немесе бірнеше компоненттерден тұратын материалды атайды. Стоматологияда қолданылатын композиттік материалдар басқа облыста қолданылатын материалдардан, композиттерден өзгешелеу және айырмашылығы бар.

Стоматологияда композиттік материал деп түсі тістің табиғи түсіне сәйкес келетін, қуысқа енгізгеннен кейін химиялық немесе сәуленің әсерінен қатаятын синтетикалық пломбалық материал.

Замануи стоматологиялық композиттік материалдардың үш негізгі компонентері бар: органикалық матрица, дисперсті фаза (толықтырғыш)

және байланыстырушы фаза (силандар, сополимерлер).

Композиттік матрица қатаймаған түрінде мономерден, бастамашыдан- инициатор, тұрақтандырушыдан-стабилизатор, бояғыш пигменттен және басқа қосындылардан тұрады. Мономерлерден көпфункциялы қысқартылған формалы метакрилаттарды қолданады: MA––A.

Аралық түйін ретінде R алифатикалық байлам, уретанпреполимерлері, хош иісті сақиналар мен эфирлер қолданылады.

MA —бұл метакрил қышқылының күрделі эфирінің қалдығы. Композиттік матрицаның молекуласы аздап улы әсер ететін, түсінің тұрақтылығымен, жоғары физикалық қасиетке ие, жоғары жылдамдықтағы реакциясымен сипатталады.Олар таза метакрилатқа қарағанда аздап улы әсер етеді, иісі және дәмі болмайды.Орталық молекула R механикалық қасиетіне, суды сіңіруіне, отыруына, қатаю дәрежесіне, тұтқырлығына әсер етеді.

Бастамашылар - инициаторлар —бұл мономерлермен қосарлана байланыс түзейтін реакциялар әсерінен (химиялық және физикалық активаторлар) энергиясыйымдылықты радикалдарға ыдырайтын компонеттер матрицасы болып табылады. Бастамашылардың реакцияға белсенді араласуы материалдың қатаюында шешуші фактор болып саналады.

Стабилизаторлар немесе ингибиторлар —бұл стеаринді фенолдар. Олар алдын ала қатаюды тежейді және пломбалық материалдың ұзақ уақыт сақталуын қамтамасыз етеді. Әртүсті материалды дайындау үшін олардың құрамына органикалық және бейорганикалық пигменттерді, соның ішінде әртүрлі темір тотығын қосады. Басқа қоспаларға пластификаторлар, сәулеқорғағыш заттар, оптикалық анықтағыштар жатады. Шайырлы матрица төмен тұтқырлықты және жақсы аққыш болып келеді. Механикалық және физикалық қасиетін жақсарту мақсатында құрамына қысымға төзімділігін арттыратын, материалдың тозу беріктілігін және созылмалығын жақсартатын бейорганикалық толықтырғыш қосады. Сонымен бірге қатаю кезінде материалдың шөгуін, сызықты термиялық кеңейу коеффицентін және суды соруды төмендету қажет. Бейорганикалық толықтырғыш ретінде кварцты, керамиканы және кремнийдің екітотығын қолданады.

Композиттік материалдарды жүйелеу оның құрамындағы толықтырғыш бөлшектердің көлемі мен қатаю түрлері негіз болып қабылданды.

Қатаюуына байланысты композиттік материалдар:

•Өздігінен қатаятын. Олар екі қойыртпақтан тұрады- базалық және катализатор. Екі қойыртпақты бір біріне бір көлемде араластыру арқылы химиялық жолмен қатаяды.

•Сәулемен қатаятын. Олар тістерді қайта қалпына келтіру кезінде қолданылатын материалдардың негізгі тобын құрайды. Материалдардың құрамында қатаюын жылдамдататын сәулеге сезімтал камфорохинон заты болады.Алифатты аминдермен реакцияға түсе отырып, ыдырыған бос радикалды реактивтерді түзейді және қатаю үрдісін жылдамдатады.

Камфорофхинонның белсенді бөлінуі 420-500 нм толқын ұзындығындағы галогенді сәуленің әсерінен пайда болады. Қатаю жылдамдығы инициатордың санына және сәуле шоғырының қарқындылығына тікелей байланысты. Қатаю дәрежесі және тереңдігі композиттік материалдың түсіне де байланысты болып келеді: ашық түсті материалда бұл көрсеткіш жоғары.


Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 318 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: ТІСТЕРДЕГІ БАСТАПҚЫ ТІСЖЕГІНІ ЕМДЕУ. КІРЕУКЕНІ ҚАЙТА МИНЕРАЛДАУ ТЕРАПИЯСЫ. | БЛЕК БОЙЫНША I КЛАСС ТІСЖЕГІ ҚУЫСЫН ЕГЕП ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ ПЛОМБЫЛАУ | БЛЕК БОЙЫНША II КЛАСС ТІСЖЕГІ ҚУЫСЫН ЕГЕП ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ ПЛОМБЫЛАУ | III класс тісжегі қуысын егеп тазалау | БЛЕК ЖҮЙЕСІ БОЙЫНША IV КЛАСС ТІСЖЕГІ ҚУЫСЫН ЕГЕП ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ ПЛОМБЫЛАУ | БЛЕК ЖҮЙЕСІ БОЙЫНША V КЛАСС ТІСЖЕГІ ҚУЫСЫН ЕГЕП ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ ПЛОМБЫЛАУ | ТІСЖЕГІНІ ЕМДЕУ КЕЗІНДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН МАТРИЦАЛЫҚ ЖҮЙЕ | ТІСТЕРДЕ ТІСЖЕГІНІ ЕМДЕУ КЕЗІНДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ПЛОМБАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР | ТӨСЕМДІК МАТЕРИАЛДАР | МИНЕРАЛДЫ ЦЕМЕНТТЕР. |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
I класс тісжегі қуысын амальгамамен пломбылау кезеңдері.| Микротолықтырылған композиттік материалдар.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)