Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бағалау теориясының негізгі түсініктері

Читайте также:
  1. Алкоголизмнің 3-сатысына қандай негізгі клиникалық белгі тән?
  2. Анамнез жинауды және пациентті объективті тексеруді бағалау критерийлері
  3. Ауру тарихын бағалау кезіндегі критерийлері
  4. Бағалау процедурасы
  5. Бап. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша бөлек салықтық есепке алуды жүргізудің негізгі принциптері
  6. Бап. Осы Кодексте қолданылатын негізгі ұғымдар

Жалпы бағалаудың теориялық түсініктемелері

Бағалау теориясының негізгі түсініктері

Меншіктің жылжитын және жылжымайтын мүлікке бөлінуі рим дәуірінен басталады. Жылжымайтын мүліктің кез келген дамыған қоғамның және мемлекеттің өмір сүруінің негізі болатыны жалпыға мәлім. «Жылжымайтын мүлік» түсінігінің түрлі анықтамаларын көрелік.

«Жылжымайтын мүлік бұл – нақты жер және барлық материалдық меншік. Материалдық меншік ұғымы жер астындағы, жер үстіндегі және жер бетінде орналасқан мүліктерді қамтиды».

«Заң бойынша жылжымайтын мүлікке әр түрлі пайдаланылатын жерлер, үйлер, зауыттар, фабрикалар, дүкендер, түрлі құрылыстар және бос аула орындары, сонымен бірге темір жолдар жатады».

Келтірілген барлық анықтамалар жермен байланысты болып келеді. Бірақ «жылжымайтын мүлік» түсінігінің мәнін анықтап алуымыз қажет.

Жалпы жылжымайтын мүлік табиғи қалыптасқан (жер учаскелері) немесе адам қолымен жасалған (ғимараттар, құрылыстар) материалдық объектілерді, яғни меншік объектілерінің физикалық мәнін қамтиды.

Негізінен жылжымайтын мүлік түсінігі объектінің физикалық сипаттамасынан гөрі оның құқықтық қатынастарын көбірек анықтайды.

Жылжымайтын мүлікті бағалау – экономикалық талдаудың қолданбалы ғылымы, яғни меншікті экономикалық жағынан тиімді қолдану, сәйкес нарықта сұраныс пен ұсыныстарды зерттеу және бағалау объектісінің ықтимал нарықтық құнын анықтау болып табылады.

Жылжымайтын мүлікті бағалау келесілерде туындайды:

· Сату-сатып алу немесе жалға беру

· жауапкершілігі шектеулі қоғамда немесе серістестіктің жарғылық қорының үлесін сатып алу және сату (үлес ақша бірлігімен бағаланады);

· жаңа акционерлер мен қосымша акциялар шығару тарту

· Жылжымайтын мүлікке салық салу үшін, оның салық базасын анықтау;

· Жылжымайтын мүлікті сақтандыру;

· несие алу үшін жылжымайтын мүлікті мүлігін кепілге беру;

· Кәсіпорындар мен ұйымдардың жарғылық капиталына салым ретінде жылжымайтын мүлік кіргізу;

· инвестициялық жобаларды әзірлеу және инвесторларды тарту;

· Жылжымайтын мүлік объекттердің жоюы;

· мұрагерлік құқығы, сот шешімі, меншік құқығын қаулысы;

· Жылжымайтын мүлікке меншік құқығын жүзеге асыруға байланысты өзге де операциялар;

Демек, жылжымайтын мүлік бірінші кезекте, тұтастай мүліктік кешен ретінде, екіншіден, жер телімі, және сонымен байланысы бар

- құрылыс (құрылымы), немесе ғимараттар (құрылыстар) тобы, жер асты осы саладағы байланысты құрылымдары;

- Оқшауланған су органдар, бұталар;

-инженерлік үймереттердің және желілер қаланың инфрақұрылымын немесе төрттен онда орналасқан жер учаскелері және ғимараттар (құрылыстар) жалғау;

- бекітілген құрылымдар көгалдандыру алаңы, санаториялар;

- бұл нысан мүлікті байланысты экономикалық, көлік және машина жасау элементтері, бірақ оның жер тысқары жерде орналасқан;

- Бірге мүлікті жоғарыда компоненттерімен ажырамас жобалау немесе функционалдық бірлік басқа нысандар.

Жылжымайтын мүлікті сату кезінде оның нарықтық құнын дұрыс анықтау маңызды болып келеді. Меншік иесінің негізгі мақсаты – нарық конъюнктурасына түсу, ұқсас жылжымайтын меншікке сәйкес бағамен ұсыну. Ол үшін бағалаушының қызметін пайдалана отырып, меншікті бағалау қажет. Негізінен үйді немесе пәтерді сатқан кезде бағалаушының қызметі онша маңызды емес. Бірақ жер мен жылжымайтын мүлік иелері несие алу үшін мүлікті кепілге қойғанда, ипотекалық кредитті анықтағанда мүлікті бағалау қажет. Жылжымайтын мүлікті бағалау кәсіби білімі және лицензиясы бар маман жүргізеді.

Бағалаудың нарықтық әдістері жылжымайтын меншік объектілерін максималды түрде пайдалануға көмектеседі.

Жалпы жекешелендірудің бірінші кезеңінде, бірлескен кәсіпорындарды құрған кезде бағалау жасалған жоқ. Алайда маңызды объектілерге келгенде, батыс елдерінің бағалаушы фирмалары тартыла бастады. Осы фирмалар жылжымайтын мүлік объектілерін бағалаған кезде оның нақты нарықтық құнын түсіре отырып, көбінесе, шетел инвесторларының пайдасына шешетін болды.

Бағалау материалдық жабдықтармен қамтылған жекешелендірілген кәсіпорындардың өз жарғылық қорын ұлғайтқан кезде қажетті болып келеді. Сол сияқты, бағалау, мүлікті бөлу кезінде, жер мен жылжымайтын мүлік және олармен байланысты басқа операциялардың коммерциялық жағынан тиімді пайдалану дәрежесін анықтау үшін қолданылады.

Жылжымайтын мүлік құнының өсуі және оны тиімді пайдалану үшін қатаң экономикалық есепке, яғни меншіктің нақты нарықтық құнын анықтайтын кәсіби бағалауға сүйену қажет. Бағалау – бұл ережелер, принциптер және әдістер арқылы жүзеге асатын қандай да бір объектінің нарықтық құнын шығаруға бағытталған кәсіпкерлік қызмет. Бағалаудың мәні – объектінің нақты құнын анықтау. Себебі, нарық жағдайында жылжымайтын мүлік объектілерінің бағасы өсіп немесе түсіп отырады.

Нарықтық құн ашық және бәсеке нарығындағы барлық шарттардың орындалуына сәйкес меншік түріне берілетін баға болып келеді. Мұндай шарттарға:

1. Сатып алушы мен сатушы стандартты дәлелдемелерге сүйенеді, яғни әр тарап мәмілеге еркін барады.

2. Екі тарап шешімге келу үшін толық ақпаратпен қамтамасыз етілген және өз қызығушылықтарын қанағаттандыруға тырысады.

3. Объект ашық нарықта жеткілікті уақытқа шығарылған және келісімге келу үшін қолайлы кезең анықталған.

4. Төлем ақшалай формада немесе келісілген қаржылық шарттарға сәйкес жүргізіледі.

5. Келісім бағасы нақты шартты көрсетеді және жеңілдіктерге, бағаны кемітуге, арнайы несиелеуге жол берілмейді.

6. Объект нақты сұранысқа және тиімділікке ие болып келеді.

7. Бәсекелестік нарығын жасайтын шектелген ұсыныстар бар.

8. Объект қолдан-қолға берілуі мүмкін.

Жылжымайтын мүліктің нарықтық немесе өзге құнын анықтау үшін табыстық, шығындық және салыстырмалы сату амалдарына топтастырылған бағалау әдістерін қолдану арқылы жүргізіледі. Сондай-ақ бағалауды жүргізбес бұрын жылжымайтын мүліктің, яғни бағаланатын объектінің категориясын анықтап алу қажет.

Жылжымайтын мүлік нарығы тауар немесе қызмет көрсету және қаржылық нарықпен бірдей нарықтық кеңістікті құрайды. Жылжымайтын мүлікті бағалау нарықта жеке тауар ретінде айналыста болатын жылжымайтын мүлік объектілерінің категорияларын анықтайды. Қазіргі уақытта бұл:

- пәтерлер және бөлмелер;

- кеңсе және дүкендер үшін ғимараттар;

- қала жанындағы тұрғын үйлер (коттедждер және саяжайлар);

- салуға немесе басқа мақсаттарға (алдағы уақытта) арналған бос жер телімдері;

- қоймалық және өндірістік объектілер.

Сонымен бірге жылжымайтын мүлік объектілері кәсіпорындар мен ұйымдардың мүліктік кешенін құрап, олардың құнына елеулі әсерін тигізеді. Жылжымайтын мүлік объектілер нарығының басқа да дамымаған категориялары бар. Сондықтан да объектінің бағасына әр түрлі жағдайлар әсер етуі мүмкін.

Жылжымайтын мүлік объектілерінің классификациясы:

1. Пайда болу жәрежесі:

- табиғи (жаратылысы бойынша) объектілер;

- жасанды (салынған) объектілер.

2. Қолдану мақсаты:

- бос жер учаскелері (салуға немесе басқа да мақсаттарға арналған);

- табиғи кешендерді (кен орындарын) анықтау және оларды пайдалану.

3. Құрылыстар:

- тұрғын үйлер үшін;

- кеңселер үшін;

- сауда орындары үшін;

- өнеркәсіптер үшін;

- тағы басқалар.

4. Масштаб:

- жер массиві;

- бөлек жер учаскелері;

- құрылыстар мен ғимараттар кешені;

- көп пәтерлі тұрғын үй;

- бір пәрерлі түрғын үй (коттедж, жеке тұрғын үй);

- секция (подъезд);

- секция қабаты;

- пәтер;

- бөлме;

- жазғы саяжай;

- әкімшілік ғимараттар кешені.

5. Пайдалануға жарамдылығы:

- дайын объектілер;

- күрделі жөндеуді немесе реконструкцияны қажет ететін объектілер;

- құрылысты аяқтауды қажет ететін объектілер.

Мүліктік кешен құнын бағалану негізділігі мен дәлелділігі көбінесе бағалауды қолдану аумағының дұрыс анықталуына тәуелді, яғни сатып алу және сату, несие алу, сақтандыру, салық салу, т.б.

Кез келген мүліктің құнын, бір-бірімен тығыз байланысты екі тәсілмен анықтауға болады: біріншіден, осы мүлікті басқа бір мүліктің кейбір санына (ақша эквиваленті мағынасында) алмастыруы. Екіншіден, мүлік иесі болашақта алатын табыстардың ағымды құнын анықтауы.

Құн, шығындар және баға түсініктемелері бойынша айырмашылықтарды білу қажет. Құн - алушының (инвестор) бағаланатын меншікті алуға жұмсайтын төлемнің мөлшері. Шығындар - бағаланатын ұқсас меншік объектісін құру үшін қажет болатын шығын мөлшері. Бұл шығындар сатып алушы төлеуге дайын сомадан айырмашылығы болмауы мүмкін. Баға бірдей объектілер мен басқа сатып алушылардың активтілігін және сатып алушылардың қажеттіліктерін қоса алғанда, бұл шығындар бағалау күнімен салыстырғанда өз құнынан жоғары немесе төмен болуы мүмкін. Тек қана жетілген нарық жағдайында, құн және баға бір - бірімен тең болады. Мүлікке қатысты құн, өзімен нақты шарттардың нәтижесі болатын бағаны ұсынады.

Баға - өткен мәмілелердегі ұқсас объектілерді сатып алуға қанша жұмсалғанын көрсететін факт. Бағалаушы талдау жасағаннан кейін ғана, мүлік құнының ағымдағы төленген немесе алынған бағасы бола алатындығы туралы айта алады.

Бағалаудың тағайындалуына тәуелді мүлік әр түрлі құнға ие болады.

Тәжірибеде бағалаушы келесідей негізгі құндардың түрлерін қолданады:

Нарықтық құн — жылжымайтын мүлік объектілерін бағалау кезінде қолданылатын негізгі құн түрлерінің бірі. ҚР-ның 2000жылы 30 қарашасында қабылдаған «ҚР-ғы бағалау қызметі туралы» заңына сәйкес нарықтық құн - мәмiле жасаушы тараптар бағалау объектiсi туралы мүмкiн болатын барлық ақпаратты иелене отырып әрекет жасайтын, бәсекелестiк жағдайындағы мәмiленiң негiзiнде сол объектiнi иелiктен шығаруға болатын неғұрлым ықтимал баға, ал мәмiленiң бағасына қандай да болсын төтенше жағдайлар әсер етпейдi, яғни:

· мәмiле жасаушы тараптардың бiрi бағалау объектiсiн иелiктен

шығаруға, ал екiншi бiр тарап сатып алуға мiндеттi болмайды;

· мәмiле жасаушы тараптар мәмiле нысанасы туралы жақсы хабардар

бола отырып, өз мүдделерiне сай әрекет жасайтын болады;

· мәмiленiң бағасы бағалау объектiсi үшiн берiлетiн ақшалай

сыйақының эквивалентi болып табылады және мәмiле жасаушы тараптарға қандай да болсын тараптан мәжбүрлеу болмайды.

Баланстық құн. Кәсіпорынның балансында белгіленген, құрылысқа кеткен шығындар немесе оның өзіндік негізгі қаражаттарына элемент алу.

Бастапқы құн. Белгілі кәсіпорын объектілерінің эксплуатацияға: енгізілген кезіндегі есептік құжаттарда тіркелген баға. Эксплуатацияға берілген мүлік объектісі бастапқы құн бойынша, не оларды модернизациялау мен реконструкциялаудан кейін немесе қорды ресми қайта бағалау белгіленген уақыттан есептейді.

Қалпына келтіру құны. Бұрын анықталған негізгі қаржыларды қазіргі талаптарға сай қайта өндіру құны. Бағалаушы қор элементі құнының толық калпына келуін салыстыру арқылы қазіргі заманға сәйкес нарықтық құнын есептейді.

Қалдық құн. Егер баланстық құннан, эксплуатация кезеңінде жинақталған тозу сомасын алып тастасақ, онда қалдық құнды аламыз, ал қалдық құнның бағалануын қайталама нарығының бағасы бойынша жүргізсе, онда ол нарықтық сипаттама алады. Яғни, бағалауға тәуелді қайта өндіру мен орнын басу құнын белгілейді.

Қайта өндіру құны. Қазіргі нарыққа сай сатып алу немесе қайта өндіру құнын бағалау мүліктің тура сол сияқты обьектінің құны барабар шама. Қайта өндіру құнын анықтау көбінесе технологиялар, материалдар, шикізаттар, стандарттар және тағы басқа өзгерулерінен мүмкін болмайды. Сондықтан тәжірибеде орнын басу құны қолданылады.

Орнын басу құны. Бағаланатын объектінің пайдалылығы бойынша эквивалентті, меншіктің барабар обьектіні өндірудің ағымды құны.

Мүліктік кешеннің кұны. Мәміле жасағаннан кейін табыс әкелетін және қызмет жасай алатын объектінің кұны. Мысалы, инвестор кәсіпорын акцияларын алғанда және олардың құнын бағалау кезінде, кәсіпорын-эмитент - бұл болашақта табыс әкелетін және тиімді қызмет жасайтын объект деп қарастырылады.

Жойылу кұны мүлігін сатушы келісуге мәжбүр болатын бағаны айтады. Кәсіпорынның жойылу құны бағалау кезінде анықталады. Мысалы, оның банкротқа ұшырауы кезінде немесе аукционда ашық көтере сату кезінде.

Бағалаудың әр түрлі жағдайларына тәуелді құндардың бірнеше түрін ажыратады: инвестициялық, тұтынушылық, сақтандырулық, утилизациялық.

Инвестициялық құн. Егер оны белгілі бір инвестициялық жобаны іске асыру үшін инвестициялық салым ретінде қарастырсақ, онда оны мүліктік кешеннің құны деп айтуға болады.

Нарықтық құнға қарағанда, инвестициялық құн нақты және белгілі бір жобамен және оның инвесторымен байланысы. Инвестациялық құн, берілген инвестициялық кешені мен нәтижелері бойынша мүліктік кешеннің нарықтық құнының өсуі ретінде қарастырылады.

Тұтыну құны. Объектінің құнын немесе маңыздылығын сипаттайды. Пайдалылық кезіндегі құн тұтынушылардың экономикалық тауарлық құны ретінде анықталады және оны пайдалану тиімділігіне негізделген (табыс, пайда, ыңғай түрінде).

Пайдалану кезіндегі құн міндетті түрде нарықтық құнын көрсетпейді. Тұтыну кұны туралы мәліметтер, бағаланатын мүліктік кешеннің, әртүрлі сапасы мен пайдасы бар ұқсас объектілермен салыстыру үшін керек.

Сақтандыру құны. Сақтандыру шартында (полисінде) көрсетілген және сақтандыру мақсаттары үшін анықталатын объектілердің нарықтық құны. Сақтандыру құны сақтандыруды қайта қалпына келтіруді бағалау үшін қажет элементі бойынша есептеледі. Көбінесе сақтандыру құны орнын басу құны сияқты анықталады. Өйткені сақтану жағдайларынан кейін сақтанушыға өзінің мүлігін қайтадан қалпына келтіруге мәжбүр болады.

Утилизациялық құн. Өзінің бастапқы пайдалылығынан айырылған және төтенше жағдайда немесе толық тозудың жағдайына жеткен утилизациялық материалдың активтердің құны. Утилизациялық кұн-бұл салмақты материалдардан тұратын бағаланатын обьектілердің қайталама құны.

Жылжымайтын мүліктің құнын анықтау күрделі аналитикалық процесс болып табылады. Бұл процесс бағалау объектісінің өзара байланысының ішкі және сыртқы барлық спектірін қамтиды.

Нарықтық құнды есептеудің барлық әдістері, процедурасы және техникасы егерде олар нарықтық көрсеткіштерге негізделіп, дұрыс қолданылса, бір нарықтық құнда көрсетеді.

Еркін бәсекелестік нарықта сату үшін барлық қажетті жағдай сақталса, меншік объектісін сату кезіндегі ықтималды бағаның қалыптасуы нарықтық құнды білдіреді. Қажетті жағдай болып, сатушы мен сатып алушы шешім қабылдау үшін ақпаратпен толық қамтамасыздандырылған және бағдарлай әрекет жасайды. Қатысушылардың еш қайсысы сату-сатып алу келісімшартына еріксіз қатыспайды.

Жылжымайтын мүлікті бағалаудың процедурасы мен әрекетін түсіну үшін, жылжымайтын мүлікті бағалаудың қағидаларының экономикалық мағынасын білу қажет.

Бағалау қызметі ғылымының негізінде, бағалау бойынша кез келген тапсырманы орындау үрдісін қадағалайтын, бірқатар қағидалары бар.

Жылжымайтын мүліктің құнын бағалау кезіндегі қажет негізгі экономикалық ортақ қағидаларын қарастырайық. Олар мыналармен байланысты және 3 топ қағидалар жүйелеріне келтіруге болады:

· иесінің мүлік туралы көзқарасымен;

· нарықтық ортамен;

· мүлікті эксплуатациялаумен.

Иесінің мүлкі туралы көзқарасымен байланысты қағидалар. Бұл топ мынандай қағидаларға ие: пайдалылық, орын басу, күту.

Пайдалылық қағидасы. Меншік объектілерінің иемденуге қабілеті жоқ болса, онда олардың құны болмауы мүмкін. Сондықтан потенциалды меншіктенушіге пайдалы болған кезде ғана мүліктің кешеннің құны болады. Қағиданың анықталуы: пайдалылық – берілген уақыт периодтарында және берілген жерде меншік объектісі иесінің қателіктерін қанағаттандыру қабілеті.

Орын басу қағидасы. Иесінің қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын және табыс әкеле алатын барлық меншік объектілері, өзінің әр түрлілігіне қарамастан, бір- бірімен байланысты. Меншік объектісі үшін оны қалпына келтіруге кететін шығындардың сомасынан көп ешкім төлемейді. Егер екі меншік объектілерінің қабілеті бірдей болса, онда біз баға төменін аламыз. Қағидалардың анықталуы: меншіктің максималды құны ең төмен бағамен немесе құнмен анықталады. Сөйтіп орнын басу құны бағаланатын мүлік құнының жоғарғы шегін анықтауға мүмкіндік береді.

Күту қағидасы. Инвестор объектіге қаражатты салып, ол меншік объектілерінен болашақта табыс күтеді. Бағаланатын құн – болашақтағы барлық табыстардың ағымдағы құны. Қағиданың анықталуы: күту – болашақта меншікті иелік етуден түсетін табыстардың ағымдағы құнының орнатылуы.

Нарықтық ортамен байланысты қағидалар – бұл сұраныс пен ұсыныс арасындағы сәйкестік, бәсеке, құнның өзгеруі.

Сұраныс пен ұсыныс арасындағы сәйкестік қағидасы. Мүлікке деген бағаның өзгеруі сұраныс пен ұсыныс шамаларының өзгеруіне тәуелді.

Негізгі заңдылықтар:

· Егер сұраныс тұрақты болып, ал ұсыныс ұлғайса, онда бағалар төмендейді;

· Егер сұраныс тұрақты болып, ал ұсыныс төмендесе, онда бағалар көтеріледі;

· Егер ұсыныс тұрақты болып, ал сұраныс өссе, онда бағалар өседі;

· Егер ұсыныс тұрақты болып, ал сұраныс төмендесе, онда бағалар төмендейді.

· Егер нарықта сұраныс пен ұсыныс арасында сәйкестік орнатылса, бағалар тұрақты болады. Қағиданың анықталуы: ұсыныс – құрамындағы белгілі баға бойынша тауарлар саны, сұраныс – белгілі баға бойынша қажетті тауарлар саны. Сұраныс пен ұсыныс арасындағы өзара іс – қимыл бағасын анықтайды.

Бәсеке қағидасы. Жал шарты немесе мүлікті сатып алу не сату мәмілелерін жасайтын жалгер мен жал берушілер, сатушылар мен сатып алушылар арасында, жылжымайтын мүлік нарықтарында бәсеке пайда болады. әрбір объекті бәсекеде болады. Пайда бәсекені туғызады, ал артық пайда күйреген бәсекені ынталандыру тенденциясы бар. Бәсекенің болмауы монополиялық жағдайды туғызады. Қағданың анықталуы: нарықтағы пайда, өндіріс факторларын өтеу үшін қажетті деңгейден асып кетсе, онда ерілген нарықта таза табыстардың орташа деңгейінің төмендеуіне алып келетін бәеке өрлей бастайды.

Құнның өзгеру қағидасы. Мүлік объектілері әр уақытта өзгерістерге ұшырайды. Жерді пайдалану мақсаты мемлекет пен жекеше сектордың әсерінен өзгереді және олар тозады, техника, технология және шикізат базасы өзгереді. Экономикалық шарттар жаңа мүмкіндіктерді туғызады, ақша массасының көлемі мен пайыздық ставкалары толқиды. Адамдардың талғамы мен ынталары өзгереді. Объектінің орналасу ортасы өсу, түсу, тоқырау мен жаңару фазаларынан өтеді. Барлық бұл өзгерістер берілген жердегі мүлік объектілерінің пайдалылық дәрежесіне әсер етуі мүмкін. Қағиданың анықталуы: мүлік объектілерінің құны көбінесе тұрақты болып қалмайды, ол уақыт ағымымен өзгеріп тұрады.

Эксплуатациядағы мүлікпен байланысты қағидасы - берілген топ мынандай факторлар қағидасын ұсынады: өндірістік, қалдық өнімділік, салымдық, баластандырылған, неғұрлым тиімді пайдалану.

Өндіріс факторларының қағидасы. Мүліктік кешен өндірістік жүйе болып табылады. Оның табыстылығы төрт фактормен анықталады: менеджментпен, еңбекпен, капиталмен және жермен. Таза табыс – осы барлық төрт фактордың нәтижесі болып табылады. Сондықтан табысты бағалау негізінде барық жүйелердің құны анықталады. Мүліктік кешенді бағалау үшін барлық жүйелердің табысын құрудағы әрбір фактордың үлесін білу қажет.

Қалдық өнімділіктің қағидасы. Жердің құнын бағалау негізінде оның қалдық өнімділігі жатыр.экономикалық қызметтің кез келген түрі келесідей факторлардың болуын қажет етеді: менеджмент, еңбек, капитал және жер. әрбір фактор берілген қызметпен жасалатын таза табыстардан төленуі тиіс. Сөйтіп, қалдық өнімділігі, еңбек және капитал эксплуатациясына және менеджменттің шығындары өтелгеннен кейін, жер теліміне қосылғн таза табыспен анықталады.

Салым қағидасы – кез келген бір жаңа факторларды ендіру нәтижесінде шаруашылық объект құнының өсім сомасы. Салымның анықталуы: шаруашылық объектілерінің құнының ұлғаймалы немесе төмен сомасы. Сөйтіп, мүліктік кешенге қосымша активтерді қосу тиімді болады, егер олар мүліктік кешеннің нарықтық бағасынан жоғары болса. Мүліктік кешенге кез келген қосылған элементтер өтеледі, егер мүліктік кешен құнының өсімі, бұл элементтерді алуға кеткен шығындардан жоғары болған жағдайда.

Баланстандырылған қағидасы. өндіріс факторлары экономикалық баланстандырылған болса, онда меншік объектісінің құны максималды болады немесе сақталады.меншік объектілерінің құны төрт элементтердің баланстандырылуына тәуелді: рентаға, еңбекке, капиталға, басқару координациясына. Ең жоғарғы табысты қамтамасыз ететін әрбір меншшік объектісі үшін теоретикалық тепе-теңдік нүктесі бар. Қағиданың анықталуы: кез келген меншік объектісіне өндірістің әр түрлі факторларының оптималды сомасы сәйкес келеді. Олардың бір – біріне сай болуы арқылы мүліктің максималды құны пайда болады. Сөйтіп, әр түрлі мінездеме бойынша, мүліктік кешенді құрайтын үлестер бір – бірімен келісуі керек. Мүліктік кешен кез келген бір элементті қосу, берілген принципті бұзу, оның құнының өсуіне алып келмейді.

Неғұрлым тиімді пайдалану қағидасы – барлық қарастырылған үш қағиданың синтезі мүмкін болатын варианттардың ішінен жеткілікті негізделген мүліктік кешеннің функционалды мүмкіндіктерін неғұрлым толығымен орындайтын және объектінің ең жоғарғы құнына алып келетін, мүліктік кешен неғұрлым тиімді пайдалану варианты таңдалады. Құнды бағалау үшін осы вариант қолданылады.

 


Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 519 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Саты. Бағалау объектісіне шолу жасау және келісім шарт жасасу. | Саты. Жылжымайтын мүлік объектісінің құнын анықтау. | Бағалау процедурасы | Шет елдегі бағалау тәжірибесі | Учаскенің құнын аллокация немесе ұксастық әдісімен бағалау. | Төртінші фактор — жиһаздар |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Українська революція | Євромайдан | Евромайдан| Саты. Мәселені анықтау.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.021 сек.)