Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бағалау процедурасы

Читайте также:
  1. Анамнез жинауды және пациентті объективті тексеруді бағалау критерийлері
  2. Ауру тарихын бағалау кезіндегі критерийлері
  3. Бағалау теориясының негізгі түсініктері
  4. Жақ сүйектерінен қалып алуды бағалау критерийлері
  5. Меңгеру дәрежесін бағалауға арналған (SAS) чеклист.
  6. Науқастан анамнез жинау және объективті зерттеуді бағалау критерилері

· бағалау жүргізу шартын жасасу;

· бағалау объектісі орналасқан жерге бару, оны тексеру, суретке

түсіру;

· Республика, облыс, аудан және орналасқан орны деңгейі бойынша

объектінің нарықтық құнына әсер ететін ақпараттарды жинау, өңдеу және талдау;

· бағалау объектісіне, объект-аналогтарға, сонымен қатар сәйкес

нарықтардың ұсыныс бағаларына қатысты ақпараттарды жинау, өңдеу және талдау;

· ең жақсы және тиімді пайдалануды талдау: қорытындылар бар

шектеулер мен бағалау объектсі орналсқан ауданы үшін жылжымайтын мүмлікті пайдалану ұқсастығын ескере отырып, жиналған ақпараттар негізіді жасалады;

· нарықтық құнды анықтау мақсатында есептеулерді жүргізу үшін

тәсілдер мен әдістерді таңдау;

· бағалау әдістерін қолдану негізінде алынған нәтижелерді

қорытындылау және соңғы қорытынды құнды есептеу;

· бағалау туралы есепті рәсімдеу және оны Тапсырыс берушіге

ұсыну.

Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес бағалаушы мен тапсырыс берушiнiң арасында жасалған бағалау жүргiзу шарты бағалауды жүргiзуге негiздеме болып табылады.

Қазақстан Республикасының 2000 жылдың 30 қарашасында қабылданаған «ҚР бағалау қызметі туралы» Заңының 8 бабына сәйкес Бағалау жүргізу шартына қойылатын міндетті талаптар:

3. Бағалау жүргiзу шартына Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң өтемдi қызметтер көрсету шарты туралы нормалары қолданылады.

4. Бағалау жүргiзу шартында мыналар қамтылуға тиiс: тапсырыс

берушi мен бағалаушының деректемелерi: жеке тұлға үшiн - тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған жағдайда), тұратын жерi; заңды тұлға үшiн - атауы, орналасқан жерi (почталық мекен-жайы), банктiк деректемелерi; бағалау объектiсiнiң (объектiлерiнiң) атауы және (немесе) орналасқан жерi, айқындалатын құнның түрi; бағалау түрi; бағалау объектiсiнiң түрi; бағалау жүргiзудiң мерзiмдерi; көрсетiлетiн қызметтер үшiн ақы төлеудiң шарттары, тәртiбi және мөлшерi; тараптардың құқықтары, мiндеттерi және жауапкершiлiгi; тапсырыс берушiнiң бағалау объектiсiне меншiк құқығын растайтын құжаттың деректемелерi не тапсырыс берушiге бағалау туралы шарт жасау құқығын беретiн өзге де негiздемелер; мүлiктi бағалау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензияның деректемелерi (лицензия берген орган көрсетiлген оның нөмiрi мен берiлген күнi). Сонымен қатар, бағалау жүргiзу шартында осы тармақта көзделмеген өзге де талаптар болуы мүмкiн.

Қазақстан Республикасының 2000 жылдың 30 қарашасында қабылданаған «ҚР бағалау қызметі туралы» Заңының 9 бабына сәйкес Бағалау туралы есептің мазмұнына қойылатын міндетті талаптар:

1. Жүргiзiлген бағалаудың нәтижелерi бойынша екi дана етiп бағалау туралы есеп жасалады, олардың бiрi - тапсырыс берушiде, екiншiсi - бағалаушыда сақталады. Бағалау туралы есептiң нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптар бағалау қызметi саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленедi.

2. Жеке кәсiпкер болып табылатын бағалаушы жасаған есепке ол қол қояды және оның жеке мөрiмен расталады. Бағалау қызметiн жүзеге асыруға лицензиясы бар заңды тұлғаның есебiне бағалаушы-орындаушы қол қояды, заңды тұлғаның басшысы немесе ол уәкiлеттiк берген адам бекiтiп, мөрмен расталады.

3. Егер бағалауды бағаланатын бағалау объектiсiнiң құрамына кiретiн әртүрлi бағалау объектiлерi бойынша бiрнеше бағалаушы жүргiзген жағдайда, есепке әрбiр бағалаушы өзi бағалау жүргiзген бағалау объектiлерiн көрсетiп қол қояды.

4. Бағалау туралы есепте мыналар көрсетiлуге тиiс:бағалаушының атауы (тегi, аты, әкесiнiң аты, (ол болған жағдайда), мүлiктi бағалау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензияның нөмiрi мен берiлген күнi, айқындалатын құнның түрi, есеп жасаудың күнi және бағалау жүргiзудiң күнi, бағалау объектiсiнiң (объектiлерiнiң) атауы және (немесе) орналасқан жерi мен сипаттамасы, бағалау жүргiзу кезiнде пайдаланылатын бағалау амалдары мен бағалау әдiстерi, бағалау жүргiзу кезiнде пайдаланылатын бағалау стандарттары, нақты деректердi алу көздерi көрсетiле отырып, бағалау жүргiзу кезiнде пайдаланылатын нақты деректер, есеп негiздемесi, бағалау нәтижесі және жүргiзiлген бағалаудың нәтижесiн толық және айқын түсiндiру үшiн қажет өзге де мәлiметтер болуы мүмкін.

 

 


Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 453 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Бағалау теориясының негізгі түсініктері | Саты. Мәселені анықтау. | Саты. Бағалау объектісіне шолу жасау және келісім шарт жасасу. | Учаскенің құнын аллокация немесе ұксастық әдісімен бағалау. | Төртінші фактор — жиһаздар |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Саты. Жылжымайтын мүлік объектісінің құнын анықтау.| Шет елдегі бағалау тәжірибесі

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.005 сек.)