Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Осы тарауда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Читайте также:
  1. Алкоголизмнің 3-сатысына қандай негізгі клиникалық белгі тән?
  2. Бағалау теориясының негізгі түсініктері
  3. Бап. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша бөлек салықтық есепке алуды жүргізудің негізгі принциптері
  4. Бап. Осы Кодексте қолданылатын негізгі ұғымдар
  5. Дәріс 1 . Кіріспе. Негізгі түсініктер мен анықтамалар .
  6. Дәріс тақырыбы: Ақпараттық жүйелер және оның негізгі ұғымдары

 

Осы тарауда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) бақылау-касса машиналары – тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу кезінде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысулар туралы ақпаратты тіркеуді және көрсетуді қамтамасыз ететiн фискальдық жады блогі не деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар электрондық құрылғылар, компьютерлiк жүйелер;
2) бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізілімі (бұдан әрі – мемлекеттік тізілім) - уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға рұқсат берген бақылау-касса машиналары модельдерінің тізбесі;
3) бақылау-касса машиналарының тіркеу карточкасы - бақылау-касса машинасының салық органында тіркелуі (есептен шығарылуы) фактісін растайтын есепке алу құжаты;
4) бақылау-касса машиналарына техникалық қызмет көрсету орталығы (бұдан әрі - техникалық қызмет көрсету орталығы) – бақылау-касса машиналарына техникалық қызмет көрсету бойынша жарғыға (қызмет түріне) сәйкес қызметін жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъект;
5) бақылау чегі – бақылау-касса машинасының сатушы (қызмет көрсетуші тауарды, жұмысты, қызметті жеткізуші) мен сатып алушы (клиент) арасындағы ақшалай есеп айырысудың жүзеге асырылу фактісін растайтын бастапқы есеп құжаты;
6) қолма-қол ақша есебінің кітабы – ауысым сайын қолма-қол ақша айналымын, тауарлық чектерді, бақылау-касса машинасының фискалды жады көрсеткіштерін есепке алу журналы;
7) қызмет көрсетуге ақы төлеу терминалы – қызмет көрсеткені үшін төлем ретінде қолма-қол ақшаны автоматты режимде қабылдауды жүзеге асыратын электрондық-механикалық құрылғы;
8) салық органының пломбасы - бақылау-касса машинасының корпусын рұқсатсыз ашудан қорғау құралы;
9) салық төлеушінің жауапты адамы – бақылау-касса машинасын қолдана отырып сатып алушымен (клиентпен) есеп айырысуды жүзеге асыратын және оның жұмыс істеуіне жауап беретін салық төлеуші не салық төлеушімен еңбек қатынасында тұрған адам;
10) сауда автоматы – автоматты режимде қолма-қол ақша арқылы тауарларды сатуды жүзеге асыратын электрондық-механикалық құрылғы;
11) тауарлық чек - бақылау-касса машинасының техникалық ақауы болған немесе электр энергиясы болмаған жағдайда пайдаланылатын ақшалай есеп айырысуды растайтын бастапқы есепке алу құжаты;
12) тауар чектерінің кітабы – кітапқа біріктірген тауарлық чектердің жиынтығы;
13) фискалдық белгі - бақылау-касса машинасының фискалдық режимде жұмыс істейтінін растау ретінде бақылау чектерінде көрсетілетін ерекше белгі;
14) фискалдық деректер - бақылау-касса машинасының фискалдық жадында тіркелетін ақшалай есеп айырысулар туралы ақпарат;
14-1) фискальдық деректер операторы – ортақ пайдаланудағы телекоммуникациялар желілері бойынша салық қызметі органдарына ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді жедел режимде беруді қамтамасыз ететін, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған заңды тұлға.
15) фискалдық есеп – белгілі бір кезең ішінде бақылау-касса машинасының фискалдық жадындағы көрсеткіштердің өзгеруі туралы есеп;
16) фискалдық жады - ақпараттың ауысым сайын түзетілмей тiркелуiн және энергияға тәуелсiз ұзақ уақыт сақталуын қамтамасыз ететiн бағдарламалық-аппараттық құралдар кешені;
17) фискалдық режим – ақпараттың фискалдық жадында түзетілмей тiркелуiн және энергияға тәуелсiз ұзақ уақыт сақталуын қамтамасыз ететiн бақылау-касса машинасының жұмыс істеу режимі.
Ескерту. 644-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (01.01.2009 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2014 N 225-V (01.07.2014 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

 


Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 143 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Бап. Мониторинг бойынша есептілікті ұсыну тәртібі мен мерзімі | Тарау. ТӘУЕКЕЛДЕРДІ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ | Бап. Салықтық тексерулер ұғымы, типтері мен түрлері | Бап. Салықтық тексерулер жүргiзудiң мерзiмi | Бап. Салықтық тексеру жүргiзуге негiз | Бап. Салықтық тексеру жүргiзудiң басталуы | Бап. Хронометраждық зерттеп-тексеру жүргізудің ерекшеліктері | Бап. Салықтық тексерудi аяқтау | Бап. Салықтық тексеру нәтижелерi бойынша шешiм | Бап. Ақпарат көздері |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бап. Салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындау тәртібі| Бап. Жалпы ережелер

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)