Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Салықтық тексеру жүргiзуге негiз

Читайте также:
  1. Анамнез жинауды және пациентті объективті тексеруді бағалау критерийлері
  2. Бап. Бөлек салықтық есепке алуды жүргізу ережесі
  3. Бап. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша бөлек салықтық есепке алуды жүргізудің негізгі принциптері
  4. Бап. Осы Кодексте реттелетін салықтық қатынастарда өкілдік ету
  5. Бап. Преференция объектілерін салықтық есепке алу ерекшеліктері
  6. Бап. Салықтық бақылау
  7. Бап. Салықтық есепке алу және есепке алу құжаттамасы

 

1. Салықтық тексеру жүргiзуге мынадай деректемелердi:
1) нұсқаманың салық органында тiркелген күнi мен нөмiрiн;
2) нұсқама шығарған салық органының атауын;
3) салық төлеушiнің (салық агентінің) тегін, атын, әкесінің атын (ол болған жағдайда) не толық атауын;
4) сәйкестендіру нөмірін;
5) тексеру түрiн;
6) тексеретiн тұлғалардың, сондай-ақ осы Кодекске сәйкес тексеру жүргізуге тартылған өзге де мамандардың лауазымын, тегiн, атын, әкесiнің атын (олар болған жағдайда);
7) тексеру жүргiзiлетiн мерзiмдi;
8) тексерiлетiн кезеңді (құжаттық тексерулер кезiнде) қамтитын нұсқама негiз болып табылады.
2. Тақырыптық тексерулерді тағайындау туралы нұсқамада мыналар көрсетілуі тиіс:
1) аумақтың тексерiлетiн учаскесi, тексеру барысында анықтауға жататын мәселелер, сондай-ақ көрсетiлген тармақтың 3), 4), 7) және 8) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, мынадай мәселелер бойынша тақырыптық тексерулердi тағайындау кезiнде осы баптың 1-тармағында көзделген мәлiметтер:
салық органдарында тiркеу есебiне қою;
бақылау-касса машиналарының болуы;
төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықтың (құрылғының) болуы;
РҚАО-ның ескертпесі!
Осы абзац жаңа редакцияда көзделген - ҚР 16.05.2014 № 203-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).
акциздiк және есепке алу-бақылау маркаларының болуы және түпнұсқалығы, алкоголь өніміне, мұнай өнімдеріне және биоотынға ілеспе жүкқұжаттарының болуы және түпнұсқалығы, этил спиртін босатуға лицензияның, рұқсаттың, патенттің, осы Кодекстің 574-бабында көрсетілген тіркеу карточкасының болуы;
2) мынадай мәселелер бойынша тақырыптық тексерулерді тағайындау кезінде көрсетілген тармақтың 8) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда, осы баптың 1-тармағында көзделген мәліметтер:
бақылау-касса машиналарын қолдану тәртібін сақтау;
лицензиялау қағидаларын және акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін өндіру, сақтау және өткізу шарттарын сақтау;
касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы салық органы шығарған өкімді орындау;
3) осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көрсетілмеген мәселелер бойынша тақырыптық тексеру тағайындалған кезде осы баптың 1-тармағында көзделген мәліметтер.
3. Құжаттық тексерулер тағайындалған кезде нұсқамада тексеру түріне қарай тексеруге жататын:
1) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң тексерiлетiн түрi туралы;
2) міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын толық және уақытылы есептеу, ұстап қалу және аудару, сондай-ақ әлеуметтiк аударымдарды толық және уақтылы есептеу және төлеу;
3) банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың осы Кодексте, сондай-ақ Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру және зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамалық актілерінде белгiленген мiндеттердi орындауы;
4) трансферттiк баға белгілеу;
5) акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерiнің өндiрiсi мен айналымын мемлекеттiк реттеу;
6) салық төлеушi (салық агенті) мен оның дебиторлары арасындағы өзара есеп айырысуларды айқындау;
7) банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын басқа да ұйымдардың салық төлеушінің (салық агентінің) банк шотынан ақшаларды есептен шығару бойынша операцияларды жүзеге асырған күні салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының және әлеуметтік аударымдардың, өсімпұлдардың, айыппұлдардың сомасын уақтылы аудармауы, аудармауы (есепке алмауы) және банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын басқа да ұйымдардың кассаларына салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды, өсімпұлдарды, айыппұлдарды төлеу есебіне қолма-қол ақшаларды қабылдамауы;
8) соттың заңды күшіне енген үкімі немесе қаулысы негізінде жалған кәсіпорын деп танылған салық төлеушімен жасасқан операциялар бойынша салық міндеттемелерін айқындау;
РҚАО-ның ескертпесі!
9) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 03.07.2014 № 227-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
9) сот кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға ниеттенбестен жүзеге асырылған деп таныған мәміле (мәмілелер) бойынша салық міндеттемелерін айқындау;
10) халықаралық шарттардың (келісімдердің) ережелерінің қолданылу заңдылығы;
11) қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының дұрыстығын растау;
12) салық төлеуші (салық агенті) мен оның өнім берушілерінің және сатып алушыларының арасындағы есеп айырысуларды растау;
13) Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығы және (немесе) акциз бойынша салық міндеттемесін орындау;
14) салық органдарында тіркеу есебіне қою;
15) бақылау-касса машиналарының болуы;
15-1) төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықтың (құрылғының) болуы;
РҚАО-ның ескертпесі!
16) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 16.05.2014 № 203-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).
16) акциздік және есепке алу-бақылау маркаларының болуы және түпнұсқалығы, алкоголь өніміне, мұнай өнімдеріне және биоотынға ілеспе жүкқұжаттарының болуы және түпнұсқалығы, этил спиртін босатуға лицензияның, рұқсаттың, патенттің, осы Кодекстің 574-бабында көрсетілген тіркеу карточкасының болуы;
17) бақылау-касса машиналарын қолдану тәртібін сақтау;
18) лицензиялау қағидаларын және акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін өндіру, сақтау және өткізу шарттарын сақтау;
19) касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы салық органы шығарған өкімнің орындалуы мәселелері көрсетіледі.
Кешенді тексеру жүргізген кезде салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері нұсқамада көрсетілмейді.
4. Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, нұсқамаға салық қызметі органының бiрiншi басшысы немесе оны ауыстыратын тұлға қол қоюға, ол салық органының елтаңбалы мөрiмен расталуға және уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiпке сәйкес арнаулы журналда тiркелуге тиiс.
Қарсы тексерулер жүргізуге, сондай-ақ хронометраждық зерттеп-тексеруге нұсқамаға салық қызметі органының бiрiншi басшысының орынбасары қол қоюы мүмкін.
5. Осы Кодекстің 629-бабында көзделген тексеру жүргізу мерзiмi ұзартылған және (немесе) тексеруді жүргізетін тұлғалар саны өзгертілген және (немесе) ауыстырылған және (немесе) тексерiлетiн кезең өзгерген жағдайда қосымша нұсқама ресiмделiп, онда бұдан бұрынғы нұсқаманың нөмiрi мен тiркелген күнi, осы Кодекске сәйкес тексеру жүргізуге тартылатын тұлғалардың тегi, аты, әкесiнің аты (олар болған жағдайда) көрсетіледi.
6. Мынадай:
салық органдарында тiркеу есебiне қою;
бақылау-кассалық машиналардың болуы;
төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықтың (құрылғының) болуы;
РҚАО-ның ескертпесі!
Осы абзац жаңа редакцияда көзделген - ҚР 16.05.2014 № 203-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).
акциздік және есепке алу-бақылау маркаларының болуы және түпнұсқалығы, алкоголь өніміне, мұнай өнімдеріне және биоотынға ілеспе жүкқұжаттарының болуы және түпнұсқалығы, этил спиртін босатуға лицензияның, рұқсаттың, патенттің, осы Кодекстің 574-бабында көрсетілген тіркеу карточкасының болуы мәселелері бойынша тақырыптық тексерулерді қоспағанда, бір нұсқама негізінде бір ғана салықтық тексеру жүргізілуі мүмкін.
7. Алынып тасталды - ҚР 2009.07.17 N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
Ескерту. 632-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.07.17 N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.12.30 № 234-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.06.30 N 297-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2012.06.21 N 19-V(2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 21.06.2013 № 106-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. 1-т. қараңыз) Заңдарымен.

 


Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 182 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру | Бап. Салық төлеушiнiң (салық агентінің) мүлікке билiк етуiн шектеу | Бап. Салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары | Бап. Салық берешегін банк шоттарындағы ақша есебінен өндіріп алу | Бап. Салық төлеушiнiң (салық агентінің) салық берешегi сомасын оның дебиторларының шоттарынан өндiрiп алу | Бап. Салық төлеушіні (салық агентін) банкрот деп тану | Бап. Жалпы ережелер | Бап. Мониторинг бойынша есептілікті ұсыну тәртібі мен мерзімі | Тарау. ТӘУЕКЕЛДЕРДІ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ | Бап. Салықтық тексерулер ұғымы, типтері мен түрлері |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бап. Салықтық тексерулер жүргiзудiң мерзiмi| Бап. Салықтық тексеру жүргiзудiң басталуы

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)